Технологиялық процесс – бұл адамның қандай да бір еңбек құралын қолдана отырып, еңбек затына әсер етуі нәтижесінде орын алатын еңбек затының сапалық (физикалық-химиялық және механикалық) өзгерісі. Еңбек затының өзгерісі адамдардың тікелей қатысуынсыз, табиғат күштерінің әсерінен де, яғни табиғи процестер нәтижесінде де орын алуы мүмкін.
Әрбір өндірістік процесте негізгі процесс маңызды орын алады. Негізгі процесс -бұл еңбек затының кәсіпорынның мамандануына сәйкес дайын өнімге айналуы. Негізгі өндірістің мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін жүзеге асатын процестер көмекші процестер деп аталады.
Өндірістік процесті ұйымдастыру мақсаттары үшін жұмысшының оны жүзеге асыруға қатысу сипатын, өндірістік процестің сипаты мен мазмұнын, оған материалдық элементтердің қатысуын, өндірістік процестің қайталану кезеңі мен ұзақтығын, өндірісті ұйымдастыру әдістерін білу өте маңызды болып табылады. Бұл жерде, өндірісті ұйымдастыру дегенде еңбек процестерін және өндірістің материалдық элементтерін уақыт ағымы мен кеңістікте ұтымды үйлестіру әдістерінің жиынтығын түсінеміз.
Қол процестері – бұл жұмысшының механизмдердің (жабдықтардың) қатысуынсыз орындайтын жұмысы; мысалы, кілттердің көмегімен құбырларды немесе шлангыларды бұрау, тесіктерді қолмен тесу және басқалар.
Достарыңызбен бөлісу: |