1.Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі



Pdf көрінісі
бет39/40
Дата10.05.2023
өлшемі1,39 Mb.
#91533
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
 
29 - Билет 
 
1.XIX ғасырдағы қазақ халқының музыка өнері 
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы эпикалық шығармалар негізінен халықтың қаһарман 
батырлары Абылай мен Кенесарының ерлік істерін суреттейді. Қыз ұзату, келін түсіру 
тойлары, рулар мен тайпа басыларының жиындары әдетте ән салу, күй тарту сияқты 
салтанатты жағдайда басталатын. Қазақтардың жазға қарай жайлауға, кысқа қарай 
қыстауға көшетін кездері де осындай ойын-сауық салтанатымен өтетін. Ән салу, күй 
тарту қазақ даласындағы жәрмеңкелердің де сәнін кіргізетін. Әр түрлі еңбек үрдістері мен 
тұрмыстық салт-сана жоралары да ән мен күйге ұласатын. Сондай-ақ бесік жырлары мен 
балаларға арналған әндер де кеңінен таралған дәстүрлі әдет-ғұрып болатын. Бұл кезеңде 
қазақтарда айтыс өнері кең өріс ала бастады. Әдетте әр рудың өз айтыс ақыны болған. 
Олар өз руының атақты адамдары — батырлары мен билерін, балуандарын мадақтап, 
дәріптеген, оларды өзгелерге үлгі етіп көрсете білген. Айтыс ақындары өлеңді алдын ала 
дайындамаған, нақты жағдайға орай аяқ астынан суырып салып айтатын. Олар бірінің 
сөзін бірі іліп алып кетіп, өлеңмен сөз сайысына түс- кен. Айтыс ақындары өздерінің 
білімін, ақыл-парасатын, шешендігі мен тапқырлығын танытуға бар күшін жұмсайтын. 
XIX—XX ғасырлардың бас кезіндегі қазақтардың поэзиясы халықтың ежелден қалыптасқан 
мәдениетімен, дәстүрлерімен және әдет-ғұрыптарымен тығыз байланысты болды. XVIII 
ғасырдың аяғынан бастап қазақ әдебиетінде бұрынғы әншілік-жыршылық дәстүр 
біртіндеп ығыстырылып, оның орнын жеке поэтикалық шығармашылық ала бастады. Егер 
бұрын батырлардың ерлік істерін дәріптеу басым болып келсе, XIX ғасырдан бастап 
күнделікті тұрмыс-тіршілік тақырыбына тереңдеп ену байқалды. Ақындар өмір жайлы 


толғанысында шығармашылықтың өзіндік дара жолын іздеуге тырысты, жаңа кәсіби 
поэзия қалыптаса бастады. 
2.С.Асфендияровтың қоғамдық саяси өміріне баға беріңіз. 
Санжар Асфендияров — XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың демократиялық 
интеллигенциясының көрнекті өкілі. Ол 1912 жылы Ресейдің ең ірі ғылыми және мәдени 
орталығы Санкт-Петербургтегі Императорлық әскери-медицина академиясын алтын 
алқамен үздік бітірді.Патша заманында Ресейде білім алған энциклопедист-ғалым
Кеңестік Ресей мен Қазақ Автономиялық Республикасының мемлекеттік қайраткері, шебер 
ұйымдастырушы, талантты азамат Санжар Асфендияров — қазақ елінің болашағы үшін 
қайраты мен күш-жігерін аямаған тарихи тұлға Гүлсім Асфендиярова (Аспандиярова) 1913 
жылдан Ташкент қаласындағы әйелдер босанатын үйдің бас дәрігері болды. 1920 жылы 
Ташкент қаласында мұсылмандар ұйымының Түркістан өлкелік бюросының өтінішімен 
жергілікті халықтардан шыққан әйелдер үшін акушерлік мектеп ұйымдастырды, әрі сол 
мектептің меңгерушісі және оқытушысы болды. 1924 жылы бұл мектеп Ю.Ахунбабаев 
атындағы медициналық техникумға қосылды. Гүлсім Сейітжапарқызы өмірінің соңына 
дейін осы техникумда дәріс берді. Ол оқытқан шәкірттерінің арасынан кейін Орта Азия 
мен Қазақстанның көрнекті ғалымдары өсіп шықты.Сонымен, Санжар Асфендияров 
ауқымды ұйымдастырушылық және қоғамдық жұмыспен айналыса жүріп, өзінің ғылыми 
ізденістерін жүргізуге мүмкіндік тауып отырған. Көптеген жылдарға созылған ғылыми-
зерттеу жұмысының заңды нәтижесі ретінде ғалымның еңбектері көпшілікке таңымал 
болған ғылыми еңбектері өмірге келіп, артынан өзінің бай ғылыми мұрасын қалдырған 
болатын. 
3.Ұлы Жібек жолының Қазақстан жері арқылы өткен тармақтарын және олардың бойында 
орналасқан ортағасырлық қалаларды белгілеңіз. 
Отырар,Құлан,Саудакент,Сайрам(Испиджап),Сарайджук(Сарайшық) 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет