1999 ж. Шыға издается бастады с 1999 г



Pdf көрінісі
бет39/44
Дата18.01.2017
өлшемі5,87 Mb.
#2173
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44

 
 
ӘОЖ 336.76.(574) 
 
Жұмабаева А.М.  
 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті 
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК НАРЫҒЫНЫҢ  
ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ДАМУ ҮРДІСІ 
 
Андатпа 
Мақалада  Қазақстандағы  жылжымайтын  мүлік  нарығының  қазіргі  жағдайы  мен 
дамуы негізінде халықты қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қолдау 
шаралары келтірілген.  

311 
 
Кілт  сөздер:  Жылжымайтын  мүлік,  мемлекеттік  саясат,  қолжетімді  баспана, 
ипотека, жинақтаушы қор.  
Жылжымайтын мүлік нарығы ұлттық экономиканың маңызды құрамдас бөлігі және 
қарқынды  дамушы  рыноктардың  бірі  болып  табылады.  Қазақстандық  жағдайларда 
жылжымайтын мүлік рыногының қалыптасуы рыноктық экономика жағдайында өмір сүру 
белгісін  айқындап,  халықшаруашылығының  басқа  салаларын  ынталандырушы  фактор 
ретінде саналады. 
Жылжымайтын  мүлік  нарығы  дегеніміз  -  жылжымайтын  мүлік  объектілерін 
тұрғызуды,  өткізуді,  пайдалануды  және  қаржыландыруды  қамтамасыз  ететін  рыноктық 
механизмдердің өзара байланысты жүйесі. 
Тұрғын  үй  –  нарықтық  экономикада  экономиканың  түрлі  секторының  даму 
қарқынын  және  халықтың,  жалпы  елдің  келешегіне  деген  сенімін  бейнелейтін  өсімнің 
көрнекті көрсеткіші. Тұрғын үй құрылысының қарқынын сақтап қалуға мүмкіндік беретін 
тетіктердің бірі тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін дамыту болып табылады [1].  
Қазақстан  Республикасының  Конституциясында  азаматтарды  тұрғын  үймен 
қамтамасыз етудің барлық жағдайларын жасау қажеттілігі бекітілген. Тұрғын үй мәселесі 
қазіргі заманның өзекті әлеуметтік мәселелерінің бірі ретінде сақталып отыр. 
Халықты  тұрғын  үймен  қамтамасыз  ету  және  құрылысты  бюджеттік 
қаржыландырудың  қысқаруы  жағдайында  тұрғын  үйге  қол  жеткізудің  негізгі  көздері 
тұрғындардың өз қаражаттары мен әлемнің экономикасы дамыған елдеріндегідей банктік 
несиелер ғана болып қалды. 
Осыған  орай,  тұрғын  үй  мәселесін  шешу  Қазақстанның  мемлекеттік  саясаты  үшін 
негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Осы ретте “Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу 
елдің  қатарына  ену  стратегиясы”  атты  Халыққа  Жолдауында  Қазақстан  
Республикасының    Президенті  Н.Ә.  Назарбаев  тұрғын  үй  саласының  дамуына  ерекше 
назар аударып, басты  бағыттары ретінде жылжымайтын мүлік рыногын дамыту, тұрғын 
үйді  жалға  беруді  дамытуды  атап  көрсеткен.  Сонымен  қатар,  тұрғындардың  жекелген 
бөліктерін  қолжетімді  тұрғын  үймен  қамтамасыз  ету  мақсатында  “Қазақстан 
Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік 
бағдарламасы”  және  өзектілігімен  жалғасын  тапқан  “2008-2010  жылдарға  арналған 
мемлекеттік бағдарламасы” қабылданған [ 2 ]. 
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, тұрғын үй рыногының дамуы мемлекетке маңызды 
пайда  әкелері  анық.  Ең  алдымен  ол  әлеуметтік  саясат  шеңберінде  тұрғын  үй  мәселесін 
шешуге  сәйкес  келеді.  Сонымен  бірге,  тұрғын  үйді  дамытуға  ішкі  инвестициялар  – 
халықтың жинақтары, институционалды инвесторлардың қаражаттары ынталандырылады. 
Нәтижесінде,  экономиканың  нақты  секторының,  нақты  айтқанда  тұрғын  үй  құрылыс 
саласына  жанама  қаржыландыру  жүргізіледі.  Мемлекеттің  қатысуынсыз-ақ  тұрғын  үй 
қорының  қайта  құрылуы,  тұрғын  үй  рыногында  инфрақұрылымның  дамуы  шешіледі. 
Тұрғын үй рыногының дамуы - елдің экономикасының дамуының негізгі факторы. 
Еліміздегі  тұрғын  үй  мәселесін  құрылыс  саласының  тиімді  дамуымен 
байланыстыруға  болады.  Тұрғындар  санының  көбеюі,  жаңа  жанұялардың  құралуы, 
халықтың неғұрлым қолайлы тұрғын үй шарттарына ұмтылуы тұрғын үй санының көптеп 
салыну қажеттілігін туғызады. Құрылыс саласын серпінді дамыту үшін жағдайлар жасау 
және  халықтың  қалың  қауымы,  бірінші  кезекте  –  әлеуметтік  қорғалатын  жіктері  үшін 
тұрғын үй құрылысы қарқынын арттыру керек. 
Мемлекеттік  тұрғын  үй  саясатының  басты  бағыты  –  азаматтарды  қолжетімді 
баспанамен  қамтамасыз  ету  үшін  жағдай  жасау.  Тұрғын  үй  құрылысын  мемлекеттік 
қолдау шаралары ретінде төмендегідей бағдарлама іске асырылуда. 
«Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты 
Қазақстан Республикасы Президентінің 27.01.2012ж. Жолдауын орындау үшін, Қазақстан 

312 
 
Республикасы  Үкіметінің  21.06.2012  қаулысымен  «Қолжетімді  баспана  –  2020» 
бағдарламасы бекітілді.  
«Қолжетімді  баспана  –  2020»  бағдарламасы  бірқатар  бағыттың  жүзеге  асырылуын 
көздейді: 
1. 
Жергілікті атқару органдарында (ЖАО) кезекте тұрғандарға (мемлекеттік тұрғын 
үй қорынан баспана алуға мұқтаждар есебінде тұрғандарға) арналған баспана; 
2. 
«Қазақстан Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ желісі бойынша; 
3. 
«Қазақстанның  ипотекалық  компаниясы»  ипотекалық  ұйымы»  АҚ  желісі 
бойынша; 
4. 
Апатты үйлерді бұзу жөніндегі пилоттық жобалар шеңберіндегі баспана; 
5. 
«Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы шеңберіндегі тұрғын үй құрылысы; 
6. 
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үй құрылысы. 
«Самұрық-Қазына»  жылжымайтын  мүлік  қоры»  АҚ  «Жылжымайтын  мүлік 
нарығындағы  мәселелерді  шешу  жөніндегі  кейбір  шаралар  туралы»  Қазақстан 
Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы №265 қаулысына сәйкес құрылды. 
«Самұрық-Қазына»  жылжымайтын  мүлік  қоры»  АҚ  миccиясы:  тұрғын  үй 
құрылысын инвестициялау арқылы халықтың тұрғын үйге қолжетімділігін арттыру. 
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ міндеттері: 
-
 
тұрғын үйге қолжетімділікті арттыру; 
-
 
мемлекетке жылжымайтын мүлік нарығын тұрақтандыруға жәрдемдесу; 
-
 
дағдарысқа  қарсы  бағдарлама  шеңберінде  нысандардың  құрылысын  аяқтау  және 
үлескерлердің проблемаларын шешу
-
 
тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарту; 
-
 
құрылыс  нысандарының  заманауи  тұрғын  үй  стандарттарына  сәйкестігін 
қамтамасыз ету; 
-
 
құрылыс  индустриясын  дамыту,  жұмыстарды,  тауарларды  және  қызметтерді 
отандық жеткізушілерді қолдау.   
Жылжымайтын мүлік қоры «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы шеңберінде 
тұрғызылатын  үйлерді  кәдеге  жаратудың  екі  тетігін  қарастырып  отыр: тікелей 
сату және жалға беру арқылы сату.  
Пәтердің бағасы 2012 жылы шамамен төмендегі есепке сәйкестендіріледі: 
1) 
Егер  адам  баспананы тікелей  сатып алғысы  келсе,  алғашқы  жылы  пәтердің  1 
шаршы метрінің құны Астана, Алматы, Атырау, Ақтау және осы қалалардың маңындағы 
аймақтарда – 180 мың теңгеден аспайды. Елдің басқа өңірлерінде шаршы метрдің бағасы 
– 
144  мың  теңгеден  аспайды.  Бұдан  кейінгі  жылдары  үйдің  бағасы  құрылыс  құнының 
өзгеруіне орай нақтыланатын болады. 
2) 
Жалдай отырып сатып алсаңыз (ескерту: мерзімі – 15 жылға дейін), бірінші жылы 
пәтердің жалпы ауданының 1 шаршы метрі үшін Астана, Алматы, Атырау, Ақтауда және 
қаламаңы  аймақтарында 1600  теңгеден  басталады.  Өзге өңірлерде   –  төлемақы 1300 
теңгеден  басталмақ.  Жылжымайтын  мүлік  қорына  берілген  несие  мерзімі  азайтылған 
жағдайда, жалдау ақысының мөлшері де өзгеруі мүмкін. 
Азаматтар  осы  екі  бағыттың  бірін  ғана  таңдауға  құқылы  және  бір  елді  мекенде 
меншігіне бір пәтерден артық ала алмайды [ 3 ]. 
Тұрғын  үй  мәселесі  кеңес  дәуірі  кезінен-ақ  шешуі  қиын  мәселе  болатын.  Ел 
экономикасы  өтпелі  кезеңнен  өтіп,  дамудың  даңғыл  жолына  түскен  шақтан  бастап 
халықтың саны да өсіп, тұрғын үйге деген сұраныс еселеп артты. 
Жылжымайтын мүлік бағасының өсімін төмендетіп немесе керісінше оның бағасын 
көтеруге әсер ететін кейбір факторларды талдап көрелік. 
Жылжымайтын  мүлікке  деген  баға  келесі  жағдайларда  төмендейді:  егер  екінші 
деңгейлі банктерден (ЕДБ) қарыздар талап етілсе және әлемдік нарықтағы мұнай бағасы 

313 
 
төмендейтін  болса.  Сонда  ЕДБ  нарықтағы  сұраныс  пен  ұсыныс  арасындағы  жалған 
теңдікті бұзып, кепілдерін сата бастайды.   
Алматылық отбасының орташа жылдық табыс 7000-8000 АҚШ долларды  құрайды. 
ҚР статистика жөніндегі агенттіктің мәліметтері бойынша, 2012 жылдың сәуірінде орташа 
жалақы 97,568 мың теңгені немесе 660 АҚШ долларды құрады. Егер отбасында екі ата-
ана жұмыс істесе, онда ең жақсы жағдайда жылдық отбасы табысы (әйел ер адам сияқты 
табыс табады) – 16000 АҚШ долларды құрайды. 
Сондықтан  Алматы  тұрғынына  баспана  алуға  22  жылдан  астам  уақыт  ақша  жинау 
керек, ал ресми мәліметтерге сәйкес – 11 жыл. 
Нәтижесінде  қазірдің  өзінде  Қазақстан  қолжетімді  баспана  бойынша  мемлекеттер 
рейтингісіне жақын тұр. Алайда, Алматының әрбір тұрғыны өз қаржылық мүмкіндіктерін 
есептей алады. 
Құрылыс  ЕДБ  (Екінші  деңгейлі  банк)  кредиттейтін  негізгі  салалардың  бірі  болып 
отыр.  2013  жылдың  1  шілдесінде  ЕДБ  кредиттік  қоржынында  құрылыс  үлесі  шамамен 
13,2%, немесе 1 386,9 млрд теңгені құрады. 
ЕДБ  ұсынып  отырған  ипотекалық  кредиттеу  бағдарламаларын  талдау  ипотека 
нарығындағы  жағдай  айтарлықтай  өзгеріссіз  қалып  отырғанын  көрсетеді.  Ипотекалық 
кредиттеу бойынша тиімді мөлшерлемелер 12,69%-дан 18,3% дейін ауытқиды. Қарызгер 
қосымша қамсыздама ұсынса, кейбір ЕДБ міндетті бастапқы жарнадан бас тартып отыр. 
2013 жылғы жағдай бойынша республиканың қаржы нарығында 3 ипотекалық ұйым 
қызмет етеді. Жиынтық кредиттік қоржындағы ең үлкен үлес - «Қазақстанның ипотекалық 
компаниясы» АҚ-ға тиесілі.  
2013  жылғы  жағдай  бойынша  ипотекалық  ұйымдар  активтерінің  жиынтық  сомасы 
97,3  млрд.  теңгені  құрайды.  Бұл  2013  жылғы  1  қаңтардағы  көрсеткіштен  11,6%  кем. 
Тұрғын үйге қолжетімділікті қарастыратын болсақ, 2007 жылдан бастап жалпы Қазақстан 
бойынша тұрғын үйге қолжетімділіктің арту қарқыны сезіледі. Егер 2007 жылдың аяғында 
тұрғын үйге қолжетімділік көрсеткіші шамамен 7 жыл болса, 2011 жылдың аяғына қарай 
ол  4  жылға  дейін  қысқарды,  бұл:  «күрделі  қолжетімді  тұрғын  үй»  санатынан  «орташа 
қолжетімді тұрғын үй» санатына ауысу көрсеткіші. 2007 жылмен салыстырғанда жағдай 
айтарлықтай  жақсарғанына  қарамастан,  Алматы  қаласында  тұрғын  үйге  қолжетімділік 
коэффиценттері  жоғары  деңгейде  қалып  отыр.  2013  жылы  тұрғын  үйге  қолжетімділік 
коэффициенті Астана қаласында 3,5, Алматы қаласында 4,1 деңгейде болып отыр.    
Бүгінгі  күні  тұрғын  үй  құрылысында  Қазақстан  Республикасындағы  тұрғын  үй 
құрылысының 2011-2014 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылып жатыр. 
2011-
2014  жылдарға  арналған  бағдарламада  тұрғын  үй  құрылысының  негізгі 
қағидаттары және жергілікті атқарушы органдардың және тұрғын үй құрылыс жннақтары 
жүйесінің  қатысуымен  тұрғын  үй  салуы  және  сатуы,  құрылысты  қаржыландыру  үшін 
екінші  деңгейдегі  банктерді  қорландыру  бағыттары  белгіленген,  жалға  берілетін  тұрғын 
үйді  салу  және  инженерлік-коммуникациялық  инфрақұрылымды  дамыту,  сондай-ақ 
тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тартуды ынталандыру жалғасып жатыр. 
Жылжымайтын  мүлік  экономикасының  проблемалары  кең  ауқымды  және  күрделі 
мәселелер жиынтығын қамтиды. Нарықтық экономика жағдайында жылжымайтын мүлік 
экономикасының  жалпы  мәселелері,  оларды  шешу,  жылжымайтын  мүлікті  бағалау 
жөніндегі бірқатар сұрақтары туындайды. Экономикасы дамыған елдерде жылжымайтын 
мүлікті бағалы және пайдалы, көпжылдық қолданыста болуы, оның тиімділігін дәлелдеген 
жылжымайтын мүлікті сараптау мен бағалау әдістері жасалған [ 4, 65б.]. 
Қазақстан Республикасындағы макроэкономикалық жағдай, халыққа енді жекелеген 
коммерциялық  банктердің  немесе  аймақтардың  бастамасы  ретінде  емес  ұзақ  мерзімді 
тұрғын үй несиесін беруді дамытудың маңыздылығын арттыра түсуде. 

314 
 
Тұрғын  үй  нарығын  дамытуға  мемлекеттік,  жергілікті  органдар,  банктік  қаржы 
ұйымдары,  ірі  кәсіпорындар  және  т.б.  мекемелер  өз  үлестерін  қосуда,  ал  олардың 
қызметінің  нарықта  ұтымды  жүргізілуі  экономикалық  дамуға  оң  әсер  береді  және 
экономиканың басқа да салаларына өз ықпалын тигізеді. 
   
Әдебиеттер 
 
1.  ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  «Қазақстан  жолы  –  2050: 
Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы, 17 қаңтар 2014 ж. 
2. 
ҚР  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Әлеуметтік  экономикалық  жаңғырту  – 
Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауы,  2012  жылы  27 
қаңтар; 
3. 
Қазақстан  Республикасындағы  тұрғын  үй  құрылысының  2008-2010  жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы; 
4. 
Байгісиев М.Қ. «Жылжымайтын мүлік экономикасы», оқулық, Қазақ университеті, 
Алматы, 2003 – 130б. 
 
А.М. Джумабаева  
 
 
НЫНЕШНЕЕ СОСТОЯНИЕ И РАЗВИТИЕ РЫНКА НЕДВИЖИМОСТИ КАЗАХСТАНА  
 
В  статье  рассматривается  на  сегодняшний  день  в  Казахстане  один  из  острых 
вопросов,  затрагивающие  интересы  огромного  количества  людей,  являются  тенденции 
развития рынка недвижимости. 
Ключевые  слова:  недвижимое  имущество,  государственная  политика,  доступное 
жилье, ипотека, сберегательный фонд.  
 
A.M. Dzhumabaeva  
 
IMPROVING OF MARKET OF THE REAL ESTATE  
OF KAZAKHSTAN IN PRESENT DAYS 
 
In the article examined to date in Kazakhstan one of sharp questions, affecting interests of 
enormous amount of people, there are progress of property market trends. 
Key words:  real estate, public policy, accessible accommodation, mortgage, savings fund. 
 
 
ӘОЖ 336.76.(574) 
 
Жұмабаева А.М.  
 
Қазақ ұлттық аграрлық университеті 
 
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІ ДАМЫТУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 
 
Андатпа 
Мақалада  Қазақстандағы  кәсіпкерлікті  дамыту  үшін  шағын  және  орта  бизнес 
сферасындағы    экономикалық  саясаттың  жүзеге  асуы  негізінде  туындайтын  мәселелерді 
шешу жолдары қарастырылған. 
 

315 
 
Кілт  сөздер:  инновациялық  әлеует,  кәсіпкерлік,  салық  саясаты,  экономикалық 
саясат, несие, кепілдік. 
 
Шағын және орта бизнес – жеке және заңды тұлғаның өз күш-қабілетін танытуының, 
белгілі  бір  мақсаттарды  жүзеге  асырушының  іс  әрекетінің тиімді  тәсілі.  Ол  адамдардың 
өзіне  деген  сенімін  арттырады,  іскерлігін  қалыптастырады.  Ел  экономикасын  дамытуда 
маңызды рөлге ие болатын шағын және орта бизнес екендігі баршамызға белгілі. Шағын 
және  орта  кәсіпкерлікті  дамытпай,  нарықтық  экономиканы  қалыптастыру  мүмкін  емес. 
Өйткені,  бұл  –  нарықтық  қатынастарды  алға  жетелеуші  буын.  Нарықтық  экономика 
элементтерін  енгізудің  әрекеттері  монополияландырылған  ортаның  қарсылығына  тап 
болуда.  Ал  монополизмге  қарсы  күресудің  тиімді  жолдардың  бірі  –  шағын  және  орта 
бизнесті  дамыту.  Шаруашылықты  жүргізудің  жаңа  формаларын  қолданбай  еліміздің 
экономикасын  жандандыру,  халқымыздың  әлеуметтік  хал-ахуалын  көтеру  мүмкін  емес. 
Нақты  айтқанда,  жұмыссыздықты  жоюда,  жалақы  мен  зейнетақыны  уақытылы  төлеуде, 
рынокты  халыққа  қажетті  тауарлармен  толтыруда,  жеке  өндірушілердің  монополиясын 
шектеуде, депрессияны бастан кешіріп отырған жекелеген аудандарды қалпына келтіруде  
шағын кәсіпкерлікпен айналысу негізгі фактор болып табылады. 
Кәсіпкерлікті  дамыту  үшін  қолайлы  жағдайлар  жасауға  және  бизнестің  билікпен 
арадағы іс-қимылдарының жаңа моделін құруға бағытталған  «Жеке кәсіпкерлік туралы» 
Қазақстан  Республикасының  Заңы  қабылданды.  Кәсіпкерлердің  белсенділігін 
ынталандыруды  көздейтін  айтарлықтай  салықтық  жеңілдіктер  заңдық  деңгейде 
қарастырылды.  
Нарықтық  экономикасы  дамыған  елдерде  әрбір  азаматтың  кәсіпкерлікпен 
айналысуға  құқығы  бар.  Алайда  оны  жүзеге  асыру  қоғам  мүшелерінің  кез-келгенінің 
қолынан  келе  бермейді.  Сондықтан,  осы  белгілі  фактор  мемлекеттің  экономикалық 
дамуындағы күре тамырына айналып отыр [1]. 
Қазіргі  кезде  жаңа  принциптегі  техника  мен  технология  жасалынып,  өндіріске 
кеңінен енгізілуде. Осының арқасында қоғамдық өндірісті дамытуда ғылымның рөлі арта 
бермек.  Болашақтағы  өндірістік  қалдықты  аз  шығаратын  немесе  қалдықсыз  технология 
болмақ.  Бұл  шикізатты  үнемдеуге  және  экологияны  таза  ұстауға  көмектеседі.  Алдағы 
уақытта  экономикасы  дамыған  30  елдің  қатарында  болу  үшін  экономика  білімі  мен 
ғылымның  негізінде  дамуы  тиіс.  Өйткені,  бүкіл  әлем  ғалымдары  өз  салаларының  озық 
және ең тиімді жолдарын өндіріске енгізуге талпынуда. Себебі, дамудың тиімді жағының 
бірі, ол өндірісті ұйымдастырудың кластерлік даму формасының өзектілігі, осылай даму 
арқылы болғанын қалайды. 
Қазақстан «Бизнесті жүргізу – 2012 (Doing Business)» рейтингіде 47-орынды иеленді. 
Қазақстанның  инновациялық  әлеуетінің  бәсекеге  қабілеттілігі  183  елдің  арасында 
Дүниежүзілік Банктің бағалауы бойынша орта деңгейден төмен. Қазақстан экономикасы 
үшін  үздік  технологияларды  пайдаланудың  жеткіліксіздігі,  басқарушылық  тәжірибесінің 
төмен  деңгейі,  менеджерлердің  басым  көпшілігінің  техникалық  дағдысының  шектеулігі, 
қаржы ресурстарының қолжетімсіздігі және түрлі әкімшілік кедергілермен сипатталады. 
ШОБ-тің құрамдас бөлігінің бірі – бизнес инкубаторлары болып табылады. Бизнес 
инкубаторлар  арқылы  кәсіпкерлік  ортаның  дамуына  ықпал  ететін  нарықтық 
инфрақұрылымның  қалыптасуы  орын  алды.  Қазіргі  уақытта  бизнес  инкубаторлар  10 
облыста  құрылған.  Жалпы  елде  31  бизнес  инкубаторлар  қызмет  атқаруда.  Соңғы 
жылдары,  бизнес  инкубаторлар  территориясында  өндірістің  түрлі  саласында  200-ден 
астам кәсіпорындар әрекет етуде. 
Елбасымыз  орта  және  шағын  кәсіпкерлікті  дамыту  керектігі  жайлы  осы  уақытқа 
дейінгі  Үкімет  құрамының  барлығына  дерлік  тапсырма  беріп  келгені  баршаға  аян.  Әр 
кезеңде  билік  басында  болған  Үкіметтеріміз  дәл  осы  салаға  қатысты  мемлекет 

316 
 
басшысының  тапсырмаларынан  кенде  болған  жоқ.  Десек  те,  тапсырманың  орындалуы 
көңіл көншітпейді. Әлемнің барлық нарықтық мемлекеттерінде шағын және орта бизнес 
ұлттық  экономиканың  70-80  пайызын  еншілесе,  ал  бізде  бұл  сала  әлі  20  пайызға  жете 
қойған жоқ. 
Мемлекет  басшысы  Н.Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  халқына  «Қазақстандық  жол  –  
2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  атты  Жолдауында  Қазақстанның  әлемдегі  ең 
дамыған  30  елдің  қатарына  кіру  тұжырымдамасында  алдағы  жұмыстың  ұзақ  мерзімді 
басымдықтары белгіленген. Осы басымдықтың бесінші бағытында:  
«Шағын  және  орта  бизнесті  дамыту  –  ХХІ  ғасырдағы  Қазақстанды  индустриялық 
және  әлеуметтік  жаңғыртудың  басты  құралы.  Экономикамызда  шағын  және  орта 
бизнестің үлесі артқан сайын Қазақстанның дамуы да орнықты бола түседі. Бізде шағын 
және  орта  бизнестің  800  мыңнан  астам  субъектісі  бар,  онда  2,4  миллионнан  астам 
қазақстандық еңбек етеді. Бұл сектордағы өнім көлемі төрт жылда 1,6 есе өсті және 8,3 
млрд. теңгені құрап отыр. 
Жаһандық рейтингке сәйкес, Қазақстан бизнесті жүргізуге ең қолайлы жағдайы бар 
елдер тобына кіреді және біз бұл үрдісті өрістете түсуге тиіспіз. Шағын және орта бизнес 
– 
біздегі Жалпыға ортақ еңбек қоғамының берік экономикалық негізі. Оны дамыту үшін 
жеке  меншік  институтын  заңнамалық  тұрғыда  нығайтатын  кешенді  шешімдер  қажет. 
Бизнесті  дамытуға  кедергі  келтіретін  барлық  енжар  құқықтық  нормалардың  күшін  жою 
керек. Шағын бизнес ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналуға тиіс. 
Шағын  бизнесті  мамандандыруды  келешекте  оларды  орта  деңгейге  көшіру 
перспективасымен  дамыту  шараларын  қабылдау  маңызды  болмақ.  Осы  сектор 
субъектілерінің банкроттығының айқын тетіктерін енгізген жөн. Шағын және орта бизнес 
жаңа  инновациялық  кәсіпорындар  төңірегінде  дамуға  тиіс.  Елбасы  Үкіметке 
индустрияландырудың  екінші  бесжылдығы  жоспарын  «Бизнес-2020»  жол  картасымен 
үйлестіруді тапсырды. Үкімет Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, жұмысын жаңа 
бастаған  бизнесмендерге  әдістемелік  көмектің  тиімді  тетіктерін  жасауы  керек»,–  екенін 
нақтылай айтты [ 2 ]. 
Сонымен,  соңғы  кездері  ШОБ-ті  қолдауды  және  дамытуды  реттейтін  заңнамалық 
және  нормативтік  база  құрылды.  Кәсіпкерлікті  қолдаудың  және  дамытудың  бұрынғы 
мемлекеттік  бағдарламаларын  талдау  оларды  іске  асыру  республикада  кәсіпкерлік 
секторды қалыптастыруға және дамытуға оң әсер еткенін көрсетті. Нарықтық реформалар 
жылдарында  кәсіпкерлік  сектор  қоғамда  елеулі  орынға  ие  болды.  Ресми  статистика 
деректері бойынша  республикада осы сектор дамуының оң серпіні, ШОБ субъектілерінің 
тұрақты  өсуі  2012  жылы  591,5  мың  шағын  кәсіпкерлік  субъектілері  есепке  алынған, 
оларда  шамамен  1,8  миллион  адам  жұмыс  істейді.  Шағын  кәсіпкерлікте  жұмыс 
істейтіндердің үлес салмағы жалпы санының 17,6%-ын құрайды. Шағын және орта бизнес 
саласында жұмыс істейтіндердің ең көп саны Оңтүстік Қазақстан облысында белгіленген 
– 
237083 адам, Алматы қаласында – 216303 адам, Алматы облысында – 178874 адам. Ең 
азы Қызылорда облысында – 40785 адам.  
Шағын  және  орта  бизнес  алдында  тұрған  проблемалардың  жеткілікті  екендігі 
анықталды  және  олар  терең  ғылыми  ізденісті  талап  етеді.  ШОБ-тің  дамуына  кері  әсер 
ететін бірқатар факторларды былайша топтауға болады: 
Қазақстан нарығында шағын кәсіпорындардың тиімді қызмет етуіне кедергі болып 
отырған мәселелердің бірі – салық саясаты. Қазақстандағы ШОБ-ті дамыту факторларын 
атайтын  болсақ,  онда  мына  төмендегі  жағдайды  көруге  болады.  Аталған  мәселелерді 
салық заңнамасында шешу үшін мыналар қажетті болып келеді: 
1. 
Жаңа  өндірістік  –  инновациялық  кәсіпорындарға  салық  салудың  жеңілдетілген 
режимін енгізу; 

317 
 
2. 
Өндірістік  сектордағы  кәсіпорындардың  несиені  өтеу  кезінде  салық  салу 
процедурасын қайта қарау; 
3. 
Ынталандырушы  салық  режимін  орындау  жолымен  шағын  бизнеске  жанама 
қаржылық талдау көрсету; 
4. 
Салық  саясаты  шағын  кәсіпкерлік  субъектілер  санының  өсуін  ынталандырушы, 
жұмыс  орындарының  өсуіне,  өндірілген  жұмыстар  мен  көрсетілген  қызметтердің 
экономикалық реттеушісі болуы керек. 
Шағын бизнес субъектілерінің жұмысына кедергі болатын мәселелердің екінші түрі: 
жалпы  экономикалық  жағдайдың  тұрақсыздығы.  Яғни,  АҚШ  доллары  бағамының  тез 
өзгеретіндігі, макроэкономикалық жағымсыз өзгеріс. 
Шағын және орта бизнес субъектілері үшін қаржы және несиелік қолдау жүйелерін 
жетілдіру  мақсатында  «Бизнестің  жол  картасы  –  2020»  бағдарламасы  қабылданды.  
Бағдарлама жаңа технологияларды, жаңа нарықты, инновациямен айналысатын және жаңа 
өнімді игеру тәуекеліне дайын динамикалы кәсіпкерліктің дамуына бағытталған.  
Үшінші  мәселе:  кәсіпкерлер  несиені  алу  кезінде  туындайтын  қиыншылықтар 
мәселесі.  Шағын  кәсіпкерліктің  дамуына  кедергі  келтіріп  отырған  бұл  мәселе 
субъектілердің  өзінің  инвестициялық  және  айналымдағы  мұқтаждарын  қамтамасыз  ету 
үшін  жеткілікті  қаржы  ресурстарының  жоқтығы  болып  табылады.  Республика  бойынша 
ШОБ субъектілерімен жүргізілген анонимді сауалнаманың мәліметтері бойынша, шағын 
бизнестің  алдында  тұрған  ең  негізгі  мәселе  –  несиелік  ресурстарға  шығу  жолының 
қиындығы. 
Төртінші  мәселе:  шикізатпен  қамтамасыз  етілуі  мен  өнімді  өткізуі.  Өнімді  өткізу 
кезінде  қиыншылықтардың  пайда  болуының  бірден-бір  себебі  –  бәсекелестік  ортаның 
жоғарылылығы.  Шағын  кәсіпкерліктің  дамуына  кері  әсер  ететін  басқа  да  факторлар 
шағын  кәсіпкерліктің  қызметін  реттейтін  қолданыстағы  заңнамадағы  нормалардың 
жетілдірілмеген  және  кей  жағдайда  нақты  нормалардың  болмауы  болып  табылады,  бұл 
әкімшілік кедергілерді ұлғайтуға әкеледі [ 3, 81б.].  
Шағын және орта кәсіпорындардың тиімділігі және артықшылығы – олар аса үлкен 
қаржыны  керек  етпейді.  Шағын  және  орта  бизнес  халықтың  әл-ауқатын  арттырып, 
қосымша  жұмыс  орындарының  ашылуына,  жалақының  уақытында  төленіп  отыруына 
себін  тигізетіні  сөзсіз. Бүгінгі  Қазақстан  жағдайында  кәсіпкерліктің осы  түрін  дамытуға 
кеңінен жол ашылды. Соның бірі – шағын несиелендіру, оларды қаржылық ресурстармен, 
яғни,  несиемен  қамтамасыз  ету  болып  табылса,  оларды  несиелейтін  екінші  деңгейдегі 
коммерциялық  банктердің  жағдайына  да  тоқталған  дұрыс.  Бүгінгі  күні  отандық 
банктеріміздің барлық капиталының мөлшері әлемдегі ірі банктердің капиталынан жүз есе 
кем екендігін ескеретін болсақ, онда банктерге ең алғашқы кезекте өздерінің ресурстарын 
нығайту  қажеттілігі  туып  отыр.  Коммерциялық  банктердің  шағын  бизнесті  несиелеу 
механизмі  мәселелеріне  әлемдік  тәжірибеде  кеңінен  қолданылатын  әдістемелік 
нұсқауларды  өндіру  керек.  Ал  коммерциялық  банктер  экономиканың  нақты  секторын 
несиелеуі ұлттық экономиканың өсуіне қосқан үлесі болмақ. Олардың дамуы мемлекеттің, 
экономика агенттіктерінің шаруашылық өмірі үшін әрі тиімді де пайдалы. 
Коммерциялық банктер көбінесе заңды тұлғаларды және қысқа мерзімді несиелеуді 
жақтайтыны  –  тарихи  қалыптасқан  жағдай.  Алғашқы  құрылу  кезінде  шағын  бизнес 
несиесіз өз жұмысын атқара алмайды. 
Қорытындылай  келе,  шағын  кәсіпкерліктің  табысты  дамуы  елдегі  қолайлы 
әлеуметтік, экономикалық, құқықтық және саяси еркі қалыптасқанда ғана мүмкін болады. 
Өз  кезегінде  ерікті  қолдау  мен  нығайту  шағын  және  орта  кәсіпкерліктің  кең  ауқымды 
дамуына жол ашады деп ойлаймын. 
 
 

318 
 
Әдебиеттер 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет