1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


 Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістері туралы пікірталастар



Pdf көрінісі
бет77/100
Дата15.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#138130
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   100
80 Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістері туралы пікірталастар. 
Қазақ қоғам қайраткерлерінің индустрияландыру мәселесіне қатысты 
ұстанымдары. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшеліктері.
Индустрияландыру – ірі өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр өнеркәсіпті құру және дамыту, ірі 
өнеркәсіптік өндіріс негізінде бүкіл халық шаруашылығын қайта құру. Индустрияландыру 
тек социалистік құрылысқа ғана тән кезең емес. Ол - елді жаңғыртудың міндетті шарты. 
1920 жылдардың ортасына қарай КСРО үшін бірнеше себептерге байланысты 
индустрияландыруды жүзеге асырудың қажеттігі туды. Біріншіден, 1925 жылға қарай 
қалпына келтіру кезеңі аяқталды. Негізгі көрсеткіштер бойынша кеңестік экономика 
соғысқа дейінгі деңгейге жетті. Өнеркәсіптік өндірістің өсуін қамтамасыз ету үшін істеп 
тұрған зауыттарды қайта жабдықтау ғана емес, жаңа заманғы кәсіпорындарды құру қажет 
болды. Екіншіден, елдің экономикалық әлуетін тиімді орналастыру мәселесін шешу 
міндеті тұрды. Ел бұрынғыдай аграрлы, шаруа елі болып қала берді. Қалаларда 
жұмыссыздық деңгейі өсіп, әлеуметтік шиеленісті күшейтті. Үшіншіден, елдің 
халықаралық деңгейде экономикалық және саяси оқшаулануы индустрияландыруды 
жеделдетуді талап етті. 
1926 - 1940 жылдардағы индустриялық даму Қазақстанды ірі жетістіктерге жеткізді. 
Индустрияландыру арқасында Қазақстан 1941 жылы ірі ауыл - шаруашылық өндірісі бар 
индустриялы республикаға айналды. Елде көмір өнеркәсібі қауырт дамыды, 1940 жылы 
оның 90 пайызы Қарағанды бассейнінің үлесіне тиді. Қарағанды көмір бассейні Донбасс 
пен Кузбастан кейінгі КСРО-ның үшінші көмір ошағына айналды.
Республиканың жеңіл және тамақ өнеркәсібі де іргелі жетістіктерге жетті. Алматыда аяк 
киім және екі тігін фабрикалары, Семейде тері илейтін комбинат және ет комбинаты, 
Атырау балық-консерві және Алматы жеміс-көкөніс комбинаттары, Талдықорғанда, 
Меркеде, Жамбылда қант зауыттары, Алматыда темекі фабрикасы, нан пісіретін және май 
шайқайтын зауыттар қатарға қосылып, өз өнімдерін шығара бастады. 
Алайда осындай жетістіктерге қарамастан КСРО жүйесінде шикізат аймағына айналған 
Қазақстанның халқы еңбек бөлінісінің адам өмірі мен денсаулығы үшін өте ауыр, аса 
қауіпті, зиянды бөлігін орындады. Технологиялық өндіріс көлеміндегі жеңіл өнеркәсіп 
үлесі 3% - дан аспады. Республика өндіріс көсіпорындары тұтыну бұйымдарының 60% - 
ын ғана канағаттандыра алды. Осылайша әміршіл-әкімшіл жүйе Одақтың біртұтас халық 
шаруашылық кешеніндегі табиғи қорларға бай Қазақстанның рөлін анықтап берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет