1918 жылы қаңтарда Ташкент Кеңесі мұсылман үкіметін жоймақшы болып ұйғарды. 5—ші ақпанда Қоқан қаласы шабуылмен алыр өртелді. Ресей республикасындағы құрамындағы аймақтың автономия идеясын ұсынды. Съезд " Түркістан федерациялық республикасы" парламенттік республика негізінде құрылуға тиіс деп белгіледі. Құжаттарға талдау жасау көрсеткендей, Шура—ислами сияқты, Шура—улема де Түркістанды Ресейден бөлудің сеператтық иядеяларынан аулақ болды. Көрнекті дін заңның белгілері басшылық жағдайға ие болған бұл саяси ағымдар шариғат пен әдет негіздерін қорғаумен қатар, адамзат қоғамының демократиялық нормаларын да қорғады. Бұл саяси ағымдар мен солардың негізінде иттифок—и—муслимин партиясының балама бағдарламалық идеялар ұсынғанын және патша үкіметіне қарсы біртұтас демократиялық блокка қосыла алатынын аңғармау қиын емес.
Діни сипатына қарамастан, бұл саяси ағым Түркістан мен Қазақстан жеріндегі тұратын жалпыұлттық мүдделерін де білдірді. Революцияның дамуына, саяси тайталастың өрістеуіне қарай күштердің ұлттық негізінде топтасуы жүріп жатты.
Мәскеуде өткен Бүкіл Ресей мұсылмандар съезіне оралайық. Съезде империяны мекендеген мұсылман халықтарының ортақ мәселелерін қарастырды: мұсылмандарға үндеу, мұсылмандардың ортақ органдары туралы, Ресейдің мемлекеттік құрылысы, аграрлық, әйел және жұмысшы мәселелері, Құрылтай алдында сайлауына дайындық, әскери мәселе, діни мәселе, оқу ағарту, жергілікті басқару, соғысқа көзқарас, Ресейлік мұсылмандарының Орталық бюросы туралы.
Осы кезеңде құрылған Түркістандық Ерік партиясын да назардан тыс қалдырмаған жөн, өйткені 1919 жылдың көктемінде құрылған партяи ұлт мәселесіне көп көңіл аударды. Бұл партияның құрылуына қазақ Жанұзақов, башқұрт Вавилов, өзбек Әріпов бас—көз болды. Партияның құрылу үрдісі 1926 жылға дейін созылды. Бұл партияның ерекшілігі оның бағдарламасында бір емес, бірнеше ұлттар мен халықтардың алдындағы көкейкесті мәселелерінің көтерілуінде жатыр, яғни оның жетекшілері ұлттық мүдделерден гөрі ұлтаралық мәселелерді көре білді, жалпы халықтық мақсаттарды саралауға жеткізді.
1905 жылы басталған Алаш қозғалысы 1917 жылы қайта Алаш партиясы болып жалғастырылды. Партияның негізгі бағыты — реформистік жолмен қазақ елін жаңа белестерге көтеру. Алаштықтардың мақсаты қазақ халқын отарлық негізден азат ету, автономиялық ұлттық мемлекет құру. " Қазақтарға, жаңарған Ресей азаматтарына" деген мәлімдеде Ә. Бөкейханов былай деді: " ... Ресейдің барлық халықтары үшін бостандықтың, теңдіктің және туысқандықтың күні туды. Жаңа қоғам мен жаңа үкіметті қолдау үшін қазақтар ұйымдасуы керек. Жаңа қоғамды қолдайтын барлық ұлттармен байланыса жұмыс істеу қажет...
Жер мәселесін тез арада талқылаңыздар. Біздің ұранымыз демократяилық республиканы және жерді одан мал шаруашылығы мен егіншілік арқылы табыс алатындарға беру. Құдайдан, басқадан қорықпаңыздар...
Әділет жолымен жүріп, жаңа үкіметті қолдаңыздар. Министрліктің азық—түлік жөніндегі өкілдермен майдандағы өзіміздің жұмысшыларға көмек көрсетуіміз керек. Халықтың пікірін жеткізіңіздер..."
Үндеу авторының, алдағы атқарылар негізгі үш саласы бойынша басты мақсат—міндеттерді айқындағандығын аңғару қиын емес. Олар:
1. Саяси әрекетте бірінші орында жалпыресейлік проблемалар, әсіресе үкімет туралы және мемлекеттік құрылыс мәселелері тұра керек.
2. Көшпелі және отырықшы халықтардың мүдделерін есепке алып, аграрлы мәселелердің жиынтығын ешбір кешіктірмей саяси күрестің күн тәртібіне қою.
3. Құрылтай жиналысына тиянақты дайындықтар жүргізу бұрыңғы қорғалықтық пен бас июшшіліктен құтылу жолында халықтың бірлігін нығайту қажеттілігі.
1917 жылы 28 наурызда " Речь" газетінде Ә. Бөкейханов " Заңсыз тартып алынған жерлерді қазақтарға дереу қайтарып беруді" талап етті.
Алаш партиясы атпен танылған ұлттық—демократиялық қазақ зиялыларының өтпелі кезеңдегі саяси ұйымы халық санасының қозғаушы күшін міндетін жалпы алғанда заман талабына сай адал атқарды.
Алаш шын мәніндегі дәстүрлі саяси партия болып қалыптасып үлгермегенімен, іс жүзінде саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі партияға өту кезеңі батсан кешірген өтпелі саяси ұйым болғандығына қарамастан, қоғамдық саяси өмірде араласа бастаған кезде түбірлі екі ұлттық мақсат — қазақ халқын отарлау езгіден құтқаруды және қазақ қоғамын өркениетті елдер қатарына жеткізуді өзіне басыт нысана етір белгіледі. Осын негізгі мақстаттарды және олардан туындайтын басқа да әлеуметтік саяси міндеттерді шешуді Алаш басшылығы эволюциялық реформа жолымен жүзеге асыруды көздеді.
1919 жылы 3 тамызда А. Байтұрсынов " Революция и киргизы" шағын еңбегін жазды. Бұл еңбегінде қазақтардың бірінші революцияны қуанышпен қарсы алып, патшаның геноцид саясаты тоқталғаны мен ұлт мәселесі, мақсат—мүддесі көтеріледі деп түсінгенін айта келіп, екінші революция қазақ—қырғыз халқы үшін мүлде түсініксіз, мәні жоқ деп қарастырылғанын айтады.
... Екінші революция тек қазақ халқы үшін емес, сонымен қатар қазақ зиялылары үшін де мәнсіз деп қарастырылып анархияның басталғанын түсінді.
Мәселен, Әлиханның 1918 жылы " Қазақ" № 260 мақаласында алаш халқына мынадай үндеу жазды: " ...Біздің қазақ жері қазір бұл Ресей ылаңынан аман. Алаштың баласы аман қалар ма? Жоқ па? Болжап болмайды... Аға—іні, алаштың азаматы, бірлік, бүгінгі үй ара уақ істі таста, мына қараңғы бұлт Ресей ылаңынан алаш болып қорғайтын жолға шық. Ресей мемлекеті енді жақын арада үйірге қосылмайды, бірліктен айырылсаң, мына орысша қаңғып өтеміз. Көш басталған аға, зиялы іні, жергілікті жұрт қызметін таза атқар. Жалпы жұртқа мұрындық бол!"
Алдында айтылып келген фактілерге сүйене отырып, алаштықтардың контрреволюционерлермен бірігіп, 1918–1920 жылдары шетелдік интервенциямен азамат соғысы кезінде кеңестерге қарсы соғыс қималдарын жүргізді.
1917 жылы Ресейдегі Кеңестер мен Уақытша үкімет арасындағы саяси қарсылықтың тереңдей шиеленісе түсуі барысында ұлттық социалистер ұлттық буржуазиялық ұйымдарын өз іргелерін аласырақ салып, тіпті кейбір әлеуметтік—саяси мәселелер төңірегінде оларға ашық түрде шыға бастады. Осыған ұқсас, сонымен сабақтас үдерістер Қазақстанда да орын алды.
Ұлттық интеллигенцияның аз бөлігі (негізінен төменгі буын өкілдері) социалистік идеяларды ұстанып, социал—демократтар немесе эсерлермен (социал—революционерлермен) ынтымақтастықта болды. Олардың арасында С.Сейфуллин, С.Меңдешев, К.Тоғысов және т.б. ерекше көзге түсті. Үш жүз 1917
жылы қазан—қараша айларында пайда болды. Әуел баста ол Алаш партиясымен бірлесе әрекет жасау мүмкіндігі туралы мәлімдегенімен, ол ойынан тез қайтты да, көп кешікпей Қазақстанның қоғамдық—саяси және әлеуметтік—экономикалық мәселелері жөнінен Алаштың басты опонентіне айналды [1, 126 б.]. Үш жүз өзінің әлеуметтік тегі жөнінен ұсақ буржуазияшыл демократтардың саяси ұйымы болды. Оның бағдарламалық мақсат—мүдделерінің алғашқы кезде Алаштың программасынан көп айырмасы болған жоқ. Олар соғыс мәселесі жөнінде ғана Алаштан басқа позиция ұстады.
Жұмысшы қозғалысының дамуында жергілікті ұйымдар мен социал—демократтар тобы маңызды рөл атқарды. Қазақстанда тұңғыш маркстік үйірме Атбасарда 1896 ж. ұйымдастырылды. ХХ ғ. басында маркстік үйірмелер Ақмолада, Петропавлда, Оралда, Қостанайда, Семейде, Верныйда пайда болды. 1905 ж. бұрын құрылған маркстік үйірме негізінде Петропавл және Оралда РСДЖП ұйымдары, Қазалы мен Түркістанда социал—демократтар тобы, ал кейінірек — Ақмола, Көкшетау, Ақтөбе, Павлодар және басқа қалаларда рәсімделді. 1906 ж. РСДЖП ұйымы Семейде құрылды. Солардың ішінде ең ірісі Петропавл ұйымының құрамында 147 адам, Оралда — 150 адам болды. Бірінші орыс революциясы жылдарында Қазақстанда социал—демократтар саны шамамен 500—ге жетті. Өлкедегі социал—демократтар топтары мен ұйымдары теміржол желілері бойындағы қалаларда, теміржол шеберханалары мен деполары орналасқан станцияларда пайда болды.
Міне осылай, ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қазақ қоғамына жақын емес, таптық жіктелудің күшеюімен алғашқы қазақ партиялар мен қозғалыстар қалыптасты. Қорытынды жасасақ, ХХ ғасырдың бірінші ширегінде қазақ өлкесінде Кадет, Эсер, Алаш, Үш жүз, Шура—и—Ислами, Муслимин—и—иттифок, Ерік саяси партиялар құрылған еді. Кадет, Эсер партиялары ұлттық мәселелерді көтерген жоқ, ұлттық идеяларға қарсы болған, тек билік жолына ұмтылған, жалпы халықтық мәселелерді жамылып алған, қазақ өлкесінде үлкен нәтижелерге жете алмаған көз бояушы партия қатарына жатқызуға болады. Ұлттық мүддені көтере білген қалған партиялардың ішінде Шура—и—Ислами, Муслимин—и—иттифок негізгі басым бағыты діни ұстанымдарға, соның нәтижесінде мұсылмандық, діни мүддені көтеруге кетіп қалған партиялар. Ұлттық мүддені көтерген Алаш, Үш жүз партиясы болды. Бірақ, Үш жүз партиясы ұлттық мүддені көтерсе де, билік жолындағы талас—тартыста бұзылып, күштері басым жаққа ауысқан партия деуге болады. Ал Алаш сол кезде нағыз ұлт мәселесін көтеріп, ұлт алдында адал қызмет атқарған партия болды.
Сонымен, ХХ ғасырдың басында қазақ қоғамында түрлі саяси ағымдар, көзқарастар өрістеді. Түркішілдік, исламшылдық, ұлттық—демократиялық, социал—демократиялық қозғалыстар қалыптасып, дамыды. Бұл ағымдардың саяси өзегін интеллигенция өкілдері, соның ішінде ұлттық интеллигенция өкілдері құрады. Интеллигенция өкілдерінің қоғамдық—саяси қызметінің негізгі түрлері: саяси баспасөзді дамыту, петициялық қозғалыстарды жетілдіру, бүкілқазақ съездерін шақыру, мұсылман съездеріне қатысу, думалық қызметтерге араласу, ең маңыздысы қазақ халқының мүддесін барлық жерде қорғау болды.
Достарыңызбен бөлісу: |