1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


 Орта Азия мен Қазақстан аумағы моңғол-түрік империясының құрамында



Pdf көрінісі
бет29/100
Дата15.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#138130
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   100
30. Орта Азия мен Қазақстан аумағы моңғол-түрік империясының құрамында
ХІІ ғ. аяғы мен ХІІІ ғ. басында Монғолия жерінде қият-бөржігін тайпасының билеушісі 
Есугей баһадурдің баласы Темучин (1155-1227) билік еткен ірі көшпелі мемлекет 
құрылды. Ол 20 жылға созылған қиян-кескі күрес барысында Монғолияның бүкіл 
тайпаларын өз қол астына біріктірді.
1206 жылы көктемде Темучинді жақтаушы монғол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы 
болып, онда ол Шыңғыс хан деген атпен монғолдардың әміршісі болып салтанатты түрде 
жарияланды. Шыңғыс хан тұсында Монғол империясының астанасы Қарақорым болды. 
Монғол мемлекеті әскери-әкімшілік ұйым негізінде құрылды. Мемлекет аумағы үш әскери 
әкімшілік аймаққа бөлінді. Әр аймақ бірнеше түменнен, түмен 10 «мыңдықтан», әр 
мыңдық – 10 «жүздіктен» тұрады. 1207-1208 жж. Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы 
Енисей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі «орман халықтарын» бағындырды. 
Қазіргі Шығыс Түркістан аумағында тұрған ұйғырлар монғолдарға бағынды. 1211 ж. 
Шыңғыс ханның қолы Солтүстік Қытайға енді, 1215 ж. олар Цзинь мемлекетінің астанасы 
Чжунду (Пекин) қаласын жаулап алды. 1217 жылы Цзинь империясы Хуанхэ өзенінің 
солтүстігінде орналасқан барлық иеліктерінен айырылды.
Шыңғыс ханның негізгі мақсаты батыс елдерін – Орта Азия мен Иранды, Таяу Шығыс пен 
Кавказды, Шығыс Европаны басып алу болды. Батыста Монғолдар 1211 жылы алғаш рет 
Жетісу жеріне келгенімен ұзақ тұрақтай алмады.
Монғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Осы жылы қаңлы, 
найман және керей тайпалары жайлаған Жетісу жеріне алғашқы соққы берілді. Монғолдар 
жергілікті халыққа ислам дінін жария түрде ұстануға рұқсат етіп, Күшліктің 
мұсылмандарды қудалауына байланысты халықтың наразылығын тиімді пайдаланды. 
Сонымен қатар Жетісу халқын өз жағына тарту үшін Шыңғыс хан бұл өлкеде 
тонаушылық пен қырғынға тиым салды. Көптеген елді мекендер, соның ішінде Баласағұн 
қаласы ұрыссыз берілді.
Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін монғолдарға Оңтүстік Қазақстан 
мен Орта Азияға жол ашылды. Бұл өңірге басып кіруге «Отырар апаты» деп аталатын 
оқиға сылтау болды. 1218 жылы жазда Шыңғысханның тапсырмасымен құрамында 
көпестері мен монғол барлаушылары бар, барлығы 450 адамнан тұратын 500 түйеге 
теңделген жүгі бар керуен Отырарға аттанады. Отырар билеушісі Қайыр хан көпестерді 
жансыздар деп күдіктеніп, оларды өлтіруге бұйырады, керуен тоналады. Бұған шамданған 
Шыңғысхан оның қарымтасы ретінде хорезмшах Мұхаммедтен Қайыр ханды ұстап беруді 
талап етіп, елшілерін жібереді, ал хорезмшахтың келген елшілерді өлтіруі соғысқа сылтау 
болады.


Шыңғысхан Орта Азияны бағындыруға өз вассалдарының жасақтарымен қоса жалпы саны 
150 мың адамы бар қалың қол жіберді. Әскери жорық 1219 жылы қыркүйекте Ертіс 
жағалауынан басталды. Отырар қаласы қоршауға алынды. Өзінің әскерін үш топқа бөлген 
Шыңғысхан бір бөлігін Отырарды алу үшін ұлдары Шағатай мен Үгедейге қалдырды, 
үлкен ұлы Жошы бастаған екінші бөлігін Сырдарияның төменгі ағысына аттандырды. Өзі 
Бұқараға бет алды. Отырар билеушісі Қайыр хан ерлікпен шайқасты, ол басқарған әскер 
мен қала тұрғындары басқыншыларға қарсы табан тіресе қарсылық көрсетті, қаланы 5 ай 
бойы ұстап тұрды. Бесінші айдың аяғында хорезмдік әскербасы Қараджа хаджиб 
опасыздық жасап, қаланың қақпасын ашып, 10 мың әскерімен монғолдар жағына шығып 
кетіп, оларды қалаға жіберіп қойды, кейін оның өзі осы опасыздығы үшін монғолдар 
тарапынан өлтірілді. Қайыр хан өз жауынгерлерімен қамалда тағы бір ай қорғанды. Бірақ 
күш тең болмады, қамал қиратылды, 1220 жылы ақпанда Отырар қаласы алынды, Қайыр 
хан қолға түсіп, қатал жазаланып өлтірілді.
Отырар сияқты Сыр бойындағы Сығанақ, Ашнас және т.б. қалалар тұрғындары да 
монғолдарға қатты қарсылық көрсетті. Араб және парсы тіліндегі тарихи деректерде 
монғолдар халқын түгелдей қырып, күл-талқан қиратқан отыз шақты қалалар аталады. 
Олардың ішінде оңтүстік-қазақстандағы Отырар, Сығанақ, Ашнас қалалары бар.
Монғолдар Сырдария өңіріндегі қалаларды бағындырып, Орта Азияға қарай ішкеріледі. 
Үргенішті қоршауға алу бірнеше айға созылды. Монғолдар Бұқарды, Самарқанды алды, 
Хорезмді жаулап алды. 1221 жылы көктемінде монғолдар Орта Азияны жаулап алуды 
аяқтады.
Енді соғыс Хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Индия территориясына ауысты. 
Қолбасшылар Жебе мен Сүбедей нояндар басқарған 30 мыңдық әскер Солтүстік Ираннан 
шығып, 1220 жылы Кавказға басып кірді. Бұл әскер армян, грузин, алан, қыпшақ және 
орыс әскерлерін Қалқа өзенінің бойында талқандап, 1224 жылы Шығыс Дешті Қыпшақ 
даласы арқылы Шыңғысханның Ертіс бойындағы ордасына оралды. Сөйтіп, 1219-1224 
жж. монғол шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан Шыңғысхан империясының 
құрамына кірді.
Шыңғысхан көзінің тірісінде ұлан-байтақ аумақты алып жатқан жаулап алған жерлерін 
бәйбішесі Бөртеден туған ұлдарының санына қарай төрт ұлысқа бөлді. Кіші ұлы Төле 
Шыңғысханның негізгі жұртын – Монғолияның өзін, сондай-ақ монғолдың тұрақты 129 
мың адамдық армиясының 101 мыңын иеленді. Үшінші ұлы Үгедейге Монғолияның 
батыс бөлігі, Жоңғария мен Шығыс Түркістан аймағы қарады. Оның ұлысының орталығы 
жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай аймағында орналасты. Шыңғысханның екінші ұлы 
Шағатайдың иелігіндегі жерлер Оңтүстік Алтайдан Әмударияға дейінгі, яғни Жетісу мен 
Мәуераннахрды қамтыды. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошының үлесі Ертістен батысқа 
қарай төменгі Еділге дейінгі жерді қоса бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақты қамтыды. 
Сонымен Қазақстанның аумағы монғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен бөлігі – Жошы 
ұлысының құрамына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан – Шағатай ұлысына, 
Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі – Үгедей ұлысына кірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет