1993 жылдың соңында Қазақстанда 4 саяси партия тіркелді. Олар – Социалистік партия, Қазақстанның Республикалық партиясы, Қазақстанның Халық конгресі және Коммунистік партия.
1991 ж 7 қыркүйекте Қазақстан социалистік партиясы құрылды. Құрамында 47 мың мүшесі болды. Төрағасы-Әлімжанов. 1991 ж 5 қазанда Халықтық Конгресс партиясы құрылды. Төрағалары - Сүлейменов, Шаханов. Мақсаты - ел өмірінде саяси аяны кеңейту. 1991 ж қыркүйекте Қзақстанның азаматтық қозғалысы Қазақстан Республикалық партиясы құрылды.
1994 жылы желтоқсанда Қазақстанның Халықтық-кооперативтік партиясы, 1995 жылы қаңтарда Қазақстанның Өрлеу партиясы, 1995 жылдың басында Қазақстанның Аграрлық партиясы, 1995 жылы жазда Қазақстанның Демократиялық партиясы құрылды. 1999 жылғы қаңтарда «Отан» партиясы құрылды. Бұл партия Н.Ә. Назарбаевтың президенттікке кандидатурасын қолдау үшін қоғамдық штаб негізінде құрылды. Қазақстандағы саяси жүйені жетілдіріп, партияларды ірілендіру үшін «Отан» өзімен мақсат-мүддесі бір «Асар», «Азаматтық» және «Аграрлық» партиялармен бірігу нәтижесінде қайта құрылды. Сипаты - халықтық-демократиялық болды, мақсаты – халықты өзін-өзі басқаруға қатыстыра отырып, қоғам мен мемлекет арасында үйлесімді қатынасқа қол жеткізу. ҚР парламентінің 1998 жылы 7 қазанда Қазақстан Республикасы конституциясына партиялық тізім бойынша сайлауды елдің сайлау жүйесіне енгізуі партиялық құрылыс процестерін тездетті.
Жалпы 1999 жылы республикада барлығы 14 саяси партия мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыс, бірлестік құрылды. 2000 жылы республикадағы ресми тіркелген партиялар саны 15-ке жетті.
(2002 жылы шілде айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» заңы және 2009 жылы 6 ақпандағы осы заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар елдің партиялық жүйесін одан әрі құрылымдық жағынан сапалы түрде өзгертті).
2006 жылы желтоқсан айында «Отан» партиясының 10-съезінде партияның аты «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы болып өзгертілді. 2007 жылы тамызда өткен парламент сайлауында партия айқын басымдылықпен жеңіске жетіп, билік партиясы аталды.
Партияның мақсаты – қоғамдық институттар мен мемлекеттік органдар күшін біріктіріп, әлемдік экономикалық дағдарыстың кері әсерін болдырмау және дағдарыстан кейін Қазақстанның дамуына қолайлы жағдай жасау. 2013 жылы қазан айында «Нұр Отан» партиясының ХV съезі болып өтті. Онда «Нұр Отан» партиясының саяси доктринасы «Нұрлы болашақ жолында» қабылданды.Партия қоғамды одан әрі демократияландыруға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыруға; азаматтардың өмір сүру деңгейін көтеруге; әлеуметтік әділеттік орнатуға және елімізде тұрақтылықты сақтауға; ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға; Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтардың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеуге белсенді ықпал етуді басты мақсаттары етіп жариялады.Мәжілісте «Нұр Отан» көпшілік орынды иеленді.
(2011 жылы республикада Қазақстан азаматтарының әртүрлі көзқарастарының кең шоғырын көрсететін 10 саяси партия тіркелді: Қазақстанның Демократиялық партиясы – «Азат», Қазақстанның Демократиялық партиясы – «Ақ жол», Қазақстанның Социал-демократиялық партиясы – «Ауыл», «Әділет» Демократиялық партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы, «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия, Қазақстан патриоттар партиясы, «Руханият» партиясы.)
Жалпы алғанда, Қазақстандағы партиялық жүйе қоғам мен мемлекет байланысының тиімді механизмі болып саналады және қоғамды демократияландыру мен ішкі саяси тұрақтылықты нығайту процестерінде маңызды рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |