Кеңістікте қозғалмайтын зарядтар әсерінен электростатикалық өріс пайда болады, сол сияқты тоғы және тұрақты магниті бар кеңістікте күш өріс пайда болады. Ол магнитті өріс деп аталады.
Магнит өрісінің ерекшеліктері
Магнит өрісі қозғалыстағы зарядтарға ғана әсер етеді;
Қозғалыстағы зарядтар магнит өрісін тудырады.
Магнит өрісі тыныштықта тұрған зарядтарға әсер етпейді.
28.Магниттік тізбек және магниттік материалдар.Магнит ағыны,Магниттік өтімділік.Индуктивтілік.
Магниттік тізбек — магниттік ағын өтетіндей болып жалғанған магнетиктер тізбегі; құрамы ферромагнетик заттардан тұратын құрылғылар жиынтығы. Техникада магниттік ағын тек ферромагнетиктерден ғана өтетін Магниттік тізбек және ферромагнетиктерден басқа диамагнетиктерде таралған Магниттік тізбектер де бар. Егер Магниттік тізбектегі магнит ағыны тұрақты магнит арқылы қоздырылатын болса, мұндай тізбекті поляризацияланған Магниттік тізбек, тұрақты магнит қатыспайтыны - бейтарап Магниттік тізбек деп аталады. Соңғы тізбектің магнит ағыны тізбек орамдарынан өткен электр тогының әсерінен ғана туады. Қоздырылатын ток сипатына қарай Магниттік тізбек тұрақты, айнымалы және импульстік магнит ағындар тізбектеріне ажыратылады. Магниттік тізбек электр машиналары, трансформатор, тұрақты магнит, электрмагнит, электр өлшеуіш приборлар, т.б. жасау ісінде пайдаланылады.
Магниттік материалдар— магниттік қасиетінесәйкес техникада қолданылуы әр түрлі болатын заттар (негізінен ферро- және ферримагнетиктер). Магниттік материалдардың негізгі көрсеткіштері: В магниттік қанығу индукциясы (немесе қанығу магниттелуі js),Hcкоэрцитивтік күші, m магнит өтімділігі, В_r қалдық магниттік индукциясы, р үлестік электр кедергісі. Коэрцитивтік күшінің шамасына байланысты Магниттік материалдарды шартты түрде жүмсақ магниттік және қатты магниттік материалдар деп бөледі. Магниттік материалдар Негізіндегі құрылғылар тұрақты магнит өрістерін тудыру үшін (тұрақты магниттер), магниттік энергия ағындарын шоғырландыруда (магнитожолдар), магниттік жазба үшін (магниттік таспалар, дискеттер, дискілер), электрондық және иондық шоқтарды қалыптастыруда (магнипік линзалар) берілген фазалық ығысуды, поляризация жазықтығын бұруды, АЖЖ және оптикалық ауқымдағы электромагниттік толқындарды іріктеуді (феррит фаза айналдырғыштар, циркуляторлар, сұзгілер) қамтамасыз етеді.
Магниттік ағын,магниттік индукция ағыны — белгілі бір бет арқылы өтетін магниттік индукциявекторының (В) ағыны (Ф). Егер dS шағын аудандағы В магнит индукция векторы тұрақты шама деп есептелсе, онда осы аудан арқылы өтетін Магниттік ағын (Ф) аудан мөлшері мен В векторының осы аудан нормалына түсірілген проекциясының (Вn) көбейтіндісіне тең: dФ=ВndS. Шектелген бет (S) арқылы өтетін Магниттік ағын (Ф) төмендегі интеграл бойынша анықталады: Ф= Тұйықталған бет үшін бұл интеграл нөлге тең, бұл жағдай магнит өрісінің соленоидтық сипатын, яғни табиғатта магнит зарядтардың — магнит өрісі көздерінің (магнит өрісін электр токтары туғызады) жоқ екендігін көрсетеді. Бірліктердің халықаралық жүйесіндегі (СИ) өлшем бірлігі —