Құрастырған: Мадалим Еркежан
Т Ө Р Т І Н Ш І Б Ө Л І М
ОТАРЛАУ ЖӘНЕ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КҮРЕС
&17-18. Қазақстандағы казак-әскери отаршылдығы
• Қазақстандағы және онымен шектес аумақтардағы казак әскері: Жайық, Сібір, Орынбор,
Жетісу
• Ресей империясының аумағындағы казак әскерлерінің атқарған негізгі қызметі:
Орыс армиясының шетелдерге жасаған жорықтарына қатысу
Ресейге жаңа жер қосып алуға белсене қатысу
Ұлт-азаттық көтерілістер, шаруалар мен жұмысшылардың көтерілістерін аяусыз
басуға белсене қатысу
Шегараны қорғау
Бекініс құрылыстарын салуға қатысу, полицейлік қызмет атқару
• Казактар әскери қызметті өмір бойы жалдану тәртібімен атқаратын уақыт: 1835 жылға дейін
• Ресей империясындағы барлық казактар үшін әскери қызмет мерзімі: 30 жыл
• Казактар мен қазақтар арасыдағы қарым-қатынас:
Бір жағынан, олардың арасында тауар алмасу кеңінен өріс алды, тіл және мәдениет
саласында жақындасу нығая түсті
Екінші жағынан, өзара әскери қақтығыстар жиі-жиі болып тұрды
• Казактар мен қазақтар арасылағы шиеліністі оқиғалардың негізгі себебі: жер дауына
байланысты күрес
• Жайық (Орал) казактарының ең алғашқы елді мекендері қалыптасқан аймақ: XVI ғасырда
қазіргі Қазақстан аумағының солтүстік-батыс бөлігі (Жайық (Орал) өзенінің бойы)
• Жайық казактары қатысқан көтеріліс: 1773-1775 жылдары Пугачев бастаған шаруалар
көтерілісі
• Жайык казактарының тіліне енген қазақ сөздері: баспақ, дөнен, нар, тымақ, жасауыл
• Орынбор казак әскерлері құрылған уақыт: 1748-1755 жыл
• Орынбор казактарының Жайық казактарынан айырмашылығы: өз беттерімен емес, патша
үкіметінің бастама көтеруі бойынша арнайы мақсатпен құрылды
• Орынбор казактарының негізгі ұйытқысы: Самара, Уфа, Алексеев, Есет казактары
• «Орынбор казак әскерлері туралы Ереже» шыққан уақыт: 1840 жыл
• Орынбор казак әскерлерінің орталығы: Орынбор қаласы
• Қалалардағы казактардың үлесі: 2%
• Орынбор казактарының негізгі шаруашылығы: егіншілік, мал өсіру, балық аулау
• Батыс Сібірдің оңтүстігінде бірқатар шегаралық бекініс қамалдары бой көтерген уақыт: XVIII
ғасыр
Құрастырған: Мадалим Еркежан
• Сібір казактары Сібір шегара шебінің казак әскерлері деген ресми атқа ие болған уақыт: 1808
Достарыңызбен бөлісу: |