1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


 1739-1741 жж. жоңғар-қазақ соғысы. Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен



Pdf көрінісі
бет56/100
Дата15.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#138130
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   100
58 1739-1741 жж. жоңғар-қазақ соғысы. Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, 
Ресеймен қарым-қатынастары. Абылай сұлтанның дипломатиялық шеберлігі.. 
Қытай мен Қазақстан арасындағы елшілік қарым-қатынастар.
1739-1741 жылдары болған қазақ жоңғар соғыстарын Абылай хан бастаған еді. 
Абылайдың жауынгерлері осы жылдар ішінде жоңғарларға бірнеше мәрте соққы берді. 
Географиялық жағынан екі ірі мемлекеттің қыспағында болған Қазақ хандығының 
билеушісі Абылайдың басты мақсаты — мемлекет дербестігін қалай да сақтап қалу еді.
Дипломатиялық шаралардың шебері Абылай, хан болып сайлануға дейін де, Тарбағатай 
таулары, Алтай сеңгірі, Зайсан көлінің шығысына қарай жатқан тарихи қазақ жерін 
қайтаруда қыруар күш-жігер жұмсады. Жоңғария тарихи сахнадан мүлде жоғалып, оның 
жерін басып қалған Маньчжур-Цин билеушілері Абылаймен келісе отырып жаңа шекара 
белгіледі.
1760 жылы қытайлар Тарбағатай тауы маңында көшіп-қонып жүрген қазақ руларын 
батысқа қарай ығыстырып тастауға күш салды. Осындай жағдайда Абылай Цин әулеті 
билеушілерімен арадағы қайшылықтарды өзара тиімді нәтижелермен шешуге күш салып 
отырды.
1757-1760 жылдары казақ елінің дербестігін, жер аумағының бірлігін қамтамасыз ету 
мақсатында Абылай Пекинде Қытайдың да билігін мойындайды. Бір жағынан Абылай 
1740 -1742 жылдары Ресейге ант берумен қатар Қытайдың билігін қабылдауын 
дипломатиялық шешім деп бағалады. Абылай сонымен қатар Орта Азия елдерімен 
байланысын дамытуға да кепіл болді.
XVIII ғасырдың 70-жылдарының басында Абылай бірқатар соғыстарда Ходжент 
әміршісіне, Ташкент бегіне соққы берді. Қазақтар жоңғарлармен соғысып жүргенде өзбек 
бектеріне ауып кеткен Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созақ және басқа бірнеше қалаларды 
Абылай күшпен қайырып алып, қазақтардың билігіне қаратты. Олар тиесілі алым- 
салығын төлеп тұруға міндеттелді. Қазақстанның халықаралық жағдайы жақсара бастады.


1771 жылы Орта жүздің ханы Әбілмәмбет дүние салды. Қазақ хандығында қалыптасқан 
дәстүр бойынша өлген билеушінің ұлы Әбілпайызды емес, халық арасында зор беделге ие 
Абылайды ақ киізге көтеріп, хан сайлады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет