3.Жануарлардың температура факторларына бейімделуін салыстырып, кесте толтырыңыз
. Мезофильдер - сыртқы, ортаның темперетурасы бір қалыпты болғанда, (+30°-+40°С) өніп өсіп көбейетін микроағзалар.
Мекен ортасы;Мезофильді микроорганизмдердің мекендейтін орталарының ішінде ірімшік пен йогуртты ерекше ажыратуға болады; сонымен қатар мұндай организмдер сыра мен шарап жасау процестеріне жиі қатысады.
Түрлері: көптеген құстар мен сүтқоректілердің көпшілігі.
2.Психрофилдер – суықты сүйетіндер, Үйлесімді температура – 10-20°С, max – 35, min - 0°С. Олардың денесі ауа мен судың айтарлықтай төмен температурасында жұмыс істей алады, бірақ жоғары температураға шыдай алмайды. Бұл жануарлар тіндік сұйықтықтары өте суыған кезде де белсенді болып қалады. Дене жасушаларының температурасын -10 ° C дейін төмендету жануарлардың жағдайына әсер етпейді.
Мекен ортасы: солтүстіктің тұрғындары поляр түлкі, қоян, тундра кекілік сияқты ауа мен дене температурасының айырмашылығы 70 ° C-тан асатын ең қатты аязда да белсенді.
Түрлері: құрттар, моллюскалар, буынаяқтылар, кейбір балықтар және сүтқоректілер
3.Термофилдер- Үйлесімді температура –50-60°С, max – 75, min - 40°С. Көпшілігінде споралық түр дамыған.
Мекен ортасы: термалді қайнарларды, шөлді далалардың құмдарын, компостық үймелерді, өздігінен жанатын қиларды, т.б. мекендеушілер
Түрлері: Оларға өрмекшілер, маржандардың кейбір түрлері, жәндіктер, балықтар, бауырымен жорғалаушылар және сүтқоректілер жатады.
32-билет
1.Популяциялар гомеостазына талдау жасаңыз
Популяцияның белгілі санын сақтауыгомеостаз деп аталады. Бұл анықтаманы жиырмасыншы ғасырдың басында ғылымға ендірген ғалым-физиолог, американдық У.Кеннон (1920 жж.). Популяцияның гомеостаз механизмі түрдің экологиялық ерекшелігіне, қозғалғыштығына, жауына қарсы тұруына байланысты. Кейбір түрлерде қатаң формада артық особьтардың өлуімен, кейбіреулерде жай формада особьтардың өсім бермеуімен өтеді.
Қатаң формада особьтардың тіршілігін сақтауы қоректік, территориялық және жыртқыштық, бәсекелестік әсерінен жүреді. Басқа жерге ауыстыру аталық пен аналыққа әр түрлі әсер етеді. Мысалы, насекомда 70 пайыз аталық өледі екен. Сонымен бірге бұлардың мінез-құлқы да әсер етеді, мысалы, жұмыртқаларын басқа ұяға салу, басқа особьтардың қорегі көп жануарларға жақын орналасуы (паразит организмдер), т.б.
Тығыздықтың популяциялар арасында артуы тууды азайтып, стресс туғызып, өлімді көбейтеді. Оны 1936 жылы Г.Селье анықтаған. Теріс әсер етуші факторлар организмге екі түрлі реакция типін туғызады: 1. Мұнда тірі организмдерге тән ерекше реакция береді. Табиғатқа, ортаға бағыныштылықты болып, организмнің қорғануы, қорғанып жылы киіну.Ортаның өзгерісіне организмнің күшпен, зорлықпен әрең қалыптасып, морфологиялық және физиологиялық бейімде- луге ұшырайды. Бұл организм бойында жүретін күштеу реакциясын немесе стресс береді, ол жүйке жүйесіндегі гормо- нальды өзгерістердің жүруінен байқалады, инстинкті төмен- детеді, дамуды тежейді. Ең соңында бұл популяциялық өсуін төмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |