КСРО-ның күйреуінен кейін орталықта да, аймақтарда да үлкен дағдарыс болатындығы
баршаны алаңдатты. Мұның бәрін бірлесе отырып шешетін, жаңа Одақ туралы шарт
келіссөздеріне ерекше мән берді. 1991 жылдың көктемі мен жазында, КСРО Президенті
М. Горбачевтың қатысуымен Мәскеу маңындағы Ново-Огарёво резиденциясында
республика басшыларының кездесулері өтті. Ұзақ және қиын келіссөздердің нәтижесінде
«9 + 1», яғни келісімге қол жеткізілді тоғыз республика мен орталық одақтық шартқа қол
қойылады деп шешті. Келісімшартқа қол қою 1991 жылдың 20 тамызына жоспарланды.
1991 жылғы қарашада жеті республика (Ресей, Беларусь, Әзірбайжан, Қазақстан,
Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан) Ново-Огарёвода жаңа мемлекетаралық ұйым -
Егемен мемлекеттер одағын құруға ниет білдірді. Жеті мемлекет басшылары 1991
жылдың аяғына дейін одақ туралы жаңа шартқа қол қою туралы шешім қабылдады.
1991 жылы 25 қарашада оған қол қою жоспарланған болатын. Бірақ бұл болмады. Тек
М.Горбачев қол қойып, жоба өзі жеті республиканың парламентіне бекітуге жіберілді. Бұл
жай ғана сылтау болды.
Шын мәнінде, барлығы 1991 жылы 1 желтоқсанға белгіленген Украинаның тәуелсіздігі
туралы референдумның нәтижесін күтті. 1991 жылғы желтоқсанда Украина халқы
Украинаның толық тәуелсіздігін жақтап, М. Горбачевтің КСРО-ны сақтап қалуға ниеті
орындалмады .
Орталықтың әлсіздігі 1991 жылы 8 желтоқсанда Брестке жақын орналасқан Беловежя
Пущасында Беларусь, Ресей және Украинаның басшылары Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығын (ТМД) құру туралы келісімге қол қойды. Онда «1922 жылғы одақтық шартқа
қол қойған КСРО құрылтайшылары КСРО халықаралық құқықтың субьектісі ретіндегі
жұмысын тоқтатады» шешілді. Бұл келісім 1922 жылғы КСРО құру туралы шарттың
күшін жойды және оның орнына ТМД құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: