1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы және ауыр зардаптары. Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау – ұлттық ар-намысты кемсітудің үлгісі



бет70/86
Дата25.09.2023
өлшемі0,8 Mb.
#110201
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   86
Байланысты:
1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ес 3

83. Сталиндік қуғын-сүргін, оның ауқымы және ауыр зардаптары. Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау – ұлттық ар-намысты кемсітудің үлгісі
1937 (1938) жылы Қазақ жеріне қиыр шығыстан 100000 кәріс қоныстандырылды, нақтырақ айтсақ Қызылорда және Алматы аумақтарына. 1940 жылы Еділден Орталық Қазақстанға 360000 неміс көшірілген. Поляктар 102000, ал немістер 360000ды құраған.

Осы оқиғаға қатысты 1937 – 1938 жылдары атылды: Мирзоян, Мендешев, Рысқұлов, Жандосов, Исаев, Розобакиев, Масанчи, Санжар Асфендияров.



Адамзат тарихының сан мың жылдық тарихында билік жүргізген сан алуан қанішерлер мен қанқұйлы жендеттер болған. Алайда ХХ ғасырда жүзеге асырылған тоталитаризм зұлматындай қасіретті адамзат тарихы білмейді. ХХ ғасырдың бейбіт кезеңдерінде әлемнің түрлі елдерінде 170 млн. адам қырылып-жойылыпты. Солардың 110 миллионы немесе үштен екісі, комму¬нистік бағдардағы елдердің үлесіне келеді. ХХ ғасырдың алғашқы жартысында билік жүргізген, коммунистік сипаттағы тоталитарлық мемлекеттің негізін қалаған В.И.Ленин мен тоталитарлық мемлекетті тікелей қалыптастырған И.В.Сталиннің тұсында 46,6 миллион жан құрбан болған. Осынау жазықсыз жандарды ажалға ұшыратып, қабірлер үстінде социализмді толық жеңіске жеткізіп, тоталитарлық мемлекет құрған Сталиннің тоталитарлық теорияны өзі ойлап таппағандығы белгілі. Тоталитаризм теориясының тамыры өте тереңде жатыр, ол ғасырлар қойнауынан бастау алады. Сталин - тоталитарлық теорияны шын мәнінде жүзеге асырған қанқұйлы практик, сонымен бір қатарда оны дамытушы да. Әрине, ол тоталитарлық мемлекетті қалыптастыруда өзінің ұстаздарынан асып түсті. Сталин шын мәнінде қара шекпенді Ресейге ауыстыра салынған Рим императоры іспетті еді: ол Ресейді өзіне бағындырып, Рим сияқты орасан зор империяны құрып алды, бірақ мұнда, оның өзімен қоса, еркін адамдар болған емес. 1920-30 жылдардан КСРО аумақтарында концентрациялық лагерьлер Колымада, Магаданда, Воркутада, Сібірде, Оралда, Қазақстанда және де басқа аймақтарда жаппай құрыла бастады. Қатал мақсаттағы Орталық Соловецк лагері «ұлы» көсеміміз В.И.Лениннің ұсынысымен 1918 жылы құрылғанын ескерер болсақ, онда АРХИПелаг ГУЛАГ-тың бастаушысы Ленин көкеміз болады да шығады. Соловки лагері 1918 жылдан бүкіл КСРО құрылымының ГУЛАГ-тік басқару жүйесінің үлгісін жасап берді. Соловки арал лагері айналасы теңіздермен қоршалса, КСРО-ның айналасы темір тормен қоршалды. Міне, Социалистік Республикалар Одағын құрмас бұрын лагерьлік басқару жүйесін оқып, тану жұмыстары осылайша қатаң жүргізілді. №1 чекист Ф.Э.Дзержинский болса, №1 әскери ревком Л.Троцкий болды. Ал бұл жүйелердің нөмірі бірінші саяси басшысы В.И.Ленин екені белгілі. Ал оның ұлттар арасындағы басшысы Лениннің сенімді серігі И.Сталин болды. Бұл орындардан белгілі дәрежеде үміті барлар Каменов, Рыков, Зиновьев, Бухариндер болды. Бұлардың бәрі кезінде патша түрмелерінде отырған, белгілі саяси көзқарасы, білім-жігері бар әккі революционерлер еді. Революционерлер дегеніміз төңкерісшілер деген ұғым бере отырып, ол саяси мәнге ие болды. Коммунистік партияның көсемдері дегеннің бәрі Ресей патшалығы кезінде саяси көзқарасы үшін шетелдерде қашып жүрді. Болашақ үкіметті алу үшін шетелден ақшалай көмек алды. Қару-жарақты ұстап қалу мақсаттарында большевиктердің үлкен тобы жұмысшы-солдаттар арасында саяси жұмыстармен айналысты. Түрмелік «көсемнен» пролетариат көсеміне дейін өскен утопиялық со¬циализмнің авторы В.Ленин «Дүние¬жүзінің пролетарлары, бірігіңдер!» деп дүниежүзілік билік жүргізудің лагерьлік жүйесін жасады. Мұның жеңісін де, жеңілісін де қоғамдық өзгеріс өзі-ақ көрсетіп берді. Қысқаша айтқанда, Соловки арал лагері - КСРО-ны басқару¬дың лагерьлік жүйесінде «көрнекілік» роль атқарды. Қолындағысын күштеп тартып алу, аштан өлтіру, тілді ұмыттыру, ассимиля¬цияландыру, дінсіздендіру, соғыс қа-руларын сынау, интернационалдандыру секілді жеті түрлі мақсат Соловки аралында арнайы қолданылған болатын. Мұның әкелген сорақылығы көп еді. Еңбекпен түзеу лагерьлерінің тарихын зерттеуде маңызды орынды одақтық дәрежеде көлемді деректер жинақтаған Ресей Федерациясы мемлекеттік мұра¬ғаты алады. Бұл мұрағатта КСРО ІІХК (НКВД) - ІІМ Лагерьлер Бас Басқармасы (ГУЛАГ) жүйесінің мұ¬рағаты құжаттары сақталған. Лагерьлер Бас Басқармасы Кеңес өкіметінің ең үлкен құрылымдарының бірі болды. 1940 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Лагерьлер Бас Басқармасы 53 лагерьден, оның көптеген бөлімшелерінен, республикалық, өлкелік, облыстық еңбекпен түзеу колонияларынан және жасөспірімдерге арналған 50 колониядан тұрды. Олар - Армения мен Грузия. Біз біртұтас ГУЛАГ кеңістігінің өзімізге қатысты КАРЛАГ аумақтық бөлігін алып қарайық. Қарағанды еңбекпен түзеу лагері ГУЛАГ-тың бөлінбес филиалы ретінде кең-байтақ Қазақстанның аумағында орналасты. Бұл лагерьді сталиндік тоталитарлық жүйенің Қазақстандағы Соловкиі деуге болады. Бұл лагерьдің орталығы - Долинка поселкесі еді. Мұнда Қазақстан мен Орта Азиядағы өндірістік- шаруашылық, әскери-ведомстволық, жазалау-тәрбиелік пульті орналасты. Бұл лагерьдің бастығы өкімет құрамына енгізілді де, басқару жүйесі Мәскеудегі лагерьлер Бас басқармасына бағынды. Бұл Бас басқармаға әскери трибу¬налдық жазалау жүйесі де бағынды. 1931 жылдың 1 шілдесіндегі ақпаратқа қарасақ ,мұндағы тұтқындар саны әркез әрқалай көрсетілуі құпияға айналды. Себебі келген адамдар саны көрсетілмейтін, туыс-туғандарына хабарланбайтын. КАРЛАГ-тағы тұтқындар адам айтқысыз қатты жазаланған. Осындай қиындыққа наразылық білдіргендер бас көтеріп отырған. Мұнда 1939 жылы халық жауы ретінде екінші рет сотталғандар көтеріліске шыққан. Олардың 349-ы үш жылға, 68-і бес жылға, 18-і сегіз жылға, 105-і он жылға қайта сотталған. 9 адамға ату жазасы берілген. 1917 жылдан бергі күллі Кеңес тарихы толып жатқан адам құқығын бұрмалаушылықтарға, ол - ол ма, кей реттерде ашықтан-ашық жасалған тұқым құртушылық (геноцид) көріністеріне толы. Солардың ішінде - миллиондаған шаруалардың өмірін қиған, көптеген ұлттардың тұқымына зардабы тиген 20-30-шы жылдардағы ұжымдастыру туғызған аштық, мүлде жазықсыз жандарды жаппай атып-асумен түрмелерге қамау, Сталинге жақпаған тұтас халықтарды «күмәнді» және «жаулық пиғылда» деп жариялауда жатыр. Сонау өткен ғасырдың соңында Ре¬сейден, Украинадан, басқа да аймақтар¬дан Қазақстанға өздері ойлағандай бос жатқан жерлерден дәмелі көптеген қоныс аударушылардың ағылып келгені белгілі. Бұл лек ешқашан тыйылған емес, алайда ХХ ғасырдың алғашқы он жылында сталиндік реформаны іске асыру барысында шырқау шегіне жетті. Жыл сайынғы көшіп келушілер саны 140 мың адамнан асып жығылып оты¬рды. Қоныс аударушылардың бестен бір бөлігі жат елде сіңісіп кете алмай кейін қайтып, қалғандары жайғасып, иеліктеріне шаруашылық алып, осында мәңгіге қоныстанып жатты. Нақ сол жылдары республиканың күллі аумағы көбінесе жүйеге қас деген жалған желеумен жіберілетін адамдарды, сондай-ақ қылмыскерлерді айдайтын орынға айналды. Мұнда түрмелердің, лагерьлердің және күштеп қоныстандыруға арналған орындардың тарам-тарам жүйесі жасалды. Қазақстанда қанша қамалғандардың, айдалумен әкеліп қоныстандырылғандардың болға¬нында қисап жоқ. Олардың сан мыңы өмір сүрудің қиыншылығына шыдамай дүниеден өтті немесе көпшілігінің көзін жазалау-қудалау аппараты құртты. Соғыс қарсаңында және соғыс кезінде «сатқындық пиғылда» деген жөн-жосықсыз айып тағылған тұтас халықтарға қарсы қатаң қуғындау шаралары қолға алынды. Бейбіт жатқан, бейкүнә жандарды тығыз-таяң жүк вагондарына тиеп, біздің далаға жөнелтіп жатты. Оңдаған мың күштеп қоныс аударылған адамдар осындай тағылық айдаудың салдарынан аштықтан және дерттен дүние салды. Сол кезде Қазақстанға 100 мыңға жуық Қиыр Шығыс корейлері, 800 мыңдай Еділ бойының немістері, КСРО-ның Ба¬тыс аймақтарынан 100 мыңнан аса по¬ляк, Терістік Кавказдың 500 мыңнан ас¬там тұрғыны күштеп қоныстандырылды. Қазақстанға күштеп көшірудің қара да¬уылын Қырым татарларының, гректер¬дің, қалмақтардың ондаған мың отбасылары, басқа да Кеңес халықтарының өкілдері бастан кешті. Ресми деректер бойынша, сол кезде Қазақстан жұрты 1,5 миллионнан астам адамға көбейген екен. Соғыс кезінде 350 мыңнан астамның әкелінгені анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет