16 шілде 2014 жыл Ел ер Балдә Рәміздерім – мақтанышым Рәміздер ұлттық мақтанышымыз



Pdf көрінісі
бет20/35
Дата11.04.2022
өлшемі3,45 Mb.
#30656
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
Оқушылардың 

жазғы 

демалысын 

жан-

жақты  ұйымдастыру  мақсатында  ауылдық  мектептер 

басшылары қандай жұмыстар атқаруда. Балғындардың 

лагерге көңілдері тола ма?. Осы сауалдарға жауап іздеп, 

ат  басын  Теректі  ауданы,  Еңбек  ауылы,  Ақжайық  орта 

мектебіне тіредік. 

Келсек,  Кеңестік  дәуірден  бері  жөндеу  көрмеген 

мектеп ғимаратында күрделі жөндеу жүріп жатыр екен. Мектеп 

лагері ауылдың Мәдениет



 үйінің кең бөлмесіне орналасыпты. 

Жасыратын 

жоқ, 

аядай 


бөлмедегі 

балғындардың 

жайсыздықтарын көргенде алғашында көңілім құлазып сала 

берді. Көңілді демалыстың көңілсіздігі көптеу ме деген ойда 

келді Отыздан астам балғындарға мектеп тәлімгері Уткелбаева 

Алмагүл  Атошқызы  мен  лагерь  тәрбиешісі  Мөлдір  Сағит 

уақытша жайсыздықтың жай-күйін бізге түсіндіріп, балаларға 

барынша жағдай жасалып жатқанын айтты. Ертеңгілік сағат 

тоғызда басталатын лагерде оқушылар жоспарға сай, ойын-

сауық, танымдық-тәрбиелік шараларына қатысып, түстіктерін 

ішіп  үйлеріне  қайтады  екен.  Шілде  айының  соңына  дейін 

жүргізілетін  лагерде  бүгінде  жүз  елуге  жуық  бала  демалып 

үлгеріпті.  Мектепте  бес  жүзден  астам  оқушы  болса,  соның 

350-уі  осы  демалыс  орынында  демалады,-дейді  лагердің 

басшысы Алмагүл Атошқызы. 

Көргенімізді  көңілге  түйе  жүріп,  арнайы  барғасын 

мектеп  әкімшілігіне  де  жолыға  кетуді  жөн  санадым.  Мектеп 

директоры  Есенғалиева  Гүлнар  Есімқызы  тоғызыншы 

сынып  бітірушілерге  ұжым  болып  дипломдарын  тапсырып, 

шәкірттеріне  «Ақжолтай»  тілеп  шығарып  салып  тұр  екен. 

Жанарларынан ұшқын ойнаған, жүректері жалынмен намысқа 

толы  өрімдей  боз  бала  мен  бойжеткендер  жайраңдап  өтіп 

барады. Иә, бұл да бір, жүректен мәңгі кетпес бір сәт-ау деп 

ойладым.


Жарқын 

жүзді 


замандасым 

Гүлнар 


Есімқызы 

басшымын,-  деп  бәлсінбей  жылы  қарсы  алып,  лагердегі 

уақытша қиындықтың жайын түсіндіріп, түтіні түзу ұшқан ауыл 

мектебінде жыл сайын бала санының артып келе жатқанын 

білікті  де  білімді  ұстаздардың  шәкірттері  облыстық  білім 

додаларын  былай  қойғанда  республикалық  байқауларда 

жүлдеден  көрініп  келе  жатқанын  мақтанышпен    жеткізді.  

Әрине,  шәкірт  тәрбиелеу  бір  күннің  жұмысы  емес,  биылғы 

білім сынында мектеп сапа жөнінен көңілден шыға алмағынын 

да  жасыра  алмады.  Мектептегі  шағын  орталықта  –  34, 

мектеп-алды  дарлық  тобында  -14  бүлдіршіннің  тәрбиеленуі 

жақын  ауылдан  қатынап  оқитын  оқушыларға  жатақананың 

жұмыс  жасап,  оларды  қатынастыру  көлігімен  қамтамасыз 

етудің толық жолға қойылуы мектеп басшылығының іскерлігі 

деп  білген  жөн  болар.    Жас  ұрпақ  тәрбиесі  ұстаздар  мен 

ғана шешілмейді. Оларға қандай ма боласын іс-шараларда 

халықтың  көмегі  қажет.  Бұл  орайда,  ауыл  әкімдігі  мен 

Х.Хайруллина,  М.Ғайнуллаев,  Б.  Жалелова,  К.  Өтеғалиева 

сынды  кәсіпкерлердің  мектеп  оқушыларына  деген  жыл 

сайынғы  көмектеріне  мектеп  басшысы  бала  басылымы 

атынан шексіз ризвшылығын жеткізді. 

Біздің  мақсат  біреу-ақ  болатын.  Ауыл  баласы 

ауылдарында  жаз  бойы  көше  кезіп,  көлеңке  қуалап  босқа 

жүрмей,  әр  күндерін  осындай  лагерде  демалып,  қоғамнан 

алыстамаса  деген  ой  болатын.  Бас  тіреп  келген  ауылдың 

балғындары  өздеріндегі  барды  бағалай  біліп,  әлі  де  болса, 

жаз  бойы  апайлары  қаланың  әдемі  жерлерін  аралатып, 

көпке  арман  саябақта  да  қыдыратындықтарына  сеніп 

отырғандықтарына  шын  сендім.  Әттеган  –  айы  ауылдағы 

ағайындардың  бала  басылымын  ұмыт  қалдырғандары 

жаныма батты. Әйтсе де бала қыран да көкті аңсайды емес 

пе? Менде Самалдың самғарына сенемін әлі де.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет