1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


Патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының



Pdf көрінісі
бет13/55
Дата23.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#120719
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55
Байланысты:
Тарих рк №1

Патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы қазақ халқының 
қарсылығы. 
Бірінші орыс революциясынан кейін қазақ халқы патша үкіметі жүргізіп 
отырған отаршылдық саясатқа қарсы күресті күшейте түсті. Алым-
салықтар төлеуден және міндетті борыштарды атқарудан ашықтан-ашық бас 
тартты. Отаршылдардың сенімді тірегі — әскер құрамаларына шабуыл жасау 
да жиілей түсті. Қазақтар мен келімсек орыс шаруалары арасындағы 
шиеленісті оқиғалар орын алды. Отаршыл өкімет билігінің органдары 
тарапынан ұлтаралық араздықты ұшықтыра түсу әрекеттері жиілеп кетті. 
Мәселен, 1914 жылғы 9 қазанда Жетісу облысының әскери губернаторы уезд 
бастықтарын жинап алып, оларға қоныс аударушы шаруалар қатарынан 
сенімді қарулы отрядтар құруды міндеттеді. Олар ел 
арасында шолғыншылық қызмет атқаруға тиісті болды. 
Жалпы жағдай шиеленісе қалған кезде олар өлкедегі мұсылман халқына 
қарсы соғысуға міндетті еді. Әскерилендірілген қарулы шаруалар қазақ 
ауылдарына шабуыл жасаумен айналысты. Олардың малдарын айдап әкетті. 
Ал ертерек келіп орналасып қалған шаруалардың көпшілігі ондай 
озбырлықты ашықтан-ашық айыптады. Өйткені өлкеде бұрыннан 
тұратын шаруалар жергілікті қазақтармен едәуір достасып, аралас-


құралас байланыс орнатып та үлгерген еді. Олар бір-бірінің тілдерін, әдет- 
ғұрыптарын және салт-саналарын жап-жақсы біліп қалған болатын. 
4. Қазақ жеріне ұйғырлар мен дүнгендердің көшірілуі. 
Қазақстан тарихындағы белгілі оқиғалардың бірі – ұйғырлар мен 
дүнгендердің Жетісу өлкесіне қоныс аударуы. Маньчжур-Цин әулетіне қарсы 
1862-1877 жылдары ұйғырлар мен дүнгендер азаттық күреске шықты. Бұл 
күреске қырғыз, өзбек, қазақ және торғауыттар да қатысты. Қоқан әскери 
басшысы Якуб бек жеңіске жетіп, Қашғар, Үрімші қалаларының дүнгендік 
одағы басшылық еткен ұйғыр мемлекеті (Жетішар) құрылды. Көтеріліс 
басылғаннан кейін Жоңғария мен Шығыс Түркістан Цин империясының 
жаңадан құрылған провинциясы – Шыңжан болды. Ұйғыр мен дүнгендерге 
қысым күшейтілді. Қоныс аударудың басты себебі осыған байланысты 
болды. 
1881-1884 жылдары ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісу өлкесіне қоныс 
аударуы ірі миграциялық құбылыс болды. Алғашқыда 45 мыңнан астам 
ұйғыр, 5 мыңдай дүнген Жетісу мен Солтүстік Қырғыз өңіріне қоныстанды. 
Қазіргі Алматы облысының жерінде алты ұйғыр болысы ұйымдастырылды. 
Ұйғырлар негізінен егін шаруашылығына қолайлы Шелек, Талғар, Үсек, 
Шарын өзендерінің бойында орналасты. 1897 жылғы санақ бойынша, 
ұйғырлар – 55999, дүнгендер – 14136 адамға көбейді. Қоныстанушы әрбір 
дүнгенге берілген жер көлемі 3 десятинадан аспады. Оларға қолмен 
суландырылатын жерлер бөліп берілді. Үстем топтар кедейлердің жерін 
арзан бағамен сатып алып, олардың жағдайын тіпті қиындатты. Верный 
уезінің Жаркент болысында ауқатты ұйғыр Вали Ахун Юлдашев кедей 
ұйғырлардың 10 мыңнан астам десятина жерін өзіне жалға пайдалануға алды. 
Ұйғыр халқының музыка өнері, әні мен биі жөнінде ғалым-саяхатшылар 
ШУәлиханов, В.И.Роборовский, Н.М.Пржевальский секілді Ресей 
мәдениетінің белгілі өкілдері терең ой-пікірлерін айтты. Дүниежүзілік 
мәдениет қорына жататын “Он екі мұқам” деп аталатын Мусса бен Айса 
Сайрамидің еңбегі 1905 жылы Қазан қаласында басылып шықты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет