1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


 Тәуелсіз Қазақстанның конфессионалдық саясаты. Әлемдік және дәстүрлі діндер



Pdf көрінісі
бет98/100
Дата15.12.2023
өлшемі1,17 Mb.
#138130
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   100
103 Тәуелсіз Қазақстанның конфессионалдық саясаты. Әлемдік және дәстүрлі діндер 
көшбасшыларының съездері. Діни экстремизм мен терроризм қаупі және оған қарсы 


күрес. «Жусан» операциясы.
. тәуелсіз қазақстанның конфессионалдық саясаты. әлемдік және дәстүрлі діндер 
көшбасшыларының съездері. діни экстремизм мен терроризм қаупі және оған қарсы күрес. 
«жусан» операциясы.
Бүгінгі таңда Қазақстан үшін негізгі қауіпті факторларының бірі — діни экстремизм. Бұл 
факторды, елдегі әлеуметтік-саяси жағдайды тұрақтандыру үшін (әсіресе бірқатар 
проблемалық аймақтарда) Қазақстанда арнайы мемлекеттік орталықтар жұмылдырылған. 
Кейбір сарапшылардың сөзіне сүйенсек Қазақстанда ислам экстремизмінің даму қарқыны 
2011 жылдан бастау алды деседі, экстремистердің іс-әрекеттері әсте терроризм әдістеріне 
көшуі, билікпен қарулы қарсыласу кезеңі деп атап өтіледі. «Білім» мәдени-оқыту 
орталығының директоры, сарапшы-саясаттанушы Р.Иржановтың мәлімітіне сүйенсек 
елімізде соңғы он жылдың көлемінде 14 террористік іс-әрекет орын алып, жалпы 90 адам 
қайтыс болған. Ал, 2016 жылы Ақтөбе қаласында лаңкестік шабуылдар болды, оған 
негізінен жастар қатысты, сол жылы Алматы қаласындағы жалғыз террористік акті болды. 
Ақтөбе облысы мен Алматы қаласындағы болған оқиғалардан 27 адам қайтыс болған 
болса, олардың арасында 18 террорист пен 4 құқық қорғау органдары және 5 бейбіт 
тұрғын құрбан болған. Террористік шабуылдар негізінен құқық қорғау жүйесіне, соттарға, 
түзеу мекемелеріне қарсы бағытталған және көбінесе жарылыстар, соның ішінде 
жанкешті-террористер арқылы жүзеге асырылды. Сонымен бірге «Халифат сарбаздары» 
(Жунуд аль-Халифат), «Дін қорғаушылары» (Ансар-уд-дин), «Бейбарыс батальоны» және 
тағы басқалары осы террористік ұйымдардың Қазақстанда орын алған террористік 
актілерге қатысы белгілі болды.
Қазақстан тарихында болмаған осындай террористік оқиғалардан кейін мемлекет 
тарапынан тез арада іс-шаралар қолға алынды. 2016 жылғы террористік актілер 
мемлекеттің зорлық-зомбылық экстремизмі мен терроризмге қарсы практикалық 
шараларын жүйелі және жан-жақты нығайтудың жаңа кезеңін бастады. «Экстремизм мен 
терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер 
мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қаралды. Сондай-ақ, діни қатынастарды 
оңтайландыру мақсатында 2017-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының 
діни саласындағы мемлекеттік саясатының жаңа тұжырымдамасы қабылданып 
Елбасымыздың 2017 жылғы 20 маусымдағы жарлығымен бекітілді. Кейін Қазақстан 
Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. 
Мемлекет сарапшылары террористік актілердің басты себебін халық арасындағы 
діндарлықтың өсуінен деп алға тартады, бірақ біз бұл жерде діндарлықтың өсу процесі 
тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мемлекеттің сыртқа ашықтығы жағдайындағы табиғи 
процесс деп түсінеміз. Себебі Қазақстан мемлекеті тәуелсіздігін алған жылдардан бастап 
экономикалық дағдарыстан шығу жолдарын іздегенде, тарихын, шекарасын түгендеп 
жатқанда ислам атын жамылған көптеген жат ағымдар бас сұғып келгені ақиқат. 
Деструктивті діни ағымдардың пайда болысымен, олардың таратқан ақпараттарынан 
дәстүрлі діни нанымдарымыз бен салтымызға сіңген діни көзқарасымызға мүлдем кереғар 
көзқарас, ұстанымдар шыға бастады. Бұл бүлікшілер елімізідегі діни сауатсыз, жұмыссыз, 
әсіресе жастар арасынан өз жақтастарын тауып, өзімізге қарсы қойып және еліміз ұстанып 
отырған ішкі, сыртқы бірлігіне сызат түсіруге тырысты. Жат ниетті ағым бұқара халықты 


сонау ата-бабадан жалғасып келе жатқан дінінен үркітіп-шошыту арқылы ұлттық 
құндылықтарымызға да өзінің кері әсерін тигізді.
Қазіргі таңда Қазақстанның барлық облыстарында экстремизм мен терроризмнің алдын 
алу мақсатында арнайы орталықтар республика көлемінде қарқынды жұмыстар жүргізуде. 
Қабылданған шаралар нәтижесінде бастапқы кезеңінде террористік актіні жасауға 
бағытталған 3 ұмтылыстың жолы кесілді. 7 радикалдық топтың және 34 жекелеген 
экстремистің қылмыстық әрекеттері бейтараптандырылды.
2019 жылы Түркістан облысы Полиция департаментінің полиция қызметкерлері 
деструктивті діни ағымдарды ұстанушылардың қатысуымен 34 қылмысты ашты. Оның 
ішінде діни араздықты қоздыруға, жеке мүлікті ұрлауға, есірткі құралдарын өткізу мен 
сақтауға және басқа да қылмыстық құқық бұзушылықтар болған. Сонымен қатар, діни 
тәжірибесін жасырып, заңсыз медициналық қызмет пен емшілік жасаған дерегі 
анықталды. 
Аталған кезеңде тәртіп сақшыларымен деструктивті діни ағымдарды ұстаушы 567 адам 
әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 16-ы діни сипатты бұзғаны үшін 
құрықталды. Тәртіп бұзушыларға қатысты 5 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл 
салынды.
Қазақстан Республикасы бойынша радикалдық көзқарастан 907 адам қайтарылды. Бас 
бостандықтарынан айыру орындарында террористік және экстремистік қылмыс 
жасағандары үшін жазаға тартылған 162 сотталушы радикалсыздандырылды. 
Жергілікті жерлерде «Жусан» гуманитарлық операциясы шеңберінде террористік 
қарқынды аймақтардан қайтарылған әйелдер мен балаларды оңалту бойынша жұмыс 
жолға қойылды. Бұрынғы сенімдерінен осы әйелдердің үштен бір бөлігі бас тартты, 
қалғандары бойынша жұмыстар табысты жалғасуда.
Жалпы, қай елге болмасын экстремизммен терроризм деген ешқашан береке әкелген емес. 
Терроризм мен экстремизм өршіген елдерге тек соғыспен тоқырау әкелгенін білеміз. 
Зұлымдық пен жанкештікке тек діни сауаты жоқ адамдар барады. Ел бірлігі мен мемлекет 
қауіпсіздігіне зиян келтіретін ағымдардың жетегіне кетіп қалмау шараларына баршамыз 
атсалысуымыз қажет. Ал, бірліктің, бейбітшіліктің, татулықтың алмаған асуы жоқ. Келер 
ұрпағымыздың болашағы мен жарқын келешегі үшін қоғамдағы діни тұрақтылықты 
қамтамасыз ету маңызды. Себебі, білім, ғылым, денсаулық, экономика бәрі-бәрі де тек 
бейбіт күнде ғана дамымақ. 
Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзге де мемлекеттік органдармен және шетелдік 
серіктестерімен бірлесіп, «Жусан» операциясы шеңберінде Сириядан төрт мәрте, яғни осы 
жылдың қаңтар, мамыр және маусым айларында барлығы 595 Қазақстан азаматы 
қайтарылғанын, және олардың арасында 400-ден астамы бала болғанынан хабардар етті.


Александр ТАСБОЛАТОВ 
Қайтарылғандар ісі
Жалпы, осы қайтарылған азаматтардың 49-ы, яғни 33 ер адам мен 16 әйел бірден қамауға 
алынды. Олардың ішінде 9 ер адам мен 4 әйел сот үкімімен түрлі мерзімге бас бостан-
дықтарынан айырылды. Ал өзге ұсталғандарға да қатысты қылмыстық тергеу ісі әлі 
жалғасып жатыр. Бұлардан басқа қалған адамдар мұның алдында Ақтау қаласындағы 
бейімдеу орталығына орналастырылған болатын. Бір айдан кейін 140 әйел мен 406 бала 
бұрынғы мекенжайларына шығарылды. Осылайша қазіргі уақытта бейімдеу орталығының 
жұмысы аяқталды. Дегенмен оңалту барысы жергілікті жерлерде жалғасын тауып жатыр. 
Онда теологтар мен психологтар сабақ өткізуде. Қазіргі кезде қайтарылғандардың кейбі-
реулері дәрігерлік тексеріс пен ем алуда. Ал кейбіреулері түрлі кәсіптік дайындықтарға 
барып жүр. 
Аталған тергеу барысына сәйкес, Сирия жағдайында ДАИШ-тің (Қазақстанда тыйым 
салынған террористік ұйым), бір жасағында болған тағы да 14 азаматқа қатысты 
қылмыстық істі тергеу аяқталған. Оларға террористік әрекетке қатысты немесе сондай 
әрекетке біреулерді тартты және терроризмді насихаттады, сондай-ақ өзге де ауыр қыл-
мыстар жасады деген айып тағылған көрінеді. Бұл қылмыстық іс материалдары Нұр-Сұл-
тан қаласының дырылған ауданаралық тық істер бойынша сотына жіберілген болатын. 
Соның нәтижесінде жоғарыда айтқанымыздай, айыптары дәлелденген жандар соты 
басталды.
Олар Сирияға неге кетті? 
Сириядан қайтарылғандардың «жаңылдым, жаздым» деген сөзіне қарағанда, бәрі бірдей 
«о жақта өмір керемет» дегенге алданып қалғанын айтады. Көбіне жалған дерекке 
құрылған үгітке сеніп қалатындар исламға енді қосылып жатқан жастар көрінеді. 
Экстремистердің оларды қармаққа түсіру үшін «шынайы мұсылман мемлекетіндегі» 
ғажап өмір туралы әңгімелері әсер еткен. Онда діннің барлық талаптары 
сақталатындықтан-мыс өмір сүру тек әділдік пен адалдыққа негізделген дейді. Сондықтан 
адамның жаны қалайтын тәтті өмір сол жерде ғана деген желеу олардың сенімін нығайта 
түскен. Әсіресе бұл туралы көбі әлеуметтік желі арқылы біліп, құлағдар болған. Бірақ 
олардың көбі Сирияға барған кезде ғана алданғандарын нақты білген. Ол жерде ешқандай 
да керемет өмір жоқ еді. Онда соғыс жүріп жатқан. Ал соғыстың не екенін кез келген адам 
біледі.
Сарапшылар ол жерде соғыстың жүріп жатқанын біле тұра кеткендер де бар екенін 
айтады. Ал соғыста ешқандай адалдық та, әділдік те болмайтыны белгілі. Онда 
мұсылмандар, топтар басқа бір мүдделер үшін бір-бірімен қырқысып, есеп айырысып 
жатыр. Соғыста адамдар бірін-бірі өлтіреді. Демек, ондай жерге бір түскен соң, қайтып 
шығу жоқ. Осындай жерге барып алып, бармақ тістеп, опынғандар туралы мыcалдар және 
көп. Қайтарылғандардың дені о жаққа барғанда жағдай соншалықты қиын да, қайғылы 
болатынын ойламаған. Алайда қайтайын десе, мүмкін емес. Ал онда қалу – өлім. 
Қайтарылғандардың айтуы бойынша, еліме оралам дегендердің бәрін атып тастаған. 


Содан қолдарына қару ұстап, екі оттың ортасында қалды. Ал ондағы жантүршігерлік іс-
әрекеттер басындағы фото, бейнесуреттері әлеуметтік желі арқылы әлемге тарап кетті. 
Енді мұндай содырлық істер айыптаусыз қалмайды. 
Айыпталушылар айыбын сот айтады
Соған сәйкес жоғарыда Сирия жағдайында ДАИШ-тің бір жасағында болған 14 азаматқа 
қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталып, іс сотқа берілді деп айтқанбыз. Бұлардың ісін 
қараған ашық сот отырысы басталды. Тергеудің мәліметі бойынша, бұл айыпталушылар 
бұрын ДАИШ содырлары болған көрінеді. Оларға террорлық әрекетке қатысты, 
терроризмге тартты және насихаттады, сондай-ақ басқа да ауыр қылмыстар жасады деген 
айыптар тағылды. Атап айтқанда, Сириядағы қарулы қақтығыстан кейін ДАИШ 
террористік ұйым мүшелері төрт адамның басын кесіп, жұртқа үрей туғызу үшін көшеге 
тастаған. Кесіп алынған адам бастары көшеде жеті күн бойына жатқан. Сол адам 
бастарының бірін аяғымен басып тұрып суретке түскен адам аталған сот іс қарап жатқан 
14 айыптының бірі, яғни террористік топ мүшесі деп танылған, 1986 жылы туған 
А.Жансеңгіров екен. Ол сурет интернет арқылы тарап кеткен. Прокурор Е.Мұраттың 
айтуынша, осы А.Жансеңгіров пен айыпталушының тағы бірі Г.Бақытжанов екеуі 
террористік сипаттағы бейне ролик түсірген. Ал сараптама аталған роликте діни 
алауыздықты қоздыру және терроризмді насихаттау белгілерін анықтаған.
Дегенмен А.Жансеңгіров те өздерінің қылмыстық әрекетін амалсыз жасағанын айтты. 
Егер осылай істеп, суретке түспегенде ату жазасына кесіледі екен. Сондықтан олар 
сондағы әскери адамдардың әмірімен аталған көріністі жасаған. Ал олар бұл бейнені өз 
телефондарына түсіріп, интернетке салған. Енді мұның ақ, қарасын сот қана анықтай 
алмақ.
Сирияға кеткендердің қаупі неде?
Қайтарылғандардың бәрі ондағы жантүршігерлік жағдайды көзбен көргендер. Бірқатары 
соғыс отының ортасында опат болды. Ал көбінің балалары осы жағдайда өсіп келеді. 
Сарапшылардың айтуы бойынша, Сирияға адасып барғандар секілді осы балалардың да 
таным-түсінігі өзгеше қалыптаса бастайды. Бірнеше жылдан кейін әлгі жасөспірімдер 
есейеді. Үлкен ортаға араласады. Сонда оларды беделді бір күштер өздеріне тартып, 
басын қосып, түрлі әрекетке итермелеуі мүмкін. Тіпті өздері келген мемлекетке қарсы 
айдап салуы да кәдік. Сонда жағдай тіптен қатерлі бола түседі. Ал бұл қатердің алдын алу 
өз еліміздің қауіпсіздігін әріден ойлау. Сондықтан азаматтарымыздың, олардың 
балаларының елге қайтарылуы қауіпсіздік тұрғысынан алғанда дұрыс қадам болды. Оның 
үстіне олар Сириядағы қатерден құтылады. Осыған орай кезінде Елбасы Нұрсұлтан 
Назарбаев Қазақстан азаматтарын Сириядан эвакуациялауға байланысты мәлімдеме 
жасаған болатын. Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Менің тапсырмам бойынша 7 
және 9 мамырда Сириядан 231 қазақстандық азамат, оның ішінде 156 бала, негізінен 
мектеп жасына дейінгі балалар, оның ішінде 18-і жетімдер көшірілді. Бұл ауқымды 
гуманитарлық акция ағымдағы жылдың қаңтар айында Тұңғыш Президент – Елбасы 
Нұрсұлтан Назарбаевтың нұсқауы бойынша сәтті өткен «Жусан» операциясының жалғасы 
болды», деді.
Қылмыстың алдын алу тиімді
Қазақстан үшін бейбітшілік басты ұстаным болып табылады. Сондықтан бейбіт өмірге 


қатер туғызатын кез келген келеңсіздіктің алды алынады. Мәселен, елде бүлік шығарып, 
сосын Сириядағы содырлар қатарына қосылуды жоспарлаған азамат қолға түсті. Соған 
орай Алматы қаласы Алмалы аудандық қылмыстық сотының А.Бітімбаевты терроризм 
актісіне дайындалу, терроризмді насихаттау, діни алауыздықты қоздыру және атыс 
қаруын заңсыз сақтау фактілері бойынша 10 жылға соттау туралы үкімі заңды күшіне 
енді.
Ол ҰҚК назарына бүлдіргі діни идеологияны ұстанушы және Қазақстан Республикасында 
тыйым салынған ДАИШ халықаралық террористік ұйымының жақтасы ретінде 
ілікті.Тексеру барысында оның интернетте ДАИШ үгіт насихатының ықпалымен халық 
көп шоғырланған орындарда жарылғышты пайдаланумен терактілер дайындауы туралы 
ақпарат алынды.
Қарулы шабуыл жасағаннан кейін ол шетел содырларының қатарына өту және 
террористік әрекетін жалғастыру үшін Сирияға кетуді жоспарлаған. Бірақ оның мақсатын 
болдырмау үшін осы жылдың сәуірінде Алматыда ішкі істер органдарын тарта отырып, 
ҰҚК күшімен А.Бітімбаев ұсталды.Тінту кезінде одан атыс қаруы мен травматикалық 
қару, жарылғыш құралдар жасауға арналған құрамдас бөлшектер, үш сауда ойын сауық 
орталығының сызбалары, бетперде мен қолғап алынды. Сөйтіп Бітімбаевтың кінәсі 
куәгерлік түсініктермен, заттай және өзге де дәлелдермен толықтай дәлелденген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   100




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет