1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


 ХІХ ғ. 60-90 жылдарындағы көші-қон мәселесі. Орыс шаруаларын Қазақстанға



Pdf көрінісі
бет62/100
Дата15.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#138130
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   100
64 ХІХ ғ. 60-90 жылдарындағы көші-қон мәселесі. Орыс шаруаларын Қазақстанға 
қоныстандыру туралы уақытша ережелер. Орыс шаруаларынҚазақстан 
аймақтарына орналастыру ерекшеліктері.
XIX ғасырдың 60-90-жылдарында жургізілген әкімшілік реформалар қазақтардың жерін 
түгелдей мемлекеттің меншігі деп жариялады. Ол реформалар Қазақстанды шаруалар 
арқылы кең көлемде отарлап алуга берік негіз қалады. Орыс шаруаларын ішкі Ресейден 
жаппай қоныс аудар- ту көп жағдайда қазақтарды ежелгі атамекенінен, қонысынан қуу 
және ең қунарлы жерлерін куштеп тартып алу арқылы жузеге асырылды. 1. Шаруаларды 
Қазақстан аумағына жаппай қоныс аударту себептері. Егер XIX ғасырдың ортасына дейін 
Қазақстанға көбінесе Ресейден әскери топ пен казактар ғана қоныс аударып келсе, 
ғасырдың екінші жартысы- нан бастап жағдай түбегейлі өзгерді. Ресей шаруала- рын қазақ 
даласына бұрын-соңды болып көрмеген кең көлемде жаппай қоныс аударту ісі 
мемлекеттік тұрғыда қолға алынды. Мұның бірқатар себептері болды. Біріншіден, 1861 
жылы Ресейде ша- руаларды крепостниктік, яғни басыбайлы езгіде ұстау жойылды. 
Шаруа- лар басыбайлы тәуелділіктен құтылды. Бірақ олар жерсіз қалды немесе ұлтарақтай 
шағын ғана ие болды. Мұның өзі шаруалардың толқуын туғызды. Патша үкіметі шаруалар 
бүліншілігінің өрши түсуін болдырмау үшін оларды Қазақстан мен аумағына жаппай 
қоныс аударту шарала- рын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады. Екіншіден, Ресей 
империя- сы қоныс аударушы шаруалар есебінен қазақ өлкесінің аумағында өзінің сенімді 
тірегін қалыптастыруды мақсат етті. Үшіншіден, патша үкіметі орыс шаруаларын жаппай 
қоныс аударту арқылы қазақтарды егіншілікпен отырықшы өмір салтына көшіруді 
ойлады. Өйткені он- дай жағдайда қыруар көп жер босап қалып, жергілікті халықты қатаң 
бақылауда ұстаудың тамаша мүмкіндігі туар еді. Төртіншіден, патша үкіметінің жергілікті 
халықты христиан дініне енгізу және орыстандыру жөнінде арам пиғылы да болатын. 
Бесіншіден, қоныс аударушы шаруалар Қазақстанды орыс империясының сарқылмас мол 


астығы бар алып қоймасына айналдыруы тиіс деп үміттенді. Өлкені казактар арқылы 
отарлау экономикалық тұрғыдан ойдағы- дай оңды нәтиже бермеді. Казактар өлкедегі 
әскери гарнизондар мен шенеуніктер тобының өзін де азық-түлікпен жартымды 
қамтамасыз ете алған жоқ. Оның үстіне, Ресейдің ол жақта қалған жерсіз шаруаларын 
жаңа жерде емін-еркін тамаша өмір сүруге болады екен деген хабарлар мен хаттар 
еліктіре елеңдетті. Мұның өзі орыс шаруаларын одан сайын жаппай қоныс аударуға 
қызықтыра түсті. 
2. Шаруалардың жаппай қоныс аудара бастауы. 1866 жылы Батыс Сібір Бас басқармасы 
шаруалардың Қазақстан аумағына беттерінше қоныс аударуына рұқсат етті. Алғашқы 
қоныс аударушылар Сібірдің әртүрлі қалаларындағы мещандар және Тобыл 
губерниясындағы Қорған және Есіл округтеріндегі шаруалар болды. Олар Көкшетау 
округінің аумағындағы деген жерге келіп орналасты. Қоныс аударушылардың бір бөлігі 
казак станицаларына жайғасты. Қазақстанға қоныс аударғысы келген орыс шаруалары 
әдетте ең ал- дымен жер көріп қайтушыларды (ходоктарды) жіберді. Олар өздеріне 
қолайлы деген жерлерді таңдап, қазақтардан жалға алды, жыртып, тұ- қым септі. Жердің 
құнарлы екеніне көздерін жеткізген олар, ұзақ мер- зімді жалға алу жөнінде 
келісімшарттар жасасты, өздерінің жерлестерін неғұрлым тезірек жетуге шақырып, 
жанталаса әрекет етті. Орыстардың елді мекендері пайда бола бастады. Кейін ол жерлер 
өзінің бұрынғы иелері байырғы халықтан тартып алынып, қоныс аударып келген орыс 
шаруаларының иелігіне заңдастырылып берілді. Шаруаларды ішкі Ресейден Қазақстанға 
қоныс аударту жөнінде алғаш рет бастама көтерушілердің бірі Жетісудың әскери 
губернаторы Г. А. Колпаковский еді. 1868 жылы оның тікелей басшылығымен «Же- тісуға 
шаруалардың қоныс аударуы туралы уақытша Ережелер» жа- салды. Онда қоныс 
аударушы шаруаларға жеңілдіктер мен артықшылықтар беру көзделді. Шаруалардың 
әрбір ер-азаматына 30 десятинадан жер телімі бөлінді. Олар барлық алым-салық түрлерін 
төлеу мен міндетті борыштарды атқарудан он бес жыл бойы босатылатын болды. 3. 
Шаруалардың қоныс аударуқарқынының күшейе түсуі. 1892 жылы Транссібір 
теміржолының құрылысы басталды. Ол Қазақстанның солтүс- тік өңірін басып өтті. 
Мұның өзі қазақтардың иелігіндегі жердің 4,2 мил- лион десятинасын қосымша тартып 
алуға жеткізді. Теміржол құрылысы шаруалардың қоныс аударуына неғұрлым 
ұйымдасқан сипат берді. Шаруалардың теміржол құрылысы аумағына (оның оңтүстігіне 
қарай 100 шақырым жерге дейін) қоныс аударуына Сібір теміржол комитеті де мүдделі 
болды. Қоныс аударушы шаруалар адам тасуға бейімделмеген қолайсыз вагондарда тасып 
әкелінді. Петропавл және Омбы сияқты қалалардың теміржол торабы бекеттерінде 
ондаған мың қоныс аударушы шоғырланды. Олар ашық аспан астында жатты, кейде ауа 
райының қолайсыз күндерін де сонда өткізді. Азық-түліктің жетіспеушілігі мен дәрігерлік 
көмектің болмауы салдарынан адамдардың арасында ауру-сырқау көбейді, тіпті өлім-
жітім де аз болған жоқ. Сондықтан да Омбы мен Петропавлда қоныс аударушылар 
пункттері мен аурухана барактары жедел түрде салына бастады. Ереже бойынша 
жергілікті халықтың «басы артық» жерлерін, ондағы суару жүйесі мен су көздерін қоса 
жаппай тартып алу көзделді. Қоныс аударушыларға арналған қор құру үшін «басы артық» 
жерлерді іздеп табу міндеттелінді. Патша үкіметі қоныс аударту басқармаларына 
қазақтардың жерлерін тартып алуына оларды ғасырлар бойы ежелгі отырған атамекенінен 
күштеп қуып шығуына толық құқық берді. Қоныс аударып келген шаруалар өз алдарына 


жеке болыстарға бі- ріктірілді. Алғашқы кезде олар уезд бастығына бағындырылды, 
кейіннен шаруалар бастығы деген лауазымды қызмет пайда болды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет