Кадет партиясы қазақ автономиясын құруға қарсы болғандықтан 1917 ж. Ә. Бөкейхан кадет
партиясынан шығып, Алаш зиялылары ұлттық партияға құруға кірісті.
Ә.Бөкейхан: «Таяу болашақта, қырғыз (қазақ) арасында қалыптасып келе жатқан екі саяси бағытқа сай
екі саяси партия құрылуы мүмкін. Олардың бірі ұлттық-діни атанып, мақсаты – қазақтарды басқа
мұсылмандармен біріктіру болмақ. Екіншісі – батыстық бағытта».
1917 жылы 21-26 шілдеде
Орынбор қаласында
Бірінші жалпықазақ съезі
өтті.
Съезде
«Алаш» партиясының құрылғаны
жарияланды. Партия құрамына 5 мыңға жуық адам
тіркелді. Партия төрағасы:
Ә.Н.Бөкейхан
Достарыңызбен бөлісу: