Ғылымды одан әрі дамытудың негізгі міндеттері:
· Ғылымды дамытудын 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын одан әрі іске асыру;
· оның бәсекеге кабілеттілігі үшін әлемдік ғылыммен жеделдетілген түрде ыкпалдасу;
· халықаралық стандарттарды енгізу және оның менеджменті;
· ғылыми жобаларды жоспарлау мен оның мониторингінің қазіргі заманғы халықаралық түрғыда танылған жүйесін енгізу, ол әлемдік ғылымда жалпы жұрт таныған критерийлер негізінде ғылыми жұмыстың сапасын бақылауға мүмкіндік береді;
· инфрақұрылымды жетілдіру (тәжірибелік-конструкторлық институттарды, зертханалар мен бюроларды қалпына келтіру, жаңаларын құру);
· ғылымды қаржыландыруды молайту жөне оны дамыған елдердің ғылымды қаржыландыруы деңгейіне дейін жеткізу;
· мұның өзі ғылым саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру үшін, ғалымның жалакыға ғана емес, сонымен бірге медициналык қызметтер көрсетілуіне, түрғын үйге, зейнетакыға кепілдік беретін әлеуметтік мәртебесін түбегейлі түрде арттыру үшін мүмкіндік жасайды;
· ғылым саласындағы мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту және жеңілдіктер жүйесін жасау (пұрсаттылықтар, салық тыныстамалары т.б.) арқылы жеке меншік секторды ынталандыру;
Достарыңызбен бөлісу: |