1.Қазақстан аумағындағы мемлекеттер; (1-6) Амангелдиева


Татар-монғол шапқыншылығы қарсаңындағы Қазақстан



бет37/59
Дата02.04.2023
өлшемі151,79 Kb.
#78356
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59
Байланысты:
DOC-20230105-WA0155.

57.Татар-монғол шапқыншылығы қарсаңындағы Қазақстан.
Моңғол-татар шапқыншылығы мен одан кейінгі құрылған Алтын Орда хандығы біздің еліміздің тарихында үлкен рөл атқарды. Өйткені,олардың көшпенділерге еткен билігі екі жарым ғасырға жуық уақытқа созылды және осы уақыт ішінде моңғолдар қазақ халқының тағдырына елеулі із қалдыра алды. Өздеріңіз білетіндей, бірнеше тайпаларды біріктіре алған алғашқы, ең ірі хан Шыңғыс хан (Темужин) болды. Бұл тайпалар солтүстігінде Байкал, Енисей мен Ертістің жоғарғы ағысынан оңтүстігінде Гоби шөліне дейін орналасқан. Ұқсас өмір салтын ұстанған бұл тайпалар бір-біріне өте ұқсас болды. Негізгі кәсібі-мал шаруашылығы, аң аулау және басқа тайпаларды тонау. Темуджинның шапқыншылығынан дейін олар ешқашан үлкен одақтарға бірікпе еді, үнемі бір-бірімен араздасты.Ең ірі тайпалары: меркиттер, наймандар, керейттер, кунграттар және т. б. болды. Моңғолдардың Қазақстанға қарулы басып кіруіне Отырар апаты, яғни Қайырханның 450 адамнан тұратын керуен жолын қырып салуы себеп болды. Шыңғыс хан бұл жорыққа ұзақ және мұқият дайындалды. Жорық 1219 жылы қыркүйекте Ертіс жағалауынан басталды, сол кезде Шыңғыс ханның 150 мыңға жуық жауынгері Жетісу арқылы Сырдарияға көшкен. 1224 жылдың күзінде Шыңғыс хан Моңғолияға оралды. Осылайша, 1219-1224 жылдардағы шапқыншылық нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Моңғол империясының құрамына енді. Моңғолдардың көптеген жаулап алуларына байланысты Қазақстан аумағы Шыңғыстың балаларының бөліп берген інжу жерлеріне, үш ұлыстың құрамына кірді: Жошы , Шағатай жәге Угедей ұлысы. Ал одан кейінгі кезеңде Жошының мұрагері, оның ұлы Бату көптеген жаулап алу жорықтарын жасады. Бату да атасы сияқты көптеген жерлерді басып ала отырып, Еділдің төменгі ағысында жаңа моңғол мемлекетін құрды. Ол Алтын Орда деп аталды. Оған Жошы ұлысының аймақтары мен сондай-ақ Батыста өзі жаңадан жаулап алынған жерлер кірді
58.Монғолдардың Қазақстанға жорықтары. 58-60 ЖАУАП БИРДИ БОЛАТ
Шыңғыс хан жасағының негізгі жорығының бірі- ол Қазақстан және Орта Азия жеріне жасаған жорығы болды. Бұл жорықтың моңғолдар үшін алатыр орны ерекше болды. Себебі ,олар бұл аймақтарды басып алу арқылы Еуропаның шығыс бөлігіне , сонымен қатар алдыңғы Азияға аумағына шығуға жол ашатын еді. Жалпы осы үшін де Шыңғыс (Темужин) бұл жасаған жорығына аса қатты мән берді .Оған ұзақ әрі мұқият әзірленген болатын. Жорықтың алғашқы қадамы моңғолдардың батысқа қарай жылжуымен 1218 жылы қайта басталды. Темужин өзінің жеке жауы болып табылатын найманның ханы Күшліктің тас-талқан етіп, оның қол астындағы бай қалаларға толы Жетісу жерін өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді. Күшліктің Темужинке қарсы тұруға күші жетпегендіктен ол Жетісу аймағын аса көп қарсылықсыз-ақ басып алды. Моңғолдар Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін оларға ендігі жерде Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылған болатын. Негізінен көптеген тарихи деректерде Шыңғыстың Қазақстанға жорық жасап , басып кіруіне ''Отырар опаты'' деп аталатын жағдай себеп болған дейді. Деректер бойынша 1218-інші жылы Темужин Орта Азияға Омар Қожа, Жамал Марағи сынды тағы басқа саудагерлер басқарған сауда көруенін жіберген. Сауда керуені 450 адамы бар 500 түйелік керуенімен 1218 жылдың жаз айында Отырар қаласына келіп жеткен. Ал Отырар әміршісі Қайырхан оларды жансыз тыңшылар деп күдіктеніп, сауда керуеніндегі барлық адамдарды қырып тастап, керуенді тонап алады. Бұны естіген Темужин Қайырханды қолыма бер деп талап етіп Хорезм шахы II Мұхаммедке елші жібереді. Бірақ Хорезм шахы бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, ол жіберген жазықсыз елшілерді өлтіруге әмір етіп , бастарын кескен. Бұл Темужиннің Қазақстанмен бірге Хорезмге де қарсы соғыс ашуына себеп болды. Тарихи деректерде берілген осы оқиғадан соң , яғни 1219 жылы қыркүйекте Темужин өзінің 150 мыңға жуық қалың қолын Ертістен Сырдарияға қарай қаптатып жібереді. Ертіс бойын оп-онай жаулап алғаннан кейін, Шыңғыстың қалың қолы Сыр бойындағы қалаларға да келеді. Темужин бұл тұсқа келіп өз әскерін үшке бөледі. Шағатай мен Үгедей бастаған түмендер Отырарды қоршауға алса,Жошы бастаған әскер Сырдарияның төменгі ағысындағы қалаларды алуға аттанады. Ал үшінші бөлік Сырдарияның жоғарғы ағысындағы қалалар мен қыстақ-кенттерді алуға аттанады. Темужин өзі болса кіші баласы Төлемен бірге Бұхараға қарай бет алды. Ең алдымен Шағатай мен Үгедей бастағана қол Отырар қаласын алты ай бойы ала алмайды. Қайырхан басқарған қала тұрғындары моңғолдарға берілмей тегеурінді қарсылық көрсетеді. Тек Хорезм шахы II Мұхаммедтің жіберген көмегін басқарған әскербасы қақпаны ашып, өз әскерімен моңғолдарға берілгенде ғана олар осы қақпа арқылы қалаға лап қояды. Осылайша Отырар қамалын жермен-жексен етеді. Жалпы сыр бойынданы қалалардан тек Отырар ғана емес Сығанақ, Ашнас, Үзкент сынды қалаларда қарсылық көрсетіп, берілмеуге тырысты. Шыңғыс ұлдары Отырарды басып алған соң әрі қарай әкесіне келіп қосылды. Бұл кезде Шыңғыс хан Бұқараны басып алып , Самарқанд қаласына жолға шыққан болатын. Осылайша 1219-1220 жылдар арасында Сырдарияның бойындағы барлық қалалар мен қыстақ-кенттер моңғол әскерлерінің қол астына өтеді. Ал одан кейінгі жорықтың көздегені Кавказ аймақтары болды. Моңғол қолбасшылары Жебе мен Сүбедей нояндар басқарған отыз мыңдық әскер Солтүстік Иранды басып өтіп, 1220 жылы Кавказға кірді. Моңғолдар мен жергілікті халықты құрайтын алаңдар мен қыпшақтар, және Қалқа өзені бойындағы орыстар арасындағы соғыс тек 1223 жылы аяқталды. Моңғолдар оларды тас-талқан етіп жеңді. Одан кейін моңғолдар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандады. Содан кейін ғана олар қазақ даласы арқылы 1224 жылы Темужиннің Ертістегі ордасына қайта оралған болатын . Ал 1225 жылы Моңғолияға қайтып келді. Сонымен ,қорыта айтқанда кезде , Шыңғыс және оның ұлдары бастаған қалың моңғол әскері 1219-1224 жылдары жасаған жорықтары нәтижесінде Қазақстан аумағын ғана емес ,сонымен қатар Орта Азия аумағын да алып моңғол империясының құрамына кіргізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет