1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


Еңбекшілер зор ынтамен оқуға кірісті



Pdf көрінісі
бет42/55
Дата23.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#120719
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   55
Байланысты:
Тарих рк №1

Еңбекшілер зор ынтамен оқуға кірісті
. Егер 1920-1921 оқу жылында 
сауатсыздықты жою жөніндегі 2412 пункт жұмыс істеп, оларда 27,3 мың 
адам оқыған болса, 1924-1925 оқу жылында тиісінше — 6677 пункт және 
1731 мың адам сауатын ашты. Ауылдағы сауатты қазақтардың ара салмағы 
1920 жылғы 2,9 пайыздан 1926 жылы 10 пайызға жуықтады. Алайда 
атқарылатын жұмыс әлі көп еді, өйткені 1,7 млн. қазақ сауатсыз күйінде 
қалып қойды. 
1930 жылғы 11 қаңтарда Қазақ АКСР ОАК сауатсыздықты міндетті түрде 
жою туралы декрет қабылдады, содан кейін сауатсыздықты жою 
пункттерінің желісі кеңейе түсті, әліппе мен оқу құралдарын шығаруға және 
тұрақты сауат ашу мектептерін ұстауға 2 млн. сомға жуық қаржы бөлінді. 
Елдегі экономикалық жағдайдың оңалуы халыққа білім беру ісінің өрлеуіне 
жағдай жасады. 1923 жылдан бастап мектептердің жүйесі ұлғайды, 
мұғалімдердің тұрмысы жақсара түсті. 1924-1925 оқу жылының басында 
1251 бірінші басқыш мектеп, оның 747-сі қазақ мектебі, 25 коммуна-мектеп 
(24-і қазақша) және 68 жеті жылдық және екінші басқыш мектеп болды. 
Жалпы алғанда халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңінің аяғында 
1922-1923 оқу жылымен салыстырғанда қазақ оқушыларының саны 2,4 есе 
көбейді, ал барлық оқушылар саны осы мерзімде 1,9 есе өскен еді. Бірақ 


оқулықтар жетіспеді, тек 1921-1922 жылдары ғана қазақ тілінде алғашқы үш 
оқулық шықты, оның таралымының бір бөлігі Қазанда. Бұдан кейін 
оқулықтарды басып шығару біршама жақсарды: 1925 жылы таралымы 320 
мың дана болып 10 оқулық пен оқу құралдары шығарылды, бұлар негізінен 
қазақ мектептеріне арналды, ал орыс тіліндегі оқулықтар Мәскеуден әкелінді. 
Одақтағы көптеген басқа мұсылман халықтары сияқты, қазақтардың жазба 
мәдениеті де орталықтың қысымшылығына душар болды, соның әмірімен 20-
жылдардың аяғында олар араб алфавитінен бас тартып, латын әрпіне көшті. 
Қазақ интеллигенциясының озық бөлігі алфавитті өзгертуге қарсылық 
білдірді. Араб графикасынан бас тарту ежелгі мәдениеттен, байланыстан 
айырылғандық, тарихқа, халықтың өткеніне берілген соққы болар еді, — деді 
А. Байтұрсынов. Бірақ оның даусы естілмей қалды. Бұл жерде де Сталиннің 
қол шоқпары Голощекиннің ықпалы аз болмады. 1928 жылғы желтоқсанда 
Қазақ АКСР ОАК-нің сессиясы жаңа алфавитке көшуді заңды түрде бекітті. 
Ұлттық жазбаны ауыстыру былайша дәлелденді: «Қасиетті» құран осы араб 
тілінде жазылған, ал оның одан әрі сақталуы революциялық пиғылдағы 
бұқараның зығырданын қайнатады-мыс. Араб алфавитін сақтауды 
жақтаушыларға «ұлтшыл» таңбасы тағылып, қатаң жазаланды. Солардың 
алғашқыларының бірі болған А. Байтұрсынов Ақтеңіз-Балтық каналын салып 
жүріп, өмір жолын 1931 жылы азаппен аяқтады. 
20-жылдардың екінші жартысында діндерге, әсіресе ислам дініне шабуыл 
күшейді, медреселер мен мешіттер қиратылды, жаппай жабылды. Мындаған 
молдалар тұтқындалып, дін адамдарының «қаймақтары» атылды. Бұл кезең 
«исламмен ымыраға келмейтін күрес саясаты» деп аталды. 
1932 жылы жалпыға бірдей бастауыш білім беру енгізілді, қазақ тілінде 
оқулықтар жасалынды. Ұлттық педагог кадрларын даярлайтын 32 
педтехникум ұйымдастырылды — осының бәрі ауылдардағы балаларды 
неғұрлым оқуға көбірек тартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік берді: бұл 
жөніндегі көрсеткіш 1930 жылғы 22 пайыздан 63 пайызға жетті. Шығыс 
ұлттары қыз балаларының оқуға тартылуы едәуір өсті. 
Кеңестік интеллигенция. Жаңа дәуірге лайық ұлттық интеллигенция 
кадрларын даярлау өте өткір мәселе еді, өйткені Орталық Ресеймен 
салыстырғанда мұнда олардың саны анағұрлым аз болатын. Жаңа, ұлттық 
кеңестік интеллигенцияны қалыптастыру күн тәртібіне қойылды. Ең алдымен 
педагог кадрлар даярлау мәселесі алдыңғы қатарға шықты. 20-жылдардың 
ортасына таман кеңестік мұғалімдердің алғашқы топтары қалыптасқанымен 
олардың білім деңгейі төмен еді. Мәселен, 436 мұғалімнің 252-сінің ғана (5,8 
пайыз) жоғары білімі болды; 421 педагог (9,1 пайыз) мұғалімдер даярлайтын 
институттар мен семинарларды, 533 педагог (12,2 пайыз) гимназияның 


қосымша педагогикалық кластары мен епархиялық училищелерді, 754 
педагог тұрақты педагогикалық курстарды бітірді, ал 1942-сінің арнаулы 
білімі болмады. 
Жоғары білімі бар мамандар республикадан тыс жерлерде — Ташкентте, 
Мәскеуде, Қазанда, Омбьща және басқа ірі қалаларда даярланды. Қазақтың 
тұңғыш жоғары оқу орыны — қазіргі Абай атындағы Алматы падагогика 
университеті (бүрынғы КазПИ) Ташкенттен көшірілген қазақ халқының 
ағарту институты негізінде 1929 жылы Алматыда құрылды. Сол жылы 
осында малдәрігерлік-зоотехникалық, 1930 жылы ауыл шаруашылық 
институттары ашылды. 1931 жылы медицина институтының ашылуы 
республика өміріндегі үлкен оқиға болды. 1932 жылы Оралда Орынбордан 
көшірілген халық ағарту институты негізінде құрылған педагогикалық 
институт жұмыс істей бастады. 
Республиканың жоғары оқу орнын дамытуға Мәскеудің, Ленинградтың, 
Киевтің, елдің және басқа ірі ғылыми орталықтарының ғалымдары зор көмек 
көрсетті: 30-жылдардың басында аспирантураны соларда тәмәмдаған 75 
ғылыми-педагогикалық қызметкер Қазақстанға келді. 
Әдебиет және өнер. Жас қазақ әдебиеті ауылдағы өзгерістерді, ғасырлар 
бойы езілуден және қаналудан кейін кеудесін кере бостандық ауасын жүтқан 
еңбекшілердің жаңа сезімдері мен ой-арманын білдіріп отырды. Екінші 
жағынан, жаңа әдебиеттің өміршеңдігі мен қуаттылығының бір себебі — ол 
ғасырлар бойы мұқият сақталып, толықтырылып келген халықтық 
шығармашылықтан, бай фольклордан туып, өркендеп өсті. 
Қазақ әдебиеті революциадан бұрынғы жазба демократиялық әдебиеттің ұлы 
Абай негізін қалаған сыншыл реализм дәстүрлері сияқты жетістіктерін 
пайдаланбай қала алмады. Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Дөнентаев, 
Спандияр Көбеев және т.б. туындылары ұлттық жазба әдебиетті байытты; 
олардың шығармашылығы қазақ кеңес әдебиетінің қалыптасу кезеңдерінің 
бірі болды. Сұлтанмахмұт Торайғыров: «Мен, қазақпын» деп мақтанамын — 
деп жырлады. Ол саяси бағыты айқын: Кеңес өкіметі әділетті қоғам орнатады 
деп сенді. 
20-жылдардың басында-ақ, ұлттық жазушылардың көптеген кадрлары өсіп 
шықты. Қазақ әдебиетінің осы кездегі бастаушылары С. Сейфуллин, М. 
Жұмабаев, Б. Майлин т.б. қатарына жаңа үрпақ өкілдері Ғ. Мүсірепов, Ш. 
Иманбаева, А. Тоқмағанбетов, М. Дәулетбаев, Ғ. Малдыбаев, Ө.Тұрманжанов 
қосылды. Иса Байзақов, Н. Баймұратов, К. Баймағанбетов, Қ. Айнабеков 
және басқалар халықтың ауызекі поэтикалық шығармашылығының дәстүрлі 
формаларында жырлады. 


Шығармашылығын революцияға дейін бастаған демократ-жазушылар С 
Торайғыров, М. Сералин, Ш. Құдайбердиев, әдебиетте тек 20-жылдары ғана 
алғашқы қадамдарын жасаған I. Жансүгіров, М. Әуезов, С Мұқанов, сондай-
ақ халық ақындары Жамбыл, Байғанин, Нартай Бекежанов, Кенен Әзірбаев 
және басқалар жаңа өмірге үн қосты. 
Қазан революциясының жыршысы С Сейфуллиннің «Қазақ жастарының 
марсельезасы» өлкеге кең тарады. Ақындар өлеңнің ескі формаларын, 
дәстүрлі көркемдік тәсілдерін пайдалана отырып, жаңа өмір жолындағы 
күресті қазақ даласындағы зор өзгерістерді жырлады. 
Қазақ әдебиетінің тагы бір көрнекті қайраткері Мағжан Жұмабаевтың (1893-
1938) шығармашылық жолы қиын да ауыр болды. 1923-1927 жылдары 
Мәскеудің әдеби көркем институтында оқып жүрген ол әдебиеттің халық 
өмірімен тығыз байланысты болуын қолдады. Бұл ретте оған ағартушылық, 
еркіндік және демократиялық тұрғысынан қарады. Оның шығармаларында 
ұлт-азаттық күрес сарыны бар еді («Батыр Баян», «Ертегі», «Қойлыбайдың 
қобызы», «Жүсіпхан»). 
Ақындық шығармашылықтың ең жарқын үлгілеріне Жамбылдың «Замана 
ағымы» дастаны мен И. Байзақтың «Құралай сұлу» дастаны жатады. Олар 
халықтың өткен замандағы ауыр халін көрсетті және еңбекшілердің жаңа 
өміріндегі қуанышын жырлады. 
Қазақ әдебиеті, бір жағынан, халық поэзиясының қуатты ықпалын, екінші 
жағынан, орыс кеңес әдебиетінің жемісті әсерін қабылдап отырды. М. 
Горькийдің, А. Серафимовичтың, Д. Фурмановтың, Ф. Гладковтың, В. 
Маяковскийдің, Д. Бедныйдың және басқалардың шығармаларымен таныса 
отырып, олардан қазақ жазушылары бұқараның революциялық күресін, 
адамдар арасындағы жаңа қатынастарды шынайы бейнелеуді үйренді. 
Қазақ тілі мен әдебиетін танудың бастаушысы, ана тілін ғылыми зерттеудің 
негізін қалаған Ахмет Байтұрсынов қазақ мәдениетінің дамуына сүбелі үлес 
қосты. Дарынды ақын әрі көрнекті аудармашы орыс ақындары мен 
жазушыларының шығармаларын тәржімеледі, А. И. Крыловтың мысалдарын 
қазақ тіліне аударды. 
20-жылдардағы қазақ кеңес интеллигенциясының тамаша саңылақтарының 
қатарына Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) жатады. Ол — романшы, 
драматург, аудармашы. Оның көркем шығармалары эстетикалық бояуының 
байлығымен, шебер көркемдік баяндалуымен, тілінің айқындылығымен, 
стилінің әсемдігімен оқшауланады. «Қартқожа», «Ақ білек» романдарында, 
«Нүр күйі», «Мансапқор» пъесаларында еңбекші халық пен интеллигенция 
өкілдерінің 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына, Қазан революциясына 
және азамат соғысына қатысқандардың тұтас бір галлереялық образдарын 


жасады: сол жылдардағы қазақ ауылының реалистік көрінісін, қазақ 
даласындағы алғашқы революциялық қайта түлеудің мән-мағынасын ашып 
көрсетті. 
Театр. Музыка. Социалистік мәдени құрылыстың аса маңызды міндеттерінің 
бірі — халықтық көркемдік шығармашылықты барынша дамыту, халық 
таланттарының өсуіне жағдай жасау, кәсіби өнердің мазмүнын байытып, 
жетілдіру. Әуесқойлар театрларының сахнасыңда қойылған спектакльдер 
еңбекшілердің көкейкесті мүдделерін білдіріп, барша жүртқа үнады, өйткені 
олардың қаһармандары — тапқыр әрі байсалды шопандар, сараң байлар, 
жүрегі қалаған жігітпен қосылып, бақыты үшін күрескен қыздар еді. 
Көркемдік ұжымдарды ұйымдастыру мен олардың қызметіне Саяси-ағарту 
бас комитетінің (Главполитпросвет) театр бөлімшесі басшылық жасады. 20-
жылдардың басында Орьшборда, Алматыда, Ақмолада және басқа қалаларда 
өнерпаз театр топтары қүрылды. Олардың ішіндегі ең мықтысы -Семейде 
1922 жылы қүрылған драмалық труппа үйірмесі, оған медтехникумның 
оқытушылары мен студенттері енді. Кейін қазақ өнерінің белгілі 
қайраткерлері болған Ә. Қашаубаев, И. Байзақов, Ж. Елебеков және басқалар 
өнер жолдарын осы театр сахнасында бастады. Оның жұмысына М. Әуезов 
белсене қатынасты. 
1926 жылғы 13 қаңтарда қазақтың тұңғыш кәсіби театры салтанатты түрде 
ашылды. Әртістер М. Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пъесасьшан үзінді көрсетіп, 
концерт берді. Театрдың тәжірибесі жеткіліксіз болды, труппада актрисалар 
тым аз еді, декорация, реквизит, грим — осының бәрін табу көп қиындық 
тудырды. Репертуардың жұпындылығынан театрдың белгілі шығармашылық 
бағдары да болмады. Алғашқы кезде театрдың қызметінде концерттер басым 
болды. 
Қазақ драматургиясы дамыған сайын театрдың репертуары да молая түсті. 
Бастапқы күндерден ол жұрттың көңілін көтеріп қана қоймай, оларды 
тәрбиелеуте, жаңа өмірге баулуға тырысты. 
Халық музыкасының асыл қазыналарын жинауда және халық әншілерін, 
музыканттар мен композиторларды іздестіріп табуда орыстың тамаша 
музыка зерттеушісі әрі композитор Александр Викторович Затаевич аса зор 
рөл атқарды, ол қазақтың 2300 әні мен күйін жазып алды. 1925 жылы «Қазақ 
халқының 1000 әні», ал 1931 жылы «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» атты 
кітаптарын шығарды. Оның жинақтарының материалдары кейін ірі-ірі 
композиторлардың бірқатар шығармаларына негіз болды. А. Затаевичтің 
музыка саласындағы еңбегі жоғары бағаланды, 1923 жылы оған қазақ 


өнерінің тарихында тұңғыш рет республиканың Халық әртісі құрметті атағы 
берілді. 
Қазақ музыкасын республикадан тыс жерлерде насихаттаудағы алғашқы 
қадамдар 20-жылдары жасалынды. 1923-1924 жылдары тұңғыш рет Мәскеуде 
қазақ әншілері мен музыканттарының концерті болды. Көп ұзамай қазақ 
музыкасы шетелдік сахнаға шықты. 1925 жылы Парижде өткен этнография 
өнерінің Бүкіл дүниежүзілік көрмесінде Әміре Қашаубаев өзінің әсем де 
ерекше кең көмей дауысымен қазақтың тамаша әндерін орындап, 
тыңдаушылар мен төрешілерді таң қалдырды, оған екінші дәрежелі сыйлық 
берілді. 1927 жылы ол Майндағы Франкпуртта (Германия) өткен Бүкіл 
дүниежүзілік музыка көрмесінде өз өнерін көрсетіп, дәл осындай табысқа 
жетті. Германияның басқа да бірқатар қалаларына гастрольдық сапар 
жасады. 
20-жылдары ұлттық кәсіби музыканттар даярлауда алғашқы қадамдар 
жасалынды, музыкалық училищелер ашылды. Талантты жастар Мәскеу мен 
Ленинградтың консерваторияларында оқыды, орыс хормейстерлері И. В. 
Коцыктың, т.б. басшылығымен қазақтың тұңғыш ән ұжымдары құрылды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет