Аса қауіпті инфекция(сібір жарасы/түйнеме)-особо опасные инфекции
154#
*!Ер адам 25 жаста, дене қызуының 39,0 С-қа дейін жоғарылауына, бас ауыруына, әлсіздікке, бұлшық еттердің ауыруына шағымданады. Эпидемиологиялық анамнез: бір апта бұрын тауда болғанда кене шаққан. Объективті: жағдайы ауыр. Науқас әлсіз. Шүйде бұлшық еттерінің кернеуі теріс. Керниг симптомы теріс. Беті мен мойыны қызарған. Склера қан тамырлары инъекцияланған. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульс – 104 рет/мин.
Қандай этиотропты дәрі ең тиімді болып табылады?
кенелік энцефалитке қарсы донор иммуноглобулині немесе вирусқа қарсы препараттар-интерферон(реаферон,лейкинферон),амиксин,циклоферон.
155#
*!Ер адам 22 жаста, 18-ші мамырда, ауруының 4-ші күні дәрігер шақырған. Шағымдары: дене қызуының 390С-қа дейін жоғарылауы, бас ауыруы, әлсіздік, жүрек айнуы, құсу. Эпидемиологиялық анамнез: 5 күн бұрын тауға барғанда кене шаққан. Қарап тексергенде: беті қызарған. Шүйде бұлшық еттерінің кернеуі +5 см, Керниг симптомы «оң».
Диагнозды дәлелдеу үшін қандай лабораторлық диагностика әдісін қолдану керек?
қаннан немесе жұлын сұйықтығынан вирусты бөліп алу,ПТР арқ.РНКсын анықтау вирустың,ИФА(иммуноглобулин джи)
156#
*!Ер адам, 40 жаста. Жедел ауырып бастаған. Анамнезде: жиі асқынып тұратын созылмалы тонзиллиті бар. Шағымдары: дене қызуының жоғарылауы, бас ауыруы, оң жақ санындағы кернеген ауыру сезімі мен күйдіру сезімі. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы – 38,50С. Терісінің түсі қалыпты. Status localis: оң санының аймағында нақты шекарасы мен перифериялық төмпешігі (валик) бар, «жалын тілдері» тәрізді айқын гиперемия ошағы мен жергілікті гипертермия анықталады. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульс – 100 рет/мин.
Сипатталған клиникалық жағдайда қандай этиотропты дәрі ең тиімді болып табылады?
бензилпенициллин (немесе амоксициллин,азитромиицин,эритромицин,спирамицин,левофлоксацин)диагноз-тілме/рожа
157#
*!Ер адам, 40 жаста. Жедел ауырып бастаған. Анамнезде: жиі асқынып тұратын созылмалы тонзиллиті бар. Шағымдары: дене қызуының жоғарылауы, бас ауыруы, оң жақ санындағы кернеген ауыру сезімі мен күйдіру сезімі. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы – 38,50С. Терісінің түсі қалыпты. Status localis: оң санының аймағында нақты шекарасы мен перифериялық төмпешігі (валик) бар, «жалын тілдері» тәрізді айқын гиперемия ошағы мен жергілікті гипертермия анықталады. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульс – 100 рет/мин.
Сипатталған аурудың себепшісі болған қандай қоздырғыш?
Достарыңызбен бөлісу: |