табысты ілгерілеуі үшін басты кедергіге айналды. Бірнеше жылға созылған
революция мен Азамат соғысы кезінде капиталистік қатынастардың енуі
кезеңінде пайда болған тау-кен орындары мен кәсіпорындар қаңырап, иесіз
қалған еді. Тек жаңа экономикалық саясат кезінде олардың кейбіреулері
қайтадан іске қосылды. Соның барысында Орал — Ембі аймағындағы
бірнеше мұнай кәсіпшіліктері, Орталық Қазақстандағы көмір, Алтайдағы
түсті металл өндіру кәсіпорындары қайта жанданды. Дегенмен, Қазақстан
экономикасында әлі де болса ауыл шаруашылығы негізгі сала болды. Оның
үлесіне жалпы шаруашылықтық өнімнің 85 пайызы тиетін және халықтың 90
пайызы ауылды жерлерде өмір сүретін еді. Осындай жағдайда бұрынғы ұлт
аймақтары делінгендерді, оның ішінде Қазақстан да бар, Ресей төңірегіне —
метрополияға топтастыру саясаты жалғаса берді.Қазақстанды
индустрияландыру мәселесі бойынша пікір-таластар көп болды. Қазақстанды
индустрияландыру мәселесі бойынша бірнеше бағыттағы көзқарастар
арасында қызу пікірталас жүрді. Солардың негізгі төрт бағытына тоқталып
өтейік:
Бірінші бағытты
жақтаушылар — Қазақстан экономикасының орталыққа
тәуелділігін, шикізат көзі ретінде дамуын жақтады.Бұл бағытты Голощекин
мен оның төңірегіндегілер ұстанды. Олар Сталин мен орталықтағы кейбір
үкімет мүшелерінен қолдау тапты. Сондықтан бұлар өктемдеу болды.
Екінші бағыт
бойынша — Қазақстанды тек шикізат базасы ретінде
пайдалану дұрыс емес екендігі, мұндағы индустрияландыруды жоғарғы
жақтағылардың талабы бойынша жүргізбей, жергілікті қажеттілікті ескере
отырып, өнеркәсіптер салу негізінде іске асыру керектігі баса айтылды.
Екінші бағытты жақтаушылар ой-тұжырымдарының тереңдігімен
ерекшеленді.
Достарыңызбен бөлісу: