1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы



бет1/81
Дата15.12.2023
өлшемі197,31 Kb.
#139580
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81
Байланысты:
Тарих сессия жауаптарымен 119


1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы.
Қазақстанның Оңтүстік бөлігін адамдар тас ғасырының ерте палеолит дәуірінде мекендеген. Бұл адамзат тарихы дамуының басты кезеңі, б.з.д. 1 млн-нан 140 мың жыл арасын қамтиды. Осы өңірде адамдардың тас ғасырынан бастап мекендегеніне сол дәуір ескерткіштері – тұрақтар, шеберханалар мен Қаратау жоталары аймағынан табылған тас құралдар – шапқылар мен өзектастар дәлел. Түркістан қаласы жанындағы Қосқорған және Шоқтас қасынан таяуда табылған ерте дәуір адамдарының тұрағы бірегей ескерткіш болып табылады.Кейінгі мустье дәуірінің ең бір көрнекті ескерткіші – Қаратау тауындағы Арыстанды тұрағы болып саналады.Кейінгі палеолит дәуірінің назар аударарлық ескерткіші – Ш.Уәлиханов атындағы тұрақ.Ежелгі адамдардың ең алғашқы шаруашылыға терімшілік және аңшылық.
2.Жартасқа сурет салу өнері-петроглифтер (Мыңшұңқыр , Өлеңті , Еңбек , Тесіктас , Шатыртас, Ақбидайық ,Ақбауыр ,Баянжүрек) .
Баянжүрек суреттері – Алматы облысындағы Ақсу ауданының Қапал ауылынан шығысқа қарай 25 шақырым жерде, Жетісу, Алатау сілеміндегі Баянжүрек тауында сақталған жартастағы суреттер. Олар құрамы мен мазмұны жағынан алуан түрлі.Суреттердің арасында қола дәуіріне жататын басын жан-жағына шашырай тараған, 7 сәуле көмкерген екі ғажайып бейне бар. Баянжүрек суреттерінің ішінен сақ және ғұн-сармат кезеңіне жататын көріністер де кездеседі. Жартастағы суреттердің көпшілігі, негізінен, салт атты сарбаздар бейнесінде берілген ежелгі түрік дәуірін сипаттайды.Ақбауыр үңгірі – қола дәуірінен сақталған ескерткіш. Суретті үңгір Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданындағы Бестерек ауылынан солтүстікке қарай 3 шақырым жерде, Ақбауыр тауының етегінен табылған. Ақбауыр үңгірі таудың етегінен 5-6 метр биіктікте орналасқан. Оның алдындағы алаңда діни жиындар, құрбандық шалу т.б. рәсімдері өткізілген. Үңгір қабырғасында қызыл күрең түсті охрамен б.з.б. ІІІ мыңжылдықтың басында салынған суреттер бар. Негізінен, қос аяқты арба, өгіз, таутеке т.б. суреттері бедерленген. Олардың айналасында әртүрлі ирек сызықтар, нүктелер, үшбұрыштар, төртбұрыштар және адамдар бейнеленген. Бұл суреттер жердің құнарлы болуын, мал-жанның өсіп-өнуін білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет