18 қараша 2014 жыл Ел ер «Балдә «алтын күЗ – 2014»



Pdf көрінісі
бет1/7
Дата09.01.2017
өлшемі3,14 Mb.
#1521
  1   2   3   4   5   6   7

№№ 21-22 (205-206)

18  қараша

2014 жыл

Ел ер


«Балдә

«АЛТЫН КҮЗ – 2014»

Алтын күз

  

   

Сары жапырақ айнала,

Қонып жатыр қалықтап.

Құстар қайтып барады

Құс жолымен шарықтап.

Аспандағы ала бұлт

Жөңкіледі тоқтамай,

Өзгеше бар табиғат

Көрсеткендей тосын жәй.

  

                          

Ризат КЕНЖЕҒАЛИЕВ

№4 ЖОББМ-нің 

6 «б» сынып оқушысы

Ақсай қаласы, Бөрлі ауданы

Міне  жыл  сайын  тойлап  өтетін  үлкен 

мерекенің  бірі 



«Алтын  күз»  мерекесі  де 

келіп  жетті.  Бұл  мереке  мектеп  өміріндегі 

дәстүрлі  мерекелердің  бірі.  Күзде  жеміс 

жидектер  пісіп,  алтын  астық  қамбаға 

құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын 

кезең. Күз - береке, сән - салтанат мереке 

айы,  жиын  -  терім  аяқталған  кезде 

еңбекшілер 



«Сабан  тойын»  өткізсе, 

А.Жұмағалиев  атындағы  Жосалы  орта 

мектеп-балабақша кешенінде 

«Алтын күз 

–  2014»  байқауы  өтті.  Байқау  ІІІ  кезеңге 

бөлінді.  І  кезең  бастауыш  сыныпқа 



«Күз 

аруы»  атты  арулар  сайысы,  ІІ  кезең 

орта  буынға 



«Күз  кереметі»  топтық 

сайыс,  ІІІ  кезеңге 



«Күз  ханзадасы  мен 

ханшайымы»  атты  жұптық  сайыстардан 

тұрды.  Мерекелік  шараға  оқушылар 

жақсы қатысып, өздерін жаңа қырларынан 

көрсете білді.



  «Жас  қыран»  балалар  ұйымына 

ұйымдастырылған 



«Күз  аруы»  сайысына 

МАДС және 1 – 4-сынып оқушылары да  күз 

мезгіліне  байланысты  жұмбақтар  шешіп, 

аналарымен  бірлесіп  жасаған  қолөнер 

жұмыстарын 

көрсетті. 

Нәтижесінде  

өзінің  ибалылығымен,  қазақ  қызына  тән 

қылығымен  көзге  түскен  ару  1-сынып 

оқушысы  Хиуаз  Жаңаталап  бас  жүлдеге 

ие болды.

  5-7  сынып  арасында  өткен 



«Күз 

кереметі»  топтық  сайысында    балалар  

күзгі дәм бөлімі бойынша өздерінің үйден 

жасап  келген  тағамдарын  көрсетіп,  күз 

бейнесінен  көрме  көрсетіп,  өз  өнерлерін 

ортаға  салып,  қорытынысында  5-сынып 

оқушылары І орынға ие болды. 

8  –  10-сынып  оқушылары  арасында 

«Күз  ханзадасы  мен  ханшайымы» 

жұптық  сайысы  жалғасты.  Әр  сыныптан 

жұптар  шығып,  өздерін  таныстырып, 

өнерлерін  көрсетіп,  әр  түрлі  көкөністен 

бұйым  жасап,  күзгі  бейнені  бейнеледі. 

Соңғы  бқлімде  сайыскерлер  керемет  сән 

үлгісін көрсетіп, байқаудың нәтижесінде 10-

сынып оқушылары Мұхамеджан Сисенғали 

мен  Гауһар  Серік  «Күз  ханзадасы  мен 

ханшайымы» атағына ие болды. 



Назерке ИХСАНОВА 

А.Жұмағалиев атындағы

 Жосалы орта мектеп-балабақша 

кешенінің тәлімгері

Арайлы  алтын  күз!

 

Әр  мезгілдің  өзіне  тән  ерекшелігі  болады.  Күз  мезгілі  табиғаттың  әсем  күйге 



бөленіп, ғажап түске енетін уақыты. «Алтын күз» мерекесін тойлау қазір бар мектептерде 

дәстүрлі шараға айналды. Сол мақсатта, біздің сыныбымызда «Арайлы алтын күз» атты 

мерекелік  шара  өтті.  Сынып  жетекшіміз- 

Жанна Қайратқызының ұйымдастыруымен 

өткен  бұл  сайыс  бәрімізге  қатты  ұнады. 

Үй  тапсырмасы,  күзгі  сән  үлгісі,  табиғи 

өнімдерден  сурет,  бұйымдар  дайындау 

сияқты  сайыстарға  оқушылар  белсене 

қатысып,  өз  өнерлерін  ортаға  салды. 

Қатысушылардың бәрі мақтау қағаздармен 

марапатталды. 

Аида CЕРИКОВА

№10 ОЖББМ 

4 «д» сынып оқушысы

Берекелі айдың мерекесі

Үшағаш  негізгі  орта  мектебінде  бастауыш  сыныптар 

арасында  «Күз-береке,  күз-мереке»  атты  сынып-аралық 

сайыс  өтті.  Сайысқа  1-4  сынып  оқушылары  белсенділік 

көрсетті.  1-сынып  «Жидектер»,  2-сынып  «Жемістер», 

3-сынып  «Көкөністер»,  4-сынып  «Дақылдар»  тобы  болып 

бөлінді.  Сайыста  оқушылар  

таныстыру,  жарнама,  газет 

шығару,  сән  үлгісі,  көрініс 

бойынша  өз  өнерлерін  көрсетті.  Осындай  қызықты 

сайыс  өткізген  М.Елешова,  Г.Сенгалиева,  Б.Жумаева, 

Ж.Зейнуллина  ұстаздарымызға  айтар  алғысымыз 

шексіз.


                                                                                            

                               Үшағаш негізгі орта мектебінің   

2-сынып оқушылары 

Қаратөбе ауданы



Ажарлы 

алтын күз

 

Күз 



– 

жазира 


даланың дархан дастарханы. 

Осы  дархандықты  сезіну 

барысында  1  «г»  сынып 

оқушылары  күз  мерекесіне 

аса дайындықпен кірісіп, «Ажарлы алтын күз» тақырыбында ертеңгілік өткізді. 

Күз ханшайымын қарсы алып, оған дайындаған мерекелік бағдарламасын 

ұсынды.  Би  билеп,  сән  көрсетіп,  өлеңдер  оқып,  ойын  ойнап,  ертеңгілікке 

қызыға  қатысты.  Ата-аналардың  көмегімен  күз  өнімдерінен  жасалған 

мүсіндер  көрмесі  ұйымдастырылды.  Ал  күз  ханшайымы  оларға  әзірлеген 

күз сыйын ұсынды. Балалар ертеңгілікке белсенділікпен қатысып, қуанышты 

сезімдерін 

білдірді. 

Бұл 

ертеңгіліктен  оқушылардың 



алары мол болды. Олар күздің 

неліктен «Күз – елдің ырысы, 

құт-берекесі» деп аталатынын 

ұғынды 


деген 

ойдамын. 

Байлығы  мол  мерекеміз  көп 

болсын!


ТАҢЖҰЛДЫЗ 

АМАНШИНА

№ 44 орта мектептің 

бастауыш сынып мұғалімі

Жанерке Қанатқалиева

«Алтын  

күз»

  Міне,  қабағын  түйіп   жаңбырлы 

күз      келді.    Күз-молшылықтың,   

байлықтың,    берекенің    айы.  Қырман 

басы  тазаланып,  бау-бақша   жиналып,  

құс  базары  тарқайтын кез.  Інім   Әлібек  

екеуміз    терезе    алдында    отырмыз. 

Сыртқа  шыға  алмаймыз. Анамыз   рұқсат  етпеген.  Кешеден  бері 

аспанды суық  бұлт торлап, жаңбыр жауып тұр. 

   Түс  мезгілі.  Ауыл іші  түнеріп тұр. Бір мезгілде  ауыр-ауыр 

бұлттар  тарқап, нұрлы  шуақтан айнала құлпырып, мамыражай 

күйге енді. Әлібек екеуміз сыртқа шықтық. Иілген қайың бұтағындағы 

жұқа,  сары  жапырақтар  самалмен  дірілдеп  тұр.Біз  бақ  ішіне  

кірдік. Жапырақтар самалмен  дірілдеп  тұр. Біз бақ  ішіне кшрдік. 

Жапырақтардың судыр-судыр  еткен дыбысы бақтың тыныштығын 

бұзғандай. Біз үлкендердің «үстеріңділас қылмаңдар!» деген сөзін 

ұмытып  жапырақтардың  үстіне  аунап  ойнадық.  Күз  мезгілінде  

жаңбыр  жауып,  «Жаңбырлы  күз»,  «Суық  күз»,  «Қара  күз»  идеп 

үлкендер  айыптап  жатады.  Ал  біз  оны  «Алтын  күз»  дейміз.  Біз 

алтындай  сап-сары  жапырақтардан  гүл  шоқтарын  жасап  алып, 

үйге қарай жүгірдік. Анамыз бізге риза болып қалды.

Әли  ІЗТҰРҒАНОВ

Аққозы жалпы орта білім-беретін мектеп

 балабақшасының 3-сынып оқушысы Қаратөбе ауданы,


№№21-22 (205-206)    18.11.2014 ж.

2

Жайық  өңірін  жағалай  қоныс  тепкен  Жаңабұлақ 

ауылының  білім  ошағына  80  жыл  толды.  Алғашында 

бастауыш  мектеп  ретінде  1934  жылы  құрылған  мектеп 

кейіннен 1941 жылы жеті, одан кейін 1957 жылы сегіз жылдық, 

ал  1975  жылдан  бастап  орта  мектеп  боп  қалыптасқан 

мектебіміз осы жылдарда саны мен сапа жағынан толығып, 

заманауи құралдармен толықтай жабдықталып, шәкірттер 

мен 

ұстаздардың 



ж е т і с т і к т е р і м е н 

танылып, 

бүгінде 

шәкірттеріне 

білім 

мен  тәрбие  беруде 



жаңа заманға сай бой 

көтерген  үш  қабатты 

үлкен  ғимарат  боп 

бой көтерді.

Жалпы 

аумағы 


3386 кв.м. оның ішінде 

пайдалы көлемі – 3082 

кв.м. алып жатқан орта мектептің бір оқушыға шаққанда 

пайдалы аумақ есебі – 8,9 кв.м. болса, мектеп жанындағы 

тәжірибе  учаскесінің  көлемі  –  0,5  га  аумақты  талай  жас 

буын түлеп ұшқан қасиетті білім шаңырағының  алғашқы 

директоры А.Нұрсұлтанов  аға болса, одан кейінгі мектеп 

басшылары  З.Қуанышев,  Е.Жанғалиев,  Р.Борзикова, 

Е.Жұмағалиев, 

Р.Жұмағалиев, 

С.Мұқамбеткалиев, 

Р.Джубандыкова,  Г.Ақболатова,  Б.Балхашев  және  2012-

2013  оқу  жылынан  бастап  басқарып  келе  жатырған 

С.Қ.Сабыровалардың  бастамасымен  мектепте  талай 

ұстаз  еңбек  жолында  шәкірттеріне  білім  берумен  қатар, 

тәлім тәрбие беруде аянбай қызмет етіп, зейнеткерлікке 

шықты. Ал, Райса Ғабдуллақызының осы мектепті аудан-

аймаққа, облысқа танымал мектептер қатарына қосқанын 

ерекше атап өтпеске болмас.

Мектебіміздің сексен жылдық мерейтойын салтанатты 

түрде  өткізуде  бүкіл  мектеп  ұжымы,  ауыл  әкімшілігі, 

ауылдық мәдениет үйінің директоры Р.Жанаисов, сонымен 

қатар, мектеп мұражайын жабдықтауға түлегіміз А.Конусов, 

мектеп  кітапханашысы  Ш.З.Капиева  өз  үлестерін  қосып, 

1934-2014  жылдар    аралығындағы  мектеп  тарихынан 

мұражай жабдықталып, кеш барысында қонақтарға мектеп 

өмірінен бейнебаян көрсетілді. Кешке шақырылған жүзге 

тарта  қонақтардың  ішінде  осы  мектепте  қызмет  еткен 

ұстаздар,  мектеп  түлектерінің  ішінен  мақтаныштарымыз 

биология  ғылымдарының  кандидаты  Б.Б.Сарсенова, 

тарих  ғылымдарының  кандидаты  С.М.Гиззатов,  алтын, 

күміс  медаль  және  ерекше  аттестат  иегерлері,    осы 

мектепте оқыған түлектер, ауыл әкімі, ауылдағы мекеме 

басшылары  және  шаруа  қожалық  иегерлері,  алғашқы 

мектеп директоры А.Нұрсұлтанов ағаның қызы Қаламқас 

апа, осы мектепте жұмыс істеген халық ағарту ісінің үздіктері 

мен мектеп директорлары Р.Ғ.Джубандыкова (1996 жылы 

халық  ағарту  ісінің  үздігі  атанды),  Л.Д.Джумашева  1977 

ж.,  Х.И.Ихсанова  1978  ж.,  Ж.Р.Мықтыбаева  1991  ж.,  

Н.М.Мустаев 1994 ж., З.Н.Қонысов 1985 ж., М.Ж.Юсупов 

2000  ж.,  Е.Қ.Құрманғалиев  2003  ж.  және  ардагер 

ұстаздар, облыстық жер қатынастар мекемесінің бастығы 

Ғ.З.Куанышев,  аудандық  балалар  шығармашылығы 

директорының орынбасары А.О.Мушагалиева, ауыл әкімі 

С.К.Сиражев, ауылдық емхана басшысы Д.С.Исмагулова 

және  ардагер  ұстаздар  мен  басқа  ауылдарда  жұмыс 

атқарып  жүрген  мұғалімдер  және  республикалық 

«Мерейлі  отбасы»  байқауының  жүлдегері  көршілес 

Бударин ауылының мәдениет үйінің директоры Нұрболат 

Сәндібековтер отбасымен өз өнерлерімен келді. 

Мерейтоймен құттықтап, өз игі тілектерін білдірушілер 

де көп болды. Атап айтар болсам, аудандық білім бөлімінің 

басшысы  М.Г.Зиналиев,  М.Әуезов  атындағы  №2  мектеп 

ұжымынан, Жайық негізгі мектебінің ұжымынан, сонымен 

қатар,  1978  жылғы  мектеп  түлегі  Алматы  қаласының 

тұрғыны ТО «Франхония» менеджері Б.З.Маштакова, 1990 

жылғы мектеп түлегі облыстық финанс бөлімінің басшысы 

Б.А.Ниеткалиева және сол жылғы түлектер Ж.Е.Егізбаев, 

Б.Н.Утебалиева,  Г.Н.Муканова  жүрек  жарды  тілектерін 

білдірді. 

Ардагер ұстаздар мектепке бағалы сыйлық тарту етсе, 

кейбір  ұстаздар  өз  тараптарынан  естелік  сыйлықтар  да 

табыстады.

Сексен жылдық тарихында мектептің үш алтын медаль 

және бір күміс медаль иегерлері болса, осы күнге дейін он 

бір  түлек  үлгілі  аттестат  иегері  атанды.  Шәкірттеріміздің 

жетістіктері  аудан,  облыс,  республика  көлемінде  де  аз 

емес. Қандай спорттық шара болмасын,  спортшыларымыз 

үнемі жүлдемен оралады, соның бірі спорт  ардагерлері 

Насыровты,  Ж.Қабановты,  Малдыбаевтарды  еске  алуға 

арналған  шаралардағы  жеңісін  атап  айтуға  болады. 

Сонымен қатар, Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шектеулі 

контингентінің  шыққанына  25  жыл  толуына  арналған 

еркін күрестің жүлдегерлері, Қазақстан Республикасының 

Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  жүлдесі  үшін  қазақ 

күресінен “Қазақстан Барысы” республикалық турнирінде 

аудандық іріктеу  жарысының жүлдегерлері Отар Әлішер 

–  55  кг  салмақ  дәрежесінен  І  орын,  Пауетдин  Мерлібай 

–  38  кг  салмақ  дәрежесінен  І  орын,  Нұрым  Райымбек  – 

72  кг  салмақ  дәрежесінен  ІІІ  орын,  Мұрат  Айкен  –  38  кг 

салмақ  дәрежесінен  ІІІ  орын  иеленгенін  мақтанышпен 

айта аламыз. 

Қазіргі  таңда  165  оқушы  білім  мен  тәлім-тәрбие 

алып,  орташа  білім  сапасы  56%  құрап  отырған  білім 

ошағымыздың  келер  жас  ұрпақты  біліммен  сусындатып 

қана  қоймай,  еліміздің  ертеңіне  үлкен  үлес  қосар 

азаматтарымызды тәрбиелеп шығаратын бірден бір білім 

ошағы боп қала беретініне күмәніміз жоқ.    



Гүлнәр УТЕБАЛИЕВА

Жаңабұлақ ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі  

Ақжайық ауданы

Білім шаңырағына  

сексен жыл

Жеңімпаз жас полицейлер 

Білім  басқармасының  2014  жылға  арналған  жұмыс  жоспарына  сәйкес  кәмелетке  толмағандар 

арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шараларының тиімділігін арттыру мақсатында балалар 

мен жасөспірімдер арасында жас полиция топтарының облыстық жарысы ұйымдастырылды. «Еуразия» 

туристік сауықтыру орталығында Ақжайық,  Бөрлі, Жаңақала, Жәнібек, Зеленов, Казталов, Қаратөбе, 

Сырым, Тасқала, Теректі аудандарының және Орал қаласының  жалпы білім беретін мектептердің «Жас 

полиция»  топтары    8-10-сынып  оқушылары  бас  қосты.  Аталған  шараны  ұйымдастырушылар  Батыс 

Қазақстан облысының білім басқармасы, БҚО Ішкі істер 

департаменті және облыстық «Өркен» қосымша білім 

беру орталығы.

      Әр топ жыл бойы атқарған жұмыстарын ұсынса, 

топ жетекшілері әр түрлі жағдаяттардан шығу жолдарын 

қарастырды.    ҚР  Заңнамалары  бойынша  тестілерге 

жауап  беріп  құқық  білімпаздары  екенін  дәлелдеді. 

Саптық даярлық, үгіт топтары байқауларында барлық 

топтар  өздерін  жақсы  жағынан  көрсете  білді.  Байқау 

қорытындысы  бойынша  жүлделі  ІІІ  орынды  Ақжайық 

ауданының  атынан  қатынасқан  Абай  атындағы 

мектеп-гимназияның  «Жас полиция» тобы (жетекшісі 

А.Кадырбаева) 

иеленді. 

Жеңімпаздарға 

білім 

басқармасының  және  ішкі  істер  департаментінің  дипломдары  мен  сыйлықтары  табыс  етілді.  Абай 



атындағы мектеп-гимназияның  «Жас полиция» тобының жаңа үлгідегі полиция формасымен жарысқа 

қатынасуына қаржылай көмек берген мектептің ата-аналар ұжымына алғысымыз шексіз. 

         

А.ҚАДЫРБАЕВА

      Абай атындағы мектеп-гимназиясы «Жас қыран» 

      жас полицияшылар тобының жетекшісі  

Чапаев ауылы, Ақжайық ауданы



  Жас 

құтқарушылар 

жеңісі

Егемен 


еліміздің 

жастарына  патриоттық 

тәрбие беруде білімді де 

білікті ұстаздарымыздың 

еңбегі  зор  екені  сөзсіз. 

Соның  бірі  жыл  сайын 

өткізіліп  келе  жатқан  13 

– 16  жас аралығындағы 

жалпы орта білім беретін 

мектеп  оқушыларының 

облыстық  «Жас  құтқарушы»  топтарының  байқауын 

айтуға  болады.    Аталмыш  слет  бағдарламасы  аясында 

үш  күнге  созылған  жарыста  жүгіру,  тартылу,  адамдарды 

құтқару,  эстафеталық  жарыстарда  «Топты  таныстыру», 

«Психологиялық    тестілеу»,  «Алғашқы    медициналық  

көмек    көрсету»,  «Жауынгерлік    өрістеу»,  «Табиғи  орта 

жағдайындағы  іздеу-құтқару  жұмыстары»,  «Зардап  

шегушіні биік  ғимараттан   құтқару», «Су айдындарындағы  

іздеу-құтқару  жұмыстары» атты кезеңдерде ауданымыздың 

намысын  қорғаған  Базартөбе  ОЖББ  мектебінің  «Жас 

қыран»  тобы  «Техногендік  апат  аймағында  апаттық  – 

құтқару  жұмыстары», «Жауынгерлік   өрістету», «Судан 

құтқару» 

сайыс  


к е з е ң д е р і н е н 

мүдірмей 

өтіп, 

жүлделі 


екінші 

орынды иелену мен 

олжалы оралды.

«Бізге 


ең 

маңыздысы  зардап 

шегушіні 

тауып, 


алғашқы 

көмек 


көрсету  болатын. 

Себебі  жарыстың 

мол  ұпайы  осы 

кезеңде  еді»,  -    дейді  «Жас  қыран»  тобының    жетекшісі 

Ринат Қостанбаев. Сайыстың оқушылар үшін берері мол, 

жарысқа  қатысушылар  өздерінің    ұйымшылдығымен 

қатар, іздеу жұмыстарында тактикалық-теориялық білімін  

меңгеріп,  практика  жүзінде  көрсете  білгенін  атап  өткен 

жөн.

  Жарыс  нәтижесіне  орай,  БҚО  ТЖД  басшысының 



міндетін  атқарушы  полковник  О.Бержанов  жүлделі  орын 

иелері:  Елжасар  Аманжолов,  Қадірбек  Нығыметов, 

Ғаділбек  Нығыметов,  Назарбек  Сәлімгерей,  Мадияр 

Хамитұлы,  Назерке  Таханова,  Гүлзат  Бисенова,  Біржан 

Құмаров,  Әкім  Бақтияр,  Жандарбек  Мұратовтарды   

дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапаттады.



Әлия САПАРҒАЛИЕВА

Ақжайық аудандық білім бөлімінің әдіскері 

Ақжайық ауданы

   Біз, Жомартпен мақтанамыз

Ғ.Махамбетов  атындағы  ЖОББ  мектебінде  мектеп  тәлімгері  Руслан 

Амангелдіұлының  ұйымдастыруымен  8-11-сынып  оқушыларының 

қатысуымен «Біздің мақтанышымыз Жомарт» деген атпен гір тасын 

көтеруден  әлем  чемпионатының 

үш  дүркін  күміс  жүлдегері,  бүгінгі 

таңда «Айбын» әскери мемлекеттік 

күзет 

қызметінде 



жүрген 

Тлеушов  Жомарт  Мақсотұлымен 

кездесу  кеші  оздырылды.  Шара 

барысында  Жомарттың  жеңісті 

сәттерін 

бейнелейтін 

слайд 

шоу  көрсетіліп,  оқушылардың 



сұрақ-жауап  алмасуымен  емен-

жарқын әңгімелесу болды. Мектеп 

басшысы  Қанапия  Құсайынұлы 

Жомарттың  жеңістерін  мақтаныш  қылып  жүретінін,  болашақта  толайым 

табыстар,  отбасына  бақыт  тілей  отырып  қара  шаңырақ  мектебіне 

келгенінен зор ризашылығын білдірді. Өз кезегінде сөз алған Жомарт та 

«Мен  әр  кезде  де  өз  жерлестеріммен  кездесуді  асыға  күтемін,  өйткені 

алыста жүрген кезде өз ауылың сонда ыстық боп көрінеді. Мен үшін осы 

білім алған мектебімнің орны бөлек. Мектеп бітіргелі отырған түлектерге 

тілерім,  ЖОО-ға  түсулеріне  тілектеспін»  деп  ыстық    ықыласын  білдірді. 

Шара  соңы  жеңімпазға  естелік  сыйлық  тапсырылып,  фотосуретке  түсіп 

оқушылармен бірге волейбол ойынын ойнап тарқасты.



Руслан ЕСҚҰЛОВ

Ғ. Махамбетов атындағы ЖОББ-нің мұғалімі

Базаршолан ауылы, Ақжайық ауданы



№№21-22 (205-206)    18.11.2014 ж.

3

Бергенінен берері көп ұлы далам,

       Разымыз ырысыңа мәңгі саған 

«Золотая осень в гости к нам пришла»

Интересы  нынешних  маленьких  детей  часто 

сводятся  к  телевизору,  электронным  игрушкам, 

компьютерным «стрелкам», и «ужастикам». Поэтому 

книги уходят на задний план. 

      Наша    Шынгырлауская    районная    детская  

библиотека  с  целью воспитания  культуры  чтения,  

привлечения    новых    читателей  и  пропаганды  

детской  литературы уделяет  большое  внимание  

семейному    чтению.  Так  как    читателями    нашей  

библиотеки  являются дети  с  дошкольного  возраста. 

Библиотекари  и      родители  должны    руководить  

детским  чтением,  заинтересовать    их.  Поэтому  

запись  в  библиотеку детей маленького возраста у 

нас  начинается с экскурсии  в  комнату  сказок, где  

красочное    оформление  и  персонажи    сказочных  

героев напоминают нашим юным читателям ту или 

иную  сказку  или    мультик.  Ведется 

целенаправленная  работа с  детскими 

садами,    с  нулевыми  и  начальными  

классами    средних  школ,  а  также  с 

родителями.  Мы  часто    приглашаем 

родителей  на    детские    утренники,  

проводимые в  нашей  библиотеке.

Без    внимания    не  остались  и  

осенние  праздники. 

16  октября    в  Районной  детской  

библиотеке    был    проведен  утренник 

«Золотая Осень в гости к нам  пришла», 

с  участием   0 «в» класса Чиликской 

СОШ  им.Л.Клышева,  воспитатель 

–  Литвинова  Оксана    Викторовна, 

которая уже  несколько  лет сотрудничает с нашей  

библиотекой.      Дети  читали  стихи, 

разгадывали загадки и пели песни об 

осени. 

Библиотекарь 



– 

Галина  


Викторовна  Гончарова, сыграла роль 

царицы  Осени,  которая    рассказала 

о  приметах  осени.  Вел  утренник 

активный  читатель нашей библиотеки 

Кирилл  Гончаров,  который  играл  с 

детьми в е игры - «Попади в мишень», 

на которой  дети  овощами стреляли 

в мишень (корзину) разделившись на 

2 команды. Активное участие ребята 

приняли  участие  в  играх  «Угадай  на 

ощупь»,  «Угадай  на  вкус».  Утренник 

сопровождался  показом    слайдов 

на  осеннюю  тему.  Царица  осень  пригласила  

всех  детишек  на    танец  с  листьями,  а  родители 

участвовали    в  игре  «Закончи  пословицу».  Также  

учащиеся  предоставили  вниманию  зрителей  свой 

праздничный  концерт: исполнили песни «Дождик», 

«Что  нам    Осень    принесет»,  исполнили  танец 

«Польку»,  показали    инсценировку  «Витаминная  

семья».


Царица  Осень  щедро  одарила  всех  участников  

своими  дарами.  Присутствовавшие  на  утренники 

родители  выразили  слова  благодарности  в адрес 

организаторов    и  многие  из них  поспешили  стать 

читателями   нашей  библиотеки.

Бобек ХАМИТОВА

Методист Чингирлауской ЦБС

по работе с детьми                                              

Табиғаттың  ерекше  құбылып,  айналамыз  cары 

түске  боялатын,  қамбамыз  астыққа  толатын,  бәріміз 

асыға  күтетін,  сағындырған  сырмен  көңілге  қуаныш, 

асқарлы  үміт  сыйлайтын,  баршамызға  шашылған  сары 

нұрымен шуақ болып тарайтын берекелі мезгіл күз айы, 

мектеп ұстаздары мен оқушылары үшін шын мереке. Әр 

мектепте,  «Арайлы  алтын  күз»    немесе  «Ару  күз»  атты 

мерекелік шаралар өтетіні де сондықтан. Бұл күні мектеп 

іші  ерекше  безендіріліп,  оқушылар  табиғат  пен  үндесе 

киініп  өздері  жасаған  тағамдары  мен  бұйымдарынан 

көрме ұйымдастырып суреттер салып шат-шадыман күйге 

енеді. 

Аталмыш  мереке  мектебімізде  «Алтын  шашты  –  ару 



күз»  атты  тақырып  пен  шынайы  өтті.  Адымен  бастауыш 

сыныптар  арасында  өткен  мейрам  9-10-сыныптар 

арасында  тітпі  керемет  көріністер  арқылы  жалғасын 

тауып,  ұстаздарымыз  шәкірттерінің  табиғат  анаға  деген 

көзқарастарына  шын  риза  болысты.  Күз  мерекесіне  

арнайы сахна құрылып, безендірілді. Шараға 9-10-сынып 

оқушыларынан  бір  ұл,  бір  қыз  баладан  шықты.  Байқау 

төмендегі бөлімдерден тұрды:

Таныстыру,  Фотоколлаж  (сыныптың  жетістіктерін 

таныстыру  презентациясы),  Күз  сыйы    (икебана, 

көкөністерден  дайындалған  мүсіндер),  Пародия,  Сән 

үлгісі (80 жылдар сән үлгісі, Қалдық заттардан жасалған, 

полиэтилен пакеттерінен тігілген ұлттық нақыштағы киім). 

Күзгі  вальс  (бір  әуен  аясында  би  билеген  үздік  жұпты 

анықтау) сынды алты бөлімнен тұрды. Оқушылар жақсы 

дайындалған,  барлық  шарттар  бойынша  бар  өнерлерін 

көрсетті.  Сайыс  соңында  «Үздік  өнер»,  «Сегіз  қырлы, 

бір  сырлы»,  «Жарысымды  жұп»  және  «Күз  ханшайымы 

мен  күз  ханзадасы»  аталымдары  бойынша  сыныптар 

м а р а п а т т а л д ы . 

5 - 7 - с ы н ы п 

о қ у ш ы л а р ы н а н 

қ ұ р ы л ғ а н 

ж а й д а р м а н 

командалары 

да 


көрермендеріне 

жақсы  көңіл  күй 

сыйлады.. 

Ауылымыздың 

мәдениет 

үйінде 


жасөспірімдерді  табиғатты  аялауға,  қоршаған  ортаны 

әсемдікті  көре  білуге,  сезінуге  тәрбиелеу  мақсатында  

«Алтын күз» байқауы өткізілді.  Байқауға Тайпақ колледжі, 

Қ.Байсықов  ат.  ЖОББМ,  Краснояр  ЖОББМ  және  Тайпақ 

мектеп-гимназиясы қатынасты.  Өнер көрсету, Сұр мерген 

(Жұптың  қолдары  байланып,  нысанаға  доп  лақтыру, 

Көңілді  аспазшы  (көкөністерді  аршып,  әдемілеп  турау), 

Суреттер сыры (Көзді байлап, жемістердің суретін салу), 

Ұлттық  би,  Сән  үлгісі,  Пародия    сынды  сегіз  бөлімнен 

тұратын  сайысқа  біздің  мектептен  мектепішілік  «Алтын 

шашты  –  ару  күз»сайысының  жеңімпаздары  9-сынып 

оқушылары Диана Мақсот мен Жасұлан Қуатов қатынасты. 

Олар  өздерін  әнмен  таныстырып,  Өнерлерін  «ковбой» 

биімен көрсетті, ұлттық биге «грузин биін» билесе, «Коко 

джамбо»  әніне  пародия  сомдады.  Аруымызға  қалдық 

қағаздардан  гүлмен  көмкерілген  көйлек  және  Ханзадаға 

қағаздан смокинг тігілді. Әрбір өнер көрсетулерінде мектеп 

оқушылары қолдап, біздің өнерпаздар жоғары деңгейде өз 

өнерлерін көрсетіп шықты. Байқау қорытындысы бойынша 

Тайпақ  мектеп  –  гимназиясының  қатысушылары  «Бас 

жүлдені»  иеленіп,  мектеп  мерейін  асқақтатты.  Сыннан 

сүрінбей өткен оқушыларымызға – білімде әрқашан алда 

болып,  биік  шыңдарды  бағындыра  берулеріңізге  барлық 

ұжым, оқушылар атынан тілектестік білдіреміз. 




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет