1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


XVII ғ. және XVIII ғ. Қазақ халқының рухани мәдениеті



бет41/81
Дата10.05.2023
өлшемі244,5 Kb.
#91692
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   81
Байланысты:
Тарих гос экзамер

49 XVII ғ. және XVIII ғ. Қазақ халқының рухани мәдениеті.
Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің маңызды бір саласы - қазақ шежіресі екені анық. Қазақтың байырғы салт-дәстүрі бойынша әрбір қазақ азаматы өзінің жеті атасын білуге тиісті еді. Мұны балаларына үйрету әрбір атаның, отбасы тәрбиесінің негізі болды. Тек ата-анасынан айырылған жетімдер ғана мұндай тәрбиеден қалған. Соның үшін қазақ қауымы “жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары” дейді. Ру, тайпа және жүздің шежіресін таратып айта алатын адамдар халық ішінде құрметтеліп “шежірешілер” деп аталды. Ерте заманда шежіре ауызша түрде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілсе, ХVІІІ-ХІХ ғасырларда бірсыпыра шежірелік жинақтар таспаға түсірілген. Олар: “Көшен-Қарауыл шежіресі” (ХVІІІ ғ.), “Жәңгір хан шежіресі” (1835), Ш.Уәлиханов жазып алған “Ұлы жүздің шежіресі” және тта.
50. Ауызша тарих айту дәстүрі және оның ерекшеліктері мен маңызы. Мұхаммед Хайдар Дулатидың, Қадырғали Қасымұлы Жалайыридің аса көрнекті еңбектерінің маңызы.Қазақ халқы ауызша тарих пайда болуы және дамуының барлық кезеңдерінен өтті, және бұл процесс әртүрлі жанрларда көрінді:
1. айту;
2.Хроникасы;
3.классикалық және лиро-эпостық жырлар ;
4.тарихи поэма;
Әрине, аталған төрт жанрдың соңғысы апогея немесе тарихи баяндау тарихындағы ең шарықтау шегі деп айтуға болады.Қазақ халқы үшін ХV-ХVI ғасырлардағы оқиғаларды мақтан етуге және үздіксіз атап өтуге лайықты тарихи даталардың ішінде ХV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылған жылын бөліп көрсетуге болады.
Бірақ, өкінішке орай, тарихшылар Қазақ хандығының қай жылы құрылғанын айта алмайды, немесе біздің зерттеуші – тарихшылар әлі күнге дейін ортақ пікірге келе алмайды. Бұл ХV-ХVI ғғ. қазақ хандығының тарихы туралы баяндайтын ортағасырлық шығармалар аз болуымен және қазақтар туралы мәліметтер көрші елдер тарихында сирек кездесетіндігімен байланысты. Бұл оқиғаны алғаш жазған М. Х. Дулати. Ұлы бабамыз Қазақ хандығының құрылуы туралы 80-90 жылдан кейін жазған, ал екіншіден, Отанынан жырақта 1542-1546 жылдары Кашмир өлкесінде «Тарих-и Рашиди» атты еңбегінде жазады. Сонымен, ұлы ғалымның жұмысы жергілікті халықтың тарихи аңыздары мен әңгімелеріне негізделген.
Қазақстан тарихын зерттеуде аңыз бен шежірені алғашқылардың бірі болып халқымыздың ең қымбат ұлдарының бірі Ш.Құдайбердіұлы қолданған. «Түркі, қырғыз – қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбегінде түркі халықтарының шығу тегі туралы айта отырып, ол қазақ халқының шежіресіне егжей-тегжейлі тоқталып, тарихқа терең үңіледі. Шәкәрімнің Бұл еңбегінің құндылығы оның халқымыздың шығу тегі туралы ауызша жылнамаларды жүйелеп, хронологиялық тәртіппен арнайы баяндауында.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет