1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


 1917 жылышілдедегі жалпықазақ съезі және Алаш партиясын құру туралы



Pdf көрінісі
бет70/100
Дата15.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#138130
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   100
73 1917 жылышілдедегі жалпықазақ съезі және Алаш партиясын құру туралы 
шешім.
1917 жылышілдедегі жалпықазақ съезі және Алаш партиясын құру туралы шешім.
Бірінші жалпықазақ съезі - 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Ақмола, Семей, Торғай, 
Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан 20-дан астам 
қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынбор қаласында өткен сиез. Ол Х.Досмұхамедұлының 
төрағалығымен, А.Байтұрсынұлының, Ә.Көтібаровтың, М.Дулатовтың, А.Сейітовтың 
хатшылығымен өтті. Бірінші жалпықазақ сиезінің күн тәртібіне сол тарихи кезендегі елдің 
әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне Қатысты төмендегідей 14 мәселе 
қойылды:
Мемлекеттік құрылыс. 
Қазақ автономиясы.
Жер мәселесі.
Халық милициясы.
Земство.
Оқу мәселесі.
Сот мәселесі.
Дін мәселесі.
Әйел мәселесі.
Бүкілресейлік құрылтай жиналысы.
Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі.
Қазақ саяси партиясы.
Жетісу оқиғасы.
Киевте өтетін Бүкілресейлік федералистер сиезіне және Санкт-Петербургтегі оқу 
комиссиясына Қазақтан өкіл жіберу.
Сиез қабылданған қаулы бойынша Ресей «демократиялық федеративтік республика 
болып, қазақ облыстары қоныс, ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс» болды. 
Делегаттар жер туралы мәселені аса ұкыптылықпен талқылап, 14 тармақтан тұратын 


шешім қабылдады. Онда: «Қазақ халқы өзіне қарасты жерге орналасып болғанша қазақ 
жері ешкімге берілмесін» деп көрсетіліп, бұрын қазақтардың пайдасынан алынып қойған 
жерлерді кері қайтару талап етілді. Делегаттар «жер туралы қазақ өз алдына заң жобасын 
жасасын» деген ұсыныс білдіріп, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының болашақ 
депутаттарына жиналыста бұл мәселені талқылап, оған депутаттыққа кандидат етіп 81 
адамнан тұратын тізімді бекітті. Олардың ішінде Ә.Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, 
Әлімхан Ермеков, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, Айдархан Тұрлыбаев, А.Сейітов, М.Дулатов, 
А.Бірімжанов, С.Қадырбаев, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, Мұхаметжан 
Тынышбаев, Ы.Жайнақов, С.Аманжолов, М.Шоқай, Ә.Кенесарин, Қ.Қожықов, Ғ.Оразаев, 
Б.Құлманов, У.Танашев секілді белгілі қазақ зиялылары болды. Сондай-ақ, депутаттыққа 
кандидат ретінде ұсынылғандардың арасында Г.Н. Потанин, В.Чайкин, Т.Нарботабеков, 
Ә.Диваев сияқты басқа ұлт өкілдері де бар еді.[1]
Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне сиез шешімімен Ақмоладан А.Тұрлыбаев, Семейден 
Ә.Сәтбаев, Торғайдан Ә.Байғарин, Оралдан Досмұхамедұлы, Бөкей ордасынан У.Танашев, 
Жетісудан Б.Мәметов, Сырдариядан М.Шоқай, Ферғанадан Ғ.Оразаев сайланды. Бірінші 
жалпықазақ сиезі қазақ халқының өз алдына саяси партиясы болуы тиіс деп есептеп, бұл 
партия бағдарламасының жобасын Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесіне сайланған қазақ 
өкілдеріне тапсырды. Сиездің шешімі бойынша, құрылатын партия парламенттік негізде 
демократиялык ұстанымдарды басшылыққа алған, қазақ халқының ұлттық мүддесін 
қорғауды мақсат тұтқан саяси партия болуы тиіс еді. Сиез жұмысы барысында бір топ 
делегат партия құру ісіне байланысты сөйлеген Бөкейханұлынан ресейлік кадет 
партиясына қатынасын ашық мәлімдеуді талап етті. Соған байланысты болашақ партия 
басшысы кадет партиясынан шығатынын мөлімдеді. Сиез өз қаулыларында «осы күнгі 
тұрақты әскер орнына халық милициясы құрылсын» деп, ұлттық әскер жасақтауды, 
«көшпелі елдерде отырықшылардікі секілді тоқтаусыз болыстық земство ашылсын» деп, 
земстволық басқару жүйесінің қазақ тұрмысына бейімделген түрін ұйымдастыруды, 
«қазақтың народный сотын» жойып, оның орнына «қазақ тұрмысына лайық сот - айрықша 
сот» құруды жақтап шықты. Сиездің оқу-ағарту ісі, әйел теңдігі және дін мәселелері 
бойынша қабылданған шешімдері қазақ зиялыларының бұл қоғамдық мәселелерді түсініп, 
шешуде өз заманындағы қоғамдық ойдың алдыңғы қатарында тұрғандығын айғақтайды. 
Оқу-ағарту ісіне байланысты «бастауыш білім жалпыға міндетті болсын, бастапқы екі 
жылда оқу баланың ана тілінде жүрсін, мектеп оқулықтары және мерзімді басылым 
«Қазақ» газеті емлесімен жазылсын» деп көрсетіп, ал әйел теңдігі жөнінде «әйелдер саяси 
құқықта ерлермен тең, ерге шығу еркі әйелдің өзінде болсын, қалыңмал жойылсын, 16-ға 
толмаған қызға құда түсу болмасын, неке қиярда әйел мен еркекті беттестіріп, 
ризалықтары ескеріліп отырсын» деп қаулы етті. Сиез Жетісу облысында туындап 
отырған жағдайды талқылап, Ресей ішкі істер министрі атына: «Жетісудағы қазақ-
қырғызды атып-жаншып жатқан мұжықтардың және соғыстан қайтқан солдаттың 
қолынан қару-жарағын жиып алып, халықты тыныштандырсаңыз екен», - деген 
мазмұндағы жеделхат жолдады. Сонымен бірге Жетісу облысындагы ашаршылықтан 
қырылып жатқан қазақ-қырғызға «алаш баласының жәрдем беруін» өтініп үндеу тастады. 
Киев қаласында тамыз айында өтуі тиіс федералшылар сиезіне Бөкейханды, 
Досмұхамедұлын және Танашевты жіберу жөнінде шешім қабылданды. Санкт-
Петербургтегі оқу комиссиясына С. Кенжеұлы баратын болып белгіленді. Сиездің күн 
тәртібіндегі мәселелер бойынша қабылданған қарарлар кейінірек, 1917 жылы 21 қарашада 


«Қазақ» газетінде жарияланған «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасында басшылыққа 
алынды. Алаш партиясы — Ресей империясы мен Социалисттік Ресейдің қазақ партиясы 
болған. Партия Бірінші дүниежүзілік соғыстағы Ресейдің кризисімен қолданып, 1917 
жылдың сәуір айында қазақ сьезінде партия қабылданып, сол жылдың шілдесінде партия 
құрылды. Партияның ең маңызды тұлғалары қазақ зиялылары болып, қазақ тәуелсіздігіне 
жеткісі келген. Сонымен қатар, партияның саясаттық мақсаты - қазақтарды 
демократиямен қамтамасыз ету еді. Ресей партияның жұмысына тыйым салып, 1920 
жылда таралды.
Алаш партиясы тұңғыш жалпықазақ съезін шақыру туралы шешім 1917 жылғы сәуір 
айында өткен Торғай облыстық қазақ съезінде қабылданып, съезд оны даярлауды Әлихан 
Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлы бастаған бір топ қазақ зиялыларынан құрылған 
айрықша бюроға тапсырды. XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының 
өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси 
әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны. Қазақ зиялылары саяси партия құру 
әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. 
Тарих бойында Партияның тек бір төрағасы – Әлихан Бөкейханов. XX ғасырдың 
басындағы елдегі аласапыран қиын кезеңде халықтың қамын ойлаған саяси күш – Алаш 
қозғалысы болатын. Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге 
көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай адамгершілік-имандылық 
қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған Әлихан 
Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Мұхаметжан Тынышбайұлы, 
Жақып Ақбаев, Бақытжан Қаратаев сияқты дүлдүлдер тұрса, солардың ізін басқан 
болашақтың нарқасқа ұлдары – Жаһанша Досмұхамедов, Мағжан Жұмабай, Сәкен 
Сейфуллин, Мұстафа Шоқай, Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Жүсіпбек Аймауытов, 
Мұхтар Әуезов тағы басқалар одан әрі дамытты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет