1.Қазақстанның қазіргі заман тарихын кезеңдеу


Қазақстан Республикасындағы конфессия аралық қатынастар



бет61/72
Дата25.03.2022
өлшемі344,91 Kb.
#28746
түріҚұрамы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   72
65 Қазақстан Республикасындағы конфессия аралық қатынастар. Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет.

Дін мен қоғам бір-бірінен ажырамайтын құбылыс. Қазақстан мемлекетіндегі этносаралық, дінаралық татулық, әрине көптеген елдерге үлгі. Елімізде дінаралық қақтығыстар болмағаны жұртшылыққа аян. Қазақстан Республикасының Ата Заңында жазылғандай, еліміз – зайырлы мемлекет. Тәуелсіздіктен кейінгі жылдары мемлекет органдары діни ұйымдардың жұмыстарына тікелей араласпады. Қазақстан Бiрiккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекет ретiнде 1995 жылғы 16 қарашадағы ЮНЕСКО Бас конференциясы қарарымен бекiтiлген Төзiмдiлiк қағидаттары декларациясын қолдайтындықтан, дiни төзiмдiлiк пен бейбiтшiлiк қағидалары еліміздің саясатында басты орын алады.

Қазақстан мұсылмандарының діни істерін ұйымдастырып, діни бірлестіктер, мешіттер мен шетелдердегі мұсылман ұйымдарымен халықаралық қатынастарды реттейтін дербес мекеме «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» 1990 жылы құрылды. 2000 жылғы маусым айындағы құрылтайда ҚМДБ төрағалығына білікті ғалым, профессор Әбсаттар Дербісәлі тағайындалды.

Тәуелсіздік алған жылдардан бергі кезеңде дінді әр түрлі бағытта түсіндірулер көбейіп, соның салдарынан азаматтардың түрлі діни ағымдар ықпалына түскендігі де шындық. Азаматтық қоғамда діни – плюралистік көзқарастардың болуы табиғи нәрсе. Алайда, діннің негізгі қағидалары бұрмаланбауы тиіс. Дін туралы сауатты ақпаратты жақсы игерген тұлға ғана діни адасудан аулақ болады. Елімізде дінді түрлі мақсатпен түсіндіруге діни басқарма тосқауыл қойып, құқықтық органдар олардың заңсыз іс-әрекеттеріне заң жүзінде сараптама жасап отырады. Елімізде діндер мен діни ағымдарға қатысты мәселелер жеткілікті. Ұлттық қауіпсіздігімізге қауіп төндіретін құбылыстардың саяси-әлеуметтік тенденцяларға айналып кету қаупі де жоқ емес. 2001 жылдың 30 қаңтарында қабылданған «Әкімшілік заң бұзушылықтар жөніндегі кодексі» ҚР соттарына белгілі бір тәртіп бойынша тіркелмеген діни бірлестіктердің жұмысын тоқтатуға немесе айыппұл салуға құқық берген.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет