25. Көлік қиылыстарын әр түрлі деңгейде ұйымдастыру Көше қиылыстарының өткізу мүмкіндігі арттыру үшін түрлі деңгейдегі көлік қиылыстарын жобалайды. Сонымен бірге, бұл жағдайда қозғалу жылдамдығы төмендемейді, жолға уақыт кетірілмейді, дау тудыратын автокөлік легін қиылыстар арқылы өткізуге мүмкіндік жасалынады. Көше қиылысында қозғалысқа қатынасатын көліктер санына байланысты қиылыстарды 2, 3, 4 деңгейлі етіп жасайды. Бұл үшін жасанды құрылыстарды – жол сілтеуші, эстакадалар, туннельдер және көпірлер қарастырылады.
Екі деңгейдегі қарапайым көшелер қиылысы – біреуі екіншісінің үстінен эстакада, туннель немесе басқа жасанды көлік өткізуші құрылымдар орналастыру арқылы іске асады. Түрлі деңгейдегі көлік қиылыстары бір көлденең кимада өтуі міндетті емес, олар бір-біріне қатысты кеңістікте орналасуы мүмкін.
Автокөлік легінің ұлғаюы қала көшелерінде кептелістер тудырады. Жол қозғалысында уақыт нормативімен қамтамасыз ету үшін автокөлік жылдамдығын жоғарылату қажет. Сондықтан да қала құрылымында қала құрылыстары және ұйымдастырушылық шешімдермен қатар үлкен жылдамдықты қамтамасыз ететін қалалық жолдар мен магистральды көшелер жаңа байланыс жолдары ретінде пайда болды. Сол жолдардағы қауіпсіз, тоқтаусыз жол қозғалысын қамтамасыз ету үшін түрлі деңгейдегі көшелер болуы тиіс.
Сонымен қатар, барлық қалалық қиылыстар теміржол ағаштары, жерасты метрополитен жолдары, қала сыртындағы жеңіл трамвай электрлік жолдары түрлі деңгейлерде болуы керек. Сонымен бірге түрлі деңгейдегі қиылыстар табиғи кедергілерден (өзендер, су қоймалары, жарлар, төбелер ) өту үшін ұйымдастырылады.
26. Толық жоңышқа жапырақты қиылыстар, олардың түрлері Түрлі деңгейдегі автокөлік қиылыстарының түрлері мен типтері әртүрлі. Олардың негізгілері:
1. Түрлі конфигурациядағы толық жоңышқалы бет. Мұндай көше қиылыстарының артықшылықтары: бір жасанды құрылыстың салынуында үзілмейтін екі бағыттағы қозғалыстың қамтылуы. Кемшіліктері: өте кең жер телімін, 8–10 га жер талап етеді, бұл қала жағдайында қиын; қозғалыс жылдамдығы аз υ = км/сағ., R = 30 м: басқа бағыттағы қозғалыспен жанасу үшін қосымша жол жолағын қажет етеді. Бұл кемшіліктер қала жағдайында қолдануды қиындатады.
2. Жетілдірілген жоңышқа жапырақты.
3. Қысылған жоңышқа жапырақты.
4. Бір квартал айналу арқылы толық жоңышқа жапырақты.