17. Ғылыми мақала мен диссертация тақырыптарын құрастырудағы ерекшеліктерді саралаңыз



Дата18.05.2023
өлшемі15,89 Kb.
#94652
түріДиссертация
Байланысты:
Академиялық жазу сұрақтар


17. Ғылыми мақала мен диссертация тақырыптарын құрастырудағы ерекшеліктерді саралаңыз.
18. Ғылыми мақалалардың түрлерін жіктеңіз.
19. Ғылыми зерттеу жұмысының болжамын құрастырудың ерекшеліктерін саралаңыз.

17. Ғылыми мақала мен диссертация тақырыптарын құрастырудағы ерекшеліктерді саралаңыз.


Мақала - жинақта немесе журналда шағын ғылыми шығарма. Ғылыми мақалада автор өз зерттеулерінің нәтижелерін келтіреді. Диссертация - ғылыми дәреже алуға ұсынылатын және ізденуші көпшілік алдында қорғайтын ғылыми жұмыс; магистр немесе басқа ғылыми дәреже алу үшін дайындалады. Көлемі жағынан(яғни басылған мәтіннің жалпы саны) әр түрлі жұмыстар айтарлықтай ерекшеленеді: курстық жұмыс – жалпы көлемі 25-30 бет, дипломдық жұмыс - 60-70 бет, магистрлік диссертация - 100 бет. Әрине, ең маңыздысы ұсынылған көлеммен сәйкестік орнатуда емес, ғылыми мәселенің мазмұнын жазбаша құжат түрінде рәсімдеудің қатаң белгіленген ережелеріне «бағындыру» қажеттілігінде. Сонымен қатар, жұмыстың сапасын оның көлемі емес, тақырыптың толықтай ашылуы, қорытындылардың дәлелділігі, жұмыстың академиялық (академиялық стиль) критерийлерге сәйкестігі анықтайтынына студенттердің назарын аудару маңызды. жұмыстың тақырыбы өзекті болуы керек, ол қазіргі психологиялық-педагогикалық ғылымға сәйкестендіріліп, жоғары білімді мамандарды дайындаудағы тапрсырмалардың мазмұнына жауап бере алатындай болуы тиіс.


Зерттеу жұмысының тақырыбының негізгі мақсаты:


Қысқа ақпараттық;
Ерекше;
Сипаттамалық түсінікті;
Есте қаларлықтай;
Бірегей;
Артық сөз қолданылмайтындай болу керек.
Сонымен бірге студент өзінің бұрын айналысып жүрген тақырыбында ұсынуы мүмкін. Ғылыми мақала мен диссертация тақырыбы студентке практикалық жұмысқа жіберер алдында тіркеліп, бекітіледі. Сол уақытта жазылатын жұмыстың жетекшісі бекітіледі және студентке диссертацияның тапсырмалары беріледі, ол жұмыстарды жетекші құрастырған және кафедра меңгерушісі бекітіп, жұмыстың аяқталу мерзімі көрсетіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет