А.С.Макаренко оқушылар ұйымының қалыптасуы – мектеп практикасында 3
этаптан (стадиядан) өтеді деп санаған. Бiрiншi этапқа мектеп өмiрiнде болып жатқан
жаңалықтарға
қызықпайтын,
шығармашылық
жұмыстарды
ұйымдастыруда
белсендiлiк танытпайтын, белсендi көсемдері (лидерлерi) нашар ұжымды жатқызса,
2 этапқа балалар ұжымының көпшiлiгi өз жауапкершiлiктерiн онша сезiнбейтiн, бiрақ
араларында ұйым жұмысын қызықты iстердi ұйымдастыру арқылы жақсартуға
тырысатын бiрен-саран санаулы ғана оқушылар кездесетiн ұжымды, ал 3 этапқа
мектептегi қоғамдық жұмыстарға белсене араласатын, сынып жетекшiсi және басқа
ұстаздардың тапсырмаларын орындауға ат салысатын белсендi ұжым мүшелерiн
жатқызады. Оның ойынша, жеке адамды ғана емес, сонымен бірге балалар ұйымын
тәрбиелеп онда түрлі іс-шараларды ұйымдастырып оқушылар ұйымын тәрбие
жұмысының жетекші құралы ету қажет деп санайды.
Оқушылар ұйымы- балалар мен жасөспiрiмдердiң өз ерiктерiмен белгiлi бiр
мақсат қойып, бiлiм дағдылары мен пайдалы істерді игеруде ұйымдық түрде арнайы
топқа бiрiккен жас өскiндердiң шығармашылық әрекеттерiнiң үрдiсi болып табылады.
Оқушылар ұйымы деген атау – ұжым, оқушы, бала, оқушы балалар ұйымы,
мектеп, тәрбие және басқа атаулармен тығыз байланыста дами отырып,
педагогикалық зерттеулерде жиі қолданылып келеді. Оқушылар ұйымын – балалар
ұжымы деп атау ғылыми басылымдарда кездеседі. Бұл жөнінде Педагогикалық
энциклопедиялық сөздікте төмендегідей анықтама беріледі:
“.. Балалар ұжымы (коллектив детский) – қоғамға пайдалы әрекет жасауда
(еңбек ету, қоғамдық шығармашылық қызмет, білімін шыңдау, туристік-өлкетану
жұмыстарымен айналысу т.б) өз алдына үлкен мақсат қойып, көздеген игіліктеріне
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
203
~
жету барысында ұжымды тұрғыда бірлескен балалар мен жасөспірімдердің
қоғамдық топтасулары.
Қазақстан пионер ұйымы тарихын зерттеушi ғалымдардың (Иржанова Р.Д,
Құнантаева К.Қ, Абаева Н.Б, З.Байназаров, Мұқанова Б.Ы,Татаурова Н.Л, Қасенов
Е.Р) еңбектерiне талдау жүргiзу барысында, Қазақстан мектептерiнде 1922-1991
жылдар аралығында сыныптан тыс жұмыстар, оқушылар ұжымындағы өзiн-өзi
басқару, мектептен тыс мекемелердегi және балалар мен жасөспiрiмдер ұйымдары
мен мекемелерiндегi тәлiм-тәрбие жұмыстары негiзiнен Бүкiлодақтық пионер ұйымы
бекiткен Ережелер негiзiнде жүргiзiлгенiн көрсетеді. Осыдан, мектепте және басқа
мекемелерде жүргiзiлген тәрбие мәселесiне қатысы бар зерттеу жұмыстары
аталмыш проблемалардың себеп-салдары мен педагогикалық мазмұнын ашуға,
пионер жұмысының әдiстемелiк бағыттарын айқындауға негiзделе отырып
зерделендi деген қорытындыға келемiз.
1980 жылдардың аяғына таман көптеген мектептерде ұзақ жылдар бойы
оқушылар арасындағы шығармашылық қарым-қатынастың тұтқасы болып келген
пионер ұйымдарының жұмыс жүйесіне негізделген оқушылар ұйымдары және
олардың ұжымдық құрылымдарының дағдарыстарға ұшырауы – орта мектептердегі
бұрыннан тәжірибе жинақтап келген оқушылардың қоғамдық ұйымы мен
бірлестіктерінің тәлім-тәрбиелік жұмыстарын коммунистік идеологияға және
бірыңғай тәртіп пен саясатқа бейімделе жүргізілуі себебінен одан әрі тиімді
ұйымдастыруды қиындатты. Осы мәселе төңірегіндегі педагогикалық зерттеулер
негізінен мектептегі оқушылар ұйымында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру -
бірыңғай тәртіп пен авторитарлық-педагогикалық жүйеге сүйенген пионер
жұмысымен тығыз байланыста қарастырылды.
Бертін келе мектептегі тәрбие жұмысының өзекті саласы оқушылар ұжымы
арасындағы тәрбие жұмыстарының “бірыңғай жалпыға ортақ тәрбие жүйесінің”
дағдарысқа ұшырау себептері – оқушылар ұйымының жұмыс мазмұнына түп қазық
болатын идея, яғни жалпыадамзаттық құндылықтарға сүйенген халықтық-
демократиялық принципке негізделген жаңа моделінің қажеттігін туындатқаны анық
еді.
Кеңес үкіметінде жаңадан қалыптасқан оқушылар ұйымын құру – мемлекеттің
ішкі саясатының алғышарттары негізінде жүргізілді. Ол жұмыстарды ұйымдастыру
мемлекеттік деңгейде қарастырылып, ұйымның болашақтағы бағыт-бағдарлары
анықталды. Мұндай мемлекет тарапынан жасалған ауқымды идеологиялық іс-
шаралар өзінің нәтижесін берді. Оқушылар ұйымының негізгі топтарының бірі болып
мектептегі тәрбие жұмысына байланысты әдістемелері жасалды, алға қойған
мақсатты жүзеге асыру үшін арнайы тәрбиеші-педагог мамандар дайындалды.
Пионер ұйымының жұмысы – Кеңес үкіметінің мемлекеттік билікті қолына
алған Коммунистік партияның саяси бағдарламасы ретінде танылуы, ұйымның
мәртебесін көтеріп, оның жергілікті жерлердегі мектеп пен мектептен тыс
мекемелердегі тәрбие жұмыстарында жетекші қағида ретінде қабылдануын
қамтамасыз етті. Бұл үрдіс мектептегі тәрбие жұмысының бірыңғай жүйеге
негізделген педагогикалық шарттарын қалыптастырды. Бірыңғай тәртіп – тәрбие
жұмысының халықтық-демократиялық қағидаларымен санаспай, жоғарғы жақтан
алдын-ала жоспарланған, жаттанды жұмыс жоспары бойынша жүргізілуді талап етті.
1992 жылы дағдарысқа ұшыраған Қазақстан пионер ұйымын сақтап қалу
және ұйым жұмысын тәуелсiздiк алған Қазақстан мемлекетiнiң ерекшелiктерiне сай
құру мақсатында профессор Е.А.Дмитриенко мен Д.Шайменованың “Жұлдыз” атты
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
204
~
бағдарламасы жасалып, қазiргi таңда республикалық “Жұлдыз” оқушылар мен
балалар ұйымдары одағы деп аталады.
1995 жылы “Болашақ” оқушылар ұйымының жарғысы (C.Қалиев, С.Иманбаева)
жасалса, 1998 жылы “Мың бала” (З.Нұрқадiлов, Қ.Ахметов) оқушылар ұйымының
Алматыда Құрылтайы өттi.
Қазақстанның тәуелсіз елге айналып, әлемдік кеңістікте өзінің дербес
геосаясатын, әлеуметтік-экономикалық реформасын жүргізуі – жаңадан құрылған
оқушылар ұйымдарының мәртебесін арттырды. Әсіресе, Қызылорда, Қарағанды,
Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында мектеп оқушыларының ерікті түрде
құрылған “Атамекен” ұйымы – қазақ халық педагогикасының асыл мұралары
негізінде оқушыларға ұлттық тәрбие беру жұмыстарын ұйымдастыруды қолға алды.
1992 жылы өткен кезектен тыс ҮІІІ Республикалық пионерлер слеті – мектептегі
оқушылар ұжымдарында ұлттық тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға арналған
“Атамекен”, “Кәусар бұлақ” бағдарламаларын қабылдады. Қазақстанның тәуелсіз
елге айналып, әлемдік кеңістікте өзінің дербес геосаясатын, әлеуметтік-
экономикалық реформасын жүргізуі – жаңадан құрылған оқушылар ұйымдарының
мәртебесін арттырды. Әсіресе, Қызылорда, Қарағанды, Атырау, Оңтүстік Қазақстан
облыстарында мектеп оқушыларының ерікті түрде құрылған “Атамекен” ұйымы –
қазақ халық педагогикасының асыл мұралары негізінде оқушыларға ұлттық тәрбие
беру жұмыстарын ұйымдастыруды қолға алды. Павлодар, Қарағанды облыстарында
“Қазақстан скауттары” атты балалар мен жастардың ұйымдары жұмыс iстеуде.
Осыншама қиындықтарға қарамастан мектепте қызықты іс-шараларды
ұйымдастыруды мақсат етіп, бүгінгі таңға дейін азды-көпті тәжірибелер жинақтап
келген оқушылар ұйымдарының мәртебесін көтеру – бүгінде басты мәселе болып
отыр.
Сондықтан, біздің ойымызша осы кезге дейін жинақталып келген оқушылар
ұйымдарының тәжірибелерін пайдалана отырып ұйымында өзін-өзі басқару
жүйесінің пәрменді жүргізілуі қамтамасыз ету мынадай қағидаларға негізделуі керек:
Мектептегі оқушылар ұйымдарындағы өзін-өзі басқару жүйесінің демократиялық
қағидаларға сүйенуі;
Оқушылар ұйымында ұлттық тәлім-тәрбие құндылықтарын пайдалану мен
жүзеге асыруда “Атамекен”, “Өзін өзі тану”, “Елім-ай”, “Кәусар бұлақ”,
“Жұлдыз”,“Болашақ”, бағдарламасына негізделе отырып жүргізу;
Мемлекеттің білім және тәрбие саясатына қатысты қаулы-қарарлары мен
заңдарының орындалуына ұйытқы болу;
Қазақстандық патриотизм идеясын қалыптастыру;
Ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани-мәдени құндылықтарды жас жеткіншектер
бойында қалыптастыру;
Қазақстан халықтарының достығы мен татулығын нығайту;
Әрбір жас жеткіншектің санасында өз елі мен мемлекетіне, мемлекеттік
рәміздерге, тіл мен рухани құндылықтарға деген ерекше сезім қалыптастыру;
Оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесі арқылы әр ұжым мүшесінің мақсат-
мүдделерінің орындалуын қамтамасыз ету;
Оқушылар
мен
мұғалім-педагогтар
арасындағы
педагогикалық
ынтымақтастықты сақтау мен дамыту;
Ата-аналар және жұртшылық арасындағы шығармашылық қарым-қатынасты
нығайту;
Оқушылар ұйымының беделін арттыру;
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
205
~
Оқушылар ұйымдарының жоғарыда айтылып өткен қоғамдық оқушылар ұйымдары
сияқты мемлекет тарапынан қамқорлыққа алынса – жергілікті жерлерде құрылған
оқушылар ұйымының басқару жүйесі – оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының
өміршең, шығармашыл және белсенді ұйым ретінде қалыптасуына мүмкіндік
туғызады. Өзін-өзі басқару жүйесінің мектеп өмірінде өзінің лайықты орнын алып,
қоғамдық қажеттілікке айналуы - әр ұйым мүшесінің жеке тұлға ретінде жан-жақты
дамуына, өзінің танымдық, шығармашылық, әскери–спорттық және техникалық
дағдылары мен қабілеттерінің ашылуына зор мүмкіндік туғызатыны анық.
Әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. А:1995.
2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан - 2050»
стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан
халқына Жолдауы. 15.12. 2012.
3. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы. А. 2011.
4. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы, Егеменді Қазақстан, № 311- 312,
29.11. 2003.
5. Қазақтың тәлімдік ой-пікір Антологиясы. 1 том. (ҮІ ғасырдан ХХ ғасырдың басына
дейінгі кезең) // Құр. Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, А: Рауан, 1994, - 320.
6. Муканова Б.И.,- Мектептегі пионер және комсомол ұйымдары жұмыстарының
жүйесі. Алматы, 1991.
7. Абаева Н.К.,- Қазақстан пионериясының шежіресі, Алматы, Мектеп, 1988.
8. Атамекен Бағдарламасы., М.Құрсабаев, Қазақстан мектебі № 5, 1991.
9. Балтабаев М.Х., Ұзақбаева С.А., Өтемұратова “Елім-ай” бағдарламасы. Алматы
РБК, 1990- 56 б.
10. Қалиев С. Қ., Иманбаева С.Т., т.б. Болашақ оқушылар ұйымының Жарғысы.
Алматы. 2000.
Резюме
В данной статье рассматриваются теоритические основы, история и
проблемы формирования детской общественной организации. В основу написания
статьи взяты труды таких ученых как А.В.Луначарского, Н.К. Крупской,
А.С.Макаренко, С.Т.Шацкого, В.П. Сухомлинского и др.
Summary
This article discusses the basics in theory, history and problems of children's
social organization. The basis of this writing are taken works of scholars such as A.V.
Lunacharsky , NK Krupskaya, A.S.Makarenko, S.T.Shatskogo, VP Sukhomlinsky etc.
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
206
~
АВТОРЛАР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ
СВЕДЕНИЯ ОБ АВТОРАХ
Ахтаубаева
Ж.
Х.
-
география
кафедрасының
аға
оқытушысы,
Х.
Досмұхамедоватындағы Атырау мемлекеттік университеті;
Багытжан Г.Б.- преподаватель кафедры Специальных юридических дисциплин,
Атырауский государственный университет имени Х. Досмухамедова;
Ердешова Ж.И. - преподаватель кафедры специальных юридических дисциплин,
Атырауский государственный университет имени Х. Досмухамедова;
Байниева К.Т. - кандидат филологических наук, и.о.доцента кафедры
иностранных языков, Атырауский государственный университет им. Х.
Досмухамедова;
Салтанова Ғ.А. - ф-м.ғ.к., доцент, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университеті;
Байтемирова Н.Б. – Информатика мамандығының 1-курс студенті, Х.Досмұхамедов
атындағы Атырау мемлекеттік университеті;
Бижанов Ф.А. - старший преподаватель кафедры печати и издательского дела , г.
Астана, ЕНУ им. Л.Н. Гумилева;
Кушанова Г.Ж. - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті;
Тоқабасова А.Қ. - б.ғ.к., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университеті;
Шайхмежденова У.Ғ. - б.ғ.к., доцент, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау
мемлекеттік университеті;
Аталыхова Г.Б. - б.ғ.к., Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университеті;
Досқалиева С.М. - магистрант, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университеті;
Глинская Е.В. - Атырауский Государственный университет им. Х. Досмухамедова;
Есенова М.А. - магистр, аға оқытушы Х. Досмұхамедов атындағы Атырау
мемлекеттік университеті;
Есқалиева Ж.А. - аға оқытушы, магистрант, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау
мемлекеттік университеті;
Жангереева Г.Ж. - х.ғ.к., профессор, Менеджмент Академиясының корр-мүшесі,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті;
Темиралиева М.- 4 курс студенті, физика мамандығы, Х.Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университеті;
Жумагазина Ж.А. - Актюбинский государственный педагогический институт;
Зинуллина Қ.С. - Педагогика және психология мамандығының магистранты,
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті;
Исенов Ө. И. - т.ғ.к., Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының доценті;
Кабиев Е.С.- магистр, оқытушы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
Университеті;
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
207
~
Тыныбаев
Б.
Г.-
доктор
медицинских
наук,
профессор,
Атырауский
государственный университет имени Х.Досмухамедова;
Тыныбаева
Б.К.-
кандидат
педагогических
наук,
доцент,
Атырауский
государственный университет имени Х.Досмухамедова;
Каирлиева Н.Б. - магистрант, Атырауский государственный университет имени
Х.Досмухамедова;
Казиев А.А. - магистрант, Атырауский государственный университет имени
Х.Досмухамедова;
Казиева А.А. – магистрант, Атырауский государственный университет имени
Х.Досмухамедова;
Касенов М.С. - Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Кенжалиева А. - Экономика мамандығының 2 курс магистранты, Х.Досмухамедов
атындағы Атырау мемлекеттік университеті;
Кәрімжан Г.К. – магистрант, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университеті;
Куккузова Э.И. - Старший преподаватель, магистр, Атырауский государственный
университет имени Х.Досмухамедова;
Құсниденов С. - Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті;
Шұғаева Г.Қ.- педагогика ғылымдарының кандидаты, Х.Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университеті;
Жүнисова А.– магистрант, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университеті;
Жұмағазиева А. - педагогика ғылымдарының кандидаты, Х.Досмұхамедов
атындағы Атырау мемлекеттік университеті;
Жұмашева Н.С. –Педагогика және психология мамандығының магистранты, Х.
Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті;
Макашева Г.К. - Атырауский гос Атырауский государственный универститет имени
Х.Досмухамедова;
Маштенов Б.О. – магистрант, Атырауский государственный универститет имени
Х.Досмухамедова;
Ильясова С.С. - преподаватель Атырауский государственный универститет имени
Х.Досмухамедова;
Мустафина А. Ж. - география кафедрасының аға оқытушысы Х. Досмұхамедов
атындағы Атырау мемлекеттік университеті;
Мұхамбетов Ж.И. - ф.ғ.к., доцент, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік
университеті;
Елеубаева Р. - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті;
Сабирова Р.Қ., Рахметуллаева Д.Б. - Х. Досмұхамедов атындағы Атырау
мемлекеттік университеті;
Қасенов С. - жаратылыстану факультетінің деканы, Х. Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университеті
Куккузова Э.И., Салихова А.А. - Арнаулы құқықтық пәндер кафедрасының
магистры, аға оқытушылары, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университеті;
Султанова А.Т. - Арнаулы құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті;
Жұмабаева Ж.К. - т.ғ.к.,профессор, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университеті;
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
208
~
Сарбалина Ж.Т. - магистрант, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университеті;
Сиғуатова А. - магистрант, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университеті;
Абилкаиров Н.А., Кушкинбаев А.Т. - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау
мемлекеттік университеті;
Турдалиева Р.К. -магистрант,Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университеті
Дүйсегалиев М.Ж.- Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті;
Саликов Т.С. - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
Дюсегалиева Б.М. - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті;
Тоғайбаева А.К. - Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институты;
Шаймарданова А.М.– магистрант, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Мемлекеттік
университеті;
Шаменова Ш.Ж., Жағыпар Ж.Ж. - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау
мемлекеттік университеті;
Шаяхметова Ж.Б., Ергалиева К.С.- з.ғ.к., профессор және оқытушысы,
Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті;
Қыдыралин Ү. - т.ғ.д., профессор, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университеті
Алипова Д. – магистрант, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университеті;
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы
№ 1 (28), 2013
~
209
~
МАЗМҰНЫ ● СОДЕРЖАНИЕ
Экология және жаратылыс ғылымдары
Экология и естественные науки
Ахтаубаева Ж. Х. Қазақстан аймақтарындағы жер қорының құрылымы мен
қазіргі жағдайы................................................................................................
Салтанова Ғ.А., Байтемирова Н.Б. Логикалық программалау - пролог
тілінің негізі......................................................................................................
Тоқабасова А.Қ., Шайхмежденова У.Ғ., Аталыхова Г.Б., Досқалиева
С.М.,. Жазғы қалдық сулары және қар, құбыр суларының құрамы мен
қасиеті.............................................................................................................
М.А.Есенова. Болжамдық экологиялық картаға түсіру...................................
М.А.Есенова. Геоақпараттық картографиялау................................................
М.Темиралиева, Г.Жангереева. Компьютерлік модельдеуде өзара
перпендикуляр тербелістерді қосу.................................................................
Г.Жангереева , М.Темиралиева. Физикалық тәжірибелерді модельдеу
және оның түрлері...........................................................................................
Б.О.Маштенов, С.С.Ильясова. Управление скоростью двигателя с
использованием биполярного транзистора с изолированным затвором
(Моделирование с использованием стенда-тренажера KL-500).........................
Мустафина А.Ж. Қазақстандағы балшықпен емдеу шипажайлары және
оның әдіс- тәсілдері........................................................................................
Мустафина А.Ж. Туризмдегі ақпараттық технологиялар және олардың
туристік қызметтегі рөлі...................................................................................
Экономика және құқық
Экономика и право
Багытжан Г.Б. Роль следственного эксперимента в расследовании
преступлений...................................................................................................
Ердешова
Ж.И.,
Багытжан
Г.Б.
Правовое
регулирование
нотариата........................................................................................................
Г.Ж. Кушанова. Сақтандыру ұйымдарының қызметін талдау.......................
Г.Ж. Кушанова. Сақтандыру нарығын ұйымдастырудың теориялық
негіздері...........................................................................................................
Е.В. Глинская. Принципы определения эффективности инвестиционных
проектов в условиях директивной экономики...................................................
Достарыңызбен бөлісу: |