1.Қалқанша безінің гормондары


Майда және суда еритін витаминдердің негізгі өкілдері,организмдегі рөлі



бет2/2
Дата15.01.2023
өлшемі17,61 Kb.
#61386
1   2
Байланысты:
Биохимия

3.Майда және суда еритін витаминдердің негізгі өкілдері,организмдегі рөлі
Майда еритін дәрумендер осы төртеуі : A,D,E,K. Ал қалған дәрумендер суда еритін витаминдер тобына жатады.
А дәрумені – бастапқы спирттің полиқанықпаған, В ионды сақинасы молекуласында бар, майда ериді, қыздаратын болса ыдырамайды. Сыртқы көрінісі сары майға ұқсастау. Адамдар мен жануарлардың ағзасында бұл витамині бірнеше жұмыс жасайды: эпителий клеткаларының тері қабаты мен тыныс жолдарында сонымен қатар ас қорыту жолында өсуі мен олардың жіктеліп бөлінуіне атсалысады. А витамині жетіспесе, балада өсу үрдісі тежеліп, көздың қырағылы төмендеуі болады. Ақшам соқыр ауруы, сонымен қатар қуықтың , жатырдың, ішектің және өкпенің кілегей қабығы бұзылысқа ұшырайды.
Д витамині бұзылысынан мешел дерті ,яғни Рахит ; жыныстық қабілеттер төмендеп кетеді және тағы басқа сыртқаттарға апарады.
В1 дәрумені асқорыту, жүректің және жүйке жүйесі қызметіне аса керек. Оны белок пен май, көмірсу алмасуына қатысатын ферментер құрамында кіреді, өсу мен даму, жүрек пен қан тамырларының тағы басқада ішкі мүшелердің қызметінің жүйкелік реттелуіне қатысады. Осы дәрумен ішкен тағамда болмайтын болса, немесе қажет еместік болса адамдарда «бери-бери» не полинефрит деп аталатын дертке ұшырайды. Бұл дәруменді бидайдың қабығы мен бұрыштарда, бауыр мен бүйрек, жүрек етінде мол болып келеді.
С дәрумені ағзада жетіспесе,құрқұлақ ауруы болады.Сонымен қатар қан тамырларының,әсіресе капилляр тамырларының серпімділік көрсеткіші нашарлап кемиді.Және құрқұлақпен ауырғанда қызыл иектер қанағыш,кейін тістер босап түсуі,терідегі қан тамырларының серпімділігі бұзылады да,бетте қоңырдан дақтар шығады.Тіптен салдары сүйек сынғыштығына апарды.Осыған С витамині өте қажетті екенін түсіне берсек болады.Бұл дәрумен жетіспегенде болатын сырқаттардың алдын алу шараларын жүргізу керек.Мысалы гиповитаминоз қыс мезгілінде,көктем кезінде азық-түлікте құнарлық төмендегенде болуы мүмкін,сондықтан жылдың бұл мезгілінде қосымша аскорбин қышқылын тұтыну кеңес етіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет