1868—1870 жылдардағы қазақтардың отаршылдыққа қарсы күресі


Фон Штемпель жасағына шабуыл Фон Штемпель жасағына шабуыл



бет5/8
Дата03.12.2023
өлшемі124,86 Kb.
#134070
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
слайд

Фон Штемпель жасағына шабуыл

Фон Штемпель жасағына шабуыл

  • Көктем түскен соң комиссия жеткілікті қаруымен екінші рет қырға аттанды. Көтерілісшілерге қарсы Торғай облысында Ақтөбе бекінісін, Орал облысында Ойыл бекіністерін салу көзделді. Көтерілісті біржола басу үшін олардың негізгі күші шоғырланған жер — Ойыл өңіріне соққы беруге Орал облысының әскери губернаторы Веревкин 400 солдат, 4 зеңбіректі бір рота, т.б. күштермен Ойыл бойына аттанды.
  • Торғай облысындағы Ойыл, СағызЖем өзендерінің өңірінде орналасқан көтерілісшілер фон Штемпель жасағына қарсы шықты. Ойыл өзенінен 20 шақырым жердегі қақтығыста 20 мың көтерілісшілер 7 күн шабуылдап, фон Штемпельді Калмыков қамалына кетуге мәжбүр етеді. Ал Орал облысына екінші рет шыққан комиссия қайта қайтып кетті.
  • Көтерілісшілердің фон Штемпель жасағына жасаған шабуылы 1869 жылы Орал, Торғай облыстарындағы көтерілістің ең бір шарықтау кезі болды.
  • Шабуыл сәтсіз аяқталғанымен, көтерілісшілер көлге баратын жолды кесіп өтіп, фон Штемпель жасағын сусыз қалдырады.
  • Орыс әскери мамандары қазақ даласындағы бұл шабуылды ең күштісі деп бағалады. Шынында, саны жағынан 20 мыңдай қалың қолдың жиналуы бұрын соңды болмаса керек.
  • Патша үкіметі негізгі күштердің басын қосып көтеріліс ошағына бағыттау үшін біріктіруді ұсынды. Маусым айында Орал казак әскери атаманының өзі келе жатыр деген хабар, сондай-ақ патша үкіметінің барлық күштерді бір бағытқа көшіруі, қарулы отрядты жеңуге деген үмітті су сепкендей басты.
  • 7 шілдеде 8 мың отбасы «Уақытша Ережені» мойындауға мәжбүр болды. 25 шілдеде байбақты Беркін Оспанов бастаған 1 мыңдық қол талқандалды. 31 шілдеде көтерілістің тағы бір басшысы Сейіл Түркебаев тұтқындалды. Қалған көтеріліс басшылары Хиуа жеріне өтіп кетті.
  • Көтерілістің жеңілуіне феодалдардың опасыздығы ғана емес, сонымен бірге кейбір рулардың арасында ауызбірліктің жоқтығы да себеп болды. Олардың ынтымақтаса қимылдауына жер дауы да бөгет болған еді. Казак шептері маңындағы ауылдар отаршылдарға қарсы белсене күреске шыға алмады. Майдан мен тыл бір жерде болып, көтерілісшілер қимылын өте-мөте қиындатты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет