1.Қайта өрлеу кезіндегі жаратылыстану ғылымының сипаты



Дата23.05.2022
өлшемі20,61 Kb.
#35336

1.Қайта өрлеу кезіндегі жаратылыстану ғылымының сипаты.
Қайта Өрлеу дәуірі негізінде бақылаулар мен тәжірибенің жүйелі түрде болмай, зерттеудің жүйеленбеген сипаты кезі болып табылады. 17 ғасыр физикадағы тәжірибені жаппай қолдану бастамасының негізін қалады. Оның негізін салушы және осы жаратылыстанудың іргесін қалаушылардың бірі – Галилео Галилей болып табылады.
А. Эйнштейн "Теоретикалық физика тәсілдері жайында" атты еңбегінде жаңаша тәсілдің қалыптасу процесін төмендегідей айтады. Адамзат ең алғашында, шынайылықты қажет ететін ғылым үшін жетілді, Кеплер және Галилейге дейін болмаған философия жетістігі басқа да бір жаңаша жетістікті қажет етті. Кіршіксіз логикалық ойлау біз үшін эмпирикалық әлемнің ешқандайда білімін бермеді. Яғни таным шынайы эксперименттен бастау алады және соған қайтып келеді. Шынайылылықпен салыстыру бойынша таза логикалық құралдардың көмегімен алынған тұжырымдар қате, яғни босқа уақыт өткізу болып табылады. Осы шындықты Галилей өзінің қасындағы жетекші адамдарға айтты. сол себепті оны физиканың және жаратылыстанудың атасы болып есептелінді. Галилейдің ғылымға қосқан үлесі өте зор. оның физика математика ғылымдарында көптеген еңбектері бар.
Галилей жаңалығы, ол жаңа ойды жүйеледі, демек табиғатты зерттеу кезінде қолданысқа ие болды..
Сондықтан, табиғатты жәй ғана тану ғана емес, керісінше, оны бағытталған, жүйеленген мақсатта оқып-білу абзал. Яғни жаратылыстануды қалыптастыру белгілерінің бірі болып табылады. сондықтан, Г.Галилео айтып отырған талап қазіргі заманғы ғылымның маңызды әдістемесі екенін түсінеміз.
Осы қайта өрлеу кезеңінің бастапқы кезінде математикаға деген үлкен қызығушылық пайда болды. Айта кетсек Л.Пачолидің «Арифметика, геометрия, пропорция қосындысы» деген еңбегінде бастапқы математикалық білімге қорытынды жасалынады, антика ғалымы Филолайдың «математика барлық заттарға қатысты заңның жалпылығын қамтиды» тезисін дəлелдейді. П.Гайденканың ойынша: орта ғасырдың ғылыми білімінің біршама өзгеше қасиеттері болады: комментарий (талдау); жүйелендіру жəне классификациялаутенденцияцы ; канонизацияға айналған шығармалардың көбі классификацияны қолданады; компиляторлық қасиет, демек, алғашқы шығармалалардың ойларын қайталап қолданса; теология мен натурфилософияның, 1 - ақиқатты Құдай жазуымен , ал 2- тəжірибе мен индукцияны қолдайтын табиғи ақылмен .
Физикада, экспериментті ойлап тауып, өндірілген, эффективті нәтижелерге жеткенше біршама қайталау бұлар ғылымның міндеті болып табылады.
Галилейдің заманында өмір сүрген, ағылшын философы Френсис Бэкон (1561-1326) таза экспериментальді әдісін ұсынды. Оған қарама-қарсы Галилей ешбір жерде абстрактілі түрде түсінік берген жоқ. Оның әдісі табиғат құбылыстарын нақты талдау болып табылады.
Галилейдің ізденістеріндегі негізгі кезеңдерңн айтсақ:
1. Галилей айтқандай сезімдік тәжірибе, құбылыстарды қабылдау. олар табиғат заңдарын толық қамтымайды дейді. 2. Аксиомаға өту, демек заманауи тілмен айтқанда жұмыс жорамалына өту. .
3. Математикалық даму. Яғни мазмұны қабылданған жұмыс жорамалынан келіп шығатын логикалық зерттеулердің айқын болуы. Осы орайда математикалық ізденістер неге біздің түйсігімізбен сәйкес келуі керек? деген сұрақ туындайды . Галилей айтады: ″Біздің ақыл-ойымыз қағаз әлеміне емес, шынайы әлемге бағытталуы қажет″
4. Галилей тәжірибесінің 4 ші фазасы – тәжірибелік тексеру – яғни ғылыми ашылулардың барлық жолының жоғарғы өлшемі.
демек осы төртеуі – бұлар табиғат құбылыстарын зерттеудің төрт фазасы. яғни бұлар тәжірибеден басталады, соған қайтып оралады. дегенмен құбылысты зерттеу математикасыз дамуы мүмкін болмайды. себебі Математика Галилей үшін тек таным құралы емес, яғни философиялық мазмұнға ие болып табылады. Галилей шығармалары жинағының 1 ші бетіне былай жазылғанын қалапты:
“осы кезден бастап табиғаттың ұсынған миллиондаған мысалдарынан қорытынды жасау математиканың қаншалықты тиімді екені түсінікті. Платон жария еткен ақиқатқа орай геометрияның көмегінсіз нақты философияның болуы мүмкін емес деген екен. Демек жаратылыс тың барлығы математикасыз болуы мүмкін емес деп айта аламыз.
2.
Ғылыми этика мәселелеріне көзқарасыңыз.
Қазіргі заманда этикалық мәселе кеңінен қарастырылады. . бұл проблемаларға деген қызығушылық бұрынғы заманнан бастау алады. Өзінің ұзақ, мазмұнды тарихы бар. алайда, зерттеушілер мен ғылым шешімді табуға тырысу үшін көптеген уақыт пен күш жұмсауға тура келді.
Ғылыми этика - тек қана әкімшілік ережелер емес, ғылыми қызметте ғалымдар ұстанатын сонымен қатар ғылымның жұмысын қамтамасыз етуге арналған моральдық принциптердің жиынтығы болып табылады.
Яғни этика адамгершіліктің әртүрлі қоғамдық құбылыстарын әртүрлі нормалары туралы ілімдер жүйесі екенін түсінеміз. ғылым этикасы - кәсіби этиканың бірі. міндеті - ғылыми қызметтің адамгершілік принциптерін дамыту болып табылады. қазіргі таңда «ғылыми этика» ұғымы екі аспектіні қамтиды: сыртқы, ішкі. Сыртқы аспект ол қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігіне қатысты болады, демек қоғам мен ғылым арасындағы қарым-қатынасты реттейді. ішкі аспект ғылыми әлемдегі ішкі қарым-қатынасты дұрыстайды. Ғылымның ішкі мәселелері әртүрлі.
Бүгінгі таңда жетістіктер қоғамның жағдайына сәйкес келе ма жоқ па соны анықтайтын қатып қалған ережелер жоқ.
Демек нәтижесінде қызметте ғылыми нәтижелерді пайдалануға мүмкіндік береді, әскери жаппай қырып-жоятын оқ қару жарақпен күресуге көмектесетін адамдардың пайда болады. Адамдардың санасын анықтайтын зерттеушілер көп. Осыған көптеген мысалдар келтіруге:қару, эксперимент, халықтың жадына тәжірибе және т.б. Ғылыми ашылулардың адамдарға қаупін сақтау үшін ғана емес, тек жақсы қасиеттерге қызмет етеді және ғылымның этикасы сақталуы қажет деп есептеймін. Адамның өміріне қауіпсіз ғылыми жаңалықтарымыз көп болса деп ойлаймын.
Қазіргі ғылыми этика келесілермен сипатталады:
—әмбебап мақсат
нысаналы білім саласын алу, кеңейту;
- төзімділік нормалары
Ғылымның этикалық кодексінде утилитарлық емес, негізгі зияткерлік құндылықтар қарастырылады және де, ғылыми адалдық, жұрттың танымалдығы, жақсы атауды сақтау яғни абыройын сақтап қалу мәселелеріне ерекше көңіл беріледі. XX ғасырда жағдай біршама өзгерді-қатаң талаптар азайды, ғылым жүйеленді.
3.
Гуманитарлық ғылымдардың өзіндік ерекшеліктеріне тоқталыңыз.
Гуманитарлық ғылымдар яғни лингвистика бұл - адамды рухани, адамгершілік, мәдени және әлеуметтік саласы бойынша зерттейтін пәндер. Гуманитарлық ғылымдарда дәлдік маңызды емес деп айтсақ болатын шығар, математикаға қарағанда алайда тарихи оқиғаны суреттеу қажет болғанда, түсіну одан да маңызды деп ойлаймын.
енді гуманитарлық ғылымдарға : тарих, филология, әдебиет, археология, экономикалық теория, мəдениеттану, өнертану экономикалық география,саясаттану, əлеуметтану, жəне тағы сол сияқты ғылымдарды жатқызуға болады. гуманитарлық ғылымдардың өзгешелігіне тоқталсақ
Жаратылыстанудан өзгешелігі, субъектілік-объектілік қатынастар басым, яғни гуманитарлық ғылымда қатынастарға қатысты болып табылады.
Білім бағасының нақты емес жəне қатал емес түрлері (яғни эксперимент):
1 табиғаттануға яғни жаратылыстану ғылымдарына қарағанкда ғылыми элита мен мектептер, олардың қызметрінің этикалық аспектілері қатты бағаланады;
2 идеологиялық пен ғылымнан өзге əлеуметтік əсерлердің рөлі үлкен
3 идеологияға бағынатын ғылымдар;
4) БАҚ ғылымдар
Айта кетсек ғалым жазушы Бахтин өзінің «Гуманитарлық ғылымдардың философиялық негіздері» деген еңбегінде былай депті: «Гуманитарлық ғылым мәнерлі және әсерлі сөйлейтін болмысы. Ол болмыс ешқашан өзімен өзі сәйкес келімейді, яғни оның мағынасы бойынша сарқылмайды ».
Осы орайда гуманитарлық ғылымдардың ең бастысы - сөйлеу мен мәтін, яғни ауыз екі әдебиетін жетік меңгеру талап етіледі, ал мағынаны герменевтикалық зерттеулерді қалпынеа келтіру негізгі әдіске айналады деп түсінемін. Гуманитарлық ғылымдардың басты мәселесі - түсіну, яғни ауызша айту, ойлау және есту дағдылары аса маңызды.
Гуманистика - өзгеше, яғни ол көп жағдайда жеке басының тұжырымдамасымен, ол (тұлға) қоршағаң ортадан тыс кезде, таңдау жасай алуы. Бұл адамның ішкі әлемындегі проблемалар, және оның рухының өмірі. Гуманитарлық ғылым Білімнің бір бөлігі болып табылады, ғылыми білім тақырыбының бәр критерийлеріне жауап беретін, ғылымның құзыретіне кіреді. Бірақ,басқа да бөлік, индуциялар, сенім, эзотерикалық білім жайныда түсініктерге қатысты. Яғни гуманитарлық білім түсінігі гуманитарлық ғылымнан әлдеқайда ауқымды.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет