19. Физиканы оқыту әдістері(сөздік, көрнекілік, практикалық).
Оқушылар ақпаратты әртүрлі білім көздерінен алады (Мұғалімнің әңгімесінен, кітаптан, бақылау кезінде, практикалық іс-әрекет нәтижесінде). Осы тұрғыдан білім көзіне байланысты юарлық оқыту әдістерін 3 топқа бөлуге болады:
1.Сөздік
2.Көрнекілік
3.Практикалық
Сөздік әдісте басты білім көзі-сөз. Әңгімелеу, түсіндіру, әңгімелесу, лекция-сөздік әдістер. Сөздік әдіске оқушылардың кітаппен(оқулық, анықтамалықтар, ғылыми әдебиеттер) жұмыс істеуі де жатады. Көрнекілік әдістер тобына білім көзі-бақылап, зерделеу болатын әдістер жатады. Оқушылар бақылап қарап, оның нәтижесіне эксперименттік фактыларға ой жүгіртіп,талдап, қорытынды жасап, жаңа білімге жетеді. Көрнекілік әдістер тобына демонстрациялық эксперимент пен иллюстрациалық әдіс суреттер, сызбаларды, кестелерді, механикалық модельдерді, диапозитивтерді, кино-, теле-, видеофильмдерді т.б. көрсету) жатады. Бұл әдіске экскурсияны да жатқызуға болады. Практикалық әдіс – есеп шығару мен оқушылардың жұмыстары (зертханалық жұмыстар мен физикалық практикумдар, үй эксперименті) Осы әдісті қолдану барысында оқушыларда білімдерін есеп шығару үдерісінде қолдана білу білігі мен белгілі-бір экспериментальдық білім мен дағдылар (өлшеу жүргізе білу, өлшеуіш құралдың шкаласының құнын анықтау,электрлік тізбектерді оқып оны құру т.б.) қалыптасады. Бұл жұмыстардың нәтижесі оқушылардың білімдері мен іскерліктерінің негізгі көз болып табылады. Оқыту әдістерін сабақта пайдаланудың жалпы әдістемесі педагогика курсында түсіндіріледі. Физика сабақтарында көбінесе оқу материалын ауызша сөзбен баяндау әдістері қолданылады. Бұл тәсілдер сабақтарда әңгімелесу, түсіндіру, лекция түрінде өткізіледі.Әңгімелесу тәсілі бойынша сабақта мұғалім мен оқушылардың сұрақ-жауабы арқылы оқу материалы ауызша баяндалып, түсіндіріледі. Мұны, әсіресе, эврикалық әңгімелесуді, көп жағдайда төменгі сыныптарда пайдаланған қолайлы .Әңгімелеу – оқу материалын сабақта, диалогсыз, тек мұғалімнің өзінің үздіксіз сөзбен ауызша баяндау тәсілі.
20.Физикадан факультативтік сабақ жоспарын жазу.
Факультатив сабақтарының маңызы:
- оқушылардың қабілеттерін дамыту;
- қызығушылықтарын қанағаттандыру;
- оқушылардың шығармашылық қабілетерін дамыту;
- оқушылардың білімдерінің сапасын арттыру;
-оқушыларды қазіргі кезеңдегі ғылым мен техниканың
жетістіктерімен таныстыру;
- оқушыларда жалпы оқу біліктерін қалыптастыру (баян-
дамаларды әзірлеп баяндау, рефераттар жазу, топпен жұмыс
істеу, ақпаратпен жұмыс істеу);
- оқушыларға кәсіби бағдар беру.
Факультатив курстарының жүйесі үш топтан тұрады;
1) Жоғары деңгейдегі курстар. Бұл курс негізгі физика курсымен тығыз байланысты. Оның мақсаты – оқушылардың сабақтарда алған білімдерін тереңдету.Бұл курстар оқушылардың теориялық білімдері мен экспериметальдық іскерліктерін байланыстырып, толықтырады.
2) Қолданбалы физика курсы. Мақсаты оқушыларды физика ғылымының жетістіктерін практикада қолдану әдістерімен таныстырып, олардың техника мен технологияға қызығушылықтарын тәрбиелеп дамыту. Факультатив курсының бұл түрінде оқушылар ғылымитехникалық прогрестің басты бағыттарыныңфизикалық негіздерімен (механикаландыру, автоматтандыру, аспап жасаудың, энергетика) негіздерімен, физика техникалық зерттеулерді жүргізу мен өлшеу әдістерімен танысып, физика-техникалық модельдер мен конструкцияларды құрып жинақтауға үйренеді.
3) Арнайы курстар. Бұларда оқушылардың ғылыми дүние-танымдық көзқарастарын қалыптастыруда маңызды роль атқаратын физика мен астрономияның кейбір тараулары қарастырылады.
Бұл курстың мақсаты – негізгі физика курсының бағдарламасында жоқ кейбір маңызды тақырыптардың орнын толтыру.
Арнайы курстарға пәнаралық факультативтер де жатады.
Олардың мақсаты – бірнеше жаратылыстану және гуманитарлық
Пәндерден алған оқушылардың табиғат пен қоғам туралы
Білімдерін интеграциялау.
Кейбір факультатив курстары 1 жыл бойы оқытылса,
Кейбірулерін 2-3 жыл бойы оқиды. Егер факультатив курсы
Бірнеше жыл бойы оқытылса, оның әр жылдағы бағдарламасы
Автономды болып, оқушы кез-келген жылда қалауы бойынша бұл
Курсқа қатыса алады.
Факультатив сабақтарына қатынасатын оқушылар саны 10
Адамнан кем болмауы керек. Шағын жинақталған метептерде
Факультативтік сабақтарға қатынасатын оқушылар әр сыныптан
Жинақталуы мүмкін.
Факультатив сабақтары арнайы жасалған бағдарламалар
Бойынша өткізіледі. Кейбір факультатив курстарының бағдарла-
Малары Білім Министрімен бекітіліп, бағдарламалар жиынтығына
Енгізілген. Мектеп әкімшілігі бекіткен мұғалімнің өзі жасаған
Бағдарлама бойынша да факультатив сабақтарды өткізуге болады.
Физикадан факультатив курстарының мазмұнын таңдап тағайын-
Даудың негізінде О.Ф.Кабардин көрсеткендей ұстанымдар
Жатады:
- факультативтің негізгі курспен байланысы;
- факультатив курстарының мазмұнында фундаментальді
Физикалық заңдар мен принциптердің (сақталу заңдары,
Сәйкестік пен симметрия принциптері т.б.) болуы;
- пәнаралық байланыстың жүзеге асуы;
- политехнизм принципінің жүзеге асуы жатады.
21. Серпімді деформациялардың түрлері. Гук заны.
Дене пішінінің не көлемінің өзгеруін деформация деп атайды. Сыртқы күштің әсері тоқтағанда дене өзінің бастапқы көлемін және пішінің сақтаса онда деформация серпімді деп аталады.Сыртқы күштердің әсері тоқтағанда дененің бастапқы пішіні мен көлемі сақталмаса онда деформация пластикалық деп аталады.Денені деформациялағанда, деформацияға қарсы әсер ететін күштің пайда болуы байқалады. Осы күш серіппенің пішінің сақтауға себепкер болады. Бұл серпімділік күші.Серпімділік күші Гук заңы көмегімен есептелінеді.Серіппені қолмен қысқанда, серіппеде сіздің күшінізге қарсы әсер ететін, қарама-қарсы бағыттағы серпімділік күші пайда болады. Бұл күш серіппенің толықтай қысылуына кедергі болады. Серпімділік күші бар денелер үшін Гук заңы орынды.Гук заңы серпімді зат бастан кешірген деформация оған түскен күшке тура пропорционал болатындығын көрсетеді. Пропорционалдылықтың тұрақтысы заттың табиғатына, оның геометриясына және ол жасалған материалға байланысты.Барлық материалдар азды-көпті серпімді қасиеттерге ие, сондықтан олар күш тоқтағаннан кейін бастапқы өлшемдеріне оралғанда Гук заңына сәйкес келеді. Серіппелер мен резеңке таспалар Гук заңына сәйкес келетін заттардың жақсы мысалдары болып табылады, бірақ көпірдің бөлігі болып табылатын болат түйреуіштер де солай.Мысал ретінде серіппені немесе серіппені алып, оны созылған немесе қысылған күйде ұстау үшін шамасы F болатын күш қолдану керек, Гук заңы бойынша серіппе деформацияға ұшырайды:
FR = -k⋅x.
22.Геометриялық оптиканың негізгі қағидалары мен зaңдары.
Геометриялық оптика — оптиканың жарықты геом. Сызық ретінде қарастыра отырып, жарықтың таралу заңдарын зерттейтін бөлімі.Геометриялық оптика заңдары көп ретте оптикалық жүйелердің жеңілдетілген, бірақ көп жағдайда дәл теориясын жасауға мүмкіндік береді. Геометриялық оптика, негізінен, оптикалық кескіннің пайда болуын түсіндіреді, оптикалық жүйелер аберрацияларын есептеп шығаруға және оларды түзету әдістерін жетілдіруге, оптикалық жүйелер арқылы өтетін сәулелер шоғының энергет. Қатысын табуға мүмкіндік береді. Дегенмен, барлық толқындық құбылыстар, сондай-ақ, кескіннің сапасына ықпал ететін және оптикалық приборлардың ажыратқыштық шамасын анықтайтын дифракциялық құбылыстар Геометриялық оптикада қарастырылмайды.Тәуелсіз таралатын жарық сәулелері туралы түсінік ежелгі ғылымда пайда болды. Ежелгі грек оқымыстысы Евклид жарықтың түзу сызық бойымен таралуын және оның айнадан шағылу заңдарын тұжырымдады. 17 ғ-да бірқатар оптикалық приборлардың (көру түтігі, телескоп, микроскоп, т.б.) жасалуына және олардың кең қолданылуына байланысты Геометриялық оптика қарқынды дамыды. Голланд математигі В. Снелл және Р. Декарт жарық сәулелерінің екі ортаның шекаралық бөлігіндегі таралу заңдарын тәжірибелік жолмен анықтады. Геометриялық оптиканың теориялық негізі 17 ғ-дың соңында Ферма принципі ашылғаннан кейін қалыптасты. Ертеректе ашылған жарық сәулелерінің түзу сызық бойымен таралу, айнадан шағылу және сыну заңдары осы принциптің салдары болып табылады.18 ғ-дан бастап геометриялық оптика оптикалық жүйелерді есептеу әдістерін жетілдіре отырып, қолданбалы ғылым ретінде дамыды. Классикалық электр динамикасы жасалғаннан кейін, геометриялық оптиканың формулаларын Максвелл теңдеулерінен алуға болатындығы дәлелденді. Геометриялық оптика теориясы іргелі түсініктері мен заңдарының (жарық сәулелері туралы түсінік, шағылу және сыну заңдары) аздығына қарамастан көптеген практикалық нәтиже алуға мүмкіндік беретін теория үлгісі болып есептеледі. Оптикалық құрылғылар теориясының көптеген есептері осы кезге дейін геометриялық оптикаға негізделген.
23. Таным белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер: түсіндірмелі сипаттау, репродуктивтік әдіс, проблемалық әдіс, ішінара-ізденіс, зерттеу.
Түсіндірмелі – иллюстративтік, ақпараттық рецептивтік (қабылдау) әдіс.Оны сипаттайтын белгілер: - оқушыларға білім «дайын» күйінде ұсынылады. - мұғалім әртүрлі тәсілдермен осы білімдерді меңгеруді ұйымдастырады. - оқушылар білімді қабылдайды (рецепсия) және түсініп ұғады, оларды есінде сақтайды. Бұл әдістегі мұғалімнің ролі ақпаратты және іс-әрекеттің әдістерін (мыс: есеп шығаруда) оқушылардың қабылдауын ұйымдастыруда. Егер оқушы оған берілген ақпаратты немесе іс-әрекетті жүзеге асыру жолдарын қабылдап, оны практикада қолдана білсе онда білім меңгерудің белгілі бір деңгейі туралы айтуға болады.Мұғалім ақпаратты ауызша сөз (әңгімелеу, дәріс оқу, түсіндіру) арқылы, баспасөз(оқулық, анықтамалар, христоматия т.б.)арқылы, оқытудың көрнекі құралдары (демонстрация, кино-видео-, диафильмдерді, сұлбалар және кестелер т.б.) арқылы, іс-әрекеттерді жүзеге асыру жолдары(зертханалық жұмыстарды орындату, есептер шығару, жауаптың жоспарын құру және т.б.) арқылы іске асырады.Түсіндірмелі – иллюстративтік әдіс білім берудің тиімді әдістерінің бірі болып табылады. Оның тиімділігін білім беретін әр түрлі оқу орындарының көп жылдық тәжірибесі дәлелдеді. Репродуктивтік әдіс оқушылардың алған білімдерін қайталап, оны үлгіге сәйкес таныс жағдаяттарда қолдану үшін қажетті біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыруда қолданылады.Мұғалім берілген білімді және білікті жүзеге асыру жолдарын оқушылар естерәдістері мен құралдарын қолданады. Репродуктивтік әдіс оқушылар берілген білімді ауызша қайталап айтқанда, репродуктивтік әңгімелесуде, физикалық есептерді шығаруда көрінеді. Репродуктивтік әдіс зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау барысында да жүзеге асырыладлар берілген білімді ауызша қайталап айтқанда, репродуктивтік әңгімелесуде, физикалық есептерді шығаруда көрінеді. Репродуктивтік әдіс зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау барысында да жүзеге асырылады. Проблемалық әдісті қолдану барысында мұғалім білімді беруді ұйымдастырып қана қоймайды, сонымен қатар проблеманы шешу жолдарын көрсетіп, ақыл-ой қызметінің таным процесінің бір сатысынан екінші сатысына көшудің логикасымен оқушыларды таныстырады. Яғни, мұғалім проблеманы қойып, оны шешіп ғылыми танымның үлгісін көрсетсе, ал оқушылар бұл процестің логикасы мен нақтылығын бақылап, проблеманы шешудің кезеңдерін меңгереді.Зерттеушілік әдістің негізі мұғалімнің оқушылардың алдарында тұрған жаңа проблемалық тапсырмаларды шешудегі олардың зерттеу іс-әрекеттері мен шығармашылық іс-әрекеттерін ұйымдастыру болып табылады. Бұл әдістің мақсаты-оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттің тәжірибесін толық меңгеруі. Зерттеушілік әдістің көмегімен білім шығармашылық деңгейде меңгеріледі. Яғни, бұл әдіс оқушыларды проблемалық тапсырмаларды шешуде бар білімдерін қолдануға және проблеманы шешудің негізінде жаңа білімді меңгеруге үйретеді. Эвристикалық (бөліктік – ізденушілік) әдіс – мұғалім білімнің бір бөлігін хабарлайды, енді бір бөлігін оқушылар қойылған сұраққа жауап беру арқылы өздігінен табады. Бұл әдісте мұғалім проблеманы шешудің кейбір қадамдарында оқушыларды қатыстыруды ұйымдастырады. Мұғалімнің ролі оқушылардың алдына проблема түрінде қойылатын тапсырманы жеке кезеңдерге бөліп, қай кезеңде олар өз беттерімен жұмыс жасайтындығын анықтау. Яғни, мұғалім қандай да болмасын әдіспен оқушылардың өз бетімен жүзеге асатын танымдылық іс-әрекеттерін ұйымдастырады. Бір жағдайда оқушылар проблеманы көріп, екінші бір жағдайда дәлелдеудің жолын анықтап, үшінші бір жағдайда көрсетілген фактылардан немесе айтылған ақпараттардан қорытында шығарып, төртінші бір жағдайда болжам жасап, бесінші бір жағдайда жасалған болжамды немесе қорытындыны тексерудің жоспарын құруға үйренеді.
24. Тақырып бойынша (мысалы, «Бүкіләлемдік тартылыс заңы») сөздік, көрнекілік, практикалық әдістерді қолданып сабақ жоспарын құру.
Тақырып : Бүкіләлемдік тартылыс заңы
Мақсаты : Бүкіләлемдік тартылыс заңын есептер шығаруда қолдану
Сөздік әдісті пайдаланып, берілген тақырыпты мысалдар келтіру арқылы түсіндіремін. Кітапта жазылған анықтамаларды оқушыларға түсіндіріп, ауызша талдау жасатамын. Бұл сабақтың басында болатын процесс. Яғни , тақырыпқа жалпы ауызша шолу жасап шығамын.
Келесі көрнекілік әдісті пайдаланып, түрде суреттер, схемалар, тәжірибе жасауға арналған құралдарды оқушыларға ұсынамын. Мысалы «Бүкіләлемдік тартылыс заңын» ашқан деп , Ньютонның портретін көрсетемін. Солай оқушылардың есінде жақсы қалады. Одан кейін формуласын , ондағы тұрақты шамаларды жеке шығартып алып көрсетемін . Егер мүмкіндік болса , осы тақырыпқа байланысты тарихты да экранда көрсетіп өтемін.
Практикалық әдісте , берілген тақырыптағы үйреткен формулаға сәйкес есептер шығаруды үйретемін.
25 Үйкеліс күші. Тыныштық және сырғанау үйкелістері.
Үйкеліс күші – дененің тіреу бетімен сырғанаған кезде әсер ететін күш; жанасатын денелердің сұйыктар немесе газдардың қабаттарынын салыстырмалы орын ауыстыруына кедергі жасайтын күш;, электромагниттік күштер қатарына жатады. Дене беті тегіс болмайды. Бір дене екінші дененің бетімен қозғалғанда осы тегіс емес жерлер деформацияланады, үйкеліс күштері пайда болады.Қатты денелер бірінің бетімен бірі қозғалғанда олардың арасында сұйық немесе газ тәрізді зат болмаса, онда пайда болатын үйкелісті құрғақ үйкеліс деп атайды. Құрғақ үйкеліс тыныштық үйкелісі және сырғанау үйкелісі болып екіге бөлінеді. Үйкелістің тербеліс үйкелісі деп аталатын түрі де кездеседі. Тыныштық үйкелісі мына формуламен анықталады: Fүйк=kN.
Дөңдегі блок және сәйкес төмендегі блок еркін дене диаграмасы.
Ал дене қозғалып бара жатқанда сырғанау үйкелісі пайда болады :
Fсырғанау=kN
Мұндағы, N – тіректің денеге әсер ететін реакция күші ; k – үйкеліс коэффиценті.Сырғанау үйкеліс күші – тіреу беті реакциясының жанама құраушысы беттерінің жанасу нүктелерімен сырғанау мүмкіндігіне қарсы бағытталған шама.
26. Жарықтың линзада сынуы. Жұқа линзадағы кескін.
Линзалар. Жарықтың шағылуы мен сынуын және сәуле бағытын өзгерту үшін қолданылады. Лупа, микроскоп, фотоаппарат және т. Б. құралдар мен қондырғыларды пайдалану осыған негізделген. Осылардың көпшілігінің басты бөлігі линза болып табылады.Линза (лат. Lens – чечевица) деп мөлдір (көбінесе шыны екі сфералық беттен шектелген) денені айтады.Ортасы шетінен қалың болатын дөңес линза және ортасы шетінен жіңішке болатын ойыс линза болып ажыратылады. Осы линза түрлерін 89 а (дөңес) және 89 б (ойыс) суреттерде кескінделген және олардың шартты белгісі бейнеленген.Сфералық беттердің с1 және с2 центрлері арқылы өтетін түзу сызық линзаның бас оптикалық осі деп аталады. Осы осьтегі о нүктесі линзаның оптика центр деп аталады.Ойыс шыны линзалар бұл жағдайда жарық шоғын шашыратады, сол себепті оларды шашыратқыш линзалар деп атайды. Жинағыш линзада линзадан сынғаннан кейін жарық сәулесінің созындылары қиылысатын F нүктесі линзаның бас фокусы деп аталады. Жинағыш линзада фокус нақты, ал шашыратқыш линза да жалған болады.Кез – келген линзаның әр жағында екі бас фокус болады. Линзаның екі жағына бірдей орта болса, онда осы фокустар линзадан бірдей қашықтықта орналасады.Линзаның оптикалық центрінен оның бас фокусына дейінгі қашықтық линзаның фокус орталығы деп аталып, фокус белгіленген әріппен белгіленеді: F – линзаның фокус орталығы.Линзаның фокус орталығы оның бетінің қисықтығына байланысты болады. Беті дөңестеу линза жарықты бетінің дөңестігі нашар линзаға қарағанда күшті сындырады, және сол себепті фокус аралығы қысқа болады.Жинағыш линзаның фокус аралығын анықтау үшін оған күн сәулесін бағыттау қажет. Линза артындағы экранда күннің айқын кескінін алып, линзадан экранға дейінгі қашықтықты өлшеу керек. Күн өте қашықта орналасқандықтан линзаға келіп түсетін сәулелер параллель шоқ болады, онда кескін линзаның дәл фокусына орналасады
Фокус аралығына кері физикалық шама D әрпімен белгіленеді және де линзаның оптикалық күші деп аталады. D=1/F. Фокус аралығы неғұрлым аз болса, онда оптикалық күші соғұрлым көп болады, онда ол жарықты күшті сындырады. Оптикалық күштің СИ жүйесіндегі өлшем бірлігі м(- 1) болады. Басқаша бұл бірлік диоптри (дптр) деп аталады. 1 дптр – бұл фокус аралығы 1 метр болатын линзаның оптикалық күші. Жинағыш және шашыратқыш линзалардың оптикалық күштері таңбаларымен ажыратылады. Жинағыш линзаның фокусы нақты, сол себепті оның фокус аралығы мен оптикалық күші оң деп есптелінеді. Шашыратқыш линзаның фокусы жалған, сондықтан оның фокус аралығы мен оптикалық күші теріс болып есептелінеді.
27.Оқушылардың жетістіктерін тексерудің мақсаты мен маңызы, оның формалары, әдістері: ауызша, жазбаша тексеру.
Оқушылардың білімдері мен ебдейліктерін тексеру мен бағалау оқу процесінің әртүрлі кезеңдерінде жүргізіледі. Дидактикада тексерулер алдын-ала, ағымдағы, мерзімдік және қортынды тексерулер болып бөлінеді.Алдын-ала тексеру жаңа материалды түсіндіру алдында оқушылар білімдерінің бастапқы деңгейін анықтау мақсатында жүргізіледі. Ағымдағы тексеру оқу материалын игерудің барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады. Мерзімдік тексеру тақырыпты, физика курсының тарауын өтіп болғаннан соң немесе оқу
тоқсанының аяғында жүргізіледі. Қортынды тексеру курсты оқудың аяғында жүргізіледі. Білімдер мен іскерліктерін ағымдғы тексеру үшін ауызша сұрауларды, физикалық диктанттарды, қысқа уақытты бақылау жұмыстарын, тестілерді, жеке және фронтальды зертханалық жұмыстар мен тәжірибелерді қолдану пайдалы.Ауызша тексеруде ең маңызды әрі елеулі сұрақтар бөлініп көрсетіледі. Білімді тексерудің сәттілігі мен тиімділігі көбіне қойылған сұрақтардың сапасымен анықталады. Барлық сұрақтар
қатаң түрде мақсатқа бағытталған және біржақты жауапты талап етуі керек. Сұрақтармен қатар оқушылардың алдына олардың ойлауын дамытатын сұрақтар қойылуы тиіс. Бұл арада ең тиімдісі –бұл белгілі бір құбылыстың мәні мен себептерін, олардың ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіруді талап ететін сұрақтарды қою болып табылады. Оқушылардың анықтамаларды, физикалық шамалар мәнін, олардың бірлігін, графикті оқи білулерін тексеру үшін физикалық диктанттар қолданылады. Олар былайша жүргізіледі: мұғалім сөйлемнің басын оқиды да, ал оқушылар оны жазып алып, сөйлемді аяқтайды. Олар қысқа уақытты болуы мүмкін, 15 минутқа есептелген, сонымен бірге ұзақ уақытқа, яғни бүкіл сабақ бойына арналған диктант болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |