1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


Біз қабылдағалы отырған реформа сол халықтың мүддесі, пайдасы үшін



Pdf көрінісі
бет60/100
Дата15.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#138130
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   100
Біз қабылдағалы отырған реформа сол халықтың мүддесі, пайдасы үшін 
жасалынып отырғандықтан, оның материалдық мұқтаждығына шақталуы әрі сол 
қоғамның ұлттық мінез-құлқына сай келуі қажет. Бұл жағдайдан тыс жасалынған 
өзгерістің бәрі де зиянды әрі аномал (жат) құбылыс ретінде қауымды айықпас 
дертке шалдықтырып, тұралатып, мешеулетуі мүмкін екендігін'
де ескертеді. Ғалым Шоқан Уәлиханов Қазақстанды билеуді халықттың өзін-өзі басқару 
негіздерінде қайта құруды талап еткен еді. Өкінішке орай, Шоқанның 
бұл демократиялық көзқарастары кезінде ескерусіз калды.
62 Түркістан өлкесін басқару туралы ереже (1886 ж.).Әкімшілік құрылым. Дала 
облыстарын басқару туралы ереже (1891 ж.). Көшпелі және отырықшы халықты 
жерге орналастырудағы өзгерістер.
1886 жылы 2 маусымда "Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже" қабылданды. 


Сырдария, Ферғана, Самарқан облыстары кірді. Сырдария облысы Әмудария бөлімі мен 5 
уезд құрамын кірді.
"Түркістан өлкесін басқару әскери министрліктің қарамағында болады" делінген. 
Әкімшілік құрылысы бас басқарма мен жергілікті басқармалардан тұрды. Түркістан 
өлкесінің бас басқармасы генерал-губернаторға сеніп тапсырылды.
Бас басқарма мемлекеттік құрылыс жұмыстары, сауданы ұйымдастыру, несие 
операцияларын бекіту, саяси жағынан күмән туғызатын түземдіктерді жер аудару сияқты 
міндеттерді атқарды. 1886—1891 жылғы реформаларда жергілікті басқаруға ерекше мән 
берілді. Олар отырықшы түземдіктерді басқару және көшпелі қазақтарды басқару деп 
аталды
Жергілікті басқару мынандай бөліктерден тұрды: - облыстық, - уездік, - болыстық, - 
ауылдық. Мұндай бөлшектеу патша үкіметінің қазақ еңбекшілерін отарлық құлдықта 
ұстауын жеңілдетті. Барлық басқару аппаратын әскери-полицейлік функциямен 
қамтамасыз өте отырып, жоғары отаршыл әкімшіліктің қатаң қадағалауында болды.
Осылайша жаңа отарлау реформасының құрылысын жасауда әр түрлі облыстарға, 
уездерге бөлшектеу арқылы қазақ халқының саяси жағынан бірігуін болдырмау, әскери 
және азаматтық бүкіл биліктің бір әскери ведомствоның қолында болуы көзделді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет