16 Жартылай өткізгіштердің электр физикалық қасиеттері. Электронды-кемтіктік өткел. Электронды сұлбалардың көмекші, пассивті элементтері. Жартылай өткізгішті диодтар



бет2/15
Дата02.12.2023
өлшемі114,44 Kb.
#131474
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
16 Жартылай өткізгіштердің электр физикалық қасиеттері. Электро

19. Интегралдық микросхемалар. Интегралдық микросхемалар жұмысының физикалық принциптері және оларды құру. Логикалық элементтер ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС.
Интегралды микросхема— өзара байланысты элементтерден тұратын және жартылай өткізгішті кристалдың ішіне немесе бетіне технологиялық топтау тәсілдерімен біріктіріліп орнатылған электрондық микросхема;
Іс жүзінде аталмыш амалдар логикалық элеметтермен орындалады.
Логикалық элементтер-дегеніміз логикалық функцияларды орындауға арналған электрондық құрылғылар. Мұндай құрылғылар кірісіндегі екілік санақ жүйесіндегі сигналдармен басқарылады, нәтижесінде олардың шығысында екілік санақ жүйесіндегі функциялар туындайды. Барлық логикалық амалдарды орындаушы логикалық элементтерге орындалатын амалдың аты - жөні беріледі: ЖӘНЕ, НЕМЕСЕ, ЕМЕС. Логикалық элементтерді диодтар мен транзисторларды пайдаланып құруға болады.
Логикалық элементтерді екілік санақ жүйесінде басқару үшін комутациялаушы тетіктер қажет. Осындай тетіктер арқылы логикалық элементтердің аргументтері тағайындалады. Мұндай құрылғы ретінде стендтегі айырғыштар мен батырмалар қолданылады. Стендтің төменгі тұсында сондай тумблер мен кнопкалар орналастырылған.
Тумблердің барлық тізбегін күрделі схемаларда көрсетіп сызу қолайсыз болғандықтан, оның графикалық шартты белгісі қолданылады. Тумблердің жылжымалы контакты (3) стендтің үстіңгі бетіне шығарылады және оған тумблердің реттік номері беріледі. Тумблердің рычагы төмен бағытталса, осы контактының потенциалы нөл, жоғары бағытталса ток көзінің кернеуіне тең, яғни логикалық «1» шамасы өндіріледі. Логикалық элементке аргумент ретінде берілетін шаманы жеткізу үшін тумблердің жылжымалы контактысы өткізгіш арқылы логикалық элементтің кірісімен байланыстырылады.
Тумблерден басқа стендте екілік мағлұматты енгізуге арналған 4 кнопка бар. Кнопканың графикалық шартты белгісі 2 – суретте берілген. Төрт кнопка өзара бірігіп «Сигналды дірілсіз өндіргіштер» блогына токтастырылған. Кнопкаларға берілетін шартты символ және реттік номер. Кнопка батырылмаған жағдайда оның ұшында төменгі потенциал, ұшында жоғары потенциал бар. Кнопка батырылған кезде жылжымалы контактының орыны ауысып, ұшында жоғары потенциал, ұшында төменгі потенциал орнайды. Кнопкаларда, тумблерлер секілді, төрт бұрышты шартты белгімен бейнеленеді (2б - сурет) .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет