1996 жылдан бастап шығады Основан в 1996 году



Pdf көрінісі
бет3/24
Дата06.03.2017
өлшемі3,23 Mb.
#8199
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

Әдебиеттер тізімі 
1. Географическое прогнозирование и охрана природы. М.: МГУ, 1990. 
2. Звонкова Т.В. Географическое прогнозирование. – М., 1985. 
3.Эколого-географическое 
картографирование 
территории 
(опыт 
работы, 
обоснование структуры и содержание атласа). Киев: ИГАНУ, 1990. 
 
Резюме 
 
В  этой  статье  рассматривается  картографический  метод,  который  играет 
значительную  роль  в  эколого-географическом  прогнозировании.  Географический 
прогноз  –  это  научная  разработка  представлений  о  природных  геосистемах 
будущего,  их  коренных  свойствах  и  разнообразных  переменных  состояниях,  в  том 
числе обусловленных деятельностью человека. 
 
Summary 
 
This  article  discusses  the  cartographic  method  plays  a  significant  role  in  the 
ecological-geographical  forecasting.  Geographical  forecast  is  a scientific  development of 
the ideas of natural geosystems of the future, their indigenous properties and a variety of 
variables States, including those caused by human activities. 
 
 
ӘОЖ 912 
М.А. Есенова 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
ГЕОАҚПАРАТТЫҚ КАРТОГРАФИЯЛАУ 
Аңдатпа 
Бұл мақалада геоақпараттық жүйелерді анықтайтын негізгі ерекшелігі оның 
мәліметтер базасы аумақтық карталар, аэро және ғарыштық фототүсірілімдер 
жайлы айтылған. 
Негізгі  сөздер: 
Геоақпараттық  жүйелер,  аэрокосмостық,  (ДЗ)  дистанциялық 
зондтау, фототүсірілімдер,  мониторинг. 
 
Мұнай  және  газ  орындарын  геоақпараттық  жүйелерді  ақпараттық 
қамтамасыз  ету  әртүрлі  массивті  ақпараттарды  (ақпарат  ресурстары)  табиғи  және 
табиғи–техногенді аумақтық жүйелерді тұтастай топографиялы–геодезиялық негізде 
және  аэрокосмостық  және  басқа  да  ақпарат  көздерін  интеграциялау  басқару 
міндеттерін  атқаруда  ортақ  мәліметтер  банкын  дайындауға  негізделіп,  кешенді 
қолдануға арналады.  
Ақпараттық  қамтылуды  төмендегілер  құрайды:  құжаттық  ақпараттық 
мәліметтер  базасы  (салалық,  тақырыптық  мәліметтер  базасы,  қағаз  жүзіндегі 
тақырыптық және топографиялық карталар, аэро және ғарыштық фототүсірілімдер, 
мониторинг  жүйесінде  жер  үсті  зерттеулері,  фондық  материалдар,  алаңдық 
мәліметтерді өңдеу нәтижелері, құрылыстардың жобалық және негізгі көрстекіштері 
және  т.б.);  сандық  ақпараттық  мәліметтер  базасы  (сандық  карталар,  санды  аэро 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

21
 ~ 
 
және  ғарыштық  түсірілімдер,  атрибутивті  семантикалық  ақпарат  және  т.б.);  бұл 
мәліметтер  картографиялық  және  басқа  да  ақпараттарды,  оның  ішінде 
технологиялық  құжаттарды  жіктеу  және  кодтаудың  ортақ  жүйесі  ретінде 
қарастыруға болады және мәліметтерді сипаттауда қолданылады.  
Картографиялау мәселесінің тізімі зерттеу масштабына байланысты болады. 
Масштаб  неғұрлым  кіші  болса,  мәселелер  соғұрлым  жинақтала  қалыптасады. 
Сондықтан  да  ең  басты  орынға  ең  маңызды  және  қажетті  мәселелер  қойылады. 
Масштаб іріленген жағдайда және аумақтық деңгейдегі мәселелерді қарастырғанда 
осы аумаққа қатысты мәселелер туындайды.  
Экологиялық  жағдайлардың  картасын  құрудың  екі  алгоритмі  бар:  қажетті 
сандық мәліметтердің болмауы және ақпараттың жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз 
етілуі.  Екі  нұсқада  берілген  ақпараттарды  картографиялық  нысанда  бір  масштабты 
карталар  арқылы  көрсетумен  сипатталады.  Бірінші  жағдайда  –  аналитикалық 
сараптамалық  бағалаулар,  екінші  жағдайда  –  бағалаудың  формалды  әдісі 
қолданылад [1]. 
Құжаттық  базаның  ақпараттық  ресурсының  негізін  АКС  дешифрлеу 
нәтижесінде (аналитикалық, синтездеуші және нәтижелік) мониторинг технологиясы 
мен  алаңдық  зерттеу  жұмыстары  нәтижесінде  пайда  болған  материалдар  мен 
тақырыптық  карталар  құрайды.  Геоақпараттық  жүйелерді  анықтайтын  негізгі 
ерекшелігі  оның  мәліметтер  базасы  аумақтық  карталар,  аэро  және  ғарыштық 
фототүсірілімдер  және  алаңдық  зерттеулердің  мәліметтері  түрінде  ғана  емес, 
сонымен  қатар  олардың тақырыптық  өңдеу нәтижелерінен  де  тұрады,  яғни жердің 
және  алаңдық  зерттеу  жұмыстарының  дешифрленген  мәліметтерін  дистанциялық 
зондтау  (ДЗ)  нәтижесінде  жасалған  арнайы  карталар.  Бұл  карталар  бағыты  мен 
мазмұнына қарай бағалық болғандықтан, өзінің құрылымында сапалық және сандық 
бағалық  көрсеткіштерден  тұрады,  сондықтан  да  басқару  міндеттерін  шешуде 
объективті  ақпараттық  негіз  бола  алады.  Бастапқы  ақпаратқа  да  дистанциялық 
зондтау  материалдары  енеді,  бірақ  картада  белгіленгендей  шектелген  көлемде 
беріледі (ландшафтты-экологиялық жағдайлардың күрделілігі – күрделі категориялы 
аумақтар; әлеуметтік- экологиялық қауіптілік – қауіптіліктің жоғары деңгейі; табиғи 
қоршаған  ортаның  динамикалық  жағдайы,  потенциалды  апаттық  жағдайлардың 
динамикалық  аумақтары).  Сонымен  қатар,  құжатық  мәліметтер  базасына  жеке 
жобалау  объектілеріне  қарай  ірі  масштабты  аэрофототүсірілімдердің  материалдары 
да  қосылады  (компрессорлық  станциялар,  скважиналар,  өңдеуші  зауыттар,  су 
өткізуші  құрылғылар  орналасқан  жерлер,  көпірлік  өтілімдер,  транспорттық  және 
құбырлық құрылғылардың қиылысу жерлері, темір жол станциялары және жолдары, 
елді мекендер және т.б. [2]. 
Сандық  ақпараттық  мәліметтер  базасы  сандық  тақырыптық  карталардан 
тұрады және де келесі көрсеткіштерді бейнелейді: 
–  құрылыс  жүргізілетін  ауданның  топографо–геодезиялық  жағдайы  және  оның 
өзгеруі; 
–  табиғи  –  аумақтық  жүйелердің  табиғи–экологиялық  жағдайы  (кадастр, 
динамика, бұзылулар, ластану, қысым, тұрақтылық болжамы); 
–  мөлшерлі–анықтамалық  ақпарат  (экология,  жерді  пайдалану  және 
құрылыс  бойынша  мемлекеттік  федералды  және  жергілікті  мөлшерлі  актілер, 
жерлердің құқықтық негізі және оның иелерінің құқығы); 
– табиғи – ресурстық ақпараттың бағалылығы жерді шаруашылық мақсатта 
пайдалануға  және  бағасының  жарамдылығы;  топырақ,  жер  асты  және  жер  үсті 
сулары,  грунт,  өсімдік  жамылғысы,  ормандардың  жағдайы  мен  бонитеті; 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

22
 ~ 
 
биологиялық  ресурстар  туралы  мәліметтер  (азықтық,  жануарлар  әлемі,  су, 
энергетика);  қоршаған  ортаның  шығындары  туралы  бар  мәліметтер  мен  шамалы 
шығыны.  
Алдыңғы  ақпарат  негізінде  және  сандық  мәліметтер  базасына  төмендегілер 
кіреді: 
–  мониторинг  құрылымында  жасалған  топографиялық  және  тақырыптық 
арнайы карталар; 
– дистанциялық зондтау материалдары; 
– жер үсті зерттеулерінің мәліметтері; 
– аумақтық мемлекеттік мекемелердің статистикалық мәліметтері; 
–  салалық  фондық  көздерден  алынған  табиғи–ресурстық  тақырыптық 
ақпарат; 
–  техникалық  объектілердің  құрылысы  мен  пайдалануын  қамтамасыз  ететін 
ұйымдар мен мекемелердің ақпараттары (сонымен қатар мониторинг); 
–  зерттеп  отырған  табиғи  аумақтық  жүйенің  инфрақұрылымына  кіретін 
техникалық  және  инженерлік  құрылғылар  желісінің  жағдайы  апаттар,  шығындар, 
қалдық ресурстар жайлы мәліметтер және инженерлік қорғау шаралары).  
Кеңістік  ақпараттардың  мәліметтер  базасын  құрауда  және  қалыптастыруда 
келесі жағдайларды есепке алу қажет:  
– картографиялық үлгілерді жасауда жүйелік тәсілді қолдану; 
–аумақ объектілерін бейнелеу тәсілі ретінде математикалы–картографиялық 
модельдеудің принциптері; 
–  графикалық,  кесте,  картографиялық  және  аэроғарыштық  ақпараттарды 
енгізу түпкі түйіні, оны өңдеу және векторлық нысанда сақтау;  
–  сандық  графикалық,  кестелік,  картографиялық  және  аэроғарыштық 
ақпараттарға  көп  мәртелік  және  көп  мақсатта  кіре  алу  қажеттілігінің  мүмкіншілігі. 
Экологиялық  мәселелерді  анықтау  мен  бағалауда  келесі  кезеңіне  осы  мәселелерді 
оның тигізер салдарының мәнісіне қарай (халық денсаулығы үшін, табиғи-ресурстық 
шамасын сақтау, генофонтты сақтау т.б.) және салдарының көріну деңгейіне қарай 
өзгеруін  анықтау  жатады.  Бұл  өз  кезегінде  экологиялық  мәселе-жағдайлардың 
аумақтық  үйлесімділігінің  картасын  құрауға  мүмкіндік  береді.  Оның  басты 
мазмұнына  жағдайлар  ареалдары  жатады,  онда  әріптік  индекстерімен  берілген 
экологиялық мәселелер маңыздылығына қарай жазылады.  
Геоақпараттық жүйелерді негізінен  мазмұнды  ақпаратпен  қамтамасыз етілуі 
тиіс және де ол халықаралық стандарттарға сәйкес жасалғаны жөн, сонымен қатар 
басқа да ақпараттық жүйелермен өзара әрекеттесу мүмкіншілігі.  
Геоақпараттық  картография  өнеркәсіптік  экологиялық  мониторинг  жасауға 
негізделген,  ал  оның  ұйымдасу  сызбасы  Ковыктинск  газ  кешенін  аумаққа 
орналастыру 
ұшін 
жасалған 
(Концепция…,2006). 
Өндірістік 
объектілерді 
оранастырудың кеңістік ақпараты, қоршаған табиғи орта, техногенді әсерді бағалау, 
режимді  бақылауларды  жариялау,  экологиялық  жағдайды  бағалау,  болжау  және 
басқару. [3] 
Әдебиеттер тізімі 
1.Реймерс  Н.Ф.  Охрана  природы  и  окружающей  человека  среды.  Словарь-
правочник. М., 1992. 
2.Ревзон  А.Л.  Картографирование  состояний  геотехнических  систем.  –  М.:  Недра, 
1992. 
3.Эколого-географическое 
картографирование 
территории 
(опыт 
работы, 
обоснование структуры и содержание атласа). Киев: ИГАНУ, 1990. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

23
 ~ 
 
Резюме 
 
В этой статье рассматривается информационное обеспечение ГИС нефтяных 
и  газовых  месторождений  подразумевает  комплексное  использование  различных 
массивов  информации  (информационных  ресурсов)  о  состоянии  природных  и 
природно-техногенных 
территориальных 
систем 
на 
единой 
топографо-
геодезической основе и интеграцию аэрокосмической и других видов информации в 
едином банке данных для подготовки вариантов решений управленческих задач. 
 
Summary 
The article is devoted to information support of GIS oil and gas fields involves a 
comprehensive use of various arrays of information (information resources) on the state 
of  natural  and  natural-technogenic  territorial  systems  on  a  single  topographic-geodetic 
basis  and  the  integration  of  aerospace  and  other  types  of  information  in  a  single  data 
Bank for the preparation of variants of the decision of administrative problems. 
 
 
ӘОЖ 303.064 
М.Темиралиева, Г. Жангереева 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
КОМПЬЮТЕРЛІК  МОДЕЛЬДЕУДЕ  ӨЗАРА ПЕРПЕНДИКУЛЯР  
ТЕРБЕЛІСТЕРДІ  ҚОСУ 
 
Х  осі  бойымен  тербелетін  материалдық  нүктені  У  бағытында  тербелтсек 
оның  ХУ  жазықтығындағы  қисық  сызықты  траекториясының  формасы  екі 
тербелістің фазалар айырмасына тәуелді сызық болады. Тербелістер теңдеуі былай 
болады:  
X=a cos(ωt)                            Y= b cos(ωt+ φ)                                         (1) 
Бұл теңдеулерден шығатыны: 


2
2
2
2
2
sin
cos
2



ab
XY
b
Y
a
X
                                                               (2) 
Бұл  соңғы  теңдеу  жалпы  алғанда  эллипс  теңдеуі  деп  аталады.  Эллипстің 
сығылуы  және  х,у  бойынша  еңкейу бағыты,  а және    b  амплитудаларынан және φ 
фазалар айырмасына байланысты күрделі қатынаста болады. 
Белгілі  әдістердің  бірі  осциллограф  көмегімен  лиссажу  фигураларын  алу. 
Математикалық  теңдеулер  көмегімен  компьютерде  моделдеу  бұрынғы  әдісті 
ауыстырып  отыр.  Осциллограф    көмегімен  бұл  фигураны  алу  өте  көп  жұмысты, 
дайындықты  талап  етеді.  Қарастырылатын  тәжірибені  жасау  үшін  екі  дыбыс 
генераторы,  бір  ВУП,  бір  осциллграф,  оның  түзеткіші,  жалғағыш  сымдар 
қажет.Олардың барлығын бір-бірімен қосу, алдын ала тексеру, кабинете көрсету көп 
уақытты қажет етеді.  
 
Лиссажу  фигураларын  сызатын  бағдарламаның  параметрлерін  сол  сәтте 
өзгерту  мүмкіндігінің  жасалуы  тиімді  нәтиже  береді.  Бастапқы  мәндерді  өрістерге 
енгізіп, батырманы басқан кезде орындалатын операциялар:  
procedure TForm1.SpeedButton2Click(Sender: TObject); 
begin 
for p:=1 to 700 do  
 with canvas do begin  // Лиссажу фигурасын 700 нүктеден салайық  

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

24
 ~ 
 
 a:=cos(p/90*strtoint(Edit1.Text)+strtoint(ComboBox1.Text)/180*pi)*145+200;//1- 
тербелістің  теңдеуі,  мұндағы  барлық  шамалар  өріске  енгізілген  сандардан 
алынады. 
b:=cos(p/90*strtoint(Edit2.Text))*145+250;//2-ші перпендикуляр тербеліс. 
 pen.Width:=1; pen.Color:=clred; 
Екі тербеліс теңдеуінен шыққан  координаттар  қорытқы  тербеліс  координаттарына 
сәйкес келеді.  
moveto(round(a)+1,round(b)-1);//анықтылығын  жақсару  мақсатында  нүктелердің 
орнына кесінділер пайдаланған дұрыс.  
lineto(round(a),round(b)); 
end; 
 
 
 
 
 
 
 
2:3 қатынас үшін 
 
Жоғарыда сызылған фигураның сызылу барысын, айналу бағытын көрнекілеу үшін 
Timer  компонентін  қолданған  ыңғайлы.  Ол  әрбір  20  мс  сайын  тербелетін  нүктені 
бөлек  түспен  көрсетіп  отырады,  параметрлер  өзгерген  жағдайда  бірге  өзгереді 
және тербелу уақыты шектелмеген. 
procedure TForm1.Timer1Timer(Sender: TObject); 
begin   SpeedButton2.Click;  
with canvas do begin 
c:=c-0.05;  
a:=cos(c*strtoint(Edit1.Text)+strtoint(ComboBox1.Text)/180*pi)*145+200; 
b:=cos(c*strtoint(Edit2.Text))*145+250;// 
pen.Color:=clBlue; pen.Width:=7; 
moveto(round(a)+1,round(b)-1);lineto(round(a),round(b)); 
          Қандайда  болмасын  табиғи  тербеліс  сыртқы  үйкелістің  немесе  кедергінің 
әсерінен  ақыр  соңында  өшеді.  Бұл  өшулер  белгілі  бір  заңдылықпен  өтеді.  Бұл 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

25
 ~ 
 
жұмыста  қарастырылған  тербеліс  графигі  барлық  тербелістерге  де  қолданылады. 
Уақыт  өтуінен  амплитудасы  азаятын  тербелісті 
өшетін  тербелістер  деп  атайды. 
Период  жаңарған  сайын  амплитуда  азая  түседі  және  үйкеліс  күші  неғұрлым  көп 
болса, соғұрлым амплитуда да жылдам азаяды. 
Тербеліс  графигі  алғашқы  мәндерге  байланысты  болады,  көп  шамалардың 
әр түрлі комбинациясы мен график тұрғызып зерттеу өте ұзақ уақыт алар еді, бірақ 
барлық тербеліске қолданылатын теңдеу бірдей болғандықтан оларды бір формада 
зерттеп, салыстырып, өзгерістерін байқауымызға болады. 
Соңғы  теңдеуді  қолданып  график  тұрғызу  өте  көп  уақыт  алар  еді,  бірақ 
компьютер көмегіне жүгінсек ол графикті қас–қағым сәтте тұрғызып береді. 
Моделденетін  процесстердің параметрлерін  қолданушы  өз  еркімен  енгізуіне 
болады.  Олар:  Өшу  коэфиценті,  циклдік  жиелігі,  бастапқы  фазасы,  тербеліс 
амплитудасы.  Осы  шамаларды  бірнеше  рет  өзгертіп  енгізіп,  өзгерістерін  байқауға 
болады. Ал өмірде былай қайта- қайта істеу көп уақыт алар еді. 
      
 
Function f(x:real):real; 
 begin 
 A:=strtofloat(Form3.MaskEdit4.Text); // Амплитудасы 
 w:= strtofloat(Form3.MaskEdit2.Text) ; // omega 
 Fi:=strtoint(Form3.MaskEdit3.Text);   //бастапќы фазасы 
 k:= strtofloat(form3.MaskEdit1.Text);  //Ґшу коэфиценті 
 f:=A*cos(w*x+Fi*pi/180)*exp(-x*k); 
 end; 
 
// строит график функции 
procedure GrOfFunc; 
var 
 x1,x2:real;     
 y1,y2:real;     

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

26
 ~ 
 
 x:real;         
 y:real;         
 dx:real;        
 l,b:integer;    
 w,h:integer;    
 mx,my:real;     
 x0,y0:integer;  
begin 
l:=30;                      
 b:=Form1.ClientHeight-20;  
 h:=Form1.ClientHeight-45;  
 w:=Form1.Width-45;         
x1:=0;      
 x2:=25;    
 dx:=0.002; 
// максималь және минималь мәндері 
 //  функции на отрезке [x1,x2] 
 y1:=f(x1); // минимум 
 y2:=f(x1); // максимум 
 x:=x1; 
 repeat 
   y := f(x); 
   if y < y1 then y1:=y; 
   if y > y2 then y2:=y; 
   x:=x+dx; 
 until (x>=x2); 
// масштабты ексептеу 
 my:=h/abs(y2-y1);  // масштаб по оси Y 
 mx:=w/abs(x2-x1);  // масштаб по оси X 
// өстері 
 x0:=l; 
 y0:=b-Abs(Round(y1*my)); 
with form1.Canvas do 
 begin 
   // оси 
   MoveTo(l,b);LineTo(l,b-h); 
   MoveTo(x0,y0);LineTo(x0+w,y0); 
Font.Size:=16; 
   TextOut(l+20,b-h,FloatToStrF(y2,ffGeneral,6,3)); 
   TextOut(l+20,b-20,FloatToStrF(y1,ffGeneral,6,3)); 
   TextOut(l+65,b-h-35,'x=A*cos(wt+Ф)' ); 
   if not (form3.MaskEdit3.Text='0') and not(form3.MaskEdit2.Text='1')  then 
   TextOut(l+45,b-
h+30,'x='+form3.MaskEdit4.Text+'*cos('+form3.MaskEdit2.Text+'*t+'+form3.MaskEdit3
.Text+')'); 
  // график тұрғызу 
   x:=x1; 
   repeat 
     y:=f(x); 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

27
 ~ 
 
     Pixels[x0+Round(x*mx),y0-Round(y*my)]:=clRed; 
     x:=x+dx; 
   until (x>=x2); 
 end;end; 
procedure TForm1.FormPaint(Sender: TObject); 
begin 
  GrOfFunc; 
end;end; 
end. 
Әдебиеттер тізімі 
1. Савельев И.В. Жалпы физика курсы І том механика тербелістері мен толқындар, 
молекулалық физика. Алматы: Мектеп 1977. - 503б. 
2.  Ақылбеков.  Ә.  Физика.  Техникалық  жоғары  оқу  орындары  студенттеріне   
арналған оқу құралы. Алматы: Білім, 1997. 160б. 
3. Зисман Г.А., Тодес О.М. Курс общей физики Т1. Механика, молекулярная физика, 
Колебания и волны: М: Наука, 1969. – 340 с. 
4.  Косов  В.Н.,  Красиков  С.А.  Численное  моделирование  на  уроках  физики  Алматы. 
ТОС « Алматы кітап» 2005. - 240с. 
Резюме 
В работе  приведён  пример сложения  двух  колебаний  в перпендикуляр 
направлениях  (на примере лиссажу) 
Summary 
The   work  is  an  example  for adding  two  oscillations in perpendiculardirections  
(for example,lissajous  curves) 
 
 
ӘОЖ 532 
Г. Жангереева , М. Темиралиева 
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
ФИЗИКАЛЫҚ  ТӘЖІРИБЕЛЕРДІ МОДЕЛЬДЕУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ 
 
Аңдатпа 
Мақалада физикалық модельдеуге анықтама және модельдеудің  түрлері  
жайлы  түсінік берілген
    
Қоршаған ортамен араласып, қарым-қатынас жасаудың нәтижесінде адам өз 
танымына  қарай  модель  құрайды.  Танымдық    үдеріс  зерттелінетін  объектіге  және 
зерттеуші  субъектіге  байланысты.  Зерттелінетін  объектіде  болып  жатқан  оқиғаны 
бақылап,  керек  болса  оқиғаға  кірісіп,  қойған  сұрақтарына  жауап  алумен  қатар, 
объектіге  қатысты  информацияларды  жинақтап,  қорытып,  субъект  пен    объектіге 
тән құбылысты түсініп, өзінің көзқарасын белгілі бір формада бекітеді. Осы затқа тән 
нақтылы  информацияларға  негізделген  зерттеушінің  субъективтік  танымы-
объектінің моделі болып есептелінеді. 
 
Танымдық  үдерістің  негізгі  қызметі-информацияны  жинау,  сақтау  және 
қорыту болса, осылар моделдеудің негізгі сипаттамасын береді деуге болады.  
 
Қоршаған дүниені ұғудың танымдық типтері, әрі нақты үдерісті сипаттаудың 
жолы әртүрлі. Ал бұларға тән ортақ  қасиет бар. Мысалы, ғалым атом құрылысын, 
қоғамның өмір сүру заңдарын; философ - өмір туралы және адамның өмірдегі орны; 
дін-адамның  мәңгілік  жасау  мүмкіндігін,  құдайдың  қағидалық  ұғымдары  туралы; 
жазушы  детективтік  роман  немесе  трагедиялық  әңгіме  жазады;  суретші  теңіз 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

28
 ~ 
 
жағасындағы күннің бату кезіндегі құбылысты беретін немесе басқа суреттер салса, 
ал композитор бір оқиғаға арнап симфония жазуы мүмкін. 
 
Осы  зерттеушілердің  қайсысы  болмасын  өзін  қоршаған  ортаны  түсіну  үшін, 
әртүрлі  құралдың  көмегімен  өзінің  танымын  жинақтайды.  Сөйтіп  зерттеушілер 
үдерісті еріксіз моделдеу арқылы өзінің көзқарасын қалыптастырады.  
 
Моделдеудің  түрлері  көп.  Моделдеуді  жалпы  үлкен  екі  топқа  бөледі: 
материалдық  (заттық)  және  идеалдық.  Материалдық  дегеніміз  –  зерттелінетін 
объектінің 
геометриялық, 
физикалық, 
динамикалық 
және 
функционалдық 
сипаттамасына негізделеді. 
 
Физикалық  моделдеуге  –  ұқсастық  теория  негізінде  нақты  объектінің 
кішірейтілген  немесе  үлкейтілген   көшірмесін қолданып,  лабораториялық жағдайда 
үдерісті  қайталап,  тәжірибе  жасап  ұғу  жатады.  Мысалы,  гидротехника  -  өзенді 
немесе  су  қоймаларын  модельдеу,  ал  аэродинамикада  -  ұшатын  аппараттың 
кішірейтілген моделдері арқыл зерттеу,  архитектурада -үйдің макетін қолдану. 
 
Аналогтық  моделдеуге  –  зерттелінетін  объектілердің  физикалық  табиғаты 
әртүрлі  құбылыстарда  жүретін  үдерістердің  арасындағы  байланысты  білдіретін 
ұқсастық  теориясын  қолданып,  зерттеу  жатады.    Мұндай  үдерістер  бірдей 
материалдық  теңдеумен,  немесе  логикалық  сызбалармен  беріледі.  Қарапайым 
мысал  ретінде  механикалық  тербелістерді  электрлік  сүлбе  бойынша  зерттеуге 
болады.  Мұндағы  үдерістер  аналогиялық  құбылыстарға  жатады.  Сондықтан  екеуі 
бірдей теңдеумен сипатталады.   
 
Бұл  екі  типтес  моделдер  берілген  объектілердің  заттық  баламасына 
негізделген,  өзара  геометриялық,  физикалық  және  басқа  сипаттамалармен 
байланыста  қарастырылады.  Сондықтан  материалдық  моделдеу  өзінің  табиғаты 
жағынан эксперименттік тәсілге жатады.  
 
Заттық  моделдеуден  идеалдық  модельдеу  принципі  мүлде  басқа.  Заттық 
моделдеу  зерттеу  объекті  мен  моделдеудің  материалдық  аналогиясына  негізделсе, 
идеалдық  зерттеу  танымдық  үдерістің  негізінде  құрылған  ойдың,  идеалдық 
аналогияның жемісі боп табылады.  
 
Сөйтіп, идеалдық моделдеу теориялық сипаттамадан тұрады да, интуитивтік 
және таңбалық болып екіге бөлінеді. Интуитивтік моделдеу дегеніміз – зерттелінетін  
объекті  мен  зерттеушінің  сезім  мүшелеріне  әсер  етуіне  байланысты  топшыланған 
информациялардың  жиынтығы.  Мысалы,  адамның  өмірде  жинаған  тәжірибесі 
қоршаған  дүниенің  интуитивтік  моделі  болады.  Таңбалық  модель  –  зерттелінетін 
объектіге  қатысты  информацияны  белгілі  бір  тәртіпке  сүйеніп,  таңбаларға 
түрлендіріп, мысалы, сүлбеге, графикке, сызбаға, формулаға, тағы басқа таңбаларға 
жинақтау.  Таңбалық  модель  құрылымын  түзейтін  элементтер  заңдылыққа, 
алгоритмге бағынып, өзіне тән  ережелер жүйесінде жұмыс істейді.  
Шындығында,  нақты  объектілер  мен  оған  қатысты  құбылыстар  көп  қырлы  және 
күрделі  болып  келеді,  сондықтан  олардың  барлық  қырларын  бірдей  ескеріп  тану 
және  зерттеу кейде мүмкін  болмайды.  Сондай  жағдайда,  зерттеудің  ең  жақсы  әдісі 
нақтылықтың  бір  немесе  бірнеше  қырын  ғана  бейнелейтін  моделді  құру  және  оны 
пайдалану  болып  табылады.  Ғылымның  көп  ғасырлық  тәжірибесі  бұл  амалдың 
пәрменділігін  іс  жүзінде  дәлелдеп  отыр.  Модель  –  объектіні  немесе  құбылысты 
жобалап  (нобайлап)  сипаттау.    Ол  объектінің  немесе  құбылыстың    құрылымын, 
негізгі  қасиеттерін,  даму  және  қоршаған  ортамен  өзара  қарым-қатынас  заңдарын 
анықтау, басқару әдістерінің ең тиімділерін айқындау, іс – әрекеттерін болжау үшін 
керек.  Бір  объектінің  бірнеше  моделі  болуы,  немесе  түрлі  объектілер  бір  модель 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

29
 ~ 
 
арқылы    сипатталуы  мүмкін.  Қажет  моделді    таңдау  зерттеудің  мақсатына 
байланысты болуы тиіс. 
Моделдің мынадай түрлері болады:   
o
  Математикалық  модель.    Мұндай  моделдер  объектінің  (құбылыстың)  елеулі 
ерекшеліктерін көрсететін теңдеулер және функциялар негізінде құрылады. 
o
  Натуралдық  модель.  Бұларға  техникалық  моделдер,  мысалы,  автомобиль  мен  
ұшақтың моделдері жатады. 
o
  Ақпараттық-логикалық  модель.
  Зерттеудегі  объект  (құбылыс)  туралы  қажетті 
ақпараттың  бәрін  қамтитын  шамалар  жиынтығы  ақпараттық  модель  деп  аталады. 
Мысал  ретінде  ақпарат  ұсынудың  әмбебап  құралы–  кестені,  блок–схеманы  атауға 
болады.  
o
  Графикалық модель. Бұған фотосуреттер, график, суреттер, схемалар, сызбалар 
мысал бола алады. 
o
  Сөзбен  сипаттау.  Бұл  объектінің  негізгі  құрамдық  бөліктерін,  аса  маңызды 
белгілері мен қасиеттерін сөзбен санап шығу. Мұндай моделдердің мысалы ретінде 
алгоритмді, жол жүру ережелерін және т.б. атауға болады. 
Модель жасақтауды төрт кезеңге бөлуге болады: 
Бірінші кезең – модель жасаудың мақсаттарын анықтау. 
         Оның  міндеті  –  нақты  объектінің  қалай  жасалғандығын,  оның  құрылымы, 
негізгі қасиеттері, даму және қоршаған ортамен өзара қарым–қатынас  заңдарының 
қандай  екендігін  түсіну.  Объектіні  басқаруды  үйрену  және  қойылған    мақсаттары 
мен  критерийлері  бойынша  оны  басқарудың  ең  тиімді  әдістерін  анықтау. Объектіге 
ықпал жасаудың тікелей және жанама салдарын болжай білу. 
Екінші кезең
 – алғашқы үрдістің (объектінің) нобайлануы. 
Бұл  кезеңде  ақпараттың  нақты  объектіден  оқшаулануы  жүреді,  маңызды  ақпарат 
бекітіліп,  елеусізі  алынып  тасталады.  Объектінің    іс–  әрекетіне  немесе    үрдістің 
барысына  бағынышты  шамалардың  (кірістік  шамалар)  және  модель  жасау 
нәтижесінде  алынуға тиісті шамалардың (шығыстық шамалар ) тізімі жасалады.  Бір 
есеп  үшін  елеусіз  ақпарат  басқасы  үшін  маңызды болуы  мүмкін  және  одан  айырлу 
есептің  дұрыс  шешілмеуіне    әкелетінін  немесе  қажет  шешімді  алуға  мүмкіндік 
бермейтінін  ескеру  маңызды.  Елеусіз  ақпараттың  тіркелуі  қосалқы  қиындықтар 
әкелуі, шешімге жетелейтін жолда кедергілер жасайуы мүмкін.  
Үшінші кезең
 – сипаттаманы іздеу. 
Бұл  кезеңде    моделденіп  жатқан  объекті  туралы  ақпарат    құрылымданып, 
компьютерде 
өңделуге 
 
дайындалады. 
Моделдің 
абстрактілі 
сипаттау 
тұжырымдамасынан нақты  толыққанды тұжырымдамасына өту қажет. 
Төртінші  кезең  –  ЭЕМ-ге  арналған    программаны  құрастыру.  Бұл  шығармашылық 
жұмыс және  қиын  атқарылатын үрдіс. 
 Қазіргі  кезде    құрылымдық  және    объектіге  бағдарланған    программалаудың 
амалдары    кеңінен  таралған.  Программалау  тілін  таңдау  әдетте  программистің  
тәжірибесіне,  стандарттық    бағыныңқы  программалар  және  ашық  кітапханалар 
болуына  байланысты.  Кейбір  жағдайларда  есептеулерді  дайын  программалық 
өнімдерді  (мысалы,  электрондық  кестелерді  немесе    арнайы  математикалық 
пакеттерді)  пайдаланып  өткізу  ыңғайлы.  Программаны  құрастырғаннан  кейін  оның 
көмегімен    қателерді  түзету  мақсатында  қарапайым  тестілік  есептерді  (жауабы 
алдын ала белгілі болғаны жақсы) шешеміз. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

30
 ~ 
 
Егер  нәтижелер  эксперименттік  деректерге  немесе  біздің  интуициялық 
түсініктерімізге  сай болса, программа бойынша  есептеулер  жүргіземіз. сонан соң, 
нәтижелер жинақталып, өңделуі тиіс. 
            Егер    эем-де  алынған    кейбір  үрдістің  сипаттамалары  эксперименттік 
нақтылықтың  берілген  дәрежесінде  сәйкестенсе,  модель  нақты  үрдіске  тепе-тең 
келеді.      модель  нақты    үрдіске  сәйкес  келмеген  жағдайда,  алдыңғы  кезеңдердің 
біріне  қайтып  ораламыз.  оның  неғұрлым  күрделі  және  нақтысын  қолдану  қажет. 
өзгерістерді  енгізгеннен  кейін  технологиялық  тізбек  бөлігінен  тағы  өтеміз  де, 
қолайлы  нәтижелер  алғанша  қайталай  береміз.  бұл  проблема  моделдік  принципті 
енгізу арқылы оңай шешіледі. 
 
Модель дегеніміз -өз алдына компиляцияланатын, сипаттаудың әртүрлі 
компоненттерін (типтер, тұрақтылар, айнымалылар, процедуралар және 
функциялар) енгізу арқылы құрылатын жеке  программалық бірлік. Моделдер 
қолданбалы программалар кітапханасын жасақтаудың және моделдік 
программалаудың қуатты тетігі болып табылады.  
 
Біздің негізгі мақсатымыз құрылымдық программалау тілі болып табылатын  
Паскаль программасын пайдаланып физикалық үрдістерді программалау арқылы 
нәтижесін компьютерде бақылау және зерттеу. Яғни, физикалық есептерді шығару 
үшін  қажетті  және жарамды  модель құру. 
                    Компьютермен  моделдеу  физикалық  жүйелерді  оқып-білудің  тиімді 
әдістерінің бірі болып табылады. Компьютерлік моделдерді пайдаланып зерттеу көп 
жағдайда қарапайым және ыңғайлы болумен қатар, оның қойылуы мен нәтиже алуы 
қиындық  келтірген  жағдайлардың  өзінде  де  жан-жақты  сандық  эксперименттер 
жүргізуге мүмкіндік береді. Компьютерлік моделдердің логикалық және формальдық 
сипаттары  оның  негізгі  қасиеттерін  анықтайтын  негізгі  факторларды  табуға  және 
физикалық  жүйенің  бастапқы  шарттар  мен  параметрлердің  өзгерістеріне  әсерін 
зерттеуге жағдай жасайды.   
 
Компьютерлік  моделдеу,  әуелі  сапалық,  содан  соң  сандық  моделдерді  құру 
арқылы  құбылыстардың  табиғатын  абстракциялауды  талап  етеді.  Оның  соңында, 
компьютермен 
есептеу 
эксперименттер 
сериясын 
жүргізу, 
нәтижелерді 
интерпретациялау,  моделдеу  нәтижелерін  зерттеу  объектісінің  әртүрлі  күйімен 
салыстыру, моделді дәлдеу мен жетілдіру және т.б. жұмыстар атқаруға тура келеді.  
Компьютерлік  моделдеудің  кезеңдерін  толығырақ  келтірейік.  Олар:  есепті  қою, 
моделденетін  объектіні  анықтау,  концептуалдық  моделді  жасақтау,  жүйенің  өзара 
әсерлесетін,  элементтері мен жай актларын анықтау, формальдау (математикалық 
моделге  көшу),  алгоритм  құру,  программа  жазу,  компьютерлік  эксперименттерді 
жоспарлау және өткізу, нәтижелерді талдау және интерпретациялау.  
Моделдеудің    аналитикалық  және    имитациялық  түрлері  бар.  Алгебралық, 
дифференциалдық  және  т.б.  теңдеулерді  пайдаланатын,  немесе  дәл  шешулерін 
табуға  әкелетін  бірмәнді  сандық  процедураларды  қолданатын  реалды  объектінің 
моделін      аналитикалық  деп  атайды.  Көп  мөлшердегі  элементар  операцияларды 
тізбектеп  орындау  арқылы,  зерттелетін  жүйенің  қызмет  алгоритмін  іске  асыратын 
математикалық моделді имитациялық дейді.
 
Моделдеудің  төмендегідей принциптері бар [8]:  
1.  Ақпараттық  жеткіліктілік  принципі.  Объект  туралы  қажетті  ақпарат  толық 
болмаған  жағдайда    оның  моделін  тұрғызудың    мағынасы  жоқ  екендігі  түсінікті. 
Жалпы,  жүйе  моделін  тұрғызу  ақпараттық  жеткіліктіліктің  белгілі  бір    деңгейіне 
жеткенде ғана  мүмкін бола бастайды. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

31
 ~ 
 
2. Орындалу принципі. Жасақталатын модель алға қойылған мақсатқа шекті 
уақыттың ішінде жетуді қамтамасыз етуі тиіс. 
3. Моделдің көпшілдік принципі. Кез келген модель реалды жүйенің кейбір 
қырларын ғана  бейнелей алады. Зерттелетін үрдісті толық түсіну үшін оның 
бірнеше моделдерін жасақтау қажет болады. Әрбір жасақталған модель одан 
бұрынғы моделді анықтай түсуі керек. 
4. Жүйелілік принципі. Зерттелетін жүйені стандартты математикалық әдістермен 
моделденетін, бір бірімен өзара қатынасы бар ішкі жүйелердің жиынтығы түрінде 
қарастыру мүмкіндігі болуы тиіс. Бұл жағдайда, жүйенің қасиеттері оның 
элементтерінің қасиеттерінің қосындысы болмауы тиіс. 
5. Параметрлеу принципі. Моделдің ішкі жүйелері бір ғана параметрмен – 
вектормен, матрицамен, графикпен, формуламен сипатталуы мүмкін.    
Жүйелерді компьютермен моделдеу дифференциалдық теңдеулерді шешуді  жиі 
талап етеді. [2,11]. Мұндай теңдеулерді шешудің тиімді әдісі – торлау әдісі. Оған 
Эйлердің шекті айырмалар әдісі жатады. Бұл әдісте бір немесе бірнеше аргументтің 
үздіксіз өзгеру аймағы шекті түйін нүктелерімен (бір немесе көп өлшемді тормен) 
алмастырылып, арументі дискретті мәндерді қабылдайтын функциямен жұмыс 
жасалады. Олардың көмегімен туындылар мен интегралдарды жуықтап есептеуге 
мүмкін болады. Ол үшін  


t
z
y
x
F
,
,
,
  функциясы мен оның аргументінің шексіз 
аз өсімшелері шекті, аз айырмалармен алмастырылады. 
Компьютерлік моделдеу физикалық жүйелерді оқытудың тиімді әдістерінің бірі 
болып табылады. Компьютерлік моделді зерттеу оңай және тиімді, модель есептік 
тәжірибелер жүргізуге,  күрделі нәтижелерді  оңай алуға мүмкіндік  береді. 
Компьютерлік моделдердің логикалылығы және формальдылығы зерттелетін 
объектілердің  қасиеттерін анықтайтын негізгі  факторларды, физикалық жүйелердің 
бастапқы шарттары мен параметрлерін өзгертуді зерттеуге мүмкіндік береді. 
Компьютерлік моделдеу нақты  табиғи құбылыстың абстрактылығын, яғни алдымен  
сапалық, кейіннен сандық моделдерін  талап етеді. Мұның салдарынан компьютерде 
есептік тәжірибелер жүргізіледі, зерттелетін объектінің моделдеу нәтижесі алынады. 
Компьютерлік моделдеудің негізгі кезеңдеріне мыналар жатады: 
1.  Есептің қойылымы; 
2.  Моделдеу объектісін анықтау; 
3.  Концептуалды модель дайындау; 
4.  Жүйенің негізгі элементтерінің және өзара қарым – қатынасының қарапайым 
актілерін көрсету; 
5.  Формалдау, яғни физикалық моделге өту; 
6.  Алгоритмін құру және бағдарламасын құру; 
7.  Компьютерлік тәжірибелерді жоспарлау және жүргізу; 
8.  Нәтижелерді талдау. 
Қандай да бір объектіге алгебралық, дифференциалдық және басқа да 
теңдеулерді, сондай-ақ дәл шешімді көрсететін бір мәнді есептеу процедураларын 
жүзеге асыратын модель аналитикалық деп аталады. Үлкен көлемді қарапайым 
амалдарды орындауға арналған зерттелетін жүйелердің функционалды алгоритмін 
көрсететін физикалық модель имитациялық деп аталады.  
Компьютерлік моделдеудің негізгі принциптері: 
1. 
Ақпараттың  жеткіліктілік  принципі.  Объекті  туралы  толық  ақпарат 
болмаған жағдайда модель құру мүмкін емес. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау МУ Хабаршысы 
 № 1 (28), 2013 

32
 ~ 
 
2.  Жүзеге  асыру  принципі.  Құрылатын  модель  қойылған  мақсатқа  жетуді 
қамтамасыз етуі қажет. 
3.  Моделдің  көпшілік  принципі.Толық  зерттеу  үшін  зерттелетін  үдерістің 
моделдер  қатарын  құру  қажет;  әрбір  соңғы  модель  алдыңғы  моделді 
нақтылап отыру қажет. 
4.  Жүйелік  принципі.  Зерттелетін  жүйе  стандартты  физикалық  әдістермен 
моделденетін  ішкі  жүйелердің  бір-бірімен  байланысының  жиынтығы 
ретінде көрсетіледі. 
5.   Параметрлеу  принципі.  Моделденетін  жүйенің  кейбір  ішкі  жүйелері 
вектор, 
матрица, 
графика, 
формула 
сияқты 
параметрлермен 
сипатталады. 
6.  Компьютерлік моделдеу  дифференциалдық  теңдеулердің  шешімін талап 
етеді. Оның маңызды әдістерінің бірі Эйлер ойлап тапқан тор әдісі болып 
табылады.    
ҚОРЫТЫНДЫ 
Қазіргі таңда ғылымның түрлі салаларында үдерістерді физикалық моделдеу 
әдістері  ерекше  орын  алады.  Физикалық  үдерістердің  маңыздылығы  мен  көп 
техникалық  қолданыс  табуы,  компьютерлік  технология  жетістіктерімен  тығыз 
байланысты. Ал біздің өмірімізде әрбір ғалым компьютерсіз зерттеу жұмысын толық 
орындай алмайды.  
Қазіргі күні әрбір орта, жоғарғы және академиялық оқу орындарда  Интернет 
желісіне  қосылған  компьютердің    болуы  негізгі  қажеттілік  шарттардың  бірі  болып 
есептелінеді.  
Компьютерлер физикалық тәжірибелерде, үдерістерді сипаттауда және тағы 
басқа  жағдайларда  кеңінен  пайдаланылуда.  Бұл  салаларда  компьютерді 
пайдалануымыз үдерістерді моделдеу мәселелерімен тығыз байланысты. 
Ғылыми  жұмыста  физикалық  үдерістеді  физикалық  моделдеу  мәселелері 
қарастырылды.  Жеті  түрлі  физикалық  үдерістің  физикалық  моделі  жасалды  және 
әрбір үдеріске Паскаль бағдарламалау тілінде бағдарламалар құрылды.   
Жалпы  айтқанда,  ғылыми  жұмыста  қарастырылған  физикалық    үдерістер 
компьютерлік  модельденді.  Үдерістерді  компьютерлік  модельдеу  физикалық 
модельдеу  кезеңдері  мен  принциптері  негізінде  орындалды.  Компьютерде  алынған 
нәтижелер графикалық сипатталып, талданды. 
Ғылыми  жұмыстағы  құрылған  Паскаль  бағдарламаларын  ғылымның  түрлі 
салаларында  кездесетін  үдерістерді  сипаттауда,  жоғарғы  және  орта  оқу 
орындарында өтілетін пәндерден болатын сабақтарда кеңінен пайдалануға болады.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет