1.Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы ,қазақ тілін оқыту әдістемесі ғылымның қалыптасу ,даму тарихы туралы зерделеңіз
Қазақ тілі методикасының ғылыми негізі Октябрь ревалюциясына дейінгі дәуірден басталады.Қазакстаңда педагогика тарихы,сондай-ак казак тілін окыту мәселелері Ыбырай Алтынсарин есімімеп байланысты.Ы.Алтынсарин үлы орыс халкы мәдениетінің демократияшыл идеяларынан сусындайды.Ол мектептегі оку процесінің ғылыми негізіндс күрылуын,халыктың жаппай білім алуын, халқымыздың мәдениетінің ілгері дамуын аңсайды.
1935 жылға дейін қазақ тілін оқыту методикасына арналған мақалалар ғана болды.Онан кейін осы жылы "Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдісі" деген атпен жинақ шыкты.
1936 жылы орта мектептін У-УІ сыныптарына арналған Сейіл Жиенбаевтың "Грамматика талдауыш",1939 жылы "Үлкендерге хаттанытудың методикасы", 1941 жылы "Қазак тілі мен методикасы", 1942 жылы "Грамматикалық таблицалар", - 1944_жылы "Жаттығу емле мен тіл дамыту", 1946 жылы "Қазактілі методикасы".
Қазак тілін,әсіресе грамматиканы оқыту жөнінде пікір айткан Қажым Басымов болды.1938 жылы "Грамматика' окыту жөнінде" деген макаласында окыту әдістеріне токталды.
1940 жылы Ғали Бегалиевтың "Бастауыш мектепте казак тілінің методткасы",онан кейін 1950 жылы "Бастауыш мектепте казак тілі методикасының мәселелері" деген кітабы жарык керді.
1956 жылы Шамғали Сарыбаевтың "Қазак тілі методикасының кейбір мәселелері"
( 1 бөлім,фонетика мен морфология) деген кітабы шыкты. Осы жылдан бастап казак тілін окыту методикасын зерттеуге ерекше мән беріліп, Қазак ССР Оку министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалык ғалымдар ғылыми-зерттеу иниститутының қазақ тілі жаңа әдебиеті бөлімі казак тілі методикасынын жүйелі курсын жасауға кірісті.
Қазак тілі окулыктары мен программаларын жақсару жөнінде, методикалык еңбектер жазу, эксперимент жұмыстарын жүргізу,озат мкүғалімдердің тәжрибелерін зерттеу мәселелерін дүрыс жолға койып, қазак тілін оқытуды жақсарту жонінде көп еңбек сіңірген ғалым ~(сол кездегі институт директоры) профессор Ахмеди Ысқаков болды.Мектепте ана тілі мен әдебиетті оқыту туралы ғылыми-зерттеу жүмысын дүрыс жолға кою міндеттелінеді. Озат мүгалімдерді,методистерді,галымдарды казак тілін оқыту мәселесі мен айналысуға жүмылдырды,оларға ғылыми басшылык жасап,жөн сілтеді.Сондай жүмыстардың нәтижесінде осы жылдың өзінде ак казақ тілін окытудың кейбір мәселелері зерттеліп,бірсыпыра енбектер жарық көрді.
2. Бүл салады Қазақ ССР-іне еңбегі сіңген мүғалім Иманбек Ұйыкбаев Сейіл Жиенбаевтан, Шамғали Сарыбаевтан кейінгі қазақ тілі методикасын дамытушы,алғашкы зерттеушілердің бірі ретінде танылды.И.Үйықбаевтың 1957 жылы "Орта мектепте қазақ тілін оқыту міселелері", "Қазак тілінде соз таптарын окытушыға кемекші материалдар",ал, 1962 жылы "Қазак тілі методикасынын очерктері"деген еңбектері басылып шықты.
1965 жылдан бастап казак тілін окыту методикасынын даму тарихына үлес қосушылардың бірі - Бибігүл Кәтенбаева.Б.Кәтенбаеваның "соз күрамын оқыту" (1968), "4 -сыныптың қазақ тілі оқулығына методикалык нүскау" (1982-84), "Еліктеуіш создер (1975)", "ГУ-ІХ сыныптарды тіл үстарту" (1978), "Қазақ тілінен IV-V сыныптарға үлестірмелі карточкалар"(1978), "Қазак тілінен 5- сыныпқа арналған дидактикалық материал" (1976,1980,1983), "Қазақ тілі окулығы" (5-класқа арналған,1982 1983,1986), "Грамматикалык таблицалар" (1972,74,77,79 83) (4,5,6-сыныптарға арналған) "Москва -бакыт астанасы"(1982), "Қаскырды женген бала" (1983) оку диафильмдері мүғалімдер кітапханасынан берік орын алды. 1978 жылдан бастап казак тілі методикасынын лексика бөлімі де бірсыпыра зерттеліне бастады.Бүл салада Айтбай Айғабыловтың "Лексиканы окытудың кейбір мәселелері" (1980), 6-класқа арналған "Қазак тілі" оқулығы (1982,1984), "6-класс қазак тілі оқулығының методикалык нүскауы" (1983), "Морфологияға байданысты грамматикалык таблица" (1984), "Қазақ тілінің программасы" (1983, 1984), М.Әуезовтың "Қараш-қараш" әнгімесіне байланысты жасалған оку диафильмі (1984) сияқты еңбектері жарық керді.
Қазак тіліндегі күрмалас сөйлемдер синтаксисі де біршама зерттелінді. Қүрмалас сөйлем синтаксисін теориялык жағынан зерттеген Хасен Арғынов. Оның "Жай сөйлем синтаксисін оқытудын методикасы" (1957), "Қазақ тілі методикасының негіздері" (1969), "Қүрмалас сөйлем синтаксисінің методикасы" (1964), (Қазақ тілі методикасы" (1974), (Қүрмалас сөйлемдер таблицасы" (1985) тағы да баска еңбектерін атауға болады.
Қазак тілінің фонетика бөлімі де жан-жақты зерттелінді. Бүл салада Мүлипа Дүйсебаеваныц "Қазак әдеби тілі орфоэпиясының кейбір мәселелері" (1973), "Орфоэпиялык сөздік" (1982), А.Исабаевтің " Фонетиканы оқыту" (1965), "Қазақ тілі дыбыс методикасының негіздері" (1973) деген еңбектерін мүғалімдер кеңінен пайдалануда.
Сондай-ак казак тілін окыту әдістемесінің өзіндік зерттеу әдістері дс бар.(Эмперикалык және теориялык).Зерттеу әдістері теориялық әдістемені жасауға қолданылады. Зерттеу әдістері тексеру объктісіне карай мынадай түрлерге бөлінеді:
Аныктау экспеременді.
Бакылау экспеременді.
Оқыту эксперементі.
Әдістемелік күралдарды үйрету әдісі.
Әдістемелік тәжірибелерді талдау әдісі.
Анкета жүргізу әдісі.
Интервью жүргізу әдісі.
«Қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы» - университеттің бастауыш оқыту және филология бөлімдерінде бастауыш және орта мектеп үшін мұғалім даярлайтын, осы мақсатта студенттерге теориялық білім мен практикалық дағды, іскерлік қалыптастыратын негізгі пәннің құрамдас бөлігі.
Қазақ тілі – сан ғасырдан бері ата-бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүние. Ол халықтың алтыннан да қымбат кені. Тіл – адам баласының әлем бейнесін тану жолындағы түсінігінің, ойының, сезімнің, идеясының, дүниетанымының көрінісі.
Тіл – халық тарихы. Тілде халық жасаған мәдениет пен өркениеттің даму жолы жатады. Қазақ халқының барлық құнарлы ойы, құнды қиялы көркем сөзбен кестеленген. Сондықтан да тілдің болашағын бағамдау үшін, оның кешегі өткен тарихын білу – қажеттілік. Тіл бар жерде ұлт бар. Ұлттың өзгеден ерекшеленетін ең негізгі де тұғырлы белгісі – тілі. Тілдің қасиетін түйсіну – ұрпаққа парыз.
2. Пәннің негізгі мақсаты – студенттерді қазақ тілін оқыту әдістемесінің қайнар көздері даму тарихына қатысты іліммен қаруландыру арқылы олардың алған ғылыми білімдерін мектеп грамматикасы негізінде жүйелі түрде оқушыларға тиімді жеткізудің жолдары мен тәсілдерін таныту үрдісіне негіз болу. Мектеп мұғалімінің шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуіне бағыт-бағдар беру, сабақ бере білудің тиімді әдістерін салыстырмалы түрде меңгерту сияқты әдістемелік жұмыстардың тарихи сырымен таныстыру.
Қазақ тілін оқыту әдісте месінің тарихы – ХХ ғасырдың басында Ахмет Байтұрсынұлы еңбектерң негізінде қалыптаса бастады да, кейін оқытудың негізгі теориялық және тәжірибелік мәселелерімен С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев, Х.Басымов, Ш.Сарыбаев т.б. ғалымдар айналысты. Көп уақыт бойы қазақ тілін оқыту әдістемесінің тарихы пән ретәінде толық таныла алмай келгенімен, қазіргі таңда оның теориялық базасы тереңдеп, жан-жақты саралана түсті. Ұсынылып отырған жұмыс бағдарламасында біз бұл пәнді қалыптастырып, дамытқан ғалымдар еңбектерін саралап, жүйелі түрде беруге талпындық.
2.Сыни ойлауды дамыту технологиясына 3кезеңнен тұратын сабақ түріне жоспар құрыңыз.
Менің мақсатым қазақ әдебиеті сабағында диалогтік оқыту модулін
қолданудың тиімді жолдарын анықтау. Ең бастысы, қазақ әдебиеті сабағында диалогтік оқыту модулін қолдануда өзіме ыңғайлы әдіс-тәсілдерін таңдап алдым. Сол тәсілдерді қолданып сабағымды жүргізе бастадым.
Әр сабағымды ең алдымен оқушыларды ойландырып, әр түрлі тәсілмен 3-4 топқа топтастырудан бастап және топ басшысына лайық оқушыны тауып отырамын. Мысалы топқа сандарды табу арқылы бөлуде, бірінші болып топтасқан топты «Жарайсыңдар!», «Керемет!» деп мадақтап, бағалап отырудың артығы жоқ. Топ ережесін сақтап отыруға да оқушыларды дағдыландыра бастадым.
Ең бірінші күнделікті сабақ жоспарын басқаша жазудан бастадым. Күнделікті сабақ жоспары үш бөлімнен тұрады:
I. Қызығушылықты ояту
II. Мағынаны тану
III. Толғаныс
Қызығушылықты ояту бөліміне үлкен мән беремін. Балалардың қызығушылығын оятып, психологиялық жағдай қалыптастыру үшін көптеген ойын түрлерін,тренингтер қолданамын. Ол ойындар жаңа сабақтың тақырыбымен ұштасып жатуы керек. Енді сабақ өткізу іс-тәжірибеме тоқталсам.
Сабақтың тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы "Жақсы мен жаман адамның қасиеттері"
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жетісудың ақындарының алтын діңгегі Сүйінбай Аронұлының өміршең өнері жайлы сыр шерту, өлеңнің мағынасын ашып түсіндіру.
Дамытушылық : өлеңді мәнерлеп оқуға, оқушының сөйлеу тілін дамыту, өзіндік пікір, ой қорыта білуге жетелеу
Тәрбиелік : оқушыларды жаман қасиеттен бойын аулақ ұстап, жақсы қасиеттерді бойына сіңіріп, жақсы адам болуға тәрбиелеу, адамгершілік
асыл қасиеттерді бағалау.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру: кіріспе. «Жылы лебіз» стратегиясы: Оқушылар бір - біріне жақсы қасиеттерін айтып гүл сыйлайды. Мысалы: «Мейірімді Альмираға», «Аңқылдақ Дариғаға», «Елгезек Алмасқа» т. б.
Үй тапсырмасы:
1-топ: Дулат Бабатайұлының өлеңі неліктен "О, Ақтан жас, Ақтан жас..." деп аталды, өлең бойынша жай жоспар құру:
1) Жетімдік
2) Тоқшылық
3) Бозбала шақ,ғашықтық
4) Жастық шақ,батырлық
5) Ел қорғаны
6) Орындалған арман
7) Үміт
2-топ: Неліктен, Дулат Бабатайұлының өлеңін сұрай арнау үлгісінде жазылған дейміз? Риторикалық сұрау түрінде жазылған басқа қандай өлеңдерін білесіңдер?
3, 4-топ: Дулат Бабатайұлының «О, Ақтан жас, Ақтан жас...» өлеңі бойынша «Ақтанның болашағы» атты ойтолғау жазу болатын.
«Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылармен бірлесе отырып, жай сөздермен емес, тақырыппен байланыстыра жаңа сабақтың атауын шығарамыз.Сабақтың қай құрылымында болмасын оқытушы осындай стратегияларды қолданғанда «Мен не ұтамын?» және «Оқушы не ұтады?» деген сұрақтарды есінен шығармауы керек.
Топпен жұмыс орындау:
І - топ тапсырмасы: «Жаныңда жүр жақсы адам» сурет салу.
ІІ - топ тапсырмасы: «Жирен жаман әдеттен» өлең шығару.
ІІІ- топ: «Жақсылық пен жамандық» тақырыбына шығарма жазу.
Оқушылар жұмыстарын қорғайды, қорытынды шығарады. Спикерлер топтарды бағалайды.
«Мағынаны тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап, оны «Куббизм» стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. Сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындалған сұрақтарға оқушылар өз ойларымен жауап бере отырып, бұл сұрақтар оқушылардың деңгейіне сай топтастырылған немесе сұрақтардың өзін сұрыптауда «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясын оқытушы жүзеге асырады.
«Болжау» стратегиясы бойынша оқушыларға сұрақтар қойылады.
Сұрақтар интерактивті тақтаға жазылады.
Сұрақтар Оқушылардың жауабы.
Қалай ойлайсыңдар, осы өлеңнің
авторы кім?
Қай заманда өмір сүрген ақын?
Автор қандай адам?
Оқулықтарын ашқызып, өлеңді мәнерлеп оқу. С.Аронұлының «Жақсы мен Жаман адамның қасиеті» өлеңін болжай отырып, аялдамамен оқыды.
1 топ – «Біздің ойымызша С.Аронұлы жақсы адам мен жаман адамды толық сипаттап берді».
2 топ- «С.Аронұлы жалпы «Қасиет» деген сөздің мағынасын ашып, жақсы адамға тән қасиетті бөлек саралап берді», - деп ойлаймыз. Бұл тұрғыда оқушының шығармашылығы дамыды. Оқып отырып, «Түртіп алу» стратегиясы бойынша өздеріне таныс емес сөздерді қарындашпен белгілеп отырады. Тақтаға түсініксіз сөздер айтылып, сөздік жазылады:
Әмме – түгел, барлық, күллі
Парқы – бағасы
Ұңғы – балтаның сап салатын жері
Бұл стратегияның келесі бір кезеңі – ой-толғаныс. Мұнда "Венн диаграммасын" қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге болады. Өз болжауынан кейін оқушы ойында «Бұл өлең не туралы екен?» деген сұрақ туындап, өлеңге деген қызығушылығы артты. Ой толғауда «Венн диаграммасын» қолдануды тиімді көрдім.
Жақсы адамның қасиеттері Ұқсастығы Жаман адамның қасиеттері
Жақсы адам: өзіне сақ, елдің ағасындай, сөзінің пидасы бар, жұғымды, жүзі жылы, сөзі майда, елге жыл құсындай көрінеді. Жақсы адам алысты жақын етеді Екеуі де адамға тән қасиеттер Жаман адам: көкрегі көр, көзі соқыр,өтірікші, өсегі көп сүйкімі жоқ адам, балтаның ұңғысындай кеудесі үлкен, сөзі кесек.
Осы кезеңде оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты «Дебат» яғни, пікір-сайыс өткізуге немесе «5 минуттық эссе» жаздыруға болады. Мұндағы мақсат – оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. Сол эссе жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың өзі 5-6 сөйлемнен тұратын ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз.
Ой бөлісу кезеңі: әр шумаққа түсініктер беріп, бірлесе талқылайды. Ақынның жаманның "көкірегі- көр, көзі- соқыр" деген сөз тіркесін оқушылар ерекше әсермен әңгімелейді. Әр топ оқушыларының бір-біріне ұқсамайтын тұжырымы, түйіні, өзіндік ой пікірін өлеңге қосады, постерлерін қорғайды. Ойлауын дамыта отыра осы шығармадан оқушылар өздері бір-біріне ізденіс жұмыстарына жетелейтіндей жобаларды да ұсынады.
Сабақты қорыта келе, әр топ шығармадан бір-екі сөйлеммен жеткізе отыра тірек сызба ретінде негізгі түйінін шығарады. Жетекшілер бағалауға тоқталып, әр топқа бір ұсыныс ,бір марапаттау сөзбен қорытындылайды. Бағалау парағы арқылы нәтижеге сараптама жасайды.
Үйге тапсырма: Жақсы адамда сенің ойыңша өлеңде айтылғаннан басқа қандай қасиеттер болуы керек жөнінде ой толғаңдар.
Әрине алғашқы кезде қиын болды. Басты кезде уақытымның жетпей қалуы мені көп қобалжытты. Бұған себеп: оқушының баяу қозғалуы;
ойын еркін жеткізе алмауы, өз ойын қағазға тез, жүйелі түсіре алмауы.
Уақыт өте келе, оқушылардан бір өзгеріс байқадым. Ол –оқушылардың бір-бірінен қысылмай ойын еркін жеткізуі. Ең бастысы, біреудің пікірі құнды екенін түсіне бастауы мені таңқалдырды. Әр сабақ сайын сыныпта «Біреудің сөзін бөлме», «Талқылауды мұқият тыңда» т.б. қағидалар тақтада, қабырғада ілулі тұрды. Бұл қағидалардың үлесі көп болды.
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятқан, әсіресе, «Ой қозғау», «Болжау», «Венн диаграммасы», «Топтастыру» әдістері болады. Осы әдістер арқылы оқушылардың өз ойларын топта,ұжымда талдай бастады.
Сабақ барысында және соңында «Бүгінгі сабақтың тақырыбы сендерді қызықтырды ма?» , «Достарыңның пікірін қалай бағалайсың?» т.б. сұрақтар беріп отырдым. Сәтті шыққан сабақтардан кейін мақсатыма жеткен жетпегенімді зерттеп, анализ жасап отырдым. Сол анализ арқылы жалпы сыныптың ынтасын жоғалтып алмауға тырыстым. Әр сабақта өтілетін стратегияларды түрлендіріп отыруды жөн көрдім. Ой толғау эссе стратегиясын көбіне сабақты қорытындылау кезінде немесе үй тапсырмасы ретінде қолданған тиімді. Осы эсселер арқылы ең бірінші баланың ойы дамиды. Бала өз ойын қағаз бетіне еркін түсіреді. Диалогтік оқыту модулін әдебиет сабағында қолдану арқылы байқағаным: қандай шығарма болса да, бұрынғыдай еріксіз емес, өз еріктерімен қажеттілік ретінде қызығып оқиды. Өткен сабақпен жеңіл, әрі толық байланыс болады. Кез-келген оқиғаның астарына ой жүгірту керек екендігін сезіне бастады. Оқытудың бұл түрінде оқушы ролі ерекше. Себебі, оқушылардың жеткен нәтижесі.
Оқушы ұжыммен бірігіп жұмыс жасауды үйренеді. Мұғалімінң ғана емес, бір бірлерінің пікірлерін тыңдап, бағалауға дағдыланады. Еркін сөйлеулері байқалады. Орташа оқитын оқушылар да ортаға тартылып өз қырларын таныта бастады. Жазу сабақтарына көзқарастыры өзгерген.
Мектепте оқытылатын кез-келген пәннің өзіндік орны бар. Әйтсе де халықтың рухани қазынасы, ұлттық діл қалыптастырудың бірден-бір қайнар бастауы болып саналатын ана тілі мен тіл әдебиеттің, ата тарихтың білім мен тәрбие беру жүйесінде мәні мен маңызы айрықша.
Қорыта айтсақ, диалогтік оқыту модулінің негізінде оқушы мынадай жетістіктерге қол жеткізеді:
- оқушының шығармашылық қабілеті шыңдалады;
- өз ойын ортада еш қиындықсыз жеткізу, оның дұрыс екендігін дәлелдей алады;
- білімді өз ізденістері арқылы алады, бірін- бірі оқыту, салыстыру, саралау;
- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашады;
-мұғаліммен еркін сөйлесе алады, сырын айтып, бөліседі;
- өзгенің ойын бағалау;
- ой қорытып, өз бетінше тұжырым жасай алады.
Caбaқты диaлoгтік oқыту мoдулiн қолдaну aрқылы сөйлeмейтін oқушының өзiн сөйлeтуге әрeкет жaсатуға болaтынын байқaдым. Oл үшiн мұғалiм оқушығa берeтін сұрaғын жүйeлі жoспaрлай бiлуі кeрек. Жaңа әдiс-тәсiлдердi жетiлдіріп, диалогтік oқытуды сабaқта үнемі қолдaну арқылы оқушылaрдың танымдық қaбілеттері aрттады, зерттеу жұмыстaрын жүргізуге дағдылaнады.
Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялар дүниеге келуде.
Қорыта айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, шығармашылық сабақтардың өткізудің, оқушының өз бетімен ізденіп, жан-жақты дамудың алатын орны ерекше екені байқалды. Іс тәжірибемізді қорыта келе, мұғалімдерге мынадай ұсыныс жасаймыз:
Оқушыларды сын тұрғысынан ойланту арқылы пәнге деген қызығушылығы артады;
Мұғалім мен ата-ана тығыз байланыста болуына жағдай жасайды;
Оқушылардың жан-жақты болуына мүмкіндік береді;
Әр мұғалім болашақ үшін қызмет істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға
ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын табуына, сынып ұғымын қалыптастыруға, ата-аналармен ынтымақтасуға, оқуда қиындық көріп жүрген оқушыға көмек көрсетеді. Ол үшін жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысында пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып отырған орынды.
6.Критериалды бағалау мен дәстүрлі бағалауды салыстырыңыз.
Дәстүрлі (нормативтік) бағалау мен өлшемдік бағалаудың арасындағы айырма салыстыруда болып табылады. Дәстүрлі бағалауда оқу жетістіктері оқушылардың басым көпшілігі жете алатын, орташа статистикалық нормамен, өлшемдік бағалауда бағалау өлшемдері түрінде берілген, белгілі бір эталонмен (оқу мақсатымен) салыстырылады.
Әр критерий бойынша ең жоғары ұпай (дескриптор) оқушы тақырыпты оқып-үйреніп болу соңында шынайы қол жеткізе алатын деңгейді бейнелейді. Сондықтан мұғалім оқушының білім-білік-дағдыларындағы, ол қол жеткізе алатын өсімшелерді жобалай алады, осы жолдағы жасалатын әрбір қадамды жоспарлай алады.
Өлшемдік бағалау оқушының белгілі бір бағыттардағы әр түрлі кезеңдердегі жетістіктерін салыстыра отырып, оның сәйкесті дағдыларының даму үдерісін бағалауға мүмкіндік береді. Ол үшін сол оқушының бір бағалау өлшемі бойынша ал,аг әр түрлі ұпайларын салыстыру жеткілікті болады.
Өзіндік бағалау туралы
Оқушының өз оқу іс-әрекетінің жеке ерекшеліктері туралы рефлексия мен өзіндік бағалау арқылы сезінуі оның ойлауы мен шығармашылығының дамуының маңызды құралы болып табылады. Өлшемдік бағалауды қолдану бағалау үдерісіне өзіндік бағалау жасау арқылы оқушының өзін тартуға жағдай жасайды. Жалпы алғанда, тек рефлексия ғана оқушыға өз оқу іс-әрекетінен тәжірибе жинақтауға, қойылған мәселені шешу үшін ішкі мүмкіндіктерін жұмылдыруға, өзін-өзі жақсырақ түсінуге мүмкіндік береді.
Өз жетістіктері мен кемшіліктерін талдай отырып, оқушылар оларды жою жолдарын табады, өз жұмыстарының күшті және әлсіз жақтарын көре отырып, өзін-өзі бағалауға үйренеді, осы нәтижелерді пайымдау арқылы өзінің ары қарай алдағы уақытта жасайтын жұмыстарының бағдарламасын жасай алады.
Тек өзін-өзі бағалау ғана мұғалімге оқушылардың оқудағы қиындықтары туралы көп ақпарат бере отырып, оқыту үдерісіне дер кезінде түзету жасауға көмектеседі.
Дұрыс ұйымдастырылған рефлексия тапсырманы табысты орындауға ықпал ететін оң ахуал тудырады.
Дәстүрлі оқытуда көп кикілжің тудыратын баға ештеңені де өлшемейді, ол оқушылардың оқудағы тәртібін түзеу үшін ғана жиірек пайдаланылады, сондықтан көп оқушылар тек баға үшін оқиды. Бағалаудағы зерттеушілік амал өлшемдік бағалауды ұсына отырып, бағаның мадақтау мен жазалу құралы ретіндегі рөлін жояды.
Нақты қойылған бағалау өлшемдері өзара келісілген «ойын ережесі» сияқты белгілі бір шарттарды сақтай отырып, жұмыс нәтижелерін бағалауға қажетті белгілерді дұрыс анықтауға ықпал етеді. Жақсы жасалған бағалау өлшемдері ғана оқушыларды айқын қойылған мақсаттарға жетуге, өз іс-әрекетіне баға беруге және оны түзетіп отыруға ынталандырады, сол арқылы оқытуда стресті болдырмауға жағдай жасайды.
Нақты жасалған бағалау өлшемдерінің жоқтығы жұмыс мақсатының мұғалімге де, оқушыларға да түсінікті еместігін, дұрыс бағаламауға ғана емес, бүкіл оқу іс-әрекетінің маңызын төмендетуге алып баратынын көптеген тәжірибе көрсетіп беріп отыр.
Бағалаудың екі жүйесіндегі тұжырымдамалық ерекшеліктер:
Өлшемдік бағалау:
-жоспарлау, оқыту және бағалау біртұтас үдеріс;
-бағалаудың теңгермелі стратегияларының жүйелі тізбегі пайдаланылады;
-өзін-өзі және өзара бағалауға оқушылар тартылады;
-оқушылардың оқу нәтижелерін есепке алу мен есеп берудің теңгермелі тәсілдері қолданылады;
-оқушылардың жауаптары бойынша оның сол сәттегі түсіну деңгейі бағаланады;
-тақырыппен жұмыстың өн бойында оқушылармен тұрақты және дер кезінде кері байланыс жасалады;
-оқушыларға бағалауды оқу нәтижелерін сипаттау мен жақсарту тәсілі ретінде қабылдауға ықпал етеді;
-тақырыпты оқып-үйренер алдында оқушылардың ағымдық білімі мен оқу тәжірибесін алдын ала бағалауға мүмкіндік береді.
Дәстүрлі бағалау:
-жоспарлау, оқыту және бағалау бір-бірінен бөлек үдерістер;
-бағалаудың бір ғана құралы немесе стратегиясы пайдаланылады;
-бағалау тек мұғалімнің билігінде;
-оқушылардың оқу нәтижелерін есепке алу мен есеп берудің бір ғана тәсілі қолданылады;
-оқушылардың жауаптары дұрыс жауаппен салыстырылады (біледі-білмейді);
-тақырыппен жұмыс біткен кезде ғана тексеру жүргізіледі;
-бағалаудың жалғыз мақсаты – қойылатын бағаны анықтау;
-оқушылардың ағымдық білімі мен оқу тәжірибесін бағалау тақырыппен жұмыс біткен кезде ғана жүргізіледі.
Критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері
Критериалды бағалау міндеттері:
-Оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтау;
-Оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауы;
-Әрбір оқушының жеке даму траекториясын бақылау;
-Оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыру;
-Оқу бағдарламасының тиімділігін бақылау;
-Оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз ету.
Критериалды бағалаудың артықшылықтары:
-Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады;
-Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен (эталон) салыстырылады;
-Үлгі (эталон) оқушыларға алдын-ала белгілі;
-Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі;
-Білім берудің сапасы артады;
Критериалды бағалау:
Мұғалімдерге:
-Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға;
-Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға;
-Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға;
-Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға;
-Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға;
-Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.
Оқушыларға:
-Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге;
-Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға;
-Нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге.
-Ата-аналарға:
-Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға;
-Баласының оқу үрдісін бақылай алуға;
-Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау – оқушылардың білім жетістіктерін ұжыммен келісілген, оқу үрдісіне қатысушыларға алдын-ала белгілі, оқушылардың негізгі құзыреттіліктерінің қалыптасуына жағдай жасайтын, білім берудің мақсаты мен мазмұнына сәйкес нақты анықталған критерийлер бойынша салыстыруға негізделген үрдіс.
8.М.Жанпейісованың модульдік оқыту технология бойынша мысал келтіріңіз.
М.М.Жанпейісованың технологиясында модуль 3 құрамды бөліктен тұрады:
1.Кіріспе
2.Сөйлесу
3.Қорытынды.
Әр оқу модулінің сағаты әр түрлі болады. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсеткен. Осы оқу модулінің ерекшелігі жалпы сағат санына қарамастан кіріспе және қорытынды бөліміне 1 немесе 2 сабақ саны бөлінеді, ал қалған сағаты сөйлесу сағаты болады.
Кіріспе бөлімде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Сонан соң осы оқу модулінің барлық уақытына есептелгеноқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте, және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді. Оқушылар бұл кезеңде бағдарламаның аталған тарауын неге және не үшін оқып үйренулері керектігін, өздері нақты нені меңгеріп, үйренулері тиіс, алдағы жұмыстың негізгі оқу міндеті қандай екенін түсінуі қажет.
Сөйлесу бөлімінде оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейі, қарапайым білік пен дағдыларын және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы жүзеге асырылады.
Тақырып мазмұнына «өсу» бағытымен - қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмалар мен зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, жазбаша және ауызша тілін дамытуға мүмкіндік береді.
Оқушылардың танымдық қызметі әрбір оқушының әрбір берілген оқу материалын сабақта үш күрделілік деңгейінде тыңдау, жазу, көру және айтуға мүмкіндігі болатындай етіп құрылған.
3,4-сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай тапсырмалар беріледі (ІІІ және ІІ деңгейлер)
І деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне, яғни интеллектуалдық және креативтік дарынды балаларға арналған.
Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмалар қарапайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңімен орындалу міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүкіндігіне қарай таңдауға ерікті.
Оқу модулінің қорытынды бөлімі – бақылау. Бұл бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларынешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.
Егер сөйлесу бөлімінде оқушыларға үш деңгейлік (жеңілдетілген стандарт, стандартты, стандарттан жоғары) тапсырмалар берілсе, қорытынды бөлімде барлық оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай бірдей тапсырмалар беріледі.
Зерттеушілік сипаттағы тапсырмалар бөлек есептеледі. Олар баяндама, хабарлама, реферат түрінде болуы және оқушыллардың ғылыми қоғамына (ОҚҒ), конкурстарға ұсынылуы мүмкін.
Кіріспе бөлім .
Оқушыларды тараудың жалпы құрылымымен таныстыру
Оқушылардың танымдық іс-әректінің мақсаты мен міндетін анықтау
Оқу материалына қысқаша талдау жасау.Тірек конспект.
Сабақ лекция-сұхбат түрінде өтеді. Лекция барысында оқушылар көптеген сұрақтарға жауап береді.
Сөйлесу бөлімі. Оқушылардың озін-өзі оқытуына және озін-өзі бағалауына, бірін-бірі оқытуына және бірін-бірі бағалауына құрылған. Бұл әрбір оқушы үшін 3 деңгейлік тапсырмалар ғана емес, олардың үлгі жауаптарын да даярлау арқылы іске асырылады. Танымдық қызметіне қанағаттану – әр оқушының соңында жоғары нәтижеге қол деткізуінің маңызды факторларының бірі. Сондықтан да сөйлеу бөлімінде бағалар мен бағалау ынталандырушы сипатта болады. Оқушылардың кез келген ғылыми көздерді, оқулықтарды, оқу құралдарын пайдалануына болады, сондай ақ ұйымдастырушы, көмекші, кеңесші ретінде мұғаліммен жедел кеңес ала алады.
Қорытынды бөлім. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалану құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлеу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз корсетуі тиіс. Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстар, сынақ оқу пәнінің ерекшелігіне қарай қолданып, оқу модулінің осы қорытынды бөлігінде беріледі.


10.Жаңартылған білім беру үлгісіндегі сабақ пен дәстүрлі оқыту үлгісіндегі сабақты салыстырыңыз.
Білім беру- оқытудың тәрбие мен дамытудың үздіксіз процесі. Белгілі балалар психологы Д.Б. Эльконин дәлелдегендей 3-10 жас аралығындагы балалар біріккен мәдени – білім беру саласында ортақ өмірмен дами отырып, ортақ тәрбиеленіп, ортақ оқып үйреніп өмір сүруі керек. Яғни бұдан шығатын қортынды бұл (сабақтастықтың) яғни бастауыш сатыда мазалайтын сұрақтар проблемалары біреу ғана. Ол баланың тілін ой-өрісін, қиялы мен шығармашылығын дамыту болып, жаңа заман талабына сай жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде оқытып тәрбиелеу. Көрнекті психолог Л.С. Выготскийдің негізі бойынша «Бала дамуының ең шарықтау шегі - бұл тіл мен ойдың шығармашылығы деген екен.
Дәстүрлі сынып сабақтық технологиясының басқа технологиялардан айырмашылықтары бар:
- оқушылардың таным кабілеттері және жас мөлшері шамамен бір деңгейді құрайды;
- сыныптағы оқушылар құрамының әр кез тұрақты болуы;
- сыныптағы сабақ ортақ жылдық жоспармен оқу бағдарламаларына, оқулыктарға негізделген, құрастырылған кестемен жүргізіледі.
Оқушылар мектепке жылдың бір мезгілінде, белгілі бір сағатта барады:
- оқытудың негізгі бірлігі-сабақ. Сабақ бір пәнге негізделеді;
- сабақ барысында жоспарланған тақырып кеңінен түсіндіріледі;
- оқушылар сол тақырып бойынша білім, білік, дағдыларын игеру мақсатында жұмыс істейді;
- оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізіледі.
Мұғалім өз пәні бойынша жалпы әр оқушының оқу сапасын қорытындылап, бағалайды.
Дәстүрлі оқыту технологиясының тиімсіз жақтары: Дайын білімді хабарлайды, оқушы орындаушы, мұғалім басқарушы болады.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты - білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану болып табылатындығына толық көз жеткіздік..
Бұл бағдарламаның дәстүрлі бағдарламадан ерекшелігі:
1. Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі.
2. Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;
3. Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі
4. Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру;
5. Оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру
6. Білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою;
7. Бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы;
8. Оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу)
Біз осы курс аясында қажетті, тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу), ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлау, оқу мақсаттарын дұрыс пайдалануды, критерий құруды, бағалаудың тиімді стратегияларын үйрендік.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының басты ерекшелігі - спиральді қағидатпен берігендігіне оқу мақсаттарының жүйесін талқылау барысында көз жеткіздік. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты балдары бойынша өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Критериалды бағалау, кері байланыс тәсілі ХХІ ғасырдағы қарқынды дамып келе жатқан зияткерлік және техникалық ортада табысты болу үшін қажетті дағдыларды меңгертуге бағытталған. Олар оқушыларды сын тұрғысынан ойлау, бірлесіп жұмыс істеу, ақпаратты өңдеу, проблемаларды шешу сияқты анағұрлым жоғары деңгейдегі көптеген дағдыларды өз бетінше меңгеруге және зерделеуге дайындайды және ынталандырады.
Жаңартылған білім берудің тағы да бір ерекшелігі – оқушылардың үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АКТ-ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білуі. Тақырыпты мұғалім меңгертіп түсіндіргеннен гөрі, бірігіп топпен оқу тиімді болып табылады.Белсенді оқыту оқушылардың белсенді қызметпен айналысуы арқылы мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін есте сақтап, оны қолдана алуын қамтамасыз етуді көздейді.
Жаңа білім беру жүйесі дәстүрлі оқыту үдерісін түбегейлі өзгертуді және оқытудың жаңа технологияларын оқыту үдерісіне тиімділікпен енгізу жолын негіздейді. Бұл жаңа бағыт оқудың нәтижесін алдын ала болжап және сол арқылы оқушылардың өзін-өзі дамытуға қатысуын мүмкін етеді. Жаңа педагогикалық технологиялар жүйесін қалыптастырған еңбектер мен зерттеулерде қазақстандық мектептердің болашағына игі ықпалын тигізер жолдар мен бағыттар да айқын танылады. Оқушыны білім беру үдерісінің нысаны ғана емес, сол үдеріске қатысушы маңызды субъектісі деп санап, оның ана тілінде терең ойлай алуы мен шебер сөйлеуін, сауатты жазу тілін дамытып, оқу барысында алған білімі мен игерген машық-дағдыларын өмірдің қажетті жағдаяттарына сай әрі дұрыс қолдана алатын дәрежеге жеткізу – жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаты.
11.Талантты және дарынды балаларды оқытуда “өзгертілген оқу бағдарламасы” әдістемесін ұсынған ғалымның пікірі
Оқушылардың оқу бағдарламасын жылдам, тез игеруінің тағы бір түрін «экстернат» деп атайды. «8–9 жас аралығындағы талантты да дарынды оқушыларға арналған жеделдете
| 66 |
оқыту жоспары» атты арнайы зерттеудің нәтижесінде ағылшын тілі мен математикадан бір жыл бұрын емтихан тапсыру мектепте талантты да дарынды оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру және дамытуда тиімді әдіс болғандығын дәлелдеді. Бағдарламаны бағалау кезінде оқушылар мен мұғалімдердің пікірлері ескерілді. Әдетте, оқушылар тапсырмалардың күрделенуін, табанды және жылдам жұмыс істеуді қаласа, ал ағылшын тілі мұғалімдері оқушылардың кейбір мәтіндермен жұмыс істеуге қабілеттері сай келетініне күмән тудырды.
Эйр талантты да дарынды оқушыларды оқыта білетін мектептердің оқу бағдарламасын өзгерту арқылы мектептегі барлық оқушылар үшін күрделендіру және экстернат модельдерін қолдана алатындығын айтады. Ол үш түрлі өзгеріс енгізу негізінде Мейкер және Нильсонның оқу жоспарын өзгертудің моделін бейімдеп жасады:
• мазмұнына өзгерістер енгізу (үдеріс пен нәтижені қоса есептегенде);
• қолданылатын әдісті өзгерту;
• оқу жағдайын өзгерту.
Эйр мұғалімдердің дарынды балаларға сапалы тапсырма беру мақсатымен өз жоспарларын
өзгертуге болатындығына бастауыш буында жүргізілген шағын зерттеулерден дәлелдер келтіреді. Осы әдісті іс-тәжірибеде қолданып жүрген мұғалімдер қосымша көмек беру арқылы балалар тобының аясын кеңейте отырып, бұдан да күрделі тапсырмаларды орындатуға болады деген қорытынды жасайды. Бұл стратегияның сыныптағы талантты да дарынды оқушыларды анықтауда туындайтын кейбір мәселелерді шешуде көмегі зор екендігін айтады.
«Өзгертілген оқу бағдарламасы» әдістемесінің көмегімен сыныпта ерекше қасиеттерімен ерекшеленетін шағын топтарда орындалатын тапсырмалар дайындауға болады, бірақ топ құру кезінде барлық оқушылар үшін тиімді оқыту үдерісін ұйымдастыру икемділікті талап етеді. Сондай-ақ, топтық жұмыс жекелеп саралау мақсатында да қолданылады. Бұл амалдың тиімділігі егжей-тегжейлі қарастырылуда.
12.Интерактивті оқыту технологиясы бойынша сабақ құрастырыңыз.
Интерактивті оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұхбаттасып оқыту болып табылады.
Интерактивті оқытудың мәнісі – кластағы барлық оқушы таным үрдісімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер етуге мүмкіндік алады. Таным үрдісінде, оқу материалын игеруде, оқушылардың біріккен әрекеттері мынаны білдіреді: әр оқушы өзіне тән еңбегін сіңіреді, білім, идея, әрекет ету тәсілдерімен алмасу үздіксіз жүреді. Сонымен қатар, бұл үрдіс мейірімділік пен өзара бір-біріне қолдау көрсету аясында болады.
Интерактивті әдіс қолдану кезінде мыналар ескерілуі керек:
-тұлғаның еркіндігі мен құқықтары сақталуы;
-тұлғаның өзін көрсете алуына жағдай жасау;
-педагогикалық қолдау көрсету.
Интерактивті әдістерге мыналар жатады:проблемалық шығарма әдістері, презентациялар, пікірталастар, топпен жұмыс, «миға шабуыл» әдісі, сын тұрғысынан ойлау әдісі, зерттеулер, іскерлік ойындар, рөлдік ойындар, «инсерт» әдісі, сахналау, тест сынағы әдісі, дебат, т.б.
Интерактивті әдіске сондай-ақ әр түрлі көмекші құралдарды: тақта, кітаптар, бейне материалдар, слайдтар, флипчартттар, постерлер, компьютерлер және т.б. пайдалана отырып,таныстырулар жатады.
«Миға шабуыл» («ми шабуылы», «ми штурмы» немесе «дельфи») әдісі бойынша берілген сұраққа әр оқушы жауап бере алады. Маңыздысы – айтылған көзқарасқа баға қоймау керек, барлық жауап қабылданады және әр пікір тақтаға немесе қағазға жазылғаны дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері тиіс. Бұл әдісті кері байланыс алу үшін қолдануға болады. Мысал ретінде өзім өткізген бір сабақтан үзінді ұсынамын. Оқыту орыс тілінде жүргізілетін 6-класта қазақ тілінен «Менің әуес ісім – кітап оқу» тақырыбы бойынша өткен сабақта осы әдісті қолдандым. Оқушыларға берілген сұрақ: Кітап бізге не береді? Осы тақырып төңірегінде өздерінің ойларын айтуға ұсыныс жасадым. Барлық ой-пікірлерді қабылдап, жазып алдық. Орыс тілді болғандықтан оқушыларға қиын болған жағдайда, қайталаттым және олардың пікірін айтуы бойынша жаздым. Әдіс қағидасы бойынша мұндайларға жол беріледі. Оқушылардың арасында кітаптың қазіргі кезде пайдасы аз, оны оқуға көп уақыт зая кетеді, кітаптар түсініксіз жазылған, қателер бар, қызық емес деген пікірлер де айтылды. Дегенмен оқушылардың басым көпшілігі кітап- адам үшін рухани байлық, өмірде жолдас, ақылшы, кітапты көп оқыған адам білімді, жан-жақты болады деген тұжырымдаманы ұсынды. Ереже бойынша барлық идеялар мен талқылаулар айтылып біткен соң, берілген тапсырма қайта еске салынды. Бұдан соң жазып алынған пікірлер оқылды. Осы пікірлер бойынша қандай қорытынды жасауға болатынын сұрап, бұл әдіс бойынша жұмысты аяқтадым. Оқушылар «Кітап – білім бұлағы» деген қорытындыға келді. «Миға шабуыл» әдісі қажеттілігіне қарай тиімді әдіс болып табылады және мынадай мәселеледір шешуге болады:
-даулы мәселелерді талқылау;
-талқылауға қатысуға онша сенімді емес қатысушыларды ынталандыру;
-қысқа мерзім ішінде идяны көптеп жинау.
«Тест сынағы» әдісі барлық кластарда қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданамын. Әсіресе, 11 кластарды ҰБТ-ға дайындау сабақтарында өте тиімді әдіс. Тест сынағы әдісінің көмегімен оқушылардың ақпараттандырылу деңгейін немесе олардың талқыланатын тақырыпқа қатынасын анықтайды. Тест сынағы сұрақтарының мазмұны дұрыс құрылуы тиіс: сауатты, анық, ұғынықты тілде жасалуы қажет және оқушылардың сезімін қорғауы керек.
Егер тест жасырын болмаса, жауаптары сабақтарда немесе топтарда талқыланады. Жасырын тест сынағының қорытындысын оқытушы (тренерлер) шығарады. Ал кәдімгі тест сынағы қорытындысын – жауаптарын оқушылармен бірге талқылағаннан кейін оқытушылар (тренерлер) шығарады.
Интерактивті оқыту технологиясының мүмкіндіктері өте көп. Әр ұстаз өз бетінше класпен жұмыстың жаңа тәсілдерін ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданамын. Сонымен бірге, мен өз тәжірибемде үй тапсырмасы ретінде оқушыларға жаңа тақырып бойынша бірнеше (3-5) тест сұрақтарын (жауаптарымен) құрастыруды тапсырамын. Оқушылар келесі сабақтарда өздері құрастырған тестерімен алмасады, жауап береді. Бірін-бірі тексереді. Оқушылар құрастырған сұрақтар мен олардың жауаптарын алдын ала қараймын, тест құраудың талаптарының орындалуын (оқушылар үшін бастысы – өткен тақырыптар бойынша құрастырылуы және жауаптар нұсқасының дұрыс болуы) қадағалап, бағалауды ұйымдастырамын. Бұл әдіс оқушылардың тіл үйренуге деген ынтасын арттырады деген қорытындыға келдім.
13.Көркем шығармалармен жұмыстың негізгі кезеңдері мен басты бағыттары туралы анықтаңыз.
1. Кіріспе жұмыстар. Мұғалімнің алдына қойған оқу-тәрбие мақсаты, көркем шығарманың өзіне тән ерекшелігіне қарай кіріспе жұмыстары әр түрлі болып келеді. Оған кеткен уақыт мөлшері де соған байланысты болады. Кіріспе жұмыстары өтілгелі отырған тақырыпқа оқушыны қызықтыру, эмоцияларына әсер ету мақсатында жүргізіледі. Оны әңгімелеу, сол тақырыпқа байланысты қызықты қосымша материалдарды, көрнекіліктерді пайдалану арқылы немесе кинофрагменттерді көрсету, күйтабақ тыңдау т.б. жұмыстар негізінде ұйымдастыруға болады. Мысалы, М. Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» бойынша кіріспе жұмыстарда мұғалім оның жазылу тарихы, бас кейіпкер Бақтығұл тағдыры, атақты қоғам қайраткері Тұрар Рысқұловтың әкесі – Рысқұл тағдырынан алынғаны, жазушы Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романы туралы шағын әңгіме, Рысқұлдың, Тұрардың суреттері, қырғыз фильмі туралы деректер пайдалануға болады. Бұндай эпизодтар, сөз жоқ, оқушыны елең еткізіп, өтіліп отырған шығармаға деген қызығушылықты, ынтаны туғызады. Көркем туынды, оның авторы арқылы да осындай жұмыс жүргізудің маңызы зор. Автор туралы өлеңдер, оған берілген бағалар, өтілгелі отырған шығарманың әдебиет тарихындағы алатын орны жөнінде де көптеген жұмыстар жүргізудің тиімділігі зор болады.
2. 7 сыныпта Қ. Аманжоловтың «Көкшетау» өлеңі беріледі. Кіріспеде мұғалім Көкшетауға сырттай саяхат өткізуге болады. Эпипроектордан Көкше баурайының түрлі түсті суреттерін (открытка, картина т.б.) көрсету. Сәкеннің атақты «Көкшетау» поэмасындағы Бурабай, Оқжетпес, Жұмбақтас, Көкше бейнелерін суреттейтін жерлерді мәнерлеп оқу, оқу үстінде суреттерін көрсетіп, түсінік берудің тиімділігі сол, бұл тәсіл әрі балалардың сезіміне әсер етеді. Бұл кіріспе жұмыс тіпті артынан өлеңді талдап болғаннан кейін де (Қасымның) іздендіру бағытындағы салыстыру жұмыстарын жүргізуде нәтижелі болып келеді. («Көкшені жырлаған қай ақын Көкшенің бейнесін нағыз суреткер ақын ретінде дәп басып бейнелеп берген?» немесе «Өзіңе қай ақынның Көкшесі ұнады?» деген сұрақтар арқылы).
3. Табиғат лирикаларын өтпес бұрын, оқушыларға суреттер (пейзаж) беріп, сол арқылы немесе өздерінің білім тануы, бақылауы бойынша табиғат көріністеріне алдын ала шағын шығарма-суреттеме беру де пайдалы. Жоғары сыныптардағы кіріспе жұмыстар оқушылардың сезімі, қызығушылығын арттыру мақсатында ғана емес, ең бастысы, өтілгелі отырған тақырып, көркем туынды жайындағы білімдерін кеңейту, дүниетанымын арттыру мақсатында да жүргізіледі.
14.Соңғы уақытта сабақта қолданылып жеткен кембриждік тәсілдерге интернет көздерінен тауып ,оларға талдау жасаңыз.
Кембридж Бағдарламасы бойынша өткен біліктілікті арттыру курсының мақсаты мұғалімдерге теориялық білімге негізделген оқыту мен оқушылар жөнінде және өз тәжірибесін жетілдіру үшін іс-әрекет арқылы зерттеу нәтижелерін қолдану туралы кәсіби түсінік болып табылады. «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиетерімен озады»,- деп Абай атамыз айтқандай, озық ойлы білімдер адамдар заманның, қоғамның дамуына өзгеруіне үлесін қосып келеді. Осындай қоғамдық әлеуметтік мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер ететіне сөзсіз. Кез келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады. Оқитын пән қаншалықты жаңа, бағалы болса да, мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болсын, мұғалім мен оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген білім күткен нәтиже бермейді. Бағдарламадан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп соның нәтижесінде, еркін, өзіндік дәлел уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Білім алу жүйесінде басты қағида өз- өзіне есеп беру, ой әрекеттерін саралай білу, өзін-өзімен өзгені бағалай білетін, өз мүмкіндіктері мен қабілеттерін жүзеге асыратын, өз өмірін, іс-әрекеттерін нақтылай отырып жоғары жауапкершілігі бар жеке тұлға қалыптасуына мүмкіндігінше тиімді жағдай жасау. Сонымен қатар, баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойларын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынын алған білімдері мен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негізделген. Құзырлы оқытудың маңызды факторы — оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін мұғалімнің түсінуі мен бағалай алуы. Сондықтан да Шульман «үш көмекші» деп атаған қасиеттер мұғалімде болған жағдайда ғана оқыту тиімді де сәтті болып саналады. Үш көмекші құрал: бас, қол, жүрек. Бас-кәсіби түсінік, қол- оқытудың тәжірибелік дағдылары, жүрек- кәсіби- өнегелік тұтастық. Бұл жерде үлкен құнды пікір-әрбір мұғалім теория мен тәжірибені ұштастыра отырып, шын ынта ықыласымен оқушыларға мейірімділік, жанашырлық көрсете білу. Кеңес заманындағы «2» алған жазалаудан арылу, оқушыға ой еркіндігін, сөз бостандығын беру. Елбасымыздың бүгінгі таңдағы сындарлы саясатының бірі- заман ағысына қарсы жүзер, бәсекеге қабілетті жастарды тәрбиелеу. Міне, біз бүгін танысып отырған «Білім берудегі Кембридж тәсілдерінің теориялық негіздері» осы жоғарыдағы ұстанымды ұстайды. Яғни, мұндағы бала өзі ізденуші, бір-біріне үйретуші, ал мұғалім бағат бағдар беруші, жол көрсетуші, нұсқаушы қызметін атқарады. Сындарлы оқытудың мақсаты-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар сындарлы жаңаша оқыту мен оқу бағдарламасының бір тармағы- оқушыларда ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра отырып, оқу ортасын құру. Дәлірек айтқанда оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы, ата-ана мен оқушы, мұғалім мен ата-ана арасындағы сыйластық, бірігіп ізденуге, ортақ пікірге келуге, топпен жұмыс жасауға үйрету.
Бұл бағдарламаның тағы бір ерекшелігі оқушыларды топтап оқытуы болып тұр. Топтап оқытудың пайдасы туралы Ибн Сина Әбу Хусейін Ибн Абдолла
(Авиценна 980-1037) былай деген болатын: «Егер бала жалғыз оқып, сыныптастары жоқ болса, бұл оқытушы мен үйренушіге ортақ қынжылыс болмақ. Сондықтан ең жақсысы- балалар оқу тәрбие үрдісінде үлгілі мінезге бір-бірінен үйренетін ұжымдық оқытуды ұйымдастыру»
Балаларды ұжымдық оқытудың төмендегідей пайдасы бар.
1.Оқушылар оқу және тәрбие үрдісінде ғылымға сусап тұрады. Өз білімдерін мақтан тұтып , досының білгенін қызғанады. Намыс пен мақтаныш тәрбиеленушіні өзгелерден кейін қалмауға міндеттейді.
2. Оқушылар үнемі сөйлеседі, сонымен естерін және шешендігі дамытады. Егер балалардың біреуі жақсы сөз естісе және құрбыларына айтса, онда балалардың естері дамиды және өзін-өзі оқыту жүреді.
3. Ұжымдық оқытудың келесі қоғамдық пайдасы оқушылар өзара достасады, бірін-бірі сыйлауға үйренеді, өзара дауласады, жарысады, пікіралмасады.
Топқа бөліп оқытқанда оқушылардың талпынысы артады, әр оқушы өзін жеке тұлға ретінде сезінеді және өз үлесін қосуға талпынады. Бір адамның айтқанынан гөрі бірнеше адамның айтқаны есінде тез жатталады. Топтық жұмыста оқушылар бір-бірімен сыйластықта болып жауапкершіліктері артады. Балалардың бір-бірін күту шыдамдылығы, сөйлеу дағдылары қалыптасады. Топта барлық мұшелерінің бір-бірін тыңдауы және мұғалім мен оқушының топ ішінде сөйлеу еркіндігі бірдей дәрежеде болады. Дәстүрлі оқуда оқушылар бір-бірінің желке тұсында отырып, бір-бірімен ұжымдасуға , білмегенін сұрауға, пікірлесуге мүмкіндік болмаған еді. Ал бұл Бағдарламада пікірлесуге, сөйлесуге, ұжымдасуға, білмегенін сұрауға мұмкіндік болады.
Кембридж бағдарламасының оқыту жүйесінің негізгі жеті бағыт бойынша балаларды жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану негізінде дамыта оқытуға үлкен мән берілуде. Бұл тәсілдің басқа технологиялардан ерекшелігі жеті модуль арқылы іске асады. Атап айтқанда:
1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.
2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.
4. Оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану.
5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.
6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту.
7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.
Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұнының жеті модулі оқушының жеке тұлға және әлеуметтік ныса ретінде келешегіне негізделген. Модульдердің жетеуі де оқу барысында бірін-бірі толықтырып отырып, үйлесімді байланыста болады. Мұғалімге жаңа тәсілді меңгертуде сыни тұрғыдан оқушыларды ойлауға үйрету көзделеді. Мұғалімнің де оқушының да сыни тұрғыдан ойлай білу қабілетін дамытуда СТО технологиясының страсегияларын және Бенджаминнің БЛУМ таксономиясын пайдалану арқылы жүзеге асырған тиімді болып табылады.
Бізге ұсынылып отырған осы курстың негізгі бағдарламасы- мұғалімнің білім беруі мен оқытудағы әдістерін өзгертудегі жаңа бастама. Мектептегі оқыту үрдісінің жаңаша дамуы оқушының білімінің, дағдысының көтеру қажеттілігімен ғана емес, оқушының танымдық әрекетінің көтерілуіне байланысты. Бұндай жаңартулар педагогика теориясы мен оқу тәрбие үдерісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуды, ойлау қабілетін арттыру, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Оқушылардың өз бетінше білім алып, өз білімін бағалауға, өзіндік әрекетке бейімдеу болып саналады. Танымдық әрекет өзіндік әрекеттің бір құрамы ретінде ерекшеленеді. Өзінді әрекетті жүзеге асыруға қажетті әдіс-тәсілдерді таныстыру және оны игеру үшін дербес тапсырмаларды орындату қажет. Бұл міндетті мұғалім жүзеге асыратыны сөзсіз.
Оқушыларға білім беруде әлемдік білім алу деңгейіне жету үшін заманауи талапқа сәйкес білім беру үрдісін жақсартудың бір жолы бар. Сабаққа ғылыми ізденіс элементтерін енгізу мұғалімнің оқыту үрдісіне жаңаша көзқараспен қарауына және әрекеттерді оқушылармен бірігіп іске асыру қажеттілігі туындайды.
Санамызға сіңген дәстүрлі оқыту жүйесінде сабақ үрдісі кезінде мұғалім уақыттың көп бөлігінде өзі сөйлеп, оқушының жеке қасиеттерін ашуға уақыт тығыздық ететін. Дәстүрлі сабақтар барысында оқушылардың сыныптағы оқу үрдісіне түгел қатыспайтын еді. Мұғалім дәрісін тыңдағанда, күнделікті түсінбей қалған сабақтарының көлемі ұлғайып, үлгерімі орташа балалар шегіншектеп қалып отырды. Әйгілі зерттеуші Л.С.Выготскийдің «Дәстүрлі оқыту- бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, яғни «дамудың соңында жүрсе», жаңаша оқыту «дамытуды өзімен бірге ала жүреді» — деген болатын. Сондықтан мұғалім дәстүрлі оқытумен шектеліп қалмай, әрқашан ізденісте болып, өзіне және шәкірттеріне тиімді жақтарын қарастырып отыруы тиіс. Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау, үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мән-мағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту немесе емтихан аяқталған соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды.
Ендігі жерде өз тәжірибемді толықтыра отырып мектеп өмірінде білім беру ісін жаңарту жолдарын жүргізу деп ойлаймын. Сондықтан да өзіндік педагогикалық таңдаған тақырып бойынша зерттеу жүргізуді; педагогикалық және оқыту үрдісінің тиімді әдістерін игеру, кәсіби педагогикалық құзіреттілік деңгейін арттыру, оқушылардың функциональдық сауаттылығын дамыту, оқыту методикасымен мазмұнына тың идеялар енгізу, білім берудегі Кембридж тәсілінің теориялық егіздерімен таныстыру, оқушының жеке тұлғалық келешегіне негізделген оқушы мұғалім арасындағы қарым-қатынастың озық үлгілерін таратуды мақсат етіп алдым.
Іс-тәжірибемде жүргізілген бақылауларым менің мақсаттарым мен міндеттерімнің орындалуы үшін жаңа тәсілдердің маңыздылығын айқындадым. Білімді оқушылардың қабылдап меңгеруі олардың өзінің оқушы үшін жауапты екенін ұғындырды. Бұндай үлкен жауапкершілікті оқушы мұғалімнің сабақ беру барысында жасайтын ортадағы іс-әрекеттерінен қабылдайды. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы үшін әрдайым мұғалім ретінде өз шеберлігімді шыңдап дамытып отыру қажеттілігін ұғындым. Сонымен қатар «Сабақ-оқытушының педагогикалық мәдениетінің айнасы»,-деп А.Сухомлинский айтқандай, осы жеті модульдің ішінде өзімнің пәніме тиімдісі, жарыққа шығары, баланың қызығушылығын оятары, білімін жетілдірері қайсы екен деп ойланғаным рас. Саралай келе әр сабақта бір немесе бірнеше модульді бірден қолдануға болатынын анықтадым. Бұл қолданыстан ұтылғанымнан ұтқаным көп болды.
Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер- қолдану әрбір мұғалімнің көздеген мақсатына жету үшін оңтайлы тәсіл болып табылады. Себебі балалар бір-бірімен диалогтық әңгіме құра отырып, еркін ой бөліседі. Тақырып қаншалықты күрделі көрінгенімен, қабілеті әр түрлі деңгейдегі оқушылардың өэ ойларын білдіруіне мүмкіндік болады. Балалар сыныптас-құрбы-құрдастарының әрқайсысында түрлі идеялар болатындығына көз жеткізе алады. Әр оқушы өз пікірін дәлелдеп үйренеді және мұғалімнің оқушылардың қандай деңгейде көтерілгенін бақылап отыруына мүмкіндік туады. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер- мынандай болып табылады:
1. Қызығушылығын ояту- жаңа сабақты түсіндіру кезіндегі үйрену процесі. Бұл бұрынғы білетін білім мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы оқытуда оқушылар бұрынғыдай тек тыңдап және көшіріп қана қоймай, белсенді әрекеттер атқарады. Ол белсенді әрекеттерге ойлау, оқу, сөйлеу, талқылау, жазу, пікірлесу, пікір таластыру жатады. Бұл жерде білім дайын күйінде берілмей, ол тек белсенді әрекеттер арқылы ғана игеріледі, оқушылар өзара қоян-қолтық қарым- қатынаста болып, пікір алмасу диалогпен жүзеге алмасады. Топтық әдіс қолданғанда оқушылардың бір-бірімен ақылдасу, оны топтан біреуінің шығып айтуы, ал болжау әдісін қолданғанда оқушылардың мәтінде не туралы жазылуы мүмкін екендігі туралы өз ойларын да диалог арқылы көрсете білді. «Диалог негізінде оқыту және оқу» және «қалай оқу керектігін үйрету» деген атауларға негіз болып, соны кеңінен қарастыратын модуль. Білім беру мен білім алу барысында оқушылардың өзара білім алмасуын, оқушы мен мұғалімнің арасындағы байланыстың негізгі құралы бұл- диалог екенін меңзейді. Яғни осы диалог сабақ барысында тиімді қолданылса, оқушылар өздерінің ойларын, көзқарастарын жан-жақты, еркін айтуына, дамуына көмектеседі.Ал, «Қалай оқу керектігін үйрету» оқушылардың алған білімдерін есте сақтап, қосымша өздігінен ізденіп, оқуға, яғни білім жинау жауапкершілігін түсінуге мұғалім қандай іс –әрекет жасауын қарастырады.
2. Мағынаны тану-жаңа сабақты бекіту процесі. Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс жасайды, тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар олар идеяны жеткізіп қана қоймай, шешім табу үшін топқа сұрақ қояды және басқаларды сұраққа тартады. Әр топтан бір оқушы шығып ұжым алдында мәтін мазмұнын қысқаша баяндап береді.
3. Ой толғаныс- сабақты қорытындылау кезеңі. Осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда қалай қолдану керектігін үйренеді. Мысалы: өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, түйгендерін анықтайды. Бұл модульдің нәтижесі көп. Атап айтар болсам, ой — пікірін ашық, еркін айту, бір-бірінің сабақ барысында қателіктерін айту, жақсы қасиеттерін үйрену, сабақ-білім естерінде көп уақытқа сақталады, сабақ барысында өзі талдайды, бір-біріне талап, өтініш, тілектерін білдіре алады.
Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету — білім беруді дамыту үшін маңызды. Сын тұрғыдан ойлау- бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға бағытталған пәндік шешім. Сын тұрғыдан «ойлау туралы ойлану» дегенді білдіреді. Сыни тұрғыдан ойлау Бағдарламада екі мағанада қарастырылады. Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауын дамыту және оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Бағдарлама өзара байланысты бұл үдерістердің екеуінде дамытуды қарастырады. Оқушыларға қатысты сыни тұрғыдан ойлау ақпарат пен идеяларды синтездеу қабілеті, ақпарат пен идеяның шынайлылығы мен салыстырмалы түрде маңыздылығы туралы ойлана білу қабілеті, өзінің оқуына қатысты таңдау жасау және басқалардың идеяларына күмәнмен қарау қабілеті ретінде түсіндіріледі. Мұғалімдердің сыни тұрғыдан ойлауы өзінің жұмыс тәжірибесін, жаңа тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сыни тұрғыдан бағалауды қамтиды. Дайын білм беретін «дәстүрлі» стильмен оқытатын мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптасқылары келсе, өздерінің де сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек. Бұл жерде оқушыларға сыни тұрғыдан ойлануды үйрету үшін мұғалім өзі сыни ойлану керек дегенге саяды.
«Сыни ойлау», бұл- американдық көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы идеялары негізінде құрылған жоба. Шығыс даналығы былай дейді: «Маған айтсаң, ұмытып қалам, көрсетсең есімде қалар. Ал, өзіме істесем, үйреніп аламын». Яғни, баланың ынтасын жетелеу, қызығушылығын ояту арқылы оқыту, үйрету қажет деген сөз. Сыни тұрғыдан ойлау- мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетімен білімді игеруі, бір-бірімен қарым-қатынас жасауға тәрбиелеу. Ойлау да, оқу, жазу, сөйлеу және тыңдау сияқты іс-әрекет. Ол-белсенді, тұжырымдалған, күрделі шын ойды айтатын құбылыс. Осы бағдарламамен оқыту нәтижесінде оқушылардың өзін-өзі бақылау, бағалау, сөйлеу, тыңдау, қабілеттерінің артатыны байқалады. Бұл іс-әрекеттер оқушыларға:
— еркін ойлауға мүмкіндік береді;
— ақыл- ойды дамытады;
— шығармашылық белсенділігі артады;
— ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелейді;
— тіл байлығы жетіледі;
— жан-жақты ізденеді;
— өз ойын жеткізеді.
Сыни тұрғысынан ойлау- сынау емес, шындалған шығармашылық ойлау. Сыни тұрғыдан дамытудың басты жолы сабақ барысында сұрақтардың дұрыс қойылуы деп ойлаймын. Сұрақтар дұрыс қойылған жағдайда оқушылар жауап беру арқылы олардың ойлау қабілеттері, ой ұшқырлығы дамиды. Сабақ барысында оқушылардың тақырыпты ашу үшін өздері ізденіп, талдап талқылап пікірлесулері олардың сыни тұрғыдан ойлануларына алып келеді. Оқушылардың терең ұтымды сұрақтарға жауап берерде талантты және дарынды балалардың жауап берулері олардың ой ұшқырлығын дамытады, басқа балалардың жауап беріп үйренулеріне мүмкіндік туады, үлгерімі төмен оқушылардың достарынан қалай оқу керектігін үйреніп, өздерінің пікірлерін, ойларын жеткізу дәрежесіне жетеді, сонымен қатар достарымның алдында қате айтып қаламба деген үрейден арылады. Сыни тұрғыдан ойлай білетін адам өзіне сұрақ та қоя біледі.
— Мен не білемін?
— Мен жаңаша нені білдім?
— Менің білімім қалай өзгерді
— Мен осы біліммен не істей аламын?
Диалог арқылы сын тұрғыдан дамытуда Мерсер мен Литлтонның еңбектерін айтатын болсам «Диалаог оқушылардың қызығушылығымен қатар олардың білім деңгейінің жоғарлауына көмек береді». Диалогтық топтық жұмыстарда оқушылардың қызығушылығы артып, өй өрістері дамиды. Мерсер сипаттағандай білімді бірлесіп алуға немесе пікір алмасу барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Осы жерде Барнстың еңбегі мұғалімді селқос тыңдағаны емес вербальді құралдарды қолданса, сөйлеу, талқылау, талдау, барысында оқу нәтижелі болмақ деп көрсетеді. Сөйлеуі қиын сыныпта араласа алмайтын оқушылар бұл пікір талас топтық жұмыстарда белсене араласуы таң қаларлық жағдай.
Атақты орыс педагогы К. Д. Ушинский: » Кімде — кім оқушының тіл қабілетін дамытқысы келсе, алдымен оның ой қабілетін дамытуға тиіс. Сөздің қасиеті ойды дұрыс арқылы бағаланады, ойдың дұрыс айтылуы сөз ішінен келіп шығады «, — деген екен. Шынында, баланың айтайын дегені; ең бірінші, оның ойында пайда болады, тек содан кейін ол ойлар ауызша айтылады . Өз ойын дәлелдеп айта білуге үйретуде баланың ой тізбегін дұрыс, логикалық жолмен құрылуын қадағалау , сабақ үстінде белсенді ақыл-ой жұмысын ұйымдастырып, тапқырлығына жол ашып отыру керек. Оқушыларға жүйелі жан-жақты терең білім берілсе сыни ойлау арқылы шығармашылық дамиды. Логикалық ойлары тереңдейді. Сыни тұрғыдан ойлау оқушылардың ойларын еркін жеткізуге, сұрақтарды дұрыс қоя білуге, сын тұрғысынан ойлау әдісінің маңызды екенін білім.
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Бағалау- оқушылардың одан арғы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин, сонымен қатар оқушының дамуы, оқуы, ынталануы туралы түсінік. Оқытуда бағалаудың екі түрі бар. Формативті және жиынтық бағалау. Оқытуды жақсартуға бағытталған бағалау- формативті де, ал оқытудың қорытындысын шығару- жиынтық бағалау болып табылады. Бағалаудың мақсаты оқушының қандай сатыда тұрғандығын, оларға не істеу керек, қойылған мақсаттарына қалай жету керек екендігін көрсетті. «Бағалау» термині «жқын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес. Себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бағалауы болып табылады. Бұрынғы 5 жүйелік бағалау оқушының нақты қай деңгейде екенін анықтап бергенімен, баланың жақсаруына, нәтижеге жетуіне мүмкіндік беретінін түсіндім.Оқыту үшін бағалауды оқушы өзін-өзі бағалауы, бірін-бірі бағалауы, ұсыныс, пікірлерін білдіруі, мұғалім оқушымен кері байланыс орнатуы маңызды екенін ұғындым. Бағалау негізінде балалар ертеңгі күнге ынталанып, ұмтылыспен кетеді. Оқушы оқыту үшін бағалау арқылы бала өз жұмысын ғана емес, басқаның жұмысын саралап, талдап, бағалай алады. Ең бастысы, алдағы жұмысын бағытын анықтай алады. Оқушының жұмысын өлшемдер арқылы бағалау нәтижесін жақсартуға, не істеу керектігін түсінуге мүмкіндік берсе, жетістігі үшін мадақтап, қолдау көрсету бойына сенім ұялатады.
Ақпараттық- коммуникатциялық технологиялардың дамуы білімді бағалу және пайдалану жүйесін де уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып табылады. Оқушының өз бетімен жұмысы аз уақытта көп білім алып уақытты үнемдеуі жүзеге асады. Білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру, қашықтықтан білім алу мүмкіндігі туындайды. Қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі, іс-әрекет қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену қажеттілігі туындайды.
Бұл модульде сандық технология мен АКТ жетістіктерін жан-жақты қолдана білуді үйрету қарастырылған. Сонымен қатар Интернет желісінің мол мүмкіндіктерін еркін пайдалана білуге баулиды. Заман талабына сай техника тілін белсенді меңгерген тұлға компьютер бағдарламаларын, интерактивті жабдықтарды жан-жақты пайдаланушы ретінде ХХІ ғасырдың толыққанды адамы екені сөзсіз. Сондықтан мұғалімнің электрондық және сандық сауаттылығы мектеп оқушысының АКТ тұрғысында әлеуметтенуіне толық қызмет етуі қажет. Бұл тұрғыда қазіргі заман жетістіктеріне дер кезінде ілесе отырып, оқушының, әріптестерінің толық мәнде ақпараттануына үлесін қосуы қажет.
Талантты және дарынды балаларды оқыту.Дарын деген — туа біткен қабілет, ал талант – жүре келе қалыптасатын қасиет деп қарастыратын болсақ, бұларды дер кезінде оқушы бойынан тани біліп, оларды дамытудың тетіктерін таба білуде ұстаздардың атқарар рөлі айтарлықтай.Сондықтан оқыту барысында бала бойындағы қабілеттердің тұншығып қалмауына бағытталған жұмыс жүргізу әр мұғалімнің, қала берді әр оқу орнының мақсатына айналуы тиіс. Модульде аталған бағыттағы жұмыс түрлерінің тиімді жолдары қарастырылған. Бала қабілетін анықтауда деңгейлік тапсырмалар мен шығармашылық жұмыстардың берері көп. Қабілетті дамытуда елімізде өткізіліп жатқан аймақтық, ұлттық және халықаралық сайыстар мен бағдарламалардың аздық етері сөзсіз. Бірақ бала қабілетті екен деп оған шамадан тыс жүктеме артып, оқушының дамуын тежеп немесе оқуға деген қызығушылығын жоғалтып алмауда жоспарлы түрде жұмыс жасау керек. Бұл жолдағы тиімді стратегияларды таңдау мұғалім біліктілігін қажет етеді.
Оқушылардың өзіндік шығармашылық қабілеттерін іске асыру барысында дайындаған қалыптастыру – дарынды балалармен жұмыс жүргізудің негізгі мақсаты. Бұл үрдіс оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асырылады.
Әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытта жетелеу- ұстаз парызы болса, баланы заманына қарай икемдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту –бүгінгі күннің басты талабы.
Дарынды балаларды оқытуда Выготскийдің еңбектерін атап өту аса маңызды деп ойлаймын. Бастапқы негізді білу кез-келген баланы дамытуға қолайлы орта ұйымдастыру үшін айқындалуы тиіс. Яғни оқушының негізгі мотивациясының деңгейін, логикалық ой-өрісі деңгейін бағамдау қажет. Бұл туралы Эйрде айтып өткен болатын. Выготский бойынша «Жақын арадағы даму ймағы» теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттеріні деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтты. Эйр тым күрделі жұмыс балаларға қиын орындалатын және олардың ынтасын жоятын жұмыс болып көрінетіндігін дәлелдеген. Шыныме де мұндай тапсырмалар оқушылардың өздеріне деген сенімсіздігін арттырып, пәнге қызығушылығын төмендетеді. Сол себептен, ә оқушының жеке қабілеттерін зерттей отырып, олардың білім алуына қолайлы жағдайлар туғызғанда ғана жүйелі нәтижеге қол жеткізуге болады.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу. Бұл модуль оқытудағы барлық ресурстар оқушының жас ерекшелігіне бағытталатынын меңзейді. Сабақ беруде мұғалім оқушылардың жас ерекшеліктерін негзге алу керек. Тапсырмаларды меңгере алатындай, сұрақтарға дұрыс жауап іздей алатындай етіп қою керек. Сол кезде сабақ күтілген нәтижеге қол жеткізеді. Қандай тәсіл, қандай тапсырма болмасын оқушының өз дамуы деңгейінде қабылдағанда ғана белгілі бір нәтиже береді. Сонымен қатар жас шамасы әртүрлі сыныптарда тиімді оқыту және оқу стратегияларын сәтті жүзеге асыру жолдары қарастырылады.
Оқытуды басқару және көшбасшылық. Әр мұғалі өз сабағының көшбасшысы. Көшті қалай бастап алып жүрем десем де өз еркі. Ал көшті дұрыс бағыттай білу ол шеберлігіне байланысты. Мұғалімнің көшбасшылығы тек білім берумен ғана шектелмей, ол кез-келген істің басында белсенділік танытып ұйымдастыру шеберлігінің мықты болуы. Көшбасшылық жасау ол көбінесе талантты және дарынды балалардың бойынан табылатын қасиет. Кейбіреулері өзінің бойындағы қасиеттің барын аңғармайды. Сондай қасиеттерді аша білу мұғалімнің басты міндеттерінің бірі деп ойлай білемін. Мұғалім жай ғана оқытушы емес, ол сонымен қатар өзінің сабақ беріп жүрген сыныптарының алдында көшбасшы бола білу қажет. Яғни әрбір ұстаз осы атауға лайық болуы тиісті және өзінің алдында отырған оқушыларды басқара білуі қажет. Сонымен қатар олардың әрбір жұмыстарын қадағалап, олардың пікірін тыңдай отырып айтқан пікірлеріне тиісті бағаларын беріп, олардың өз идеяларын ашып айта алатын, сабақ барысында өзін еркін ұстай білуге мүмкіндік жасай блуі керек. Әрине бұл білімді жай ғана қалыптастыру оңай емес. Мен оқушылардың білім алуына олардың саналы қалыптасуына бағдарлама да бірінші бетпе-бетте үйренген әдіс тәсілдерімді пайдаландым. Көптеген стратегияларды қолдана отырып олардың білім қалыптастыра алуларына ықпал еттім. Мысалы: практика барысында өткізілген төрт сабағымның барлығында жаңа әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өткіздім. Сабағымды шаттық шеңбермен бастап , топқа бөлу арқылы жалғастырып, негізгі стартегиям «Мағынаны тану», «Венн диаграммасы», «Ой толғау», «Ой қозғау», «Зымыран сұрақтар», «Ыстық орындық», «Артығын тапта түсіндір», «Сәйкестендіру» стратегиясы болды. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, сабақ барысының өзгешелігіне мән бере бастады. Сабақтарымды үнемі жеті модуль аясында өткізуге тырыстым . Солардың ішіндегі «Оқуды басқару және көшбасшылыққа» көбірек назар аудардым. Сыныптағы көшбасшыны анықтауды бірінші сабағымнан бастап зертеумен болдым. Жоғарыда айтқандай Н есімді оқушым топ арасында көшбасшылық жасап отырды. Ол әрбір тапсырманың тиянақты орындалуын қадағалап, топ мүшелерін жұмыс істеуге тарта білді. Сабақты кезекпен айтқызып өзі толықтырып кері байланыс жасап отырды. Оның сабақ үлгерімі өте жақсы оқушылар қатарында. Ол сабақ барысында ғана емес жай жүргенде де достарына қол үшін беріп жүретінін байқадым. Алдағы уақытта барлық оқушылармен біркелкі жұмыс жасай отырып, олардың бойындағы әлі ашылмай жатқан қасиеттерін ашып, әрбіреуіне көшбасшылық жасай білуге үйретуді қолға аламын. Топпен жұмыс жасаудың ерекшелігі, олар бір-бірі мен санасады, өз ойларын ортаға салып бір шешім қабылдауға үйренеді. Араларында көшбасшылық қабілеттері күннен-күнге дами түседі. Көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыс мектепте жаңа білімді қалыптастырады, дегенмен мектептен тыс жерде алынған жаңа білімдерді беру де мұғалімнің өз мектебіне орасан зор пайдасын тигізеді. Я.А.Коменскийдің «Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермегенжәне өзіңнің біліміңе ештеңе қоспаған осынау күнді немесе сағатты бақытсыз сана» деген нақылы мен Филлердің «Бойыңда білімің бар екен, одан басқаларға өз шырақтарын жағып алардай жағдай туғыз» деген қағидаларын бүгінгі күннің жаңашыл, жаңа форматты мұғалімдеріне арналған қағида екені сөзсіз. Мұғалім – мектептің жүрегі іспеттес, ал мұғалімнің ішкі жан дүниесі руханй байлыққа кенелген кезде ғана мектепке түбегейлі өзеріс енгізе отырып, өзі көшбасшылық жасайды. Кез-келген мұғалм көшбасшы бола бермейді, тек бойында мол күш жігері бар өмірге деген көзқарастары мен құзіреттілігі жоғары мұғалімнің қолынан келеді. «Мен неге өзгеруім керек?» деген сұрақты қоғам талабы ретінде қарап, бағдарламаның тамаша идеяларын таратуға үнемі өзін-өзі дамытып отыруға тиіс. Осы деңгейлік курстан өтіу барысында мұғалімдік ұстанымым өзгеріп, шешім қабылдауда өзіме деген сенімділіктің артқаны байқалады. Мұғалімнің көшбасшылығы оның терең білімділігінде екеніне ешкім күман клтіре алмайды. Өзінің шебер ұйымдастырушылығы арқылы өз тобын жинап құзіреттілік таныта білетін мұғалім ғана өз ортасына беделді әрі көшбасшы бола алады. Мұғалім мен оқушы көшбасшылығы мұғалім жеті модульді тиімді пайдаланып, нәтижеге қол жеткізе аласа мұғалімнің көшбасшылығы, ал оқушыларда топқа бөлінгеннен кейін-ақ көшбасшы көрінеді, топта айрықша белсенділік танытқан оқушы-көшбасшы, ол әдетте басқа оқушыға барынша көмектесіп, соған жауап бергізуге тырысады, өйткені ол өзін емес, сыныптастары мен топты алға сүйрейді.
Қорыта келе, бойында көшбасшылық қабілеті бар мұғалім оқушылардың бойына, сенімі және ақылдылығы мен парасаттылық қалыптастыра отырып, өмірге сыни көзқараспен қарай алатын, ұйымдастырушылығы жоғары қабілетті тұлға қалыптастырады. Әрбір мұғалімнің өзіне деген сенімділігі мен қабілетін, күш-жігерін бағалай білуі қажет. Әрқашан жаңашыл болуға талаптану қажет.
Жоғарыда айтылған модуль идеяларын оқыту барысында жүйелі түрде пайдалануға толық негіз бар. Заманауи білім беруге жаңаша өзгеріс енгізуге талпынатын болсақ, ұсынылып отырған әдіс-тәсілдердің өміршеңдігін мойындауымыз керек. Осы айтылғандардан түйгенім мына қытай мақалымен үндесіп жатқан сияқты: «Мен естимін, мен оны ұмытамын. Мен көремін, мен оны есте сақтаймын. Мен жасаймын, мен оны түсінемін.»
Кембридж тәсілдің оқушыларға да, маған да болашақта тигізер пайдасы зор екеніне сенімдімін. Бағдарлама идеясы маған ұнады. Оның тиімді жақтары басым, әрі қарай өз тәжірибемде жетілдіремін, сабағымның құрылымы мен қрылысы өзгереді және әріптестеріммен тәжірибемді бөлісемін деген ойдамын. Мен үшін бұл оқу нәтижесінде сабақтарымда көп өзгеріс болады. Оқушыларымның еркін сөйлесуіне және қателесуіне рұхсат беремін. Әрбір мұғалім жаңару үдерісін жатырқамай қарсы алып, оны өзінің іс тәжірибесіне енгізуге асығу тиіс. Өйткені әр бала қай сыныпта оқыса да, қай жаста болса да өзінің кім болатынын армандайды және өмірден өз орнын табуды басты мақсатым деп санайды, сондай-ақ өз айналасынан дұрыс бағдар беретін ақыл-кеңес күтеді. Сондақтан әрбір мұғалім оқушынынң рухани өсуіне жағдай туғыза алатын жаңалықтарды да қабылдауға дайын болуы деп ойымды тұжырымдаймын.
15.Орта мерзімді жоспардың SMART мақсатқа негізделуі
Тізбектелген сабақтар топтамасының орта мерзімді жоспарын 6 б сыныбы оқулығының ХХ ғасыр әдебиеті тарауындағы М.Мағауин мен Д.Исабеков шығармашылығы бойынша жасадым. Ортақ тақырыпты «ХХ ғасыр әдебиеті» деп алдым.
Мұғалімге арналған нұсқаулықты басшылыққа ала отырып, орта мерзімді жоспарды жоспарлауда сындарлы оқытудың жеті модулін ықпалдастырдым.Орта мерзімді жоспарды жасау барысында барлық оқушымда оқуға қажетті дағдыларды қалыптастырып, білім беру үшін Чиксентмихайдың «өзіндік мақсат» теориясын басшылыққа алдым. Себебі оқушы оқу үдерісіне өз-өзін ынталандырып, ұмтылып, қызығушылығы пайда болып белсенді қатысқанда ғана материалды терең игере алады.
Жоспардың мақсаты СМАРТ мақсатқа сәйкес нақты,қолжетімді және іс-әрекетке,шындыққа негізделген.Себебі, сабақ барысында оқушылар М.Мағауин мен Д.Исабековтің өмірі, шығармаларымен танысады,повестерін талдайды,өзіндік ой-пікір айта біледі,шығармашылық жұмыстар жасайды. Шығарма кейіпкерлерін топта талдайды, шығарма тақырыбы мен идеясын біледі. Шығарманың композициялық құрылымы мен құрылысына талдау жасай біледі.Ұлттар достығы мен отбасылық құндылық туралы біледі. Ол қысқа мерзімді жоспардың мақсатын жоспарлауыма негіз болды. Көмекші ретінде Блумның етістіктерін қолдана отырып, қысқа мерзімді жоспардың мақсатын құрдым.
Тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлауда жеті модульді кіріктіріп, сабақта қолдануға, ықпалдастыруға және оқытудың танымдық, әлеуметтік, эмоциялық аспектілерін орнымен ұштастыруға тырыстым. Оқушыларды топқа біріктіру тәсілдерін әр сабақтың мақсатына сәйкес болуына барынша назар аудардым. Сабақтар барысында оқушылар топқа бірігіп,топ ережесін,топ мүшелерінің міндеттерін түсініп орындайды.Сабақты тиімді өту үшін жаңа тенологияларды қолдана отырып,топтық,жұптық,жеке тапсырмалар беремін.Сыни ойлауын дамыту мақсатында «Ой шақыру» арқылы М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесін өтетін сабағымның басында Ұлы Отан Соғысы туралы видеороликті оқушылар көреді, жаңа тақырыптың не туралы болатындығын өздері табады.Бұл әдісті Д.Исабековтің «Ата үміті» повесінен үзіндіні өтер кезде де (Дермене өсімдігі туралы видеоролик көрсету) қолдануды тиімді деп есептеймін. «Бір атаның балалары» повесіндегікейіпкерлер, шығарма тақырыбы, идеясы» атты сабағымда оқушылар «Мағынаны тану» стратегиясы арқылы шығарманың тақырыбы мен кейіпкерлеріне талдау жасайды.Д.Исабековтің «Ата үміті» повесінен өтілген сабақты пысықтау мақсатында «Түйінді ой» стратегиясын,ал «Шығармадағы ата мен немере» сабағымда жаңа сабақты бастар алдында «Ашық сұрақ» әдісін қолданамын.Мұнда оқушылар шығарма төңірегінде бір-біріне сұрақ қойып,жауап алады. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар,олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсеткен болатын. Сабақ барысында оқушылардың диалог арқылы оқыту негізінде жұптық, топтық тапсырмалар қарастырылған.Себебі әдебиет сабағында оқушылардың сөйлеу мәдениеті басты назарда болады, диалог арқылы тілдесім әрекеті жақсы дамиды. Бұл орайда «Шығармадағы ата мен немере» сабағымда «Мен-саған, сен-маған», М.Мағауин «Бір атаның балалары» повесін өткен кезде сабақты қорытындылауда«Мұғалім-оқушы-мұғалім» әдісін қолданамын.
Сабақ барысында жас ерекшеліктерін ескере отырып, сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға арнайы тапсырмалар құрастырдым.Ол «Миға шабуыл», «Ой шақыру»,«Түйінді ой», «Тұлғаны таны», «Ашық сұрақ» сияқты әдіс-тәсілдерімнен көрініс табады. Білім сапаларын жоғарылату мақсатында оқушылармен жекелей, жұптық,топтық жұмыстардың алатын орны ерекше. Себебі, жекелей және жұптық жұмыс кезінде оқушылар өздерінің жазылым, айтылым, оқылым дағдыларын жетілдіреді. Оқушылардың өзіндік пікірлерін ортаға салып, ойын ашық жеткізуге бағыттайтын, өзара оқытуды жүзеге асыратын «Әңгіме талдау кестесі», «Джигсо», «Сыр сандық», «Кейіпкерге хат», «Суреттеу», «Ой толғау» сияқты әдіс-тәсілдерді М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесі мен Д.Исабековтің «Ата үміті» повесінөткен кезде сабақ барысында қолданамын.Сол арқылы оқушылардың ойын еркін айта да,жаза да білуіне ықпал етемін. Жоспарлау үдерісінде тағы бір ескеретін мәселе, сыныптағы барлық оқушыларды оқу үдерісіне белсенді қатыстыру. Соған сәйкес, оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, деңгейлік тапсырмалар беру мен жеке жұмыстарды кіріктіре қолдануды да назарда ұстау қажет деп таптым. Тақырыпқа сай визуал аудиал оқушылардың қажеттіліктеріне қатысты жұмыс түрлерінқолданамын деп жоспарлап отырмын. Шығарма талдау барысында белгілі бір тапсырмаларды бере отырып, есте сақтау дағдыларын қалыптастырып, өздеріне ойлануға мүмкіндік беремін. Дарынды, талантты және үлгерімі төмен оқушыларға арнайы сараланған тапсырмалар да жоспарда қарастырылған. Оны «Бес жолды өлең», «Сатылай кешенді талдау», «Екі жақты күнделік»,«Сурет салу», «Сәйкестендіру» тапсырмаларынан байқауға болады. Сондай-ақ оқушылардың сыни ойлауын жетілдіруде М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесі мен Д.Исабековтің «Ата үміті» повесін өткен кезде әр мәтінді түбегейлі талдап болған соң сыныптағы кейбір дарынды балаларға жоғары деңгейлі сұрақтар қойып отырамын. Нәтижесінде сынып оқушылары өтілген тақырып төңірегінде өз қөзқарастары мен пікірлерін еркін және өмірмен байланыстыра айта алады. Оқушылардың оқуының табыстылығын арттыру мақсатында бағалау негізгі рөлге ие болғандықтан, бірнеше бағалау әдістерін жүзеге асыруды жоспарлап отырмын. Олар бағалау парақшасы,өзара бағалау, смайлик арқылы бағалау, өзін-өзі бағалау әдістері әр тапсырманы орындау барысында көрініс табады.
Тиімді кері байланыс - әрбір сабағымыздың табысты өтуіне өте үлкен ықпалын тигізетін түйінді фактор. Кері байланыс орнату мақсатында және оқушылардың оқудағы жетістіктері мен қиындықтарын анықтау үшін«Допты қағып ал», «Білім ағашы», «Қазына тау», «Екі жұлдыз,бір тілек» әдістерін сабақтың өн бойында қолдануды жоспарлап отырмын.Бұл әдістер барысында оқушылар өздерінің жұмыстарына баға беріп, дұрыс немесе бұрыс жерлерін өздері анықтай алады және өз көзқарастарын дәлелдеп, негіздеп айтуға дағдыланады деп ойлаймын. Оқушыға болсын, сабаққа болсын, мұғалімге болсын дұрыс айтылған, тиімді жеткізілген сын сол айтылған қателіктердің қайталанбауының алдын алады.
Сонымен бірге мұғалімнің де алда өткізетін сабағына жүйелі де мазмұнды жоспар жасауына септігі мол.
Қорыта келгенде, Шульман көрсеткен мұғалімнің «үш көмекшісі», яғни құзырлы мұғалімге тән белгілер: кәсіби түсінік, оқытудың тәжірибелік дағдылары, кәсіби-өнегелік тұтастық (бас, қол, жүрек) болған жағдайда оқыту табысты, мақсаты нәтижелі болады деп өз ойымды түйіндеймін.

16.Көркем шығарманы оқытуда жаңа технологияны пайдаланып, сабақ жоспарын құрыңыз
I.Кіріспе.
II.Негізгі бөлім.
1.Көркем шығарманы оқыту
2.Көркем шығарманы оқытуда баланың жас ерекшілігі.
3.Көркем шығармада жаңа технологияны қолдану.
«Көркем шығарманы талдамас бұрын оны
дауыстап оқып, дауыстап жеткізу керек.
Сонда ғана шығарма балаға барынша әсер етеді .
М..А. Рыбникова.
Көркем шығарманы оқыту – оқушының сөз қадірін түсінерлік ойлау әрекетін дамыту, рухани дүниесін байыту, эстетикалық талғамын жетілдіру, адамгершілік қасиетін қалыптастыру.» — деген болатын әдебиет зерттеуші – ғалым, белгілі жазушы, ұлағатты ұстаз Қажым Жұмалиев.Оқушы әдебиет сабағында көркем шығарманы қабылдау керек.Бұл – оңай үрдіс емес. Қабылдау деген сіз бере салғанды ол ала қоятын зат емес. Ол – оқушының өзінің жан қалауымен, жүрек сезімімен, рухани әрекетімен жүзеге асатын дүние.Қандай жақсы көркем шығарма болмасын оқушы қабылдау үшін әрекет жасамаса, автордың жай күйзелісін, шалқар шабытын бойынан өткізіп, көркем суретті көз алдына елестетіп, келтіре алмаса бәрі бос сөз.Оқушыдағы осы сезімді ояту – мұғалімнің қолында, яғни, оқушыға әдеби білім беру, әдеби, эстетикалық, адамгершілік қасиеттерін дамыту үшін мұғалім әдебиетті оқыту барысында әдіс – тәсілдерді орнымен қолдану қажет.
Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім – болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс – тәсілдерін сұрыптай отырып пайдалануы керек. Оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытудың жолдарын қарастыруы керек.
Оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық, интеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру; оқырмандық тұрақты ынта – ықыласты, биік талғамды қалыптастыру; әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және біліктілікпен қаруландыру; логикалық ойын, ауызекі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда, жеке тұлғаны дамыту, қалыптастыру болып табылады.
— көркем шығарманы оқуға деген қызығушылығын, ынтазарлығын ояту, жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру;
— сөз өнерінің ерекшеліктерін түсініп, тануға, ой көзімен зерделеуге негіз болатын білім, білік, икем – дағдылар қалыптастыру;
— ойын сауатты ауызша (жазбаша) айта да, жаза да білу, байланыстырып сөйлеудегі тіл мәдениетін қалыптастыру және дамыту, өзіндік ой – пікірін дәйекті, жүйелі айта білуге баулу.
Әдебиет — өнер, әдебиет — ұлттық қазына, асыл мұра.Әдебиет – ұлттық танымның қайнар көзі, сондықтан көркем шығармадан алынған үзінділерді оқулыққа ендірудетөмендегідей қағидалар басшылыққа алынған:
. Оқушы тілін дамыту негізінде оқырмандық біліктілікті қалыптастыру Оқушылардың тілдік қатынасын коммуникативтік түрде дамыту.Ой, ойлану, ойлату барлық пәндерге де керек. Ойсыз өмір сүру мүмкін емес. Бірақ бұл жердегі ерекше бір еске алатын мәселе — өзіндік пікірде жатыр.Көркем туындыны оқытудың ең бастысы, сол көркем туынды туралы оқушы пікірі, ойына ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл пәннің басқа пәндерді оқытудан өзгешілігі де, күрделігі де осында. Басқа пәндерге қарағанда әр түрлі.
Мектепте әдебиетті оқытудың мән-маңызы көркем туындыны оқыту, талдау, оқырмандық пікір қалыптастырумен ашылмақ. Көркем туындыны оқу бар да, талдау бар. Талдау оқусыз жүзеге аспайды. Оқу баланың өз еңбегімен жүзеге асс, талдау мұғалім, оның ұйымдастыруы, жобалауы, тиімді жағын ойластыруы арқылы жүзеге асады. Көркем мәтінді оқушы қалай оқып, қабылдайды, қандай ой туады, өз көзқарасын қалай жеткізеді – бұл оқушы мен мұғалімнің бірлескен еңбегінің жемісі болмақ.
Қазіргі әдістемеде талдау жасаудың 4 түрі:
-Образ бойынша;
-Тақырыптық;
-Тұтас;
—Автор ізімен .
ұсынылып жүр. Қандай талдау түрі болса да, не мақсат көзделеді? Бұл сұраққа әдіскер Қ.Бітібаеваның сөзін негізгі ала жауап берсек
1. Оқушының туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын тану,
2. Эстетикалық талғамын қалыптастыруға сеп болу,
3. Таным қабілеті, ойлау белсенділігі мен дербестігін ұштау,
4. Ең бастысы – көркем туынды бойынша талдау жасау, пікір айту жолдарын меңгерту /тақырыбы, авторлық идея, образдар жүйесі, сюжеттік-композициялық ерекшелігі, көркемдік-эстетикалық жағын т.б. кешенді түрде қарастыру/.
Көркем туындыны оқытып, сауатты талдауға қол жеткізу үшін автордың мақсат-мұратын, ойын білдіретін әрбір деталь, көркемдік тәсілді дәл танып, жазушы шеберлігін оқушыға дұрыс таныта білу керек.
Оқушының танымдық-шығармашылық қабілетін, ойлау белсенділігін дамытатын, өз жоба-жорамалын ұсыну, салыстыру негізінде дұрыс шешім табуға жетелейтін әдістің бірі – проблемалық талдау.
Ол көркем туынды негізіндегі проблеманы дәл танып, ізденіске, әдеби айтыс-тартысқа жетелейтін сұрақтар әзірлеуді қажет етеді. Сұрақ авторлық идея, проблема, кейіпкер іс-әрекеті т.б. негізінде туындайды.
Осы негізде талдаудың мынадай жобасын, үлгілерін ұсынамын:
ІІ. Көркем туынды негізіндегі автор ойы, идеясына талдау жасау.
10-сыныпта М.Дулатовтың азаматтық лирикасын оқытуда мәселеге дәстүр және жаңашылдық тұрғысынан қарау, отаршылдық езгіге қарсы күрескерлік үні, әсіресе жер мәселесін ХҮІІІ ғасырдағы жыраулар поэзиясы, ХІХ ғасырдағы «зар заман ақындары», Махамбеттің күрескер поэзиясынан бастап талдау тиімдірек. Дәстүрлі тақырып, оған Міржақыптың жаңаша көзқарасы, жаңаша жырлауы туралы сөз қозғау оқушының өткен материалға қайта үңілуіне, негізгіні саналы игеруіне мүмкіндік туғызады.
ІІ. Кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыру арқылы автордың образ жасау шеберлігін ашу.
11-сыныпта М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастанын оқытуда мына сұрақтар негізінде ізденіп, әрі кейіпкерге мінездеме беруге, автор шеберлігіне мән беруге болады.
Шығарманың көркемдік өрнегіне, автор стиліне талдау.
Бұл үндес, үқсас мәтіндерді салыстыру арқылы жүзеге асады. 11-сыныпта С.Сейфуллиннің «Көкшетауы» мен М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастандарының тілін талдау үшін екі ақын шығармасындағы сұлу Көкше келбетін салыстырып, стильдік ерекшелігін ашуға болады.
ІҮ. Тақырыптас шығармаларды қатар, салыстыра талдау.
Бұл жұмысты 10-сыныпта ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі әйелдер теңсіздігі мәселесі бойынша М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы, М.Сералиннің «Гүлһашима» дастаны, С.Көбеевтің «Қалың мал», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу»романдарын өткенде жүргізуге болады, яғни «Бір мәселе, бір тақырып: бірнеше шешім, үйлесім мен қайшылық» сұрағы төңірегінде мәселе қозғау. Сонда оқушы көркем шығарма табиғатын, оның өзегіндегі автор идеясын, онымен байланыста кейіпкер тағдырының әртүрлі шешілуін, суреткер түсінеді.
Ұқсастығы:
1. Тақырыбы – қазақ әйелінің теңсіздігі.
2. Автор реализмі, жастарды бостандыққа, теңдікке шақыру.
3. Бас кейіпкерлер оқыған, ескіше көзі ашық, бостандықты аңсап, баянды махаббат, теңдікке қол созады.
4. Осы жолда оларды қолдаушылар бар /не шешесі, не достары/.
Осылайша айырмашылығы да талданады.
Ү. Тарихи және көркем шындықты негізге ала талдау.
Мұнда мұғалім тарих рең ғана болатынын, жазушы кейіпкер бейнесін жасауда өмір шындығын қалай пайдаланғанын назарда ұстауы керек. Ш.Құдайбердіұлы мен М.Абайұлының «Еңлік-Кебек» дастандарын, кейін М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасын оқытуда мұғалім үш туындының арқауы – махаббат трагедиясына үш суретке де замана сипаты, ел іішіндегі әлеуметтік жағдайға сәйкес қарағанына мән береді. Оқушыны мына сұрақтар төңірегінде іздендіруге болады:
1. Трагедиялық оқиғаның тууына қандай қоғамдық, әлеуметтік жағдайлар себеп болды?
2. Неге Шәкәрім «Ақтабан шұбырынды» оқиғасын өз сөзіне астар етіп алған?
3. Ғашықтар трагедиясына кім, не кінәлі? Бұған өзің қалай қарайсың?
Осыған орай оқушы ой-толғанысының үзігі:
«Шәкәрім ғашықтар қазасын бір ру, топ, жеке адамның мойнына қоймайды. Қатігездік көптің тарвапынан жасалған, сондықтан кінә жеке адамда емес, тұтас қоғамда. Кеңгірбай би де жастарға ара түсе алмай, заман мен жағдайға бас иген».
«Ақтабан шұбырындыны сөзіне астар етудегі мақсаты – трагедияға себеп болған қоғамдық, әлеуметтік жағдайларды анықтау, оқиғаның өмірлік мәнін көрсету. Шынында, қараңғылық пен ескі салт-сана дәуірлеп тұрған заманда ғашықтар тағдырының қайғылы аяқталуы қисынды деп ойлаймын» т.б.
Осылайша оқыту-талдаудың ұтымды жағы мынада:
1. Ақиқатқа жету, проблеманы шешу үшін ізденеді, зерттейді.
2. Оқығанды ой жүгіртіп, зерделеп қабылдауына негіз болады.
3. Оқушы мәтінге жүгініп, өз ойы, болжамын, көзқарасын айтуға машықтанады.
4. Оқытудың жалғаспалық, жүйелілік принципі тоғыса келіп, оқушыға терең білім беру жүзеге асады.
Достарыңызбен бөлісу: |