1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары



бет75/86
Дата25.09.2023
өлшемі0,8 Mb.
#110201
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   86
Байланысты:
1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ес 3

90.ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары.
Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері бейбіт құрылысқа қайта оралды. Экономиканы бейбітшілік жағдайға бейімдеп қайта құру еңбекшілердің қоғамдық саяси белсенділігі жағдайында жүргізілді.Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы әміршіл әкімшіл сипаттағы басқару мен <кеңестік цензураның> өршуі,оның зардаптары қаралып,Н.С Хрущев <жылымығы> тұсындағы реформалардың сипаты қарастырылды.1960 жылдардың ортасында басталып,аяқсыз қалған реформалар соңы тоқырау жылдарына ұласқаны баяндалады.Соғыстан кейінгі Қазақстанның халық шаруашылығындағы негізгі проблемалар бүлінген щаруашылықты қалпына келтіру болды.Кеңестік басшылар,соғыстан кейінгі жылдары тәжірибеден өткен қатаң орталыққа бағындырылған социолистік экономиканы басқарудың әдісін негізге алып,оның идеологиялық сипатын күшейте түсті. 50-ші жылдардың екінші жартысында Қазақстанда бүкіл еліміздегі сияқты өнеркәсіпте ғылыми-техникалық прогреске бетбұрыс кезең болды. Өндіріс жүйесін электрлендіру, кешенді механикаландыру және автоматтандыру, мол өнімді ең жаңа станоктарды, машиналар мен аппараттарды енгізу, өндіріс технологиясын үнемі жетілдіріп отыру, отын қуатын бейбіт мақсаттарға қолдану негізінде өнеркәсіптің барлық салаларында техниканы жетілдіру қарқынын арттыруға айырықша көңіл бөлінді. Еңбекші бұқараны, әсіресе жұмысшыларды шаруашылық құрылысын басқару ісіне кеңінен тартуға, өндіріске жаңа техника мен озық технологияны енгізуге бағытталған маңызды шараларды жүзеге асыру басталды.тың игерудің экономикалық және әлеуметтік салалардың дамуына тигізген салдары да болды. Сонымен бірге оның экологиялық, демографиялық зардаптары да аз болған жоқ.Тың игеру шұғыл, асығыс жүргізілді. Егістікке жарамсыз жерлер жыртылды, мал жайылымы азайып, мал шаруашылығына зиян әкелді. Осының салдарынан игерілген жерлердің біразы қуаңшылыққа айналды, көптеген өзен, көлдер жойылып кетті. 50-жылдардың ақырында Қазақстанда 9 млн. гектар жер эрозияға ұшарады.
Тың игеру Қазақстанның ұлттық-этникалық бейнесінің өзгеруіне әсер етті. Тың игеру кезінде Қазақстаннан тыс жерде өмір сүріп отырған қазақтарды келтіру мүмкіндігі туды, қазақ зиялылары сондай пікір де көтерді, бірақ бұл пікір ескерілмеді. Қазақстанға тың игеруге көптеген басқа ұлттың адамдары келді. Олардың ішінде басшы қызметкерлер, мамандар келді. Олар жергілікті кадрларды ығыстырды. Жергілікті жерлердегі қазақ мектептер жабылды, мектептер жаппай орыс тілінде оқытты. Қазақ тіліндегі газеттер жабылды. Мұндай көріністер интернационализм мен ұлттар достығының белгісі деп бағаланды. 1946 жылы республикада Ғылым академиясы құрылып, оның президенттігіне көрнекті ғалым, академик Қ. И. Сәтбаев сайланды. Осы жылдарда Ақтөбе, Гурьев, Қарағанды, Қостанай, Петропавл, Шымкент екi жылдық мұғалімдер институттары жоғары бiлiм беретiн педагогикалық институттар болып қайта құрылды.Жалпыға бірдей жетіжылдық білім беру туралы Заң одан әрі жүзеге асырылды. 1952 жылдың аяғында Қазақстанда жалпыға білім беретін 9 мыңдай мектеп, 125 техникум мен арнаулы оқу орны жұмыс істеді, бұларда 1,5 млн. адам оқыды. Алайда, мектептердiң материалдық жағдайы онша болған жоқ. Олардың көпшiлігiнiң ғимараты болмады. Сондықтан оларға ғимарат салу, мектептердің ескірген, тозған үйлерін жөндеуге халықтың, село мен қала еңбекшілерінің тарапынан үлкен көмек көрсетілді. Сонымен бірге олар клуб, кітапханаларға да жәрдемдесті. Кітап қорларын толықтыру үшін кітап, радиоқабылдағыш, т.б. мәдени құралдарды жинап берді. Бұл кезде Орталықта «Ленинградтық іс», «Дәрігерлердің ісі» қолдан жасалып жатқан кезде Қазақстанда «Бекмахановтың ісі» ұйымдастырылды. Ол іс бойынша Е. Бекмахановтың 1947 жылы шыққан «XIX ғасырдың 20-40 жж. Қазақстан» деген монографиясында буржуазияшыл-ұлтшыл концепциялар дамытылған және оның саяси-идеалық зияны бар деп табылды. 1950 ж. «Правда» газеті «Қазақстан тарихының мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан жазу үшін» деген мақаласында оның кітабын айыптады. Осыдан кейін тарих ғылымдарының докторы Е. Бекмаханов Ғылым академисынан шығарылды, ал 1952 ж. 4 желтоқсанда Қазақ ССР Жоғары сотының алқасы оны 25 жылға соттады. Тек Сталин өлгеннен кейін ғана Е.Бекмахановты айыптау жөніндегі іс қайта қаралып, қылмыс құрамы жоқ болғандықтан жабылып, 1954 жылы түрмеден босап шықты.
1940 жылдардың аяғы-1950 жылдардың басында «Бекмахановтың ісі» жалғыз болмады. Республиканың көрнекті қоғамтану ғалымдары А. Жұбанов, Х. Жұмалиев, Б. Сүлейменов, Е. Смаилов және т. б. нақақтан тағылған саяси айыптармен жазаланды. Ә. Әбішев, Қ. Аманжолов, Қ. Бекқожин, С. Бегалин және басқа белгілі ғалымдар мен жазушылар саяси және буржуазиялық ұлтшылдық қателіктер жіберді деп дәлелсіз айыпталды. Сөйтіп, соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда пісіп-жетіліп келе жатқан қоғамдағы жаңа өзгерістер әміршіл-әкімшіл жұйенің қудалауымен тұншықтырылып тасталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет