1.«Қазақстан тарихы» курсының пәні, мақсаты мен міндеттері


Қазақстан Республикасының жастар саясаты



бет156/156
Дата02.10.2023
өлшемі0,86 Mb.
#112520
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   156
Байланысты:
1.« аза стан тарихы» курсыны п ні, ма саты мен міндеттері

90. Қазақстан Республикасының жастар саясаты
Мемлекеттік жастар саясатының қажеттігі жас өркеннің өмірге қадам басып, қоғамда өз құқығын иелеумен, оның алдында жауапкершілік арқалау сәтінде бетпе-бет келетін өмір мәресінің қиындықтарымен айқындалады.
Жастар саясатын қалыптастыра отырып, мемлекет жастардың келешекте маңызды салмаққа ие болар халықтың бірден-бір белсенді тобы екендігін ескереді. Мұның өзі жастардың мемлекет құрылысындағы рөлі мен орнын жете бағаламауға жол бермеуді көздейді.
Мемлекеттік жастар саясатының дәстүрлі әлеуметтік саясаттан айырмасы ол тек өтелу тетіктерін әзірлеуге ғана сайымайды. Ол жастардың еңбек пен шығармашылық қуатын айқындайтын белсенді де жаңаша, өндірушілік аспектілерден тұрады. Бұл мемлекеттік жастар саясатын қоғамның стратегиялық ресурстарын дамытудағы бірден-бір маңызды бағыт ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Қоғамдық өзгерістердің күрделілігі жас азаматтардың әлеуметтік жағынан жан-жақты қалыптасуына, жас қауым тіршілігінің барлық қалтарысына әсерін тигізді. Дәстүрлі жастар мәселелерін шешудің мазмұны мен тәрбие тәсілдері жаңа тарихи жағдайларда мүлде өзге қырынан қарастырылуға тиіс болғандықтан түбегейлі өзгерді.
Қазақстандық жас буын бойында отаншылдық, іскерлік, жауапкершілік қасиеттер қалыптастырмай, жастардың ізгілікті, рухани өркендеуіне, сондай-ақ, өткен буынның әлеуметтік-мәдени тәжірибесін, әлем өркениеті жетістіктерін игеруіне жол ашпай әлеуметтік ұстанымдағы экономикасы бар демократиялық қоғам құру мүмкін емес. Мұндай мақсаттарды жүзеге асыру жастарға, жалпы қоғамға қатысты саясатты қалыптастыру мен жүзеге асыру ісіне жастардың өздерін белсенді түрде тартуды көздейді. Мемлекет жастарға, олардың материалдық деңгейі мен әлеуметтік жағдайына қарамастан, өмір жолын таңдау мен жеке жетістіктерге жету үшін мейлінше мол мүмкіндіктер ашуға тиіс. Сонда ғана жастар саясатының өзекті міндеті - жастардың тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз етуі іске асатын болады.
Осы Тұжырымдама мемлекеттік жастар саясатының басты мақсаттарын, қағидалары мен басымдықтарын анықтауды мұрат етеді. Тұжырымдаманың ережелеріне сәйкес мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыратын нормативтік-құқықтық тетіктер нақтыланып, оны ұйымдастырушылық, әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етудің негізі қалануы тиіс.
Осы Тұжырымдаманың негізгі шарттарын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджетте мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бөлінген қаражат шеңберінде жүргізілуі қажет. Тұжырымдаманың жекелеген ережелерін жүзеге асыруда мемлекеттік емес, соның ішінде, шетелдік қаржы көздерін пайдалану да қарастырылуы мүмкін.
Осы Тұжырымдаманы іске асырудағы басты талаптардың бірі мемлекеттік жастар саясатының ұйымдастырушылық және экономикалық тетіктерін құқықтық жағынан қамтамасыз ету, бірінші кезекте - жас азаматтардың, жастар мен балалардың қоғамдық бірлестіктерінің қатысуымен өтетін түрлі қарым-қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына өзгертулер мен толықтырулар енгізу болып табылады.
Тұжырымдама құрылымы шетелдік және отандық озық тәжірибелерді талдау мен жинақтау негізінде жасалды.
II. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты мен
басымдықтары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының негізгі мақсаты - жастардың азаматтық, әлеуметтік дербес тұлғалық қалыптасуын жүзеге асыру үшін қажет құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық жағдайларды жасау мен нығайту.
Алға қойған мақсаттарды жүзеге асыру жастар саясатының мына бағыттарына басылымдық беруді көздейді:
1. Жастар бойынша патриотизмді қалыптастыру, жастардың ізгілікті әрі рухани дамуы.
2. еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласындағы жастардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету.
3. Жастардың әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін дербес жүзеге асыруына жағдай жасау.
4. Жастардың денесін шынықтырып, интеллектуалдық дамуына жағдай жасау.
5. Жастардың қоғамдық игі бастамаларын қолдау мен ынталандыру.
6. Қазақстандық жастарды халықаралық мәдени, экономикалық, ғылыми және білім беру процестеріне тарту.
III. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі
принциптері
Мемлекеттік билік органдары тарапынан жастар саясатын қалыптастыру мен іске асыру мәселесінде біртұтас көзқарас қалыптастыру төмендегі басты қағидалар үддесіне орай іске асырылуы қажет:
- жастар мәселесіндегі демократиялық, жас азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
- өркендеу мен жаңашылдық;
- тұрақты негіздегі мақсатты, нақты әрі тиімді іс-қимыл;
- жалпыға ортақтық - барлық жастарды жынысына, ұлтына, әлеуметтік жағдайына және діни ұстанымына қарамастан жаппай қамту;
- жас шамасы мен әлеуметтік әртектілік проблемалары ескерілетін сараланған көзқарас;
- жастардың әлеуметтік жағынан неғұрлым аз қорғалған бөлігін, соның ішінде, мүгедек балаларды, денсаулығы дімкәс балаларды, жетім балаларды, көп балалы, жағдайы нашар отбасыларындағы балаларды тікелей қорғау және қолдау.
Жастар саясатын қалыптастырудағы осы басты қағидалар заңнамалық және атқарушы биліктің орталық және жергілікті органдары тарапынан ескеріліп, олардың қызметтерін бағалаудың бір өлшеміне айналуы тиіс.
Осы принциптерді сақтау мемлекеттік жастар саясатында жүйелілікті қалыптастырып, біртұтас әрі нақты мағына береді және қажетті тарихи сабақтастықты қамтамасыз етеді, оның негізгі бағыттарын іске асыруда бірыңғай әдістемелік пен ұстаным жасауға мүмкіндік туғызады.
IV. Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары
Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырудың кезеңдік сипаттағы іс-қимылдары мынадай негізгі бағыттарды қарастырады:
1. Жастардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қамтамасыз ету.
2. Білім, еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кепілдіктермен қамтамасыз ету.
3. Жастардың кәсіптік, рухани және дене тәрбиесінің дамуына жағдай жасау.
4. Жас таланттарды қолдау мен шыңдау.
5. Жастарға әлеуметтік көмек көрсету мен қазіргі жағдайға бейімделу жүйесін қалыптастыру.
6. Балалар мен жастар бірлестіктерін дамытуға жәрдемдесу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   156




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет