1.Қазақстанда көп этникалық қоғамның қалыптасуы



Дата03.11.2023
өлшемі17,8 Kb.
#122009
Байланысты:
Microsoft Word 문서 (4)


1.Қазақстанда көп этникалық қоғамның қалыптасуы.
Ұлы Отан соғысы жылдары елдерді еріксіз көшіру науқанынан Қазақстан көп этносты мемлекет болып, бүгінгі күні оны мекендейтін ұлттардың өз Отанына айналды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде гитлерлік әскер мен режимге жәрдемдесті деген сылтаумен Еділ бойындағы немістер, Солтүстік Кавказ, Қырым жағалауын мекендеуші біраз халықтар қудаланып, туған жерінен тыс, Қазақстан жеріне орналастырылды.Ең алдымен кәрістер-98 000 адам,поляктар-102 000,немістер мен финдер-15 000,Ростов немістері-21400 және шешен, ингуш, түрік, балғар, Қырым татарлары және басқа халықтар мен этникалық топтар өкілдері соғыс кезінде еріксіз көшірілсе, соғыстан кейінгі ақпан-наурыз пленумы бойынша да келген халықтар тұрақтап, еліміз көп ұлтты мемлекетке айналды.
2.Қазақ көшпелі қоғамының әлеуметтік ұйымдастыру тәртібінің өзгеруі: жаңа таптар (шенеуніктер, дворяндар, құрметті азаматтар)
Қазақ көшпелі қоғамында таптық бөлініс болмады,бірақ әлеуметтік біркелкілік болмады деп айтсақ болады. Қазақ қоғамы қатаң түрде иреархияланды және шығу тегі мен құқықтық мәртебесі бойынша ерекшеленетін бірқатар таптарға бөлінді. Үш негізгі топтар ажыратылды – ақ сүйектер, қара сүйектер және құлдар. Қазақ даласындағы ең жоғарғы мәртебеге ақ сүйек өкілдері, төрелер мен қожалар ие болды. Төрелер — Шыңғысханның ұрпақтары, туылған сәттен бастап құқық бойынша сұлтан атағын және хан тағына отыру құқығын алды. Қожалар Ислам дінін алғашқы таратушылар деп саналды және қазақтар арасында өте зор беделді пайдаланды, бірақ олардың құқықтары төрелерге қарағанда тар болды.
Ақ сүйектер тобы артықшылықтары бар жабық топ болатын, олардың арасында эндогамия, яғни топ ішінде некеге отыру басымдылығы, кең тарады.
3. Діни конфессиялардың Қазақ даласындағы миссионерлік қызметі.
Мемлекет дін мен діни бірлестіктерден бөлінген.
- Діни бірлестіктер және Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар дінге көзқарасына қарамастан заң алдында тең.
-. Ешбiр дiн мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейді.
-Діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында бiлiм беру мен тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлiнген және зайырлы сипатта болады.
-. Заңды діни қызметке кедергі келтіруге, жеке тұлғалардың дінге көзқарасы себептері бойынша азаматтық құқықтарының бұзылуына немесе олардың діни сезімдерін қорлауға, қандай да бір дiндi ұстанушылар қастерлейтін заттарды, құрылыстар мен орындарды бүлдіруге жол берілмейді.
-Әркімнің ар-ождан бостандығына құқығы бар.
Әркім Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес діни немесе өзге де нанымдарды ұстануға, оларды таратуға, діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға және миссионерлік қызметпен айналысуға құқылы.
4. Қазақ халқының отаршылдыққа қарсы халық-азаттық күресі.
(ХІХ ғ. – 1916 ж.): Отандық және әлемдік тарихи әдебиеттегі тарихи оқиғаларға объективті баға беру.
20 ғасырдың басында Қазақстан шикізат өндіретін әрі сауда рыногы болып танылған отарлы өлке санатында жалпыресейлік шаруашылық кешенінің құрамды бөлігіне айналды. Ресей империясының отарлау саясаты қарқынды жүргізілді.Ал қазақтар бұған төтеп бере алмай,1916 жылғы жарлық шыққан кезде қазақ жерінде патша өкіметіне қарсы көтеріліс ошақтары пайда болды. Қазақстанның ірі аймақтарының бірінде Түркістанда көтеріліске шыққан халыш саны көп болды. 1916 жылғы қозғалыс бүкіл Қазақстанды, Орта Азияны, Сібір мен Кавказдың бір бөлігін қамтыды.Бірақ елдегі либерал демократиялық бағытты ұстанушылар “Тыңдаңыздар,қан төкпеңіздер,қарсыласпаңыздар”деп барынша ымыраласуға шақырды.Қозғалыстың басты күші ашуға мінген қарапайым халық болды. Жалпыұлттық бірігу және ұлттық тәуелсіздік идеясы қазақ шаруалары мен жұмысшыларын қалыптасып келе жатқан ұлттық буржуазия мен даланың ақсүйектерін, ұлт зиялыларын орыс және шетел капиталына қарсы біріктірді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет