1.Қазіргі заман тарихы курсының пәні, мақсаты мен міндеттері, дереккөздері, тарихнамасы және кезеңдері. «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»



Pdf көрінісі
бет24/55
Дата23.10.2023
өлшемі1,32 Mb.
#120719
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55
Байланысты:
Тарих рк №1

13. Әбу Насыр Әл-Фараби
(араб.: 
دمحم رصن وبأ
يبارافلا

Әбу Насыр Мұхаммад ибн 
Мұхаммад Тархан ибн Узлағ әл-Фараби ат-Турки
(870 - 950 ж. ш.) - әлемге 
әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, линг
вист, логика, музыка зерттеушісі. Отырар қаласында туған. 
Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұхара, 
кейін Харран, Мысыр, Халеб (Алеппо), Бағдат шаһарларында білім алған. 
Әбу Насыр Әл-Фараби — түркі ойшылдарының ең атақтысы, ең мәшһүрі, 
“Әлемнің 2-ұстазы”
[2]
 атанған ғұлама. Оның заманы “Жібек жолы” 
бойындағы қалалардың, оның ішінде Отырардың экономикасы мен 
мәдениетінің дамыған кезіне дәл келеді. Әбу Насыр Әл-Фараби Орта 
Азия, Парсы, Ирак, араб елдері қалаларына жиһанкездік сапарлар жасап, тез 
есейді. Ол жерлерде көптеген ғұламалармен, ойшыл-ақындармен, 
қайраткерлермен танысып, сұхбаттасты. Тарихи деректер бойынша 70-ке 
жуық тіл білген. Өздігінен көп оқып, көп ізденген 
ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл 
білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларын
ан 150-ге тарта трактат жазып қалдырды. Шығармаларында көне грек 
оқымыстыларының, әсіресе, Аристотельдің еңбектеріне талдау жасады 
(Аристотельдің “Метафизика”, “Категория”, “Бірінші және екінші 
аналитика” сияқты басты еңбектеріне түсіндірмелер жазған). Арабтың атақты 
ғалым-географы ибн-Хаукал өзінің “Китаб Масалик уә мамалик” атты 
еңбегінде және 13 ғасырлырда өмір сүрген ибн-Халликан өзінің “Уфиат әл-
аиан фи әл-Заман” атты еңбегінде Әбу Насыр Әл-Фарабидің арғы 
аталарының аттары (Тархан, Ұзлақ) таза түркі тілінде келтірілген. Болашақ 
ғалым алғашқы сауатын туған жерінде өз тілімен ашса да, 12 — 16 жас 
шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдатқа кетеді. Әбу Насыр Әл-
Фараби дүниеге келгенге дейін 126 жыл бұрын түркілердің үлкен мәдени 
орталығы болған Фараб қаласы бейбіт жолмен ислам дінін қабылдаған 
болатын. Ол кез санасы ашық әрбір мұсылманға ислам діні ғылымымен 
шұғылдануды парыз еткен. Осы кезден бастап Әбу Насыр Әл-
Фараби араб тілді ғалым болып есептеле бастады. 
Ғалым мұраларының бізге жетуін төрт кезеңге бөлуге болады: 1. Орта 
ғасырдағы араб, парсы және басқа тілдерде жазған ғұламалар арқылы (Ән-
Надим, әл-Баиһақи, Ибн Саид әл-Кифти, Хаджи Халифа, Венике, Камерариус 
т.б.); 2. Жаңа дәуір кезеңдеріндегі Батыс Еуропа мен Америка ғалымдары 
арқылы (Леонардо да Винчи, Спиноза, И.Г.Л. Козегартен, Г. Зутер, Ф. 
Диетереци, К. Брокель, Дж. Сартон, М. Штейншнейдер, Д. С. Марголиус, 


т.б.); 3. 20 ғасыр, әсіресе Кеңес Одағы шығыстанушы ғалымдары арқылы (В. 
В. Бартольд, Е. Э. Бертельс, Б. Ғафуров, С. Н. Григорьян, В. П. Зубов, А. 
Сагадеев, Ю. Завадовский, түріктер А. Сайылы, Х. Үлкен т.б.); 
4. Қазақстан мен Орта Азия оқымыстылары арқылы (Ә. Марғұлан, А. әл-
Машани, О. Жәутіков, А. Қасымжанов, А. Көбесов, М. Бурабаев, Ә. 
Дербісәлиев, І. Жарықбаев, Ш. Хайруллаев т.б.). 
Әбу Насыр әл-Фараби мұраларының Қазақстанда түбегейлі зерттелуі 20 
ғасырлардың 60-жылдарында ғана қолға алынды. Оған алғаш бастамашы 
болған қазақ ғалымдары Ақжан әл-Машани (Машанов) мен Қаныш 
Сәтбаев еді. Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1100 жылдығына орай 
шығарылған ЮНЕСКО шешімі бойынша 1975 жылы Алматыда халықаралық 
конференция өткізілді.
[8]
 
Бұл күндері ҚР ҒМ Ғылым Академиясының философия институтында 
шығыс философиясы және фарабитану бөлімі жұмыс істейді. Мұнда 
ғұламаның қазірге дейін қазақ және орыс тілдеріне аударылып, ғылыми 
түсініктемелері мен алғысөздері жазылып, 20-дан астам трактаттары жарық 
көрді. Бұл бөлім Әбу Насыр Әл-Фарабидің диалектикасы, гносеологиясы мен 
әлеуметтік философиясы мәселелері бойынша зерттеулер циклін жүргізіп 
келеді. ҚазМУ-де Фарабитану орталығы құрылған. Мұнда да Әбу Насыр Әл-
Фараби мұраларын аудару, зерттеу, насихаттау жұмыстары маркстік 
көзқарастардан арылған жаңа, тың бағыттар бойынша жүргізілуде. 
14. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет