22.Несепағар, құрылысы, бөлімдері, ішастарға қатынасы. Несепағардың тарылу жерлері, практикалық маңызы. Несепағар (ureter), бүйрек қақпасынан шығып несепкуыкка ашылады. Несепқуықтың қызметі бүйректен шығарылған несепті несепкуыкка жеткізу. Несепқуықтың орташа ұзындығы 30 см диаметрі 8 мм шамасында, сонымен коса ішкі саңылауының диаметрі 4 мм. Несепағардың өне бойында үш физиологиялык тарылу ажыратылады: бүйректен шыга бере, іш бөлігінен жамбас бөлігіне еткенде және несепқуыққа кіргенде. Несепағарлар бүйректердей ішастар артында орналаскан. Несепағар топографиялык үш бөлікке белінеді: іштік (pars abdominalis), жамбастык (pars pelvina) және кабырғаішілік (intramuralis). Іштік бөлігі белдің үлкен бұлшыкеті үстінде орналасқан. Сол несепағар он екі елі ішектің аш ішекке өтетін тұсының артында орналасса, он несепағарды он екі елі ішектің төмендеген бөлігі алдынан жауып жатыр. Еркектерде несепағармен атабез артериясы және венасы, ал әйелдерде анабез артериясы мен венасы катар жүреді. Несепағардың жамбастык бөлігінің ішкі санылауы тарлау. Он несепағардың осы бөлігі ішкі мықын, ал сол жактагысы жалпы мықын артериялары мен веналарынын алдында орналаскан. Әйелдер несепағарынын жамбастык бөлігі әуелі анабездін артымен төмен түсіп, жатыр мойнын сыртынан айналып өтіп, несепкуык пен кынаптың алдынғы қабырғасы аралығында аяқталады, ал еркектер несепағарынын жамбастык белігі әуелі шәует шығаратын түтіктің сыртымен төмен түседі, әрі карай оны кесіп етіп шәует куыкшасынан сәл төменірек несепкуыкка ашылады. Несепағардын кабыргаіші бөлігі ен кыскасы, онын ұзындығы 2 см- ден коп емес. Несепағар сыртынан адвентициямен (дәнекер) (tunica adventitia) онын астында жогаргы белгіде екі кабаттан, ал теменінде үш қабаттан тұратын бұлшыкеттік қабық (tunica muscularis) орналаскан. Ішкі қабығы - шырышты (tunica mucosa) қабат.
Несепағардың қанмен қамтамасыздануы: бүйрек, тік ішек, несепкуык, атабез және анабез артерияларынын сонымен бірге ішкі және жалпы мықын артерияларынын тармактарымен жүзеге асады. Веналык агым: бел мен мықын веналарына құяды. Лимфа ағымы: өзі аттас лимфа түйіндерге бағытталады. Нервтенуі: бүйрек және несепағар өрімдері, кезбе нерв, теменгі курсакасты ерімі тармақтарымен жүзеге асады.