1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы



бет11/81
Дата15.12.2023
өлшемі197,31 Kb.
#139580
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   81
16.Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы.
Қытай деректерінде түркілерге қатысты алғашқы деректер 542 жылдан бастап кездеседі. Ғұндар империясы ыдыраған соң Орхон аймағында түркітекті теле тайпалар одағы ұйымдасты.V ғасырдың ортасында билік басында ашына бастаған Алтайдағы түркілер руы тұрды. Бұл атау «киелі қасқыр» деген мағынаны білдірген. Қағандар мемлекеттің басты билеушісі болды. Түркілер 545 жылдан бастап сол замандағы ірі мемлекеттердің бірі ретінде танылып, тарих сахнасына шығады. 552 жылы түркілер Солтүстік Моңғолия жерінде Түркі қағанатын құрады. Бумын түркі елінің қағаны болып жарияланды.Қаған мемлекетті басқарды, жоғарғы сот міндетін атқарды, әскерге басшылық етті.
Қаған мемлекетті басқаруда тайпаның ақсүйек қауымына сүйенді.Әскери және азаматтық қызметтерді басқаратын шенеуніктер аппараты – яғбу, шад т.б. құрылды.Түркі мемлекетінде қарапайым халық бұдун деп аталды. Бумын қайтыс болғаннан кейін билікке Мұқан қаған (553-572 жж.) келді.Мұқан қаған Орталық Азия мен Оңтүстік Сібірді, Оңтүстік-батыс Маньчжуриядағы қидандарды, қарақытайларды, Тува жері мен Енисей қырғыздарын бағындырды.Иштеми (Истеми) қаған қазіргі Қазақстан, Орта Азия аумағын бағындырып, Еділ мен Солтүстік Кавказға шықты. Қытай жылнамаларындағы деректер бойынша Мұқан қаған «Шегара (Ұлы қорған) сыртындағы барлық иеліктердің зәресін ұшырды».VI ғасырдың 60 жылдары Түркі қағанаты сол кездегі ірі мемлекеттер – Византия, Иран, Қытаймен өзара қарым-қатынас жасады.Түркі қағанаты нығайған кезінде (VI ғасырдың 70-жылдары) Маньчжуриядан Босфорға және Сібірден Парсы еліне (Иран) дейінгі жерді алып жатты. Иштеми қаған тұсында түркілер әскери жағынан қуатты империяға айналды.VI ғасырдың 80 жылдары соңында түркілер Парсы елімен одақтасты.Олар Оңтүстік Кавказ бен Орта Азиядағы эфталиттер мемлекетін талқандады.Түркілер Орта Азияны жаулап алған кейін Қытайдан Жерорта теңізі елдеріне баратын Ұлы Жібек жолының едәуір бөлігіне ие болды.568 жылы түркі елшісі Маниах Византиға қағанаттың елшілігін басқарып барды.Түркілер мен Византия арасында парсыларға қарсы әскери-сауда келісімі жасалды.VI ғасырдың соңы мен VII ғасырдың басында қытайдың күшеюі билік басындағы түркі әулетінің ішінде өзара қырқыстың басталуы және сұрапыл жұтпен тұспа-тұс келуі қағанатты дағдарысқа ұрындырды.Түркілерді әскери күшпен жеңе алмаған Қытай 603 жылы дипломатиялық жолмен қағанаттың ыдырауына қол жеткізді. Біртұтас мемлекет Түркі қағанаты 603 жылы Шығыс (Моңғолия) және Батыс (Орталық Азия мен Қазақстан) болып екіге бөлінді.Қағанат ыдырағанмен қуатты мемлекет болып қала берді.Батыс Түрік қағанаты 603 жылы ежелгі үйсін мемлекетінің жерінде құрылдыБатыс қағанаттың орталығы Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласы болды. Жазғы ордасы Мыңбұлақта орналасты. Қағанаттың негізгі этникалық-саяси ұйытқысы «он тайпа» он оқ бұдун тайпалары мекендеген Қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты.
Шығыс Түркі қағанаты (Екінші Түрік қағанаты) 682 (683) жылы Қытаймен күресте өздерінің тәуелсіздіктерін Моңғолия жерінде қалпына келтірді.Екінші Түркі қағанатын құрушыларды «түркі-қыпшақ» деп атады. Сол кездегі ескерткіштердегі жазуда «түркі-қыпшақ елу жыл ел биледі» делінеді.Мемлекеттің орталығы Ханғай тауларында болды. Батыс шегарасы Алтай тауларымен шектесті.Батыс Түркі қағанатының Шығыс Түркі қағанатынан айырмашылығы екіншісінің халқы негізінен көшпелі, жартылай көшпелі болатын. Ал Батыс Түркі қағанатының көпшілік халқы отырықшылықпен, егін егумен, қолөнер және саудамен айналысты.Батыс түрік қағанаты 704 жылы құлады. Басты себептері феодалдардың ішкі талас-тартысы және Батыс түрік қағанатының Таң патшалығымен соғысы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет