№19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата22.12.2016
өлшемі11,01 Mb.
#62
  1   2   3   4   5   6

№19 (112) 1 қазан, 

2015 жыл

АҢДАТПА

 

С ДНЕМ УЧИТЕЛЯ

8 бет

АҚШАҢ БОЛСА 

ҚАЛТАҢДА...

7 бет

11 бет

3 стр

АҚЫНДАР ОРБИТАСЫ

НАТЮРМОРТ 

ЖАНРЫНЫҢ ДАМУ 

КЕЗЕҢДЕРІ

Ұ

стаз 



ұлағатты есім. 

Шәкірттерін білім 

нәрімен сусында-

тып, тәлім-тәрбие

жақсы қасиеттерді 

бойына дарытып, 

адамгершілік рух-

та бағыт-бағдар 

беруде ұстаздың 

еңбегі зор. 

Сондықтан да ол 

әрдайым қасиетті 

тұлға ретінде 

ерекшеленеді.

Жылда  жаңа  оқу  жылымен  қатарлас 

келетін  Ұстаздар күні де күздің үлесіне тиіпті. 

Өйткені, күз табиғаттың жомарт мезгілі, жеміс 

атаулы уылжып  түгел пісетін, астық  орылып 

қырманға түсетін молшылық кезең бұл. Диқан 

секілді  ұстаздың    еңбегі  де  сол  кеңшіліктің 

көзі  іспеттес    елеулі  екенін    бәріміз  білеміз. 

Ол  мектеп  табалдырығын  енді  аттаған  жас  

бүлдіршінді аялап, әспеттеп, құшағын ашып, 

бауырына  басып,  білім  берумен  бірге  бүкіл 

жан  дүниесінің  шапағатын  қосып  тәлім-

тәрбиеге  баулиды.  Ұлы  ұстаз,  данышпан 

Әл-Фараби  атамыз:  «Ұстаз  жаратылысы-

нан  өзіне  айтылғанның  бәрін  жете  түсінген, 

көрген,  естіген  және  аңғарған  нәрселердің 

бәрін жадында жақсы сақтайтын,  ешнәрсені 

ұмытпайтын алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі, 

мейлінше  шешен,  өнер-білімге  құштар,  аса 

қанағатшыл  жаны  асқақ  және  ар-намысын 

ардақтайтын,  жақындарына  да,  жат  адам-

дарына  да  әділ,  жұрттың  бәріне  жақсылық 

пен  ізгілік  көрсетіп  қорқыныш  пен  жасқану 

дегенді  білмейтін  батыл,  ержүрек  болуы  ке-

рек»  деген.  Расында    бүгінгі  инновациялық 

технолигияның дамыған заманында  ұстазға  

үлкен  жауапкершілік жүктеліп отыр. 

Ертеңгі  күннің  бүгінгіден  гөрі  жарқынырақ 

болуына  ықпал  етіп,  адамзат  қоғамын  алға 

апаратын  құдіретті  күш  тек  білімге  ғана 

тән.  Демек,  қай  елдің  болсын  өркендеуі, 

өркениетті  дүниеде  өзіндік  орын  алуы  

білім  саласының  даму  бағытына  тікелей  

байланысты.

Елбасы 


«Қазақстандықтар 

әлемнiң 


жоғары бiлiмдi ұлты болу қажет, әйтпегенде 

бiз қойып отырған мақсаттарымызға жете ал-

маймыз», - деп босқа айтқан жоқ. Әлемдегі 

дамыған  30  мемлекеттің  қатарынан  көрініп, 

«Мәңгілік  елге»    айналу  үшін  жастарымыз 

мейлінше  білім-ғылымға  ден  қоюы    тиіс. 

Өйткені, Өркениеттің  кілті сонда, ұрпағымыз 

қоғам  қажеттілігіне  сай  болып  жатса,  бұл  – 

ұстаздардың  еңбегінің  жемісі.    Олай  дейтін 

себебіміз  ақынды да, батырды да, алыпты 

да,  дананы  да  ұстаз  тәрбиелейді.  Адамзат 

өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі 

мен  мұғалімдері  бар  мемлекет  қана  озып 

шыққан.


Осы  тұрғыдан  алғанда,  «Нақты    100 

қадам» - ұлт жобасында еліміздегі білім беру 

жүйесіне Ұлт  көшбасшысы терең мән берген. 

Айталық, 77-ші қадамда 10 алдыңғы қатарлы 

колледж бен жоғары оқу орнында біліктілікті  

әзірлеу  айтылған.  Ал  78-ші  қадамда 

жоғары  оқу  орындарының  академиялық 

және  басқарушылық  дербестігін    кеңейту 

қарастырылған.  Сонымен  бірге  79-ші  

қадамда  білім  беру    жүйесінде    -  жоғары  

сыныптар  мен  жоғары  оқу  орындарында 

ағылшын  тілінде  оқытуға    кезең-кезеңмен 

көшу көзделген.

Міне, осындай болашаққа  нақты қадам та-

стап, Тәуелсіз еліміздің тұғырын берік,  туын 

биік көтеру ұстаздарымыздың басты міндеті 

болмақ.

Осындай  жауапкершілікті  терең  сезінген 



І.Жансүгіров  атындағы  Жетісу  мемлекеттік 

университеті 

оқытушы-профессорлары  

жаңа оқу жылын  үлкен құлшыныспен баста-

ды. Төл мерекенің қарсаңында  мен біршама 

ұстаздарымыздың елеулі еңбегін тілге  тиек 

етіп, мерейін көтеруді жөн көрдім. Білім және 

ғылым    министрлігінің    ұйымдастыруымен  

жыл сайын  «ЖОО-ның  үздік  оқытушысы»  

мемлекеттік грант  негізінде  республикалық 

байқау  өтеді.  Біздің  білім  ордасының  

оқытушылары    жеті  жылдан  бері  жеңіс 

тұғырынан    түспей  келеді.  Атап  айтқанда: 

К.Блеутаева (2007 ж.), Р.Аралбаева (екі рет, 

2007 ж.,  2011 ж.),  М.Төрегожина  (2008 ж.), 

М.Имангазинов  (2008  ж.),  А.Шарипов  (екі 

рет,  2008 ж., 2014 ж.), Е.Смагулов (2009 ж.), 

Б.Оразбекұлы  (2010  ж.),  Е.Андасбаев(2012 

ж.),  С.Байдыбекова  (2012  ж.),  Б.Сериев 

(2013  ж.),  Е.Дүсіпов  (2014  ж.),  Е.Бейісов 

(2014  ж.)  секілді  оқытушыларымыз  "ЖОО-

ның  үздік  оқытушысы"  мемлекеттік  гра-

тына  қол  жеткізді.  Ал    өткен  2014  жылы 

Л.Еркінбаева, М.Төрегожина, Э.Қыдырбаева 

секілді    ғалым-ұстаздарымыз  «Болашақ»  

халықаралық  грантының  иегері  атан-

ды. 

Жоғарыда 



айтқанымдай, 

бүгінгі 


таңда  білім  беру  үрдісінде  инновациялық 

технологиялық  әдістерді    белсенді    түрде 

оқытуға  баса  назар аударылуда. Осы сала-

да    қарқынды    жұмыс  атқарып  келе  жатқан 

тәжірибелі  ұстаздарымыз    көп.  Олардың  

қатарында:  М.  Құрманов,  Р.Есімханова, 

Г.Жолтаева,  Н.Ханина,  Ш.Каймульдина, 

Г.Искакова,  А.Кұрақбаева,  Г.Исағалиева,  

Ш.  Қыяхметоваларды  мақтанышпен  тілге 

Білім нұрын жаққандар,

Шәкірттен бақыт тапқандар

Ә.Б.БЕКТҰРҒАНОВ,

І.Жансүгіров атындағы ЖМУ-дің 

ректоры, з.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА 

корреспондент-мүшесі.

аламыз. 


Қашанда  біз    ұрпақ  тәрбиесінде 

қарттарымызды 

сыйлап, 

үлкендерді 

құрмет  тұтып  келген  халықтың    өкіліміз.  

Университетімізде  30  жылдан  астам 

уақыт  еңбек  етіп  келе  жатқан  ғибраты 

мол  қарияларымыз  баршылық.  Олар-

ды  да  Қарттар  күнімен  құттықтаймын. 

«Адамның  адамшылдығы  жақсы  ұстаздан» 

деген  Абай  хакімнің  сөзімен  айтқанда 

бұл 


қарияларымызды 

«ұстаздардың 

ұстазы»  деп  бағаласақ  болады.    Жана-

рынан  нұр,  тілдерінен  дүр  төгіліп  жүрген 

қарттарымыз  әманда  аман  болсын.  Орайы 

келгенде  олардың    да  атын  атай  кетсек 

артық  болмас.  К.Намазбаев,  А.Нугусуова, 

С.Сейітова,  Г.Кожашева,  К.Нұриденова, 

Ж.Нысамбаев,  А.Рахимбеков,  У.Уразалиев, 

Ш.Дәуренбекова,    Н.Аужанова,  Э.Ли, 

Р.Дюсембинова,Н.Абишев, 

Н.Смаил, 

Б.Шомшекова,  А.Катенов,  К.Аликенова, 

Т.Сыдыков,  А.Кенжебеков,  С.Машанова 

т.б.  сияқты  ардагер  ұстаздарымызды 

ардақ  тұтамыз.  «Ұстаз  деген  ұлағатты 

атауды  естігенде,  өзімді  күні  бүгінге  дейін 

шәкірттей  сезінемін»  деген    екен  қазақтың 

кең  маңдайлы,  ардагер  артисі  Сер-

ке  Қожамқұлов.  Ия,  Ұстаз  -  Қаратаудың 

қойнауындай  тереңде  жатқан  кенді  ашып, 

білім мен ғылымның жемісінің дәмін таттыра-

тын, армансызға арман ұялатып, қанатсызға 

қанат  қақтыратын,  дарындыға  талап  

бітіретін  ғажайып  күш  иесі.  Мерекелеріңіз 

құтты болсын, ұстаздар!

                               

Ләззат ЕРКІНБАЕВА,

             Бірінші проректор, оқу-

Құрметті ұстаздар!

     Қадірменді білім саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен және Қарттар күнімен  шын 

жүректен құттықтаймын! Қоғамда ұстаздар қауымы қашанда ерекше 

орын алады. Білім мен мәдениеттің жаршысы  ұлағатты ұстаздар 

өсер ұрпақтың тәрбие-тәліміне жауапты.

ХХІ ғасыр – қарыштап дамыған білім ғасыры. Ғылым мен білімнің да-

муына қызмет ету – еліміздің болашағына қызмет ету. Ол жеткіншек 

ұрпаққа терең де тиянақты білім беруден басталады. Елбасы-

мыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың: “Еліміздің ертеңі – бүгінгі 

жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың 

қолында”,- деген сөзі, бірегей тұлға - оқытушыларға  деген құрмет пен 

ықыластың ерекше екендігін білдіреді.

Өйткенi, адами қасиеттердi бойына сiңiрген шынайы ұстаз өз 

шәкiрттерiнiң жүректерiнде бiлiмге деген құштарлықты және Отаны-

на деген сүйiспеншiлiктi оятады. 

Жастарымыз терең білім алумен бірге еліміздің рухани-адамгершiлiк, 

мәдени, ғылыми-техникалық және әлеуметтiк-экономикалық 

құндылықтарын дамытуға ықпал етуі тиіс. Мәңгілік елдің іргетасын 

қалап, Тәуелсіздік туын берік ұстауы қажет. Ата-бабамыздан мұра 

болып келе жатқан ұлттық дәстүрлерімізді сақтап, қазыналы 

қарттарымыздан алған өнегемен ұрпақтарымыздың өркені өссін.

Құрметті  әріптестер! 

Шәкірттеріңізге  берген жылулық пен тәрбиелерiңiз қашанда 

алдарыңыздан сәттiлiк пен алғыс ретiнде шыға берсiн. Сiздерге 

мықты денсаулық, отбасыларыңызға береке, қажырлы еңбектеріңізде  

шығармашылық табыстар мен жетiстiктер тiлеймiн.

ҚҰТТЫҚТАУ



Жетісу 

университеті



ҚОҒАМ

бейсенбі, 1 қазан, 

2015 жыл

Баспасөз -2016



2

ҚАЛА КҮНІ

Жүрегі Жетісудың – 

ТАЛДЫҚОРҒАН

I  орынды  мәдениет  және  өнер  факультеті  

дене  шынықтыру  мамандығының  білімгері 

Телман Шәкәрім қанжығасына байлады.

Білім ордасын  биіктен көрсетіп, мерейін 

асырған  спортшы  білімгерлерімізді    қол 

жеткізген жеңісімен құттықтай отырып, олар-

ды  осы  жарысқа    белсенді  дайындағаны  

үшін 

университет 



спортклубының  

оқытушы - жаттықтырушылары: Т.Дуанаев,  

М. Қажықанов, Б.Сарсенбаев, О.Танабаев,  

М.Алиевтер  мен    «дене  шынықтыру 

және  спорттық  пәндер»  кафедрасының 

оқытушысы  Н.Ноғайбековқа    алғыс 

білдіреміз.                

  

Берік БИТЛЕУОВ,                                



спортклуб төрағасы.

Жуырда  Алматы облысының денсаулық 

сақтау  басқармасы,    Алматы    облыстық 

салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру 

орталығының 

ұйымдастыруымен  

І.Жансүгіров  атындағы  Жетісу  мемлекеттік 

университетінің  стадионында    жоғары 

оқу  және  арнайы  оқу  орындары  арасында 

«Денсаулық  фестивалі-2015»  акциясына 

орай    1000,  3000    метр  арақашықтыққа  

жүгіру бойынша  эстафеталық жарыс  өтті. 

Қалыптасқан спорттық шеберлігіне сай бұл 

жолы  I орынды ЖМУ командасы дәстүрлі  

иеленді. 

Ал  жастардың арасында  салауатты өмір 

салтын  қалыптастыру,  спортпен  жүйелі  

түрде айналысып, спорттық шеберліктерін 

және  жан-жақты  дайындықтарын  арттыру, 

оларды  жат-әдеттен  сақтандыру,  құқық 

бұзушылықтың  алдын  алу  мақсатында  

Талдықорған қаласында  өткен «Денсаулық 

–зор  байлық»  атты  спорт  жарысында 

«Белтемір  үздігі»  номинациясы  бойынша  

Жыр қағаны – Жұматай

І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында  Алматы облы-

сы әкімдігі және  Алматы облысы тілдерді дамыту жөніндегі 

басқармасының ұйымдастыруымен  Жұматай Жақыпбаевтың 

туғанына 70 жыл толуына орай өскелең ұрпаққа ақын  

поэзиясын ардақ тұту, жастарды әдеби шеберлікке бау-

лу, әдебиеттің көкжиегін кеңейту, мемлекеттік тілдің 

мәртебесін көтеру мақсатында «Жұматай–жыр қағаны» 

атты республикалық жыр мүшәйрасы өтті.

Айтулы мүшәйраға Қытай Халық  

Республикасынан 

және 


республикамыздың 

 

әртүрлі 



аймақтарынан  келген  ақындар 

қатысты. Олар  жыр сайысының екі   

шартына  орай: бірінші - «Жұматай 

–  жыр  қағаны»  тақырыбында 

қазақ 

поэзиясының 



сұңқары  

Жұматайға 

арналған 

жырын, 


екінші  -  еркін  тақырыпқа  дайын-

дап  келген  өз  өлеңін  оқыды.  Әділ 

қазылар  алқасының  құрамында 

кезінде  Жұматайдың  көзін  көріп, 

ізін  басқан  дарындар,  бүгінгі 

таңда  өздері  де  поэзия  асқарына 

көтерілген  арынды    ақындар: 

«Қазақ  энциклопедиясының»  Бас 

директоры,  ф.ғ.д.,  профессор  Ба-

уыржан  Жақыпов  (төраға),  Қазақстан 

Мемлекеттік  сыйлығының  иегері  Гүлнар 

Салықбай,  Халықаралық  «Алаш»  әдеби 

сыйлығының  лауреаты  Әбубәкір  Қайран 

отырды.  Олардың  қатарын  Қазақстанның 

еңбек  сіңірген  мәдениет  қайраткері,  Ал-

маты  облысының  Құрметті  азаматы  Әли 

Ысқабай, Алматы облысы тілдерді дамыту 

жөніндегі  басқармасының  басшысы,    ҚР 

Мәдениет  қайраткері  Ахмет  Кендірбекұлы 

толықтырды.  

Жұматай  Жақыпбаев  -  бір  шоғыр 

ақындар  тобының  бірегейі,  телегейі  еді! 

Төрт  құбыланы  түгел  жырлады.  Шабыт 

әлемінің сөзін сүзді, жырын түзді. 

Бір күлермін ғарыш жаққа кетерде,

Көп кещеге қай бетімен кектенем.

Бізге бақтың қолы бүгін жетер ме,

Мұқағали, Төлегенге жетпеген?-

деп  жырлаған  ол  өлеңнен  өзге 

ешбір  дүниені  көз  алдына  елестете 

алмайтындығын білді және бұған имандай 

ұйыды.  Намысқа  суарылған  наркескендей 

күй кешіп жүріп, өзімен-өзі алысты. Поэзия 

патшалығын  іздеді.  Тапты.  Өзі  басқарып  

«Поэзия қағанатын»  құрды. Бұл қағанатта 

өзгеге  әмір  жүргізуді  емес,  поэзияны 

ұлықтауды мақсат тұтты. Оның  құрған жыр 

қағанатына  жыл  өткен  сайын  ондаған  жас  

ақындар табан тіреп, «ноянға» айналуда. 

Осы «нояндардың» қатарын толықтыруға 

талаптанған  мүшәйра  қатысушыларының 

бәрі  де  «сен  тұра  тұр,  мен  айтайын»  де-

ген талантты жастар екенін сахнаға шығып 

жұртты    еліктіріп,  екпіндетіп  оқыған  жыр-

ларынан  байқадық.  «Бақ  шаба  ма,  бап 

шаба  ма?»  дегендей  әлде  бағы  ма,  әлде  

бабыма,  әйтеуір  Бас  жүлдені  -  астаналық 

Салтанат  Жүсіпова,    бірінші    орынды 

-  алматылық  Нұртас  Тұрғанбек,  екінші 

орынды  -  павлодарлық  Өзгеріс  Қуанар 

мен    қарағандылық  Мақсат  Күземханов, 

үшінші  орынды  -  ақмолалық  Мерген 

Тоқсанбай,    маңғыстаулық  Алтынбек 

Алибаев  және  Хамит  Есаманов,  арнайы 

жүлдені  –  қытайлық  бауырымыз  Ерлан 

Ясын,  шығыс  қазақстандық  Бауыржан 

Игілік пен жерлестеріміз Шұғайып Ақынұлы, 

Әлия  Іңкәрбек  иеленді.  Бұл  жеңімпаздар 

Жұматайдың  жыр  қағанатының  «ноянына» 

айнала  ма,  жоқ  па  оны  уақыт  көрсетер. 

Әзірге  оларға  жеңістерің  құтты  болсыннан 

басқа айтарымыз жоқ. 



Үсен ӨМІРЗАҚОВ.

Ж

етісудың бас қаласының мерекесіне арналған шаралар  



тамыз айының  орта шенінде басталып, күні бүгінге дейін 

жалғасқан болатын. Осы аралықта қала басшылығы   30 шақты 

мерекелік жиын өткізіпті. Әншілер концерті, ақындар мүшәйрасы, 

спорттық жарыс, қайырымдылық шара, ғылыми мәслихат

сенбілік, жәрмеңке секілді түрлі салада іс-шараны қамтыған 

болатын.  Өткен сенбіде мерекені  түйіндеген қала тұрғындары 

«қала күнін» кең көлемде атап өтті. 

Мерекелік  шара  мәңгілік  алаудан  

басталды.  Облыс  әкімі  Амандық  Баталов 

бастаған топ Отан үшін от кешкен аталар 

рухына  тағзым  етіп,  даңқ  мемориалына 

гүл  шоқтарын  қойды.  Ал,  Талдықорған 

гарнизонының  сарбаздары  жауынгер  ата-

бабаларымызды бір минут үнсіздікпен еске 

алды.  Нағыз  мерекелік  шаралар  орталық 

алаңда  өтті.  Қаланың  маңдайалды 

кондитерлік  цехтары  мен  мейрамхана-

лары  Талдықорғанның  туған  күніне  ар-

нап  3  метрлік  алып  пица  мен  салмағы 

120  келі  тартатын  торт  пісірген.  Мерекеге 

жиналған көпшілікке бұл тағамдар тегін та-

ратылды.   Жиналғандардың бір тобы жас 

бүлдіршіндер өнерін тамашалады. Мереке-

ге орайластырып өткізілген  тамаша байқау 

-  "Мама  мия"  жарысы.  Балабақшадағы 

бүлдіршіндер аналарымен бірге ән айтып, 

би  билеуден  сынға  түсті.  Үздік  атануға  12 

жұп барын салды.  

Орталық  алаңның  бір  бұрышына 

Талдықорған  кәсіпорындарының  көрмесі 

қойылған. Жұртшылық бұл жерден қаланың 

дамуына  қатысты  мағлұмат  алды.  Айта 

кетелік,  егер  2012  жылғы  жалпыұлттық 

санақта  талдықорғандықтар  саны  130 

мыңнан сәл асса, 3 жылдың ішінде халық 

саны тағы 30 мыңға артқан. Бұл жетісудың 

бас қаласының даму қарқыны өте жоғары 

екенін білдіреді.

Қала  күніне  арналған  шаралар  сәскеге 

қарай  "Жетісу"  орталық    стадионында 

жалғасты. "Жан жүрегім -Талдықорған"деп 

аталған 


мерекелік 

гала-концертті 

тамашалауға 5 мыңнан астам адам жинал-

ды.    Мәдениеті  дамыған,  өнеркәсібі  өркен 

жайған  талдықорғандықтарды  бұл  жерде 

ұйымдастырылған  іс-шара  қатпарлы  та-

рихпен  бүгінгінің  берекелі  тіршілігін  бай-

ланыстыратын  сахналық  қойылыммен  ба-

сталды.  Биылғы  Талдықорған  тойы  Қазақ 

хандығының  550  жылдығы  қарсаңында 

өтіп  отырғандықтан,  қала  мерекесінде 

атаулы  мерейтойларға  арналған  шара-

лар  көрініс  тапты.  Қазақ  хандығының 

құрылуы  жайлы  қойылым  көрсетіліп, 

өнерпаздар  батыр  бабалардың  обра-

зын  сомдады.    Көрермен  жұрт  салтанат-

ты  шараны  қызықтап  бола  берген  сәтте, 

ортаға  облыс  басшысы  Амандық  Баталов 

шығып,  Талдықорған  жұртын  қала  күнімен 

құттықтады. Жетісудың жетістіктерін жария-

лап, болашақ жоспарымен бөлісті.  Өткеніңе 

есеп  беретін,  болашағыңды  бағдарлайтын 

жиында  ел  дамуына  атсалысқан  бірқатар 

белсенді  азаматтар  құрмет-қошеметке  ие 

болды.  8  тұлғаға  Талдықорған  қаласының 

құрметті азаматы атағы берілді. Салтанат-

ты  жиында  Талдықорған  күніне  арналған 

түрлі 


байқаулар 

қорытындыланып, 

жеңімпаздарға қала басшысы сыйлықтарын 

табыс етті. 

Талдықорған  талай  тарлан  тұлғаның 

туған  жері.  Соның  бірі  күні  кеше  аспанға 

ұшып, 

күллі 


Алаштың 

абыройын 

аспандатқан  Айдын  Айымбетов.  Қазақтың 

үшінші  ғарышкері  туған  қаласының  тойы-

на  келе  алмады,  бірақ  өзі  жетпесе  де  сөзі 

жетті.  Ғарышкер  жерлестерін  үлкен  экран 

арқылы құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Қала 


күнінің 

көрігін 


Қазақстан 

эстрадасының  жұлдыздары  қыздырды. 

"Түрік  визжн  -  2015"  байқауының  бас 

жүлдегері  Жанар  Дұғалова  мен  Бейбіт 

Қорған, 

Тигрохауд 

этно-рок 

тобы, 


Талдықорған  әуендері  ансамблі  ән  салып, 

жиналған жұртшылықтың көңілін  көтерді. 



Өз тілшіміз.

Жеңіс 


тұғырында

Жастардың жаршысы –

«ЖЕТІСУ УНИВЕРСИТЕТІ»

Араға жыл салып келетін мерзімді басылымдарға жазылу науқаны басталып 

кетті. 9-қазан дүниежүзілік пошта күні қарсаңында бастау алған қоғамдық-

саяси науқан өз оқырмандарымен алдағы жылы да қауышпақ. Сүйікті газет-

журналдарға жазылуды  жауапты науқан деп ұғынған көзі қарақты оқырман 

қауымның  алғашқы  легі  бірінші  күннен  белсенділік  танытары  анық.    Бұл 

әрине, қанша жерден заманауи технология дамыған десек те, қолымен ұстап, 

көзімен көріп оқитын патша көңіл оқырмандарымыздың бұқаралық ақпарат 

құралдарына деген сенімділігінің белгісі болса керек.  Себебі, ақпарат көздері 

өзара  бәсекеге  түскен  заманда,  талғамы  биік  оқырман  өз  қалауларын  жа-

сап,  газет-журналдарға  жазылып  жатса,  газет  мұрағатының  өміршеңдігін 

сезінгендіктері  әрі  күн  санап  қатары  көбейіп  жатқан  беттері  қанық 

боялған, жаңа технологияда безендерілген баспа өнімдеріне деген сұраныстың  

артқандығын анық байқауға болады.

Ақпарат  айдынында  желкенін  көтеріп, 

жаңадан  қосылған  жас  басылымдар  да 

баршылық.  Әсіресе  облыстағы  жастарға 

арналған  басылымдардың  көшін  бастап, 

біздің  білім  ошағында  әзірленетін  «Жетісу 

университеті» газеті тұр. Әр сан сайын тың  

дүниелерді ұтымды ұсынуды мақсат еткен 

газетіміз  халыққа  жаңалықтар  таратып 

қана  қоймай,  тәрбие  мен  білімнің  тізгінін 

тең  ұстап,  басқа  да  күрделі  мәселелер 

жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыра ала-

тын    жас  басылым.  Сонымен  қатар,  ба-

сылым  бетінен  тілшілердің  сараптамалық 

және  сыни  мақалаларын  да  тауып  оқи 

аласыздар. Бір жыл ішінде облыс көлеміне 

тарап келе жатқан газетіміз жаңа айдарлар 

мен  танымдық  мақаларды  топтап  беріп, 

студент  өміріне  қажетті  кеңестерді  беру-

ден  жалыққан  емес.  Басты  ұстанымымыз 

жастар  тәрбиесі  болғандықтан  олардың 

шығармашылықтарына  қолдау  танытып, 

шыңдалуларына  бағыт-бағдар  беру  біздің 

кәсіби де адами парызымыз.

Құрметті оқырман! 

Саяси  науқан  кезінде  білімгерлердің  ба-

сылымына  қолдау  танытып,  жазылуды 

ұмытпаңыздар.  Сіздер  жазылу  арқылы  әр 

білімгердің  талантын  танытуға,  талғамын 

өсіруге үлес қоса аласыз.



Баян ЖАҢАБАЕВА. 

Жетісу 

университеті



ВУЗ ИНФО

четверг, 1 октября,

2015 год

3

От всей души хочу поздравить преподавателей гуманитарного факультета, а также всех 

преподавателей Жетысуского Государственного Университета  с вашим профессиональ-

ным праздником – Днем учителя!

Желаю вам терпения в вашем не легком деле и понимания со стороны коллег и студен-

тов.


А теперь давайте окунемся в не столь далекое  прошлое. 5 октября 1994 года Всемир-

ный день учителя отмечался впервые, и с тех пор праздничные мероприятия неизменно 

проходят  в  первое  воскресенье  октября.  Исторической  предпосылкой  для  создания  Дня 

учителя стала состоявшаяся 5 октября 1966 года в Париже Специальная конференция о 

статусе учителей. В результате был подписан документ «Рекомендации, касающиеся ста-

туса учителей». 

Преподаватель одна из востребованных и почетных профессий во все времена.

В самые трудные времена учителя не предавали своего призвания, и всегда продолжали 

нести в мир доброе и вечное. 

В век новых технологий профессия  учитель остается как никогда актуальной. На новом 

этапе развития общества  у педагогов новая задача – научить учиться.

Хочу еще раз поздравить всех с этим замечательным праздником. Мы вам очень благо-

дарны!



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет