1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы. Ежелгі адамгың шаруашылығы мен тұрмысы


Кіші және Орта жүздер аумағында барлық билік институттарын реформалау және аумақттық әкімшілік басқару жүйесін енгізу. Хан билігін жою



бет54/86
Дата20.12.2022
өлшемі379,46 Kb.
#58524
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   86
60. Кіші және Орта жүздер аумағында барлық билік институттарын реформалау және аумақттық әкімшілік басқару жүйесін енгізу. Хан билігін жою.
Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі хандық басқару жүйесін патша өкіметінін жойып, жаңа билік жүйесін еңгізуі ХVIII ғасырдың өзінде-ақ Орта жүз бен Кіші жүз хандарын патша өкіметі тағайындай бастаған. Олардың ел басқару қызметін жергілікті патша әкімдері бақылап отырды.
XIX ғасырдың 20-жылдарында Ресей үкіметі қазақ арасында хандық өкіметті біржола жойып, ел басқарудың жалпы ресейлік тәртібіне жақындатуға кірісті. Бұл шараларды іске асыру Орта жүзден басталды. Уәли хан өлгеннен кейін (1819), «Сібір қазақтары туралы Жарғыға» сәйкес (1822) Орта жүзде хандық билік жойылды. Жүз территориясы сыртқы сегіз округке бөлініп оларды аға сұлтандар басқаратын болды.
Жарғы бойынша 50-70 үй бір ауыл, 10-12 ауыл бір болыс, 15-20 болыс бір округ. Ауылды үш жылға сайланатын старшын, ал болысты болыс басқаруға тиіс болды патша үкіметі XVIII ғасырдың аяқ шеніне қарай Кіші жүзде хандық өкіметті жоюға кірісті . Игельстром реформасы Кіші жүзді басқарудың 1786 жылғы Екатирина ІІ қуаттаған жобосы.
1775 жылғы реформаға сәйкес О.А.Игельстром далалық жерлерді жалпы империялық негізде басқару мақсатында Кіші жүзде хандық басқару жүйесін жоюды көздеген жоба ұсынды. Бұл жоба бойынша негізгі билік шекаралық комиссияның орнын басатын шекаралық сотқа берілуі тиіс болды.
Оның құрамына патша шенеуніктері мен басқа да жергілікті қауым өкілдері кірді. Орынбор губернатор басқару кеңсесінің бақылауында болатын жаңа әкімшілік органдар – расправалар құрудағы Ресей үкіметінің мақсаты ең алдымен сұлтандарды басқару ісінен шеттету болатын. Расправаларды алғаш құрған кезде көптеген беделді старшындар оның құрамына енуден бас тартты. Сондықтан патша әкімшілігі енді «бас старшын» деген атақ енгізілді. Дегенмен расправалардың Кіші жүзді басқару ісіне араласуына сұлтандар қарсылық білдірді.
Ресей үкіметінің Кіші жүзде расправалар құру жолымен хандық билікті жою жөнінде шаралары болмады. Игельстром реформасының сәтсіздікке ұшырауының басты себебінің – дәстүрлі басқару түрін жоюдың алғы шарты қалыптасуында болатын. Расправаларының басқару ісіне араласуына Кіші және Орта жүздердегі ықпалды сұлтандар қарсы шықты, олар Кіші жүздегі хандық билікті қалпына келтіруге ұмты
Бұл жоба бойынша негізгі билік шекаралық комиссияның орнын басатын шекаралық сотқа берілуі тиіс болды. Оның құрамына патша шенеуніктері мен басқа да жергілікті қауым өкілдері кірді. Орынбор губернатор басқару кеңсесінің бақылауында болатын жаңа әкімшілік органдар – расправалар құрудағы Ресей үкіметінің мақсаты ең алдымен сұлтандарды басқару ісінен шеттету болатын.
Расправаларды алғаш құрған кезде көптеген беделді старшындар оның құрамына енуден бас тартты. Сондықтан патша әкімшілігі енді «бас старшын» деген атақ енгізілді. Дегенмен расправалардың Кіші жүзді басқару ісіне араласуына сұлтандар қарсылық білдірді. Ресей үкіметінің Кіші жүзде расправалар құру жолымен хандық билікті жою жөнінде шаралары болмады.
Игельстром реформасының сәтсіздікке ұшырауының басты себебінің – дәстүрлі басқару түрін жоюдың алғы шарты қалыптасуында болатын. Расправаларының басқару ісіне араласуына Кіші және Орта жүздердегі ықпалды сұлтандар қарсы шықты, олар Кіші жүздегі хандық билікті қалпына келтіруге ұмтылды.
1789 жылғы Француз революциясынан шошынған патша үкіметі И.р. туғызған наразылықтардың монархиялық басқару негізін шайқалтуы ықтималдығын ойлап, И.р – н аяғына жеткізуден бас тартты.
Бірақ ол 1824 жылы ғана жүзеге асырылды. Сол кездегі Кіші жүзді билеген беделді хандардың бірі Шерғазы Айшуақұлы болатын. Шерғазы Айшуақұлы – Кіші жүздің ханы (1812-24). Айлакер мәмлегерлік қабілетімен ерекшеленген.
1812 ж. І Александр патшаның шарлығымен Кіші жүз екіге бөлінді: Кіші орда да Бөкей, Жайықтың сол жағасынан шығысқа қарай өңірде Ш. Хан болып жарияланды. Оның хан болған кезеңі – Кіші жүзде саяси қайшылықтардың ең шиеленіскен заманы.
Орта жүздегі хан билігінің жойылуы Кіші жүзде тап осылай әрекет жасауды әлдеқайда жеңілдетті. Бұл кезде Кіші жүз сұлтандарының арасындағы алауыздық әліде тоқтаған жоқ еді Хан билігі әлсіреп, қол астындағы халық арасында беделінен айрылып тынған болатын.
1822 жылы Орынбор өлкесінің губернаторы П.К. Эссен Ресей астанасына «Орынбор қырғыздары жөніндегі жарғының» жобасын жөнелтті. Бұл кезде Кіші жүзде Шерғазы әлі де хан болып тұрған еді. Қазақтардың шекара шебіне және Орынбор өлкесінің ішкі округтарына шабуыл жасау жиі-жиі қайталанумен болды.
Орынбор өлкесінің бастығы ұсынған жобаны толықтыра түсу үшін Азия комитетіне қайтадан жіберілді жарғының түпкілікті жобасын Ресей патшасы І Александр 1824 жылы көктемде біржолата бекітті. Шерғазы хан Орынборға шақыртып алынды. Оған ғұмырының ақырына дейін ай сайын жалақы төленіп тұратын болды. Сөйтіп Кіші жүздегі хан билігіде жойылды. Бұл реформа бойынша Кіші жүз аумағы Жайықтың сырт жағындағы үш округқа бөлінді.
1828 жылы ондағы әкімшілік бірліктерінің аттары өзгертіліп, Батыс, Орта және Шығыс округтары деп аталынды. Кіші жүздегі өкімет билігі Орынбор генералгубернаторлығына тікелей бағынатын басқарушы сұлтандардың қолына көшті. Басқарушы-сұлтандарға казактардың жасақтарыда бағындырылды. Осындай жасақтардың әрқайсысында 100-ден 200-ге дейін адам болды.
Басқарушы -сұлтандар казак станцияларында және шекара шебіндегі бекіністерде тұратын болып белгіленді. Мұның өзі олардың патша үкіметіне тәуелді болуын күшейте түсті. Басқарушы-сұлтандардың атқаратын негізгі қызметі өздеріне қарайтын халықты «тәртіп сақтайтын және патша үкіметіне әрқашан адал әрі айтқанын екі етпейтін бағыныста» болатындай етіп ұстау еді. Кіші жүздегі ауыл старшындарынан бастап, басқарушы сұлтандарға дейінгі барлық лауазымды тұлғаларды Орынбор губернаторының өзі тағайындайтын болды. Сайлау жүйесі жойылды.
Ресей өзінің саясатын ел басқару саласын өзгету арқылы жүзеге асырумен болды және де ол өте сәтті жүргізіліп жатты. Қазақтар арасындағы ауыз бірліктің жоқтығы қолындағы бостандықты жоғалтудың басты себебі болды. Ресей отарлау саясатын одан әрі күшету масатында Кіші жүзді басқарудың дистанциялық (бекінісаралық) жүйесі енгізілді.
Бұл шекара маңындағы қазақтарды басқаруға бағытталған шара. Жайық қазақтарын басқару ісіндегі дистанциялық жүйе тәжірибесіне (1824-31) сүйенген патша үкіметі бұл шараны Кіші жүзге 1831 жылы енгізді. Негізгі мақсаты қазақ даласындағы казак-орыстардың қолына көшіру, қазақтар арасында тәртіпсіздікті болдырмау, ауылдардағы жағдайды шекара комиссиясына жедел жеткізу болды.
1831- 68 жыл арасында Кіші жүз даласында шекара маңыннан 31 дистанция ашылған. Олар реттік номермен белгіленіп, әрбір дистанция ауылдарға бөлінді. Дистанцияларға 400-1500 шаңырақ кірген. Мысалы 33 дистанцияда – 324 шаңырақ, 49 дистанцияда – 1547 шаңырақ болған. Олар рулық туыстықжағынан ғана емес, жер жағдайына қарай құрылған жүйе. Дистанциялық жүйе патша үкіметіне қазақ жеріне біртіндеп енуге, бекіністер салуға, казак-орыстарды осында орналастыруға және қазақ даласын отарлауға қолайлы жағдай туғызды.
«Орынбор қырғыздары (қазақтары.- авт.) туралы жарғының» кемшілік тұстары көп еді. Сондықтан оның орнына 1844 жылы «Орынбор қырғыздары туралы ереже» шықты. Ендігі жерде Орынбор әкімшілігіне қарайтын қазақтар тұратын жерлер Ресей империясының бір бөлігі деп жарияланды. Кіші жүзге жалпы басшылық жасауды Орынбор шекара комиссиясы жүргізді.
61 Дала комиссиясының қызметі. Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы (1867 ж.) және Орынбор және Батыс Сібір бас үкіметтерінің Дала облыстарын басқару туралы (1868 ж.) уақытша ереженің жүзеге асырылуы. Сот жүйесі менсалық салудағыөзгерістер

Қазақстанның Ресей құрамына қосылуының аяқталуы империяның Қазақ өлкесіне байланысты саясатына біршама түбірлі өзгерістер әкелді.
Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды жаулап алғаннан кейін, патша үкіметі аймақтағы ағылшындарды ығыстырып шығарған болатын. ЬІңғайлы халықаралық жағдайды пайдаланып, Ресей империясы Қазақстанда отаршылдық төртіпті күшейтуді колға алды.
19 ғасырдың 60 жылдары қазақ даласын басқару жөніндегі ереженің жобасын дайындайтын дала комиссиясы құрылды.Оны Ф.Гирс басқарды.Осының нәтижесінде 1867 жылы 11 шілдеде 2інші Александр патша “Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы ереже” бекітсе,1868 жылы 21 қазанда Дала облыстары Орыньор және Батыс Сібір генерал губернаторлығын басқару туралы уақытша ережені бекітті.
18671868 жылдардағы патша үкіметі реформасының негізгі мақсаты — қазақ өлкесінде отаршылдық тәртіпті нығайтуға бағытталды. XIX ғасырдың екінші жартысындағы әзгерістер де бұған едәуір ықпалын тигізді. Капитализмнің кеңінен дамуы үшін де Қазақстандағы бұрынғы басқару жүйесін өзгерту қажет болды.
Бұл ережелер бойынша қазақ жері 3 генерал губернаторлық:Орынбор,Батыс Сібір,Түркістан құрамына кірді.Орынбор ген губ-ға Торғай мен Орынбор кірсе,Батыс сібірге Ақмола мен Семей кірді.
Ал Жетісу мен Сырдария Түркістан генерал губернияға кірнен еді.Осы реформаға сәйкес Маңғыстау прситавтығы закаспий маңына қараса,Бөкей ордасы Астрахань губерниясына қарады.Қазақстан 5 буынды басқару жүйесі арқылы басқарылды.
Ендігі бр ауылға 100-200 шаңырақ кіретін болды.Тек қана сырдария оьлысында отырықшы елді мекендерде басқару билігі ақсақалдар қолында қалса,ең төменгң сот жүйесінің буыны билер мен қазылар соты болды.Жалпы бұл реформалардың басты мақсаты қазақ жеріндегі басқару ісін өзгерту болатын.
Патша үкіметінің қазақ даласында әзірлеп жатқан әкімшілік-сот құрылысы реформасының үлгісін алғаш рет сынға алғандардың қатарында Шоқан Уәлиханов (1835—1865 жылдары) тұрды. Ш. Уәлиханов "Сот реформасы туралы хат" атты Омбыда жазылған әйгілі еңбегінде қазақ даласындағы сот реформасы жайлы айта келіп,




Біз қабылдағалы отырған реформа сол халықтың мүддесі, пайдасы үшін жасалынып отырғандықтан, оның материалдық мұқтаждығына шақталуы әрі сол қоғамның ұлттық мінез-құлқына сай келуі қажет. Бұл жағдайдан тыс жасалынған өзгерістің бәрі де зиянды әрі аномал (жат) құбылыс ретінде қауымды айықпас дертке шалдықтырып, тұралатып, мешеулетуі мүмкін екендігін'




де ескертеді. Ғалым Шоқан Уəлиханов Қазақстанды билеуді халықттың өзін-өзі басқару негіздерінде қайта құруды талап еткен еді. Өкінішке орай, Шоқанның бұл демократиялық көзқарастары кезінде ескерусіз калды.
62 Түркістан өлкесін басқару туралы ереже (1886 ж.).Әкімшілік құрылым. Дала облыстарын басқару туралы ереже (1891 ж.). Көшпелі және отырықшы халықты жерге орналастырудағы өзгерістер.

1886 жылы 2 маусымда "Түркістан өлкесін басқару туралы Ереже" қабылданды.


Сырдария, Ферғана, Самарқан облыстары кірді. Сырдария облысы Әмудария бөлімі мен 5 уезд құрамын кірді.
"Түркістан өлкесін басқару әскери министрліктің қарамағында болады" делінген. Әкімшілік құрылысы бас басқарма мен жергілікті басқармалардан тұрды. Түркістан өлкесінің бас басқармасы генерал-губернаторға сеніп тапсырылды.
Бас басқарма мемлекеттік құрылыс жұмыстары, сауданы ұйымдастыру, несие операцияларын бекіту, саяси жағынан күмән туғызатын түземдіктерді жер аудару сияқты міндеттерді атқарды. 1886—1891 жылғы реформаларда жергілікті басқаруға ерекше мән берілді. Олар отырықшы түземдіктерді басқару және көшпелі қазақтарды басқару деп аталды
Жергілікті басқару мынандай бөліктерден тұрды: - облыстық, - уездік, - болыстық, - ауылдық. Мұндай бөлшектеу патша үкіметінің қазақ еңбекшілерін отарлық құлдықта ұстауын жеңілдетті. Барлық басқару аппаратын әскери-полицейлік функциямен қамтамасыз өте отырып, жоғары отаршыл әкімшіліктің қатаң қадағалауында болды.
Осылайша жаңа отарлау реформасының құрылысын жасауда әр түрлі облыстарға, уездерге бөлшектеу арқылы қазақ халқының саяси жағынан бірігуін болдырмау, әскери және азаматтық бүкіл биліктің бір әскери ведомствоның қолында болуы көзделді.
63 Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері, аумақтары. Бөкей ханның билігі. Жәңгір хан билігінің сипаттамасы: жерге иелік ету мен жер пайдаланудың жаңа нысандары. Жәңгір ханның ағартушылық саясаты


Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) — Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық аралығында 1801 ж. құрылған. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең сөңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым.Хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды.Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста — Орал облысы, оңтүстікте Каспий теңізі батыс жағында — Астарахан губерниясының Царёв, Енотаев және Краснояр уездері. Жер көлемі — 92 144 5 km2 19 ғ. аяғында Астархан меже бөлімі бойынша — 77 624 km2. Орда өңірініңдегі дала көпшілігі құмды мен сазды жерден тұрады. 
Орданың солтүстігінде бірде жалғыз, бірде топтасқан обалар бар, соңғысында әдетте ортасында біреуі ірілеу болады. Ең ірілердің шеңбер диаметрі 30 m шамасына жетеді. Бұл обалар мола екенін қазба жұмыстар дәлелдеді, соның ішінде адам мәйітінен басқа дүние-мүлік табылған, ал кейбіреулерінде зертасты кірпіш қалауы бар.
Бос жатқан [1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп-қоныстануға рұқсат сұраған өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып, 1801 ж. наурызыдың 11 былай деген рескриптісін (жарлық) шығарады:
Қырғыз-Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұралы хан ұлын өзіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне рұқсат етемін және менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен мойынға тағатын өз суретім бар алтын медаль тағайындаймын.
Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтін ауылымен Жайықтың ішкі бетіне көшіп-қоныстанады. Тарихта Ішкі Қазақ немесе Бөкей ордасы аталған өлкенің іргесі осылай қаланады.
Бөкей хандығы Ресей үшін мал, ет, жүнмен жабдықтаушы болды. Хандықта ақша-тауар қатынасының дамуы қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының өзгеруіне, рулық-қауымдық шаруашылықтың қалдықтарын жоюға ықпал етті.
Бөкей хандығы құрылуының алғашқы жылдарынан бастап шұрайлы тәуір жайылымды жерлерде хан өз туыстары мен хан сарайындағы ақсүйектерге бөліп берді. Өйткені Бөкейдің — Ішкі орданың хандары тақты ұзақ ұстап отыра алмайтындарын түсінді.
Жәңгір өз қоластындағы халқының денсаулығына да үлкен көңіл бөліп отырған. 1825 ж. С. Жәнібеков деген қазақты шешекке қарсы екпе жұмысын жүргізуді үйрену үшін оқуға жібереді. 1826 ж. бастап Ордада шешек ауруына қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі. 1832 ж. Жәңгір ханның шақыртуымен Хан ставкасына дәрігер А.А. Сергачев келеді. Кейін 1839 ж. тұңғыш дәріхана ашылады. Осы кезеңдерде Ордада В.Ф. Евланов, Пупорев, т. б. дәрігерлер қызмет атқарады. 1852 ж. Ордада 16 кереуеттік қоғамдық аурухана ашылады. Бүл аурухана күні бүгінге дейін сақталып, халыққа қалтқысыз қызмет етіп келе жатыр.
1832 ж. хан Жәңгір халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, сауда-саттық саласын дамытып, жолға қою мақсатында жәрмеңке ұйымдастырады. Жәрмеңке көктем және күз айларында өткізіліп, оған Ресейдің Сарытау, Мәскеу, Нижний Новгород, т.б. губернияларынан саудагерлер келген. 1846 ж. көктемгі жәрмеңкеге 3883 адам қатысса, 1851 ж. тауар айналымы 1,5 миллион күміс ақша құраған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет