§1. Рим империясында ы да дарыс
Біздің заманымыздың ІІ ғасырының аяғына қарай Рим қоғамын- да дағдарыс басталды. Рим қоғамының барлық салаларын қамты- ған құлиеленушілік қатынастардың дағдарысқа ұшырауы, əсіресе империяның батыс провинцияларында ерекше байқалды. Құлиеле- нушіліктің құлдырау деңгейі провинцияларда бірдей болған жоқ. Құлиеленушілік қатынастар неғұрлым дамыған жерлерде дағдарыс жоғарғы шегіне жетіп отырды. Құл иеленушіліктің дағдарысы ұзақ уақытқа созылды. Дағдарыс салдарынан Италиямен оның провин- циялары арасындағы қайшылық шиеленісе берді. Магнаттардың басқаруымен кейінгі антикалық колонаттар құрылып, құлдықпен басым түрде айналысты. Көптеген қалалар тоқырай бастады. Қол- өнер мен сауда біртіндеп құлдырады. Мемлекеттің қаржы жағдайы қатерлі кезеңді басынан өткеріп жатты. Асыл металды теңгелер азайып, баға көтеріліп, алым-салық жинау күшейді. Экономика- лық жағдайдың нашарлауы, ең алдымен, қарапайым адамдарға ауыр соқты. Мемлекеттік билік өзінің тұрақтылығын жоғалтты. ІІІ ғасырда мемлекет варварлардың шабуылынан көптеген жерлері- нен айырылды. Варварлардың шапқыншылығынан Рим мемлекеті жоғарғы Германияның құнарлы далалары жəне Дакия сияқты бай провинцияларын біржола жоғалтты. Рим империясының дағдарыс- ты тоқтатуға, уақытша болса да ушыққан əлеуметтік жəне саяси қатынастарды тұрақтандыруға шамасы жетпеді. ІІІ ғасырда сена- торлық аристократия барлық қолбасшылық қызметтерден қуылып, провинциялардағы атты əскерлер құрамы өзгертілді. Рим сенаты жоспар құру жəне оны шешу өкілділігінен тықсырылып, тек «тақ кеңесінде» қаулы шығара алатын болды. Мұндай саяси өзгерістер, əсіресе Диоклетиан (284-305) жəне Константин (306-337) билігі ке- зінде болды. Доминант немесе Кейінгі Рим империясы пайда бо- лып (284-476) өмір сүрді. Император тағы үшін күрес жəне үміт-
17
18 Орта ғасырлар тарихы
керлер арасындағы азаматтық соғыстар, варварлардың дүркін-дүркін шабуылы елді экономикалық тығырыққа тіреп, империяның дағдарысын күшейтті. ІІІ ға- сырда империяның экономикалық құлдырауы жəне саяси тұрақсыздық адамдар- дың психологиясына əсер етті. Тақ тұрақсыз болды, 50 жылда 22 монарх ауысып үлгерді. Енді Рим бұрынғы қуатынан айырылып, күйреуге жетті. Провинциялар орталыққа бағынуды қойды, оларға бірыңғай заң күші жүрмеді. Əйгілі «Рим ер- кіндігі» заңдастырылды. Осылардың барлығы қоғамның психологиясы мен руха- ни өміріне əсерін тигізді. Адамдар енді құтқарушы Рим құдайларына сенбейтін болды. Олар жаңа дін – иудейден шыққан христиандыққа бет бұра бастады.
ІІІ ғасырдың аяғында тереңдеген дағдарысты болдырмау үшін уақытша нəти- жесін берген реформаторлық қайта құру шаралары қолға алынды. Арендаға жер берудің жаңа түрлері пайда болды. Эмфитевис – өз үлесіндегі жерлерде кең құ- қықтар арқылы жерді аз ғана төлемге жалға берді. Келесі ұсақ жалға беру – пре- карий, яғни ұзақ мерзімдік немесе өмірлік аренда жүйесі енгізілді. Эмфитевсис- тер қазынамен шіркеудің ірі жер иелерінен жалға жер алушылар еді. Оның мəнісі эмфитевсистер өздерінің құқығын пайдалана отырып, жер иелеріне жыл сайын белгіленген төлемдерін өтеуге жəне шаруашылықты жақсы жүргізуге міндетті бо- латын. Олардың иелік ету құқығы бойынша жерлерін жалға бере алатын, мұраға қалдыратын, тіпті сата алатын болды. ІV ғасырдағы колондардың ірі жер иелену- шілерге кіріптарлығы салдарынан əлеуметтік статусы əртүрлі деңгейдегі топтар қалыптасты. Мүліктік иелену құқығының артықшылығын кең түрде иемденуші- лер ерікті колондар либери, одан кейінгілері оригинарий болды.
Император билігі күшейтіліп, сенат маңызы түсірілді. Доминат жүйесі Рим дүниесінде жаңа əлеуметтік, экономикалық жағдайдың қолайлығына жағдай жа- сады. Осы арқылы біріккен Рим күшпен үш құрлықтың елдерін ұстап тұрды. Доминат дəуіріндегі реформалар Рим мемлекетінің құлдырауын жарты ғасырға шегіндірді. Алайда империяны құтқаруға арналған шаралар оның құлдырауын тоқтата алмады. Ішкі қарама-қайшылықтан əлсіреген империя сыртқы күштерге қарсы тұра алмады. Герман жаулап алушылығы Римнің тағдырын шешті. Əлеу- меттік саяси процестерді ІІІ-ІV ғасырлардағы «қуатты сыртқы күштер» факторы – варварлық тайпалардың шабуылы күшейтті. Соңғы Рим мемлекеті варварлар- мен араласып, үздіксіз соғыстан қалжыраған Римнің ішкі жəне сыртқы саясатын- да біртұтас организм ретінде көрші варвар тайпаларымен бірлесе өмір сүрді.
Ежелгі державалар тəкаппар да құдіретті болды. Бірақ ең ірілері Дарий мен Александр Македонскийдің, Рим мен Қытайдың алып империяларын қосқанда құрлықтың азғантай бөлігін алатын еді. Ал олардың шекараларының арғы жа- ғындағы шексіз жерлерде əртүрлі өмір өтіп жатты. Бұларды қазір біз алғашқы қауымдық тайпалардың əлемі дейміз. Ал римдіктердің, ертедегі қытайлар немесе гректердің кезінде оларды варварлар деп атаған болар еді. Варварлар аңшылық пен малшаруашылығын тамаша меңгерді. Варварлардың өмірінде байлықтың рө- лі үлкен болған жоқ. Барлығы да кедей, бірақ азат, бір-бірімен тең болды. Тек кө- семдері, ру басшылары, абыздары ғана аздаған артықшылықтарды пайдаланды. Варварлар мемлекеттің не екендігін білген жоқ. Ежелгі жəне орта ғасырлардағы мыңдаған жылдарда қарама-қарсы екі дүние – алғашқы қауымдық тайпалар əлемі
2-тарау. Антикадан ортағасырларға өту кезеңіндегі Еуропа ... 19
мен өркениет əлемі бір-біріне бетпе-бет келіп тұрды. Оларды өзара жаулық алыс- татса, бір-біріне деген мүдделілік байланыстырды. Жүз жылға созылған соғыс- тар бейбіт көршілікпен алмасып жатты. Варварлар шапқыншылығы қаншалықты жойқын болғанымен, уақыт өте келе өркениет өкілдері жер шарындағы «басқа əлемнің» жерлерін жаулап алып, өрісін кеңейте берді. Варварлар да өркениеттің əсерінен тыс қала алмады. Өйткені варварларға саудагерлер мен жауынгерлер, дін уағыздаушылар келіп тұрды. Басқа тайпаларға қарсы соғыста варварларды жал- дап отырды. Өркениет пен варварлардың шекарасы əрқашан да «ашық», ал вар- варларға өркениеттің ықпалы күшті болды. Рим империясына варварлар əлемі қа- уіпті бола түсті. Азияның далаларынан немесе Еуропаның ормандарынан алып империяларды жойып жіберетін тайпалар пайда болды.