жергілікті орындарды республикалық және жергілікті бюджеттің кемінде 35
пайызын мәдениет пен ағарту ісінің мұқтажына жұмсауға міндеттеді.
Мерзімді баспасөз бен кітап шығару ісі мықтап дамыды, барлығы 31 газет,
оның 13-і қазақ тілінде шығып тұрды. Жыл өткен сайын кітаптар көптеп
шығарыла бастады. 1925 жылы 96 кітап 443 мың дана болып таратылса, 1930
жылы тиісінше — 200-ге жуық және 3 млн. Ал 1932 жылы таралымы 6 млн.
дана 668 кітап шығарылды. Дегенмен кітап әлі де аз еді, солай бола тұра
баспасөз еңбекшілерді үйретті және оларды жаңа, жарқын да еркін өмір
құруға шақырып отырды.
Халыққа білім беру. Еңбекшілер бұқарасының мәдени дәрежесін көтеру
жөніндегі басты міндеттердің ішіндегі ең шұғылы — патша өкіметінің
халықтың сауатсыздығы сияқты масқара мұрасын жою болды. Күйзелушілік
пен ашаршылыкқа қарамастан сауатсыздықты жою жөніндегі жұмыс бірте-
бірте өріс алды. Қазақ АКСР ОАК 1921 жылғы 26 маусымда 16 жастан 50
жасқа дейінгі жеткілікті білімі бар барлық адамдарды сауатсыздықты жою
жөніңдегі жұмысқа жұмылдыру туралы қаулы қабылдады. Әдетге,
сауатсыздықты жою ісі бұқараны саяси жағынан ағартумен және олардың
арасында социализм идеяларын насихатгаумен байланыстырылды.
Сауатсыздықты жою мектептерінде партияның, мемлекеттің экономикалық
саясаты туралы, кеңестік жер заңы т.б. жайында әңгімелер өткізілді.
Достарыңызбен бөлісу: