18. Математика сабағы, оның құрылымы, сабаққа қойылатын негізгі талаптар, сабақтың түрлері Математика сабағы



бет1/4
Дата19.09.2023
өлшемі0,62 Mb.
#108517
түріСабақ
  1   2   3   4

18. Математика сабағы, оның құрылымы, сабаққа қойылатын негізгі талаптар, сабақтың түрлері
Математика сабағы: Математика оқу пәні ретінде мектеп курсында арифметика элементтері, алгебра, математикалық анализ бастамалары, жазықтықтағы және кеңестіктегі евклид геометриясы, аналитикалық геометрия, тригонометрия атауларымен белгілі.
Оқушыларды математикаға оқыту математикалық білім, икем және дағдыны игеруге, практикалық есептерді шеше білуге, логикалық ойлауды дамытуға кеңістікке қарап бағдарлау қабілетіне, алгебралық түрлендірулер, есептеулер, теңдеулер мен теңсіздіктерді шеше білу қабілетін қалыптастыруға бағытталған.
Математика ғылымы мен математика пәнінің айырмашылығы тек көлемі, жүйелілігі және қарастыру тереңдігімен ғана өзгешеленбейді, сонымен бірге қарастырылатын сұрақтың қолданбалы бағытына қатысты болады.
Математиканы оқыту процесі – бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге математикалық білім беру міндеттерін шешу.
Математиканы оқыту процесінің өзіне тән компоненттері бар. Олар оқытудың мақсаты, мазмұны, формалары мен әдістері, сонымен қатар нәтижесі.
Математиканы оқытудың негізгі мақсаттары (кең мағанада):

  • Адамзат мәдениетінің қазіргі қоғамның толық дамуы үшін әркімге қажетті және адамның мәдени өмірін бейнелейтін ойлау элементтері мен әрекеттерді барлық оқушылраға игеру;

  • математикаға деген қызығушулықты туғызуға жағдай жасау және дарынды оқушылардың математикалық қабілеттерін дамылу.

Білім беру мақсатына сәйкес математиканы оқыту деңгейлері анақталады:


Сабаққа қойылатын негізгі талаптар

  1. Әрбір сабақта білім беру, даму және тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі сақталуы керек. Әрбір сабақ оқыту процесінің басты заңдылықтарын жүзеге асыруға ықпал етуі керек.

  2. Әрбір сабақ дидактиканың барлық принциптеріне және бәрінен бұрын оқыту мен өмірдің ғылымилығы мен байланысына жауап беруі керек.

  3. Әрбір сабақ , ең алдымен, сабақьың тақырыбымен жиі ауыстырылатын айқын дидактикалық мақсатпен сипаттауы керек.

  4. Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың танымдық қызметін жандандыру мақсатында оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін пайдалану.

  5. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі – оның эмоционалдығы. Ол оқушыларды сабақтағы маңызды қызметті – жаңа білімді игеруді – атқаруға итермелейді. Ол сырттай ғана байқалуы мүмкін (мұғалімнің қатты дауысы, қол сілтеуі, т.б.), эмоционалдық мұғалімнің сабақтағы оқыту процесіне, оқылатын тақырыпқа қатысты байқалуы мүмкін.

  6. Әрбір сабақта оқушылардың білімін үздіксіз есепке алу жүргізілуі керек.

  7. Әрбір сабақ өзінің ұйымдастырушылық заңдылықтарымен, оң нәтижелерді сезінгіштігімен ерекшеленуі керек.

  8. Әрбір сабақта жүйелі қайталаудың элементтері қатысуы тиіс.

  9. Әрбір сабақ техникалық оңтайлы және дидактикалық жарақтандырылған болуы керек.

  10. Кез келегн пән бойынша әрбір сабақтың өткен және алдағымен байланысы.

  11. Сабақтың барлық уақытын үлкен табыстылықпен пайдалану.

  12. Оқушылардың бүкіл сабақ бойы оқу еңбегін қамтамасыз ету.

  13. Сабаққа қойылатын талаптардың бірі оның құрылымдық икемділігі болып табылады.

  14. Сабақтың кәсіби бағыттылығы.

  15. Үй тапсырмасының тиімділігі және оны міндетті тексеру.

  16. Қолайлы моральды – психологиялық және санитарлық – гигиеналық жағдайлар туғызу.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет